1.3 МӨҚ құрылым шақыруларының санын болжамдау және динамикасын зерттеу
Тұрғылықты мекендер мен аймақтарда өрт қаупіне әсер ететін фактілерді талдау негізінде, МӨҚ құрылымдары қызмет ететін ортаның жағдайына мекеннің тұрғындар саны, аймақ ауданы, географиялық, климаттық ахуал, әлеуметтік-экономикалық даму және т.б. сияқты фактілер баға береді. Жедел өрт жағдайына әсер ететін ең маңызды фактілердің бірі және тұрғылықты мекенде қалыптасқан өрт қаупін бейнелейтін фактілер бұл кезекші диспетчерлік қызметіне келіп түсетін шақыруларға өрт сөндіру қызметінің жедел бөлімшелерінің шығуы.
Тұрғылықты мекен және аймақ БКДҚ келіп түсетін шақырулар бірнеше параметрлер бойынша кездейсоқ сипатқа ие: олардың пайда болу мерзімі және орны бойынша, оларға қызмет көрсетуді талап ететін шығулар саны, сонымен қатар олардың қызмет көрсетудің уақыт ұзақтылығы. Бұл шығулар легінің бірізділігі мен олардың пайда болу уақытын кездейсоқ оқиғалар легі ретінде қарастыруға, сондай-ақ шығу легі мен кезекші құрылымның шақыру легін теңестіругеболады. Кездейсоқ оқиғалар легін зерттеу үшін статистикалық әдістер мен математикалық үлгілеу әдісін қолданамыз.
Тұрғылықты мекеннің өрт сөндіру қызметінің алдындағы келесі міндеттерді математикалық үлгілер арқылы шешуге болады:
- күтілетін өрт сөндіру құрылымдарының санын, бір уақыттағы шақыруларды, жедел бөлімшелердің бір кездегі бос болмау жағдайларын болжалау;
- болжам мәліметтерінің негізінде жергілікті мекендегі өрт сөндіру қорғанысының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін талап етілетін жедел бөлімшелердің санын анықтау;
- аудан бөліктері (жергілікті пункттері) бойынша жедел бөлімшелерді ұтымды орналастыру нұсқасын анықтау;
- төтенше жағдайларға, өрт сөндіру бөлігіне ӨҚҚ дайындығын және күш, құралдардың тиісті орналастыруын қамтамасыз ету.
Үлгілеу-өрт сөндіру құрылымдардың мүмкіндігінен сандыбаға алуға және ӨҚҚ ұйымдастырудың ең жақсы дәлелденген нұсқасын таңдап жүзеге асыруға болады.
МӨҚ қызметін және шығу легін бағалау үшін математикалық әдістерді пайдаланып, нақты аумақ, тұрғылықты мекен және т.б. үшін алдағы кезеңде жедел жағдайға қысқа мерзімді болжам жасауға болады. Ортаның көрсеткіштерін болжау арқылы кейінгі өрт сөндіру қызметінің дамуын және оның әрекетін болжалауды жоспарлауға септігін тигізеді. Сонымен, қандай дабір жергілікті жердегі жедел құрылымдардың жұмыс көлемі мен жедел жағдайды сипаттайтын негізгі параметрлердің бірі бұл ӨҚҚ құрылымының шақыру легінің қарқындылығы.
Жедел құрылымдарды шақыру легі дегеніміз кезекші диспетчерлік қызметіне бірінен соң бірі, кездейсоқ кезде төтенше жағдайлар, апаттар, өрттер туралы келіп түсетін хабарламалардың бірізділігі екенін түсінуіміз керек.
Қалалар мен ауылды аймақтарда өрт сөндіру қызметі құрылымының шығу легі қарқындылық және жиілігімен ерекшеленеді. Ең алдымен бұл қала және ауылдық аймақтардың әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтарына байланысты. Олар:
- тұрғындардың саны мен тығыздылығы,
- аймақ ауданы,
- құрылыс түрі,
- өрт қаупі бар нысандар,
- өрт қауіпсіздік мәдениетінің деңгейі және т.б.
С
ондай-ақ, шақыру легі кездейсоқ екені белгілі, себебі өрт сөндіру құрылымдарының кезекті шақыруын, сонымен қатар кейінгі барлық шақырулардың кезеңін нақты қанша болатынын алдын ала айту мүмкін емес. Басқа сөздермен айтқанда, кезекші диспетчерлік қызметіне ӨҚҚ құрылымдарының шақыру процессі әр түрлі және ықтималды сипатқа ие.
Сондай-ақ, уақыт бірліктерінде (сағат, тәулік) келіп түсетін шақыру саны уақыт ара қашықтығына тәуелді дискреттік шама болып табылады. Республика бойынша өрт сөндіру қызметінің шақыруын талдау үшін ӨҚҚ құрылымдарының шақыру процессін сипаттайтын заңдылық, ықтималды-статистикалық әдістерінің кейбір ережелерін пайдаланамыз.
1.4 Құқықтық-ұйымдастырушылық және нормативті-техникалық құжаттарды талдау
Үнемі дамып отыратын техника, технологиялық процесстердің күрделене түсуі, жаңа құрылыс материалдарын енгізуі, қарқынды құрылыстың болуы өрт сөндіру қызметінің нормативті-әдістемелік базаның дамуына әкеліп соғады. Қазіргі уақытта өрт қауіпсіздігі саласында нормативтік құжаттар тізімдемесі шамамен келесі:
Заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары – 66;
Техникалық регламенттер – 4;
ҚР СТ -88,
МСТ– 120;
Әдістемелер, нұсқаулықтар – 21;
Ережелер – 15;
БҚ – 13;
ҚНжЕ, ВҚН и ҚН – 91;
Ережелердің жинағы, ҚНжЕ құралдары– 8.
Нормативтік құжаттардың көлемі көп болып көрінгенімен, үнемі ескілерді түзетіп, қайта өңдеуді қажет етеді, және де жаңа нормативтік құжаттар әзірлеуді қажет етеді.
1.5 Қазақстан Республикасында өрт сөндіру қызметін ұйымдастыру нормативтері
Ең алдымен өткен ғасырдың 30-шы жылдардан бастап өрт сөндіру қызметін ұйымдастырудың отандық нормативтерінің эволюциясын көрсетеміз (кесте 1.8).
1.8 кесте тиісті пікірлерді қажет етеді. Ол кестеден, мысалы, ӨҚҚ ұйымдастырудың алғашқы ғылыми дәлелденген нормативтер тек ғана 1980-ші жылдары кеңес уақытында пайда болғанын байқаймыз.Қазақстан Республикасы тәуелсіздікті алған соң өрт сөндіру қызметін ұйымдастыруды реттейтін, өрт қауіпсіздігі саласындағы өзінің нормативтік базасы құрылып келеді.
1.8 кесте – Тұрғылықты орындарда ӨҚҚ ұйымдастырудың отандық нормативтерінің эволюциясы
Жыл
|
Құжат, ең алғаш жасағандар
|
Нормативтер
|
Қолдану мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1930
|
ВСНХ, НКВД, НКПС РСФСР
|
Депоның ишығу радиусы
Ro = 3 км
|
1984 ж. дейін
|
1951
|
НСП-102-51
|
5 мың адам 1 өрт сөндіру автокөлігі (бірақ екеуден кем емес)
|
1989 ж. дейін
|
1989
|
ҚНжЕ 2.07.01-89 (градостроительство)
|
Өрт сөндіру депосының шығу радиусы Ro және негізгі өрт сөндіру автокөліктерін реттеу
|
1994 ж. дейін
|
2005
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы «Өрттен өрт сөндіру қызметімен қорғайтын аса маңызды мемлекттік иелігіндегі нысандар мен селитебті аумақтардың тізімдемесін бекіту туралы» №1251 Қаулысы
|
Қала және тұрғылықты мекен аумағында өрт сөндіру қызметі құрылымдарын орналастыру алғашқы өрт сөндіру құрылымының қалада 10 мин,ал тұрғылықты мекенде 20 мин.келуі керек деген шартпен белгіленеді.
Қалалар мен тұрғылықты мекендер үшін өрт сөндіру депосы және өрт сөндіру автокөліктерінің саны Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген, құрылыс ережелерінің талаптарына сәйкес анықталады.
|
Қазіргіуақытқа дейін
|
2007
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 ж. 8 қыркүйектегі «Міндетті түрде өрт сөндіру қызметі құрылатын нысандар мен мекемелер тізімдемесін бекіту туралы» № 781 қаулысы
|
Өндірістік нысан аймағында объектілі өрт сөндіру қызметі құрылымының орналасуы өрт қаупінен қорғалатын объектілер мен өрт сөндіруге арналған өрт сөндіру қызметі құрылымының шығу мақсаттарын есепке ала отыра айқындалады.
|
Қазіргі уақытқа дейін
|
2009
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 ж. 6 қаңтардағы «Объектілерді қорғау үшін өрт сөндіру қауіпсіздігіне талаптардың «Техникалық регламентін» қабылдау туралы» №16 қаулысы
|
Объектінің өрт сөндіру қызметі өрт сөндіру көлігімен қамтылатын жағдайлар:
1)объектілердің алшақтығы (өндірістік кәсіпорын санатындағы) жергілікті мемлекеттік өрт сөндіру қызметіқұрылымының алшақтағы ғимарат, құрылыс, нысанға дейінгі орналасуы жалпы пайдаланылатын қашықтығы:
Жалпы құрылыс ауданының 50 % құрайтын, жарылыс және өрт қауіпсіздігінің А,Б және В1-В4 өндіріс санатындағы мекемелер үшін 2 км.;
Жалпы құрылыс ауданының 50% құрайтын, сонымен қатар Г және Д санатындағы өндіріс кәсіпорындарының, жарылыс және өрт қауіпсіздігінің А, Б және В1—В4 санатындағы мекемелер үшін 4 км.
Кәсіпорын ауданында жалпы құрылыстың 50% құрайтын көлеммен III, IIIб, IV, IVa, V дәрежесіндегі отқа бейімді құрылыс және ғимараттар болған жағдайда, қызмет көрсететін өрт сөндіру депосының радиусын 40% азайтуға болады.
2)(өндірістің кәсіпорын санатына жатпайтын) нысандардың алшақтығы мемлекеттік өрт сөндіру құрылымдарының орналасу жерінен аспайтын қашықтық:
2 км — биіктігі 100 м. ғимараттар үшін;
1 км — биіктігі 100 м. астам ғимараттар үшін.
3)жергілікті мемлекеттік өрт сөндіру қызметі құрылымына қажетті өрт сөндіру көліктерінің саны, олардың жоғарғы қабаттардан адамдарды шығару және өрт сөндіруге қажетті сумен қамтамасыз ету.
Өрт сөндіру үшін қажетті сумен қамтамасыз етуді талап ететін өрт сөндіру көліктерінің санын анықтау бойынша есеп әдісі
|
|
2009
|
«Өрт қауіпсіздігіне жалпы талаптар»техникалық регламент
|
Өрт қауіпсізідігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар жүйесі келесі шараларда енгізу қажет:
1) өрт қауіпсізідігін қамтамасыз ету сұрақтарын шешуге қоғамды қатыстыру;
2)тұрғындарды тұрмыста және өндірісте өрт қауіпсіздік шараларын үйрету ұйымдастыру;
3) өрт қауіпсізідігі сұрақтарын (мәселелерін реттейтін нормативтік құжаттар мен нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
|
4) өрт қауіпсіздігі саласындағы насихаттауды жүргізу;
5) өрт қауіпсіздігінің алғашқы өлшемін қамтамасыз ету;
6) өрт сөндіру үшін қолданылатын түрлі құралдарды, материалдар мен заттарды сақтау тәртібін орнату;
7) өрт кезінде ғимараттан немесе құрылыстардан эвакуациялау қауіпсіздігіне кепілберетін, ғимараттар мен құрылыстарда адамдар санын шектету;
8) адамдарды эвакуациялау ұйымында, құрылыстар мен ғимараттарда өрт пайда болған кезде әкімшілік, қызметкерлер және халықтың әрекеті;
9) өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету бойынша елді мекенді, құрылыстарды, ғимараттарды, технологиялық процестерді, бұйымдарды, материалдарды және заттарды құжаттандыру;
10)өнеркәсіп нысандарын қауіпсіздендіру декларациясын дайындау.
11)елді мекендер мен қалаларда, сонымен қатар әртүрлі меншікті нысандарда өртке қарсы қызметтер түрінің қызметін ұйымдастыру және құру.
|
|
2007
|
«Кино қызметін қамтамасыз ету және кәсіптік апатты –құтқаруды қалыптастыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы
[25]
|
Кино қызметін қамтамасыз ету және кәсіптік апатты –құтқаруды қалыптастыру нормалары Норма N 5 Өртке қарсы бөлімшелерді кәсіби жабдықтандыру.
Нормалар N 5.1 Арнайы техниканы жабдықтау, соған қоса құралдармен материалдарды
Нормлар N 5.1.1 Бірінші кезекті апатты-құтқару жұмыстарын жүргізу, күрделі өрттерді сөндіру бойынша мамандандырылған бөлімдерге арналған арнайы, негізгі және көмекші бағыттағы транспорттармен жабдықтандыру
Нормалар N 5.1.2 Бөлек өрт постары, өртті сөндіру бойынша мамандандырылған бөлімдерге арналған арнайы, негізгі және көмекші бағыттағы транспорттармен жабдықтандыру
Нормалар N 5.2.1 Техникалық қызмет көрсету шеберханасын құрал-жабдықтармен және өртті-техникалық қару-жарақтарымен қамтамасыз ету
Нормалар N 5.2.2 Посттарға арналған жабдықтармен қамтамасыз ету
Норма N 5.2.3 Өртті-техникалық қару-жарақтар мен өрт автокөліктерін жөндеу және қызмет көрсету бойынша өрт бөлімінің техникалық қызметін құрал-жабдықтармен және өртті-техникалық қару-жарақтарымен қамтамасыз ету
Норма N 5.2.4 Газды түтінді қызметтің бақылау постына арналған құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету
Нормалар 5.2.5 Байланыс құралдарын жабдықтармен қамтамасыз ету.
|
Қазіргі уақытқа дейін
|
Осы уақытқа дейін, 1930 ж. бастап, эмпириялық негізі бар, біршама тәжірибелік пайдасын тигізген, алайда мәселені шеше алмаған нормативтер жүзеге асырылған.
1926 ж. басында кеңестік өрт күзетінің қызмет көрсету радиусы 2,5 шақырымға ұлғайтылған (сондай-ақ өрт сөндіру автокөлігінің қозғалыс жылдамдығы орташа есеппен сағатына 30 шақырым жүретін) автокөліктер болған. Радиусы 1,5 км. өрт сөндіру командалары қалалар үшін аттыкеруендер бар болған жағдайда 3 км-ге дейін өрт сөндіру автокөліктері бар кезінде 1930 ж. ВСНХ РСФСР НКВД РСФСР мен бірігіп, шығу аумақтарын орнатты. Соңғы ереже қалалардағы өрт сөндіру деполарының санын дәлелдейтін жалғыз параметр ретінде қазіргі уақытқа дейін әрекет етеді, демек 75 жыл! 1950 жылдардың басында осы ережеге өрт сөндіру автокөліктеріне қатысты тағы біреуі қосылған (1.8 кесте). Осыған орай, өрт қаупіне қатысты, өртке қарсы қорғаныс құралдары мен амалдарын өртке қарсы іс-шараларының шығындарын, өрттің даму және таралу уақыт параметрлерін ескере оотыра таңдау жасауымыз керек. Осындай есептерді орындау үшін ғимараттар мен құрылыстарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында жұмыс істейтін білікті мамандар кеңесі мен әдістемелік құралдар болуы тиіс. Көрсетілген нақты екі нормативтер тәжірибеде ешқашан қолданылмағанын атап өту керек, көптеген жағдайларда қызмет көрсету радиусы үшін нормативтертерді ұстау мүмкін емес (бірнеше себептер бойынша), ал өрт сөндіру автокөліктерінің саны нормативтер бойынша көптеген қалалар үшін тым жоғары.
Бірақта осы бағыттағы жергілікті орындау органдарының тарапынан елеулі қорытындылар көрінбейді. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ ауылды тұрғылықты мекендерді өртке қарсы қорғау кепілтігімен қамтамасыз ету үшін оларды жабдықтандыру және өрт сөндіру орындарын құру бойынша функцияларды жергілікті орындау органдарына міндеттеріне заңды түрде бекіту қажет.
1.6 Нормативтік-техникалық әдебиетке талдау жасау
«Өрт қауіпсізідігіне жалпы талаптар» атты Техникалық регламенттің ұйымдастырушылық –техникалық шаралар жүйесінің талаптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылдағы 15 желтоқсанның «Өрт сөндіру қызметімен өрттен қорғалатын мемлекеттік иелігіндегі аса маңызды нысандар мен селитебті бекіту туралы» №1251 қаулысына сәйкес, қалаларда, тұрғылықты мекендерде және мемлекет иелігіндегі аса маңызды нысандарда төтенше жағдайларды жою және өрт сөндіру Қазақстан РеспубликасыІІМ төтенше жағдайлар комитетінің өрт сөндіру қызметі құрылымдарымен жүзеге асырылады.
1.7 Техникалық регламенттер
Қала және тұрғылықты мекендер аумағында өрт сөндіру қызметі құрылымының орналасу қызметі құрылымдарының орналасуы қалаларда шақыру орнына алғашқы өрт сөндіру құрылымының келуі 10 минуттан, ал тұрғылықты мекенге 20 минуттан аспауы шарт. Атап өтетін жағдай, бұл жедел әрекет етудің нормативтік уақыты өрт сөндіру қызметімен толық қорғалмаған.
Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген құрылыс ережелерінің талаптарына сәйкес, қалалар мен тұрғылықты мекендерде өрт сөндіру депосы мен өрт сөндіру автокөліктер саны анықталады.
Мемлекеттік иелігіне жатпайтын нысандарда (кәсіпорында) өрт сөндіру және басқа төтенше жағдайларды жою Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 ж. 8 қыркүйектегі «Міндетті түрде өрт сөндіру қызметі құрылатын нысандар мен мекемелер тізімдемесін бекіту туралы» №781 қаулысына сәйкес нысанды өрт сөндіру құрылымдарымен іске асырылады
Өндірістік нысан аймағында нысанды өрт сөндіру қызметі құрылымының орналасуы өрт қаупінен қорғалатын нысандар мен өрт сөндіруге арналған өрт сөндіру қызметі құрылымының шығу мақсаттарын есепке ала отыра айқындалады.
Нысанды қорғау үшін өрт сөндіру депосының қызмет көрсету радиусы «Нысандарды қорғау үшін өрт сөндіру қауіпсіздігінің техникасына қойылатын талаптар» атты техникалық регламент талаптарына сәйкес анықталады.
Объектілі өрт сөндіру құрылымдары жеке құрамының саны және өрт сөндіру автокөліктерінің саны және өрт сөндіру авто көліктерінің саны нысан (кәсіпорын) әкімшілігімен және Қазақстан Республикасы заңдылығымен бекітілген тәртіпте, өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілмен келісілген есептер негізінде бекітіледі.
«Нысандарды қорғауға арналған өрт қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптар» атты техникалық регламенттің 16 және 17 тармақшаларына сәйкес, қала немесе тұрғылықты мекен аумағында мемлекттік өрт сөндіру қызметінің құрылымдарының орналасуы, өрт сөндіру құрылымдары жеке құрамының және автокөліктердің саны «Өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары» атты техникалық регламент талаптарына сәйкес анықталатыны айқындалды. Объектінің өрт сөндіру қызметі өрт сөндіру көлігімен қамтылатын жағдайлар:
1) объектілердің алшақтығы (өндірістік кәсіпорын санатындағы) жергілікті мемлекеттік өрт сөндіру қызметіқұрылымының алшақтағы ғимарат, құрылыс, нысанға дейінгі орналасуы жалпы пайдаланылатын қашықтығы:
Жалпы құрылыс ауданының 50 % құрайтын, жарылыс және өрт қауіпсіздігінің А,Б және В1-В4 өндіріс санатындағы мекемелер үшін 2 км.;
Жалпы құрылыс ауданының 50% құрайтын, сонымен қатар Г және Д санатындағы өндіріс кәсіпорындарының, жарылыс және өрт қауіпсіздігінің А, Б және В1—В4 санатындағы мекемелер үшін 4 км.
Кәсіпорын ауданында жалпы құрылыстың 50% құрайтын көлеммен III, IIIб, IV, IVa, V дәрежесіндегі отқа бейімді құрылыс және ғимараттар болған жағдайда, қызмет көрсететін өрт сөндіру депосының радиусын 40% азайтуға болады.
2) (өндірістің кәсіпорын санатына жатпайтын) нысандардың алшақтығы мемлекеттік өрт сөндіру құрылымдарының орналасу жерінен аспайтын қашықтық:
2 км — биіктігі 100 м. ғимараттар үшін;
1 км — биіктігі 100 м. астам ғимараттар үшін и более.
3) жергілікті мемлекеттік өрт сөндіру қызметі құрылымына қажетті өрт сөндіру көліктерінің саны, олардың жоғарғы қабаттардан адамдарды шығару және өрт сөндіруге қажетті сумен қамтамасыз ету.
Өрт сөндіру үшін қажетті сумен қамтамасыз етуді талап ететін өрт сөндіру көліктерінің санын анықтау бойынша есеп әдісі, Техникалық регламенттің 3 қосымшасында көрсетілген.
«Өрт қауіпсіздігіне жалпы талаптар» деген техникалық регламентті қабылдау-нысанның өрт қауіпсіздік деңгейін бағалауға, сондай-ақ өртті қадағалау әдістеріне көзқарасты өзгертеді. Көбінесе Регламент өрт қауіпіне анықтама береді. Өрт қаупі дегеніміз – бұл өрт қауіпсіздігінің іске асу мүмкіндігі жеке адамдар мен материалдық құндылықтарға тиетін зияны туралы сандық мінездеме. Регламент өрт қаупін жеке және әлеуметтік деп екіге бөледі. Жеке өрт қаупі (өрт кезінде адам өлу қаупі) – қауіпті өрт фактілері әсерінің нәтижесінде жеке адам өлімінің сандық мінездемесі. Әлеуметтік өрт қаупі (өрт кезінде адамдардың топпен өлу (қайтыс болу) қаупі) – қауіпті өрт фактілері әсерінің нәтижесінде он немесе одан да көп адамдардың қайтыс болу мүмкіндігінің мінездемесі.
Регламент алғашқы рет өрт қауіпсіздігінің келесі шарттарын белгілейді:
өрт қауіпсізідігі мәселелерін реттейтін нормативтік құжаттар мен Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде және регламентте белгіленген өрт қауіпсіздігінің талаптарын толық көлемде орындау;
өрт қаупі болуы ықтимал мағыналардан аспайды, 4.2 кестесінде әр түрлі нысан түрлерінің өрт қаупінің бекітілген критериялық мағыналары келтірілген.
1.9 кесте – Нысанның функционалды белгісіне қатысты қауіп түрлері мен шамалары
Қауіп түрі
|
Нысанның функционалды белгісі
|
Қоғамдық ғимарат
|
Өндірістік ғимарат
|
Өндірістік нысандардың селитебті аумақтары
|
Жеке
|
Жылына 10-6
|
Жылына 10-6/10-1 *
|
Жылына 10-8
|
Әлеуметтік
|
|
|
Жылына 10-7
|
Ескерту:
* - технологиялық процесстердің қызмет ету ерекшелігіне байланысты жылына дербес өрт қауіпін 10 -4 мағынасына дейінұлғайтуға болады, сонымен қатар қызметкерлерді өрт кезіндегі әрекеттерге үйрету және жұмысшыларды әлеуметтік қорғау шаралары қарастырылған.
|
Өрт сөндіру қызметі әрекетінің аясында басқарудың ғылыми принципі оның қызмет ету және құрылымдарды басқару процессінің заңдылығын зерттеуді, бұл заңдылықтарды басқарудың жаңа құрылымдарын құруда, кадрларды үйлестіру және іріктеуде пайдалануды талап етеді. Өрт сөндіру, зардап шеккендерді құтқару және аптты-құтқару жұмыстарын өткізу мемлекеттік өрт сөндіру қызметі жедел құрылымдарының ең маңызды міндеті болып табылады.
Өрт қауіпсізідігі өртті алдын алу және өрттен қорғау жүйесімен, соның ішінде ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралармен қамтамасыз етіледі.
Өрт қауіпсізідігінің жүйесін адамдар мен материалдық құндылықтарды, сонымен қатар материалдық құндылықтар үшін барлық кезеңдерді (ғылыми әзірлеме, жобалау, құрылыс) ескере отыра, өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету деңгейін сипаттайды. Сонымен, нысандардың өрт сөндіру жағдайын бағалауда қауіпсіздік шарты шешуші мағынаға ие:
Р(фак) ≤ Р(доп), (4.1)
Р(фак) – фактілі өрт қауіптерінің есептік мағынасы,
Р(доп) – өрт қаупінің болуы ықтимал мағынасы.
Бөлімдер бойынша қорытынды:
Мемлекет аумағында өртпен жедел жағдайды талдау негізінде өрт және салдардың төмендеуіне қарамастан жедел бөлімдердің шығу саны ұлғайғаннан байқаймыз. ӨҚҚ құрылымдары көбінесе өртке қатысы жоқ, тхногенді және табиғи сипаттағы апаттық-құтқару жұмыстарын орындауға жұмылдырылады. Сондай-ақ, МӨҚ әрекетін жоспарлау және ресурстарды орналастыру, соның ішінде өрт сөндіру депосын тиімді орналасуын, техникалық қамтылуын ескерген жөн.
Тұрғылықты мекен және аймақ бойынша келіп түсетін шақырулар бірнеше параметрлер бойынша кездейсоқ сипатқа ие: олардың пайда болу мерзімі және орны бойынша, оларға қызмет көрсетуді талап ететін шығулар сан, сонымен қатар олардың қызмет көрсетудің уақыт ұзақтылығы. Бұл шығулар легінің бірізділігі мен олардың пайда болу уақытын кездейсоқ оқиғалар легі ретінде қарастыруға, сондай-ақ, шығу легі мен кезекші құрылымының шақыру легін теңестіруге болады. Кездейсоқ оқиғалар легін зерттеу үшін статистикалық әдістер мен математикалық үлгілеу әдісін қолданамыз. Қөбінесе, аумақтарға шығу легін талдау негізінде ӨҚҚ құрылымдарының қысқа мерзімге (1-2 ж.) шығудың жалпы санын болжалауға болады.
Нормативті-құқықтық құжаттардың болуына қарамастан, елімізде аумақтар және тұрғындар өртке қарсы қорғау қызметімен толық қамтылмаған.
Қазақстан Республикасының тұрғылықты мекендерінде, соның ішінде 5000 адамнан аспайтын алыстағы тұрғылықты мекендерде өрт сөндіру қызметі құрылымдарын құру үшінкритерийлерді анықтап, есептер әдістемесін әзірлеу керек.
2. МӨҚ құрылымдары жеке құрамының санын және техникалық қамтылуын анықтау бойынша әдістеме әзірлеу қажет.
3. Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының ауылдық жерлерінде өрт сөндіруді ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу қажеттілігі туындап тұр.
2 тарау. Жобалық бөлім
2.1 Елдің даму көрсеткіштері әлеуметтік- экономикаға байланысты өртпен жағдайларды үлгілеу принципі
Зерттеулер жүргізілген кезде, біздермен республикадағы өртпен жағдайларға тікелей және жанама түрде әсер ететін әр түрлі көрсеткіштер қаралды. Бірақта осы көрсеткіштердің кейбіреуінде ғана сандық мінездемелері бар, бұл үдерісін зерттеу динамикасы мен бір мәндібаға деңгейін толық мөлшерде бере алмайды.
Зерттелетін процестің динамикасын және бір мәнді баға деңгейін және жеке көрсеткіштер жүйесінің методолгиялық бірлігін қамтамасыз етіп зерттелетін процеске көбірек әсер ететіндіктен, көрсеткіштерді анықтау қажет.
2.2 Өрттің әлеуметтік себептерін және салдарын талдау
Соңғы жылдары Қазақстанда болған өрттерді талдау кезінде, өрттің 80% жеке меншікті тұрғын секторларында болғанын көрсетті. Сонымен қатар қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны республика бойынша жалпы санының 90% және 80% құрайды.
2010-2014 жылдардағы мәліметтер бойынша елді мекендердеөртпен жағдайлардың қалыптасқан мәселелерін анықтау үшін талдау жасаймыз.
Республикадағы ауылды және қалалы елді мекендерге бөлу арқылы, тұрғылықты секторларда өрттер және оның салдары бойынша негізгі мәліметтер 2.1кестесінде және 2.2 суретінде көрсетілген.
2.1 кесте – 2010-2014 жылдардағы ауылды және қалалы елді мекендерге бөлу арқылы, тұрғылықты секторларда өрттер және оның салдары бойынша мәліметтер
Көрсеткіштер
|
2010 г.
|
2011 г.
|
2012 г.
|
2013 г.
|
2014 г.
|
Өрттер
|
13078
|
10534
|
11435
|
13621
|
13924
|
Қаза болғандар
|
466
|
482
|
457
|
455
|
401
|
Зақымданғандар
|
606
|
513
|
488
|
1034
|
1011
|
Залалдар (теңге)
|
3447,3
|
2769,5
|
3478,9
|
4882,3
|
3107,3
|
2.1 сурет – қалалық және ауылдық елді мекендерде 2010-2014 жылдардағы тұрғын секторларындағы өрттер кезіндегі залал өлшемі
Берілген мәліметтерде, қалалық елді мекендерде артық саны, сонымен қатар жарақаттану, адамның қаза болу жоғарғы деңгейі көрсетілген, сонымен бірге ауылдық елді мекендерде өрттен тиген зиянның жалпы соммасы әлде қайда жоғары. Бұның бәрі ауылды елді мекені өрт депосының дислокациясынан әлдеқайда алыс орналасқандықтан.
Сонымен қоса ауылды елді мекендердегі тұрғын секторларында өрттің көбею тенденциясы байқалады. Сонымен қоса елдің тұрғындарының жалпы санынан қалалық елді мекеннің саны 55%, ал ауылды 45% құрайды. Жылдар және республикамыздық аймақтары бойынша тұрғын секторлардағы өрт саныбойынша мәліметтер 2.2 кестес2.2 кестесінде және 2.5 суретінде көрсетілген, және де 2.3, 2.4 суреттерде қалалық және ауылды тұрғындарды бөлу облыстар бойынша көрсетілген.
Данные по количеству пожаров в жилом секторе по регионам республики и по годам представлены в таблице 2.2 и на рисунке 2.5, на рисунках 2.3 и 2.4. показано также распределение городского и сельского населения по областям.
2.2 кесте – облыстар бойынша 2010-2014 жылдардағы тұрғын секторларда болған өрттердің санын бөлу
Аймақ атаулары (облыстар)
|
2010 ж
|
2011 ж
|
2012 ж
|
2013 ж
|
2014 ж
|
Астана қ.
|
688
|
693
|
870
|
733
|
807
|
Алматы қ.
|
932
|
868
|
970
|
651
|
681
|
Ақмола
|
1219
|
905
|
1051
|
826
|
917
|
Ақтөбе
|
1049
|
543
|
702
|
575
|
679
|
Алматы
|
1422
|
1313
|
1683
|
1545
|
1490
|
Атырау
|
533
|
431
|
479
|
402
|
402
|
Шығыс Қазақстан
|
2309
|
2262
|
2040
|
1576
|
1492
|
Жамбыл
|
408
|
328
|
371
|
553
|
660
|
Батыс Қазақстан
|
804
|
569
|
689
|
580
|
668
|
Қарағанды
|
2961
|
2336
|
2380
|
2025
|
2003
|
Қызылора
|
471
|
381
|
567
|
469
|
510
|
Қостанай
|
1800
|
1153
|
1523
|
1056
|
1156
|
Маңғыстау
|
279
|
342
|
330
|
279
|
279
|
Павлодар
|
2027
|
1399
|
1552
|
1028
|
1153
|
Солтүстік Қазақстан
|
1118
|
787
|
909
|
746
|
802
|
Оңтүстік Қазақстан
|
1038
|
884
|
788
|
882
|
781
|
|
19058
|
15194
|
16904
|
13926
|
14477
|
Достарыңызбен бөлісу: |