қарапайым слесарлық және бақылау-өлшеу құралдарының агрегаттары бөлшектерінің өлшемдерін өлшеу;
агрегат бөлшектерін консервациядан алу және жуу.
612. Білуге тиіс:
жөнделетін агрегаттардың құрылысы мен жұмыс қағидаты;
қарапайым агрегаттарды құрастыру және бөлшектеу технологиясы;
қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережесі;
агрегат бөлшектерін белгілеу және таңбалау тәртібі;
коррозиядан қорғау тәсілдері;
орындалатын жұмыс көлеміндегі слесарлық іс;
сызбалар мен кинематикалық схемаларды оқу ережесі.
613. Жұмыс үлгілері:
1) биікте жұмыс істейтін жабдықтың клапандары мен редукторлары – бөлшектеу;
2) агрегат корпустары – сыртқы бетін жөндеу;
3) бекіту бөлшектері - жөндеу;
4) май сорғылары, сүзгілер – ажыратпа жазықтықтарындағы түйреуіштерді ауыстыру;
5) тор және пластина сүзгілер - жөндеу, құрастыру.
Параграф 2. Агрегаттарды жөндеуші слесарь, 4-разряд
614. Жұмыс сипаттамасы:
күрделілігі орташа агрегаттарды жұмыстарды орындау технологиясы мен техникалық шарттарға сәйкес жөндеу, құрастыру және сынау;
жөндеу кезінде слесарлық операцияларды 8-10 квалитетті қамтамасыз ете отырып орындау;
жөнделетін агрегаттарды құрастыру, тексеру және сынау кезінде анықталған ақаулықтарды жою;
бөлшектерді талап етілетін дәлдікті сақтай отырып орнына қиыстырып келтіру операцияларын орындау.
615. Білуге тиіс:
жөнделетін агрегаттардың құрылысы, жұмыс қағидаты және жұмыс шарттары;
бөлшектер мен тораптарды жөндеу, агрегаттарды құрастыру және күрделілігі орташа агрегаттарды сынау технологиясы;
шақтамалар мен қондырмалар жүйесі;
күрделі сызбалар мен функционалдық схемаларды оқу ережесі;
қолданылатын жабдықтардың, құрылғылар мен стенділердің құрылысы;
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидаты;
әртүрлі материалдарды өңдеу тәсіліндегі ерекшеліктер.
616. Жұмыс үлгілері:
1) реттығын агрегаттары – таңдау және құрастыру;
2) кері және тура клапандар - ысқылау;
3) жанармай коллекторлары - жөндеу;
4) көп қадамдық крандар - жөндеу, құрастыру;
5) май агрегаты - жөндеу және құрастыру;
6) орталықтан тепкіш жанармай сорғылары – құрастыру;
7) амортизациялық тұғырлар - жөндеу, құрастыру;
8) тістегершіктер, біліктер – түйреуіштерін ауыстыру, шағын конустылықты, доғалдылықты жою.
Параграф 3. Агрегаттарды жөндеуші слесарь, 5-разряд
617. Жұмыс сипаттамасы:
агрегаттарды жөндеу кезінде күрделі слесарлық-жетілдіру операцияларын 6-7 квалитет бойынша орындау;
күрделі агрегаттарды бөлшектеу;
күрделі агрегаттарды ауыстыру;
агрегат бөлшектерінің тегістігін 2-3 жолаққа дейін интерференциялық әдіспен жетілдіру және бақылау;
күрделілігі орташа агрегаттарды сынау кезінде стенділерді басқару;
құрастыру алдында агрегаттардың бөлшектері мен тораптарының сапасын дәлме-дәл аспаптар мен құралдардың көмегімен тексеру.
618. Білуге тиіс:
жөнделетін аппараттар орнатылатын ұшу аппараттарының құрылысы туралы негізгі мәліметтер;
жөнделетін агрегаттардың құрылысы мен жұмыс қағидаты;
агрегаттарды жөндеу, реттеу және сынау технологиясы;
агрегаттардың өзіне тән ақаулықтары және оларды жою әдістері;
қолданылатын дәлме-дәл бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы және жұмыс қағидаты;
әртүрлі материалдарды өңдеудің ерекшеліктері;
сертификатталған өнім туралы негізгі мәліметтер;
ілеспе техникалық құжаттаманы ресімдеу ережесі;
жөнделетін агрегаттардың жұмыс шарттары.
619. Жұмыс үлгілері:
1) қысым автоматтары – бөлшектеу, құрастыру және реттеу;
2) кері және сақтандырушы клапандардың блоктары - жетілдіру, реттеу;
3) күрделі агрегаттардың тығындары – қажетті дәлдікті қамтамасыз ете отырып, таза ұңғылау;
4) гидросорғылар, басқылау сорғылар, орталықтан тепкіш сорғылар - жөндеу, құрастыру;
5) реттығын жұбы – ажырату бойынша шекті саңылауларды қамтамасыз ете отырып жөндеу.
Параграф 4. Агрегаттарды жөндеуші слесарь, 6-разряд
620. Жұмыс сипаттамасы:
күрделі агрегаттарды жұмыстарды орындау технологиясы мен техникалық шарттарға сәйкес жөндеу, құрастыру және сынау;
құрастыру алдында агрегаттардың тораптары мен бөлшектерін жөндеу сапасын дәлме-дәл өлшеу құралдары мен аспаптарын пайдалана отырып, тексеру;
агрегаттарды гидравликалық сипатын тексере отырып және жоғары дәлдікті өлшеу құралдарын пайдалана отырып құрастыру;
қажетті саңылауларды қамтамасыз ете отырып, іріктеп таңдау әдісімен реттығын жұптарын жөндеу;
агрегат бөлшектерінің тегістігін интерференциялық әдіспен 1-2 жолаққа дейін жетілдіру және бақылау;
агрегаттарды құрастыру және сынау картасын толтыру.
621. Білуге тиіс:
ұшу аппараттары мен оның жөнделетін агрегаттарының құрылысы;
агрегаттарды жөндеу, құрастыру және сынау технологиясы, бөлшектер мен агрегаттардың олардың сериясы бойынша және серия ішінде құрылымдық өзгеруі;
агрегаттардағы ықтимал ақаулықтарды жою тәсілдері;
құрамында кәрез құрылымдары, шыны пластик және композициялық материалдары бар агрегаттарды жөндеудің технологиялық ерекшелігі;
гальваникалық қаптаудың, дәнекерлеудің, термоөңдеудің, герметикалаудың негізгі технологиялық процессі;
арнайы жабдықтар мен зертханалық өлшеу құралдарын пайдалану ережесі;
агрегаттардың жұмыс сұйықтықтарының қасиеттері;
сертификатталған бұйымдарға қойылатын негізгі талаптар;
механика, гидравлика, пневматика, автоматика, электротехника негіздері.
622. Орта кәсіптік білім талап етіледі.
623. Жұмыс үлгілері:
1) негізгі шасси амортизаторы – бұйымға орната отырып жөндеу;
2) тербетуші тораптардың блоктары – жөндеу, реттеу, сынау;
3) гидроқозғалтқыштар – жөндеу;
4) НР, РППО, ДПО типті агрегаттардың реттығын жұптары – жөндеу;
5) МРК, РДМ типті механизмдер – жөндеу, реттеу, сынау;
6) РД типті шығынды шектеулері – жөндеу, реттеу;
7) шассидің басты тіреулері – жөндеу;
8) біріздендірілген, аралық, көп сатылы редукторлар – жөндеу, сынау.
Параграф 5. Агрегаттарды жөндеуші слесарь, 7-разряд
624. Жұмыс сипаттамасы:
аса күрделі агрегаттарды жұмыстарды орындау технологиясы мен техникалық шарттарға сәйкес жөндеу, құрастыру және сынау;
аса күрделі агрегаттарды жартылай автоматты басқарылатын сынау стенділерінде реттеу;
жоғары айналымды агрегаттардың бөлшектерін теңгерімдеу;
агрегаттар тораптарының жоғары сипаттамасын барокамераада тексеру;
конфигурациялық және тангенсальді пазаларды, реттығындар мен тығындардың ойылған жиектерін арнайы ысқышпен жетілдіру;
жоғары дәлдікті агрегаттардың бөлшектерін электрондық оптиметрде, микрокатерде, ұзындық өлшеуіште өлшеу;
агрегаттарды орнату және бекіту, агрегаттарды жөндеу және сынау кезінде қолданылатын арнайы стенділерді, құрылғылар мен құралдарды баптау және реттеу;
аса күрделі агрегаттарды сынаудың тиімді тәртібі мен әдістерін таңдау.
625. Білуге тиіс:
ұшу аппараттарының құрылысы және жөнделетін агрегаттардың жұмыс шарттары;
аса күрделі агрегаттарды жөндеу технологиясы, агрегаттар мен олардың бөлшектерін жөндеу сапасын бақылау тәсілдері мен құралдары;
агрегаттың бөлшектерінің тозуы бойынша негізгі мәліметтер және сырылатын бетінің тозуын азайту тәсілдері;
жөнделетін агрегаттардың бөлшектері мен тораптарының түйісетін бетін қондыру ауқымы және оның тазалығы;
материалтану және агрегат бөлшектерін берік ету және геометриялық өлшемдері мен механикалық қасиеттері бойынша қалпына келтіру әдістері;
күрделі өлшеу құралын баптау ережесі мен тәсілдері.
626. Орта кәсіптік білім талап етіледі.
627. Жұмыс үлгілері:
1) сериялы тікұшақтардың ауытқу автоматы – реттеу, сынау;
2) ПЗУ жүйесінің агрегаттары – жөндеу, құрастыру, реттеу, сынау;
3) ГА типті агрегаттар (электрогидравликалық) – жөндеу, сынау;
4) жанармай автоматикасының агрегаты – жөндеу, реттеу, сынау;
5) көтеруші және рульдік бұрандалардың тығындары – жөндеу, сынау;
6) РБ, БУ типті гидрокүшейткіштер, рульдік машиналар, рульдік жетектер - жөндеу, құрастыру, реттеу;
7) агрегат жетектерінің қораптары – жөндеу, құрастыру, реттеу;
8) К, КМ типті катапульттелетін арбалар – жөндеу, құрастыру, реттеу;
9) шасси ауыстырып қосқыштарының механизмдері – жөндеу, реттеу, сынау;
10) ұшу аппараттарының авариялық шығу есігін авариялық ашу жүйесі – жөндеу, құрастыру, сынау;
11) қанаттың бұрылу жүйесі – жөндеу, құрастыру, реттеу.
Параграф 6. Агрегаттарды жөндеуші слесарь, 8-разряд
628. Жұмыс сипаттамасы:
автоматты құрылғылары бар күрделі агрегаттарды арнайы және араластыру стенділерінде жұмыстарды орындау технологиясы мен техникалық шарттарға сәйкес, барлық өлшемдер бойынша тексеріп және жетілдіре отырып жөндеу және сынау;
күрделі эксперименталды агрегаттарды жөндеу және сынау жүйесін пысықтай отырып сынау;
стенділік жабдықты жұмыс және бақылау эталондары бойынша баптау және реттеу;
4-5 квалитетті қамтамасыз ете отырып, слесарлық және жетілдіру жұмыстарын орындау;
қолданылатын құралдар мен құрылғылардың агрегаттары бөлшектерінің эскиздерін жасау;
құрастыру алдында, бақылаудың барлық құралдары мен шараларын сақтай отырып, агрегаттар бөлшектерінің сапасын, ұшу аппараттары жүйесінің жұмысы кезінде агрегаттардың ақаулықтарын айқындау.
629. Білуге тиіс:
жөнделетін агрегаттардың құрылысы мен жұмыс қағидаты;
автоматты құрылғысы бар күрделі агрегаттарды жөндеу технологиясы;
жоғары және төменгі температура жағдайында агрегаттардың жұмыс істеу ерекшелігі, ортаның өзгермелі өлшемдерінің жұмыс сұйықтығы мен майға тигізетін әсері;
агрегаттардың бөлшектері мен тораптарының тозу дәрежесін айқындау тәсілдері;
агрегат бөлшектерінің тозуының алдын алу әдістері;
агрегат бөлшектерінің ақауын табу әдістері.
630. Орта кәсіптік білім талап етіледі.
631. Жұмыс үлгілері:
1) ауыр ұшақтар мен бірінші сериялы ұшақтардың ауытқу автоматтары – реттеу, сынау
2) жанармайды мөлшерлеу агрегаты, командалық-жанармай агрегаты, реттеуіштер – жөндеу, реттеу, сынау;
3) АУ, БУ, РП, КАУ типті басқару агрегаттары – жөндеу, құрастыру, реттеу, сынау;
4) ГПК типті басқару жүйесінің гидрожетектері, АГС типті гидроблоктар – құрастыру, реттеу, сынау;
5) ауыр тікұшақтардың көтеруші бұрандаларының қалақтары - жөндеу, жетілдіру;
6) биіктік рулі мен элеронды сервобасқаруды ауыстырып қосу тетігі - реттеу;
7) НП типті гидравликалық аксиальді-поршеньді өнімділігі ауыспалы сорғылар - жөндеу, құрастыру, сынау.
38. Ұшу аппараттарын жөндеуші слесарь
Параграф 1. Ұшу аппараттарын жөндеуші слесарь, 2-разряд
632. Жұмыс сипаттамасы:
ұшу аппараттарының қарапайым тойтарылған, дәнекерленген, шарнирлік жөндеу. 11-13 квалитет бойынша слесарлық жұмыстарды орындау; Ұшу аппараттарының бөлшектері мен тораптарындағы ақаулықтарды: кенжарларды, кертіктерді, коррозияны, сондай-ақ тұрпайы қырылған жерлерін тазалау және фланецтерді ысқылау арқылы жою;
жөнделетін бөлшектердің техникалық жай-күйі мен сапасын айқындау;
аивқозғалтқыштардың барлық бөлшектерін таңбалау;
жөндеу кезінде қолданылатын ұшу аппараттарының бөлшектері мен тораптарын жүк көтеретін механизмдерде тасымалдау;
ұшу аппараттарының бөлшектерін негізгі бақылау-өлшеу құралының көмегімен өлшеу;
ұшу аппараттарының күрделі бөлшектері мен тораптарын жасау және жөндеу кезінде қосымша жұмыстарды орындау.
633. Білуге тиіс:
ұшу аппараттарының жөнделетін бөлшектері мен тораптарының құрылысы туралы негізгі мәліметтер;
ұшу аппараттарының қарапайым бөлшектерін жөндеу технологиясы;
ажыратылатын бөлшектердің өлшемдері және олардың арасындағы саңылаудың шекті өлшемі;
шектеулер жүйесі туралы негізгі мәліметтер және бетті өңдеу тазалығының сыныптауышы;
ұшу аппараттарын жөндеу кезінде қолданылатын металл, балқымалар мен металл емес материалдар туралы негізгі мәліметтер және олардың қасиеттері;
коррозия түрлері және металды коррозиядан қорғау әдістері;
термоөңдеудің мақсаты, термоөңдеу мен дәнекерлеудің қолданылатын түрлері;
слесарлық жұмыстардың технологиялық операциялары (ысқылау, қыру);
бұрандалар мен олардың ерекшеліктері туралы негізгі мәліметтер;
болттың, гайканың және корпустарда бұранда оюдың ережесі;
негізгі слесарлық және бақылау-өлшеу құралының құрылысы мен оны пайдалану ережесі;
қолданылатын құралды толтыру ережесі мен тәсілдері;
қолданылатын құралдың жарамдылығын айқындау;
көтеріп-тасымалдау құралдарының түрлері және оларды пайдалану ережесі;
ұшу аппараттарының бөлшектері мен тораптарын тасымалдау, техникалық құжаттаманы толтыру, қарапайым сызбалар мен схеманы оқу ережесі.
634. Жұмыс үлгілері:
1) бекіту бөлшектері – бұранда ою;
2) тегіс бөлшектер (тораптардың беті, бүгілген және дәнекерлеу бөлшектеріне арналған дайындамалар) – шаблондар немесе белгіленуі бойынша дайындау;
3) қарапайым бөлшектер – саңылауларды кондукторлар бойынша бұрғылау;
4) қарапайым кронштейндер – жасау;
5) ашық тістегершіктер – майлау;
6) құбырлар – белгіленген жері бойынша аралау.
Параграф 2. Ұшу аппараттарын жөндеуші слесарь, 3-разряд
635. Жұмыс сипаттамасы:
күрделілігі орташа ұшу аппараттарының жекелеген бөлшектері мен тораптарын жөндеу;
8-11 квалитет бойынша слесарлық жұмыстарды орындау;
ұшу аппараттарының күрделі емес бөлшектері мен тораптарын сызбалар бойынша жасау;
жөнделетін бөлшектер мен тораптардың жиынтықтылығы мен сапасын айқындау (сыртқы түрін тексеру арқылы, өлшеу құралының көмегімен);
саңылауды қашаумен ұңғылау, штифтілер мен түйреуіштер салу, жазықтықты қыру;
жіктерді ажырату, ұшу аппаратының бөлшектерін дәнекерлеуге дайындау, саңылаудың ақаулығын түзеткеннен кейін, бұрғылау үшін саңылауды белгілеу және жаңа бұрандаларды ою;
ұшу аппараттарының күрделі бөлшектері мен тораптарын біліктілігі анағұрлым жоғары ұшу аппараттарын жөндеуші слесарьдің басшылығымен жөндеу;
слесарлық құралды толтыру;
бұрғылау станоктары мен құрылғыларында жұмыс істеу.
636. Білуге тиіс:
ұшу аппараттарының күрделілігі орташа бөлшектері мен тораптарының құрылысы мен жұмыс қағидаты және оларды жөндеу технологиясы;
слесарлық жұмыстардың технологиялық операциялары;
ұшу аппараттарының бөлшектері мен тораптарын слесарлық өңдеу және жөндеу әдіс-тәсілдері;
техникалық сызу туралы негізгі мәліметтер және сызбаларды ресімдеу ережесі;
ұшу аппараттарының бөлшектерін көзбен шолып және бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау;
шектеулер мен қондыру жүйесі және бетті өңдеу тазалығының сыныптауышы;
слесарлық құралдар, құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы;
қолданылатын құралдар мен жабдықтардың күрделі емес ақаулықтарын жою тәртібі;
металды дәнекерлеу және пісіру туралы негізгі деректер;
механикалық ақаулықтар мен коррозияның ұшу аппараттары бөлшектерінің беріктігіне тигізетін әсері;
тойтарылған қосылыстардың түрлері мен қолмен тойтару тәсілдері;
ұшақ құрылысындағы бұрама түрлері;
технологиялық құжаттаманы ресімдеу тәртібі.
627. Жұмыс үлгілері:
1) тұрмыстық жабдықтардың бөлшектері, жылытуды қалқалағыштар, зымыран орнағы, кронштейндер, қосылыстардың тіреулері - жөндеу;
2) алюминий және магний балқымаларынан жасалған бөлшектер (негізгі) - коррозияны жою;
3) ұшақты басқару қосылыстарының шарнирлік бөлшектері (ұштары, басқару тартпасы, роликтер, кардан, осьтер) - жөндеу;
4) капоттардың құлыптары - жөндеу;
5) капот - штангілерін жөндеу;
6) пилоттың және жолаушылардың отырғышы - жөндеу;
7) металл еден - жөндеу;
8) қарапайым тораптар – құрастырудан кейін түзету;
9) ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды басқару тартпалары - жөндеу;
10) арқан – сынабекітпеге есу;
11) коллектордың шығарушы қамыттары - жасау;
12) қуатты емес құрылымдардың элементтері - жөндеу.
Параграф 3. Ұшу аппараттарын жөндеуші слесарь, 4-разряд
628. Жұмыс сипаттамасы:
күрделі ұшу аппараттарының бөлшектері мен тораптарын және агрегаттарын жөндеу технологиясына сәйкес жөндеу;
күрделі слесарлық жұмыстарды 8-9 квалитет бойынша орындау;
ұшу аппараттарының күрделі бөлшектерін қыру арқылы қиыстыру;
жөндеу операцияларының тиімді тәртібін анықтау;
бетін тікелей бөлшекте өңдеудің кедір-бұдырлығы өлшемдерін айқындау;
тапсырылған жұмысты орындау үшін қажетті слесарлық және өлшеу құралдарды таңдау;
өлшеу құралдары мен аспаптарын баптау;
арнайы станоктар мен қол нығыздағыштардағы жұмыс;
ұшу аппараттарын жөндеу үшін техникалық және технологиялық құжаттаманы ресімдеу.
629. Білуге тиіс:
жөнделетін ұшу аппараттарының бөлшектері мен тораптарының құрылысы мен жұмыс қағидаты, оларды жөндеу технологиясы;
ұшу аппараттарының бөлшектері мен тораптарының қайталанатын ақаулықтарын жөндеу кезінде қолданылатын жою әдістері;
болатты, алюминий және магний балқымаларын термиялық өңдеу ережесі;
металды, алюминий және магний балқымаларын механикалық өңдеудің негізгі тәсілдері;
коррозияның пайда болу себептері және оны жою тәсілдері;
бөлшектерді дәнекерлеуге дайындау және оны дәнекерлеуден кейін өңдеу ережесі, дәнекерлеу кезінде қолданылатын дәнекердің құрамы, дәнекерлеу кезінде ішкі қысым мен ақаулықтардың алдын алу және жою тәсілдері;
бөлшектерді қолмен және пневматикалық тойтару технологиясы, жіктердің түрлері және тойтарма шегелерді таңдау әдістері;
жөндеуден өткен ұшу аппараттарының бөлшектері мен тораптарының сапасын бағалау әдістері;
бетті өңдеу өлшемдері туралы негізгі мәліметтер;
жөндеу кезінде қолданылатын микрометриялық құралдардың құрылысы, оның жарамдылығын айқындау әдістері.
630. Жұмыс үлгілері:
1) ұшу аппаратын немесе авиақозғалтқышты басқару бөлшектері мен тораптары (тартпалар, тербеткіштер, секторлар) - жөндеу;
2) моторлар мен радиаторлардың жалюзилері, май радиаторының кронштейндері, капоттар мен жалюзилердің юбкасын басқару механизмдері - жөндеу;
3) шығару құбырларының коллекторлары – макеті немесе орны бойынша қиыстыра отырып, жіктескен бетті жөндеу;
4) шасии жармасын басқару механизмдері, шасси тіреуіштері - жөндеу;
5) ұшу аппараттарының моторы - жөндеу (жарылған жерлерін бұрғылау, дәнекерлеуге жеткізу, үлкен жарықтарды пісіру үшін орнату және стапельге раманы бекіту және тағы басқа);
6) қанат орауыштарын, шасси мотогондолаларын қаптау – тойтару әдісімен жөнде;
7) тораптар – дәнекерлеуден және термоөңдеуден кейін түзету.
Параграф 4. Ұшу аппараттарын жөндеуші слесарь, 5-разряд
631. Жұмыс сипаттамасы:
күрделі құрылымды ұшу аппараттарының бөлшектері мен тораптарын жөндеу технологиясына сәйкес күрделі көтеріп-тасымалдау механизмдерін пайдалана отырып жөндеу;
күрделі слесарлық жұмыстарды 6-7 квалитет бойынша және 8-9 сыныпты кедір-бұдырлық бойынша орындау;
ұшу аппараттарының бөлшектері мен тораптарын талап етілетін шақтамаларға сәйкес қиыстыру және жетілдіру;
ұшу аппараттарының бөлшектерін арнайы кесу құралымен, абразив таспен, зімпара ұнтақпен арнайы жетілдіру пастасымен өңдеу; бөлшектерді дәнекерлеуге дайындау және дәнекерлеуден кейін өңдеу;
арнайы кондукторларды, құрылғыларды, құралдарды, өлшеу құралдары мен оптикалық аспаптарды баптау;
ұшу аппараттарының бөлшектері мен тораптарындағы., агрегаттарындағы ақаулықтарды анықтау.
632. Білуге тиіс:
күрделі құрылымды ұшу аппараттарының бөлшектері мен тораптарының құрылысы мен жұмыс қағидаты және оны жөндеу технологиясы;
жөнделетін ұшу аппараттарының бөлшектері мен тораптарын жөндеудің техникалық шарттары;
сериялары бойынша ұшу аппараттарының бөлшектері мен тораптарының құрылымдық өзгерістері;
күрделі өлшеу құралдарын баптаудың, кесу құралын қайрау ережесі мен тәсілдері;
авиациялық материалдардың құрамы, құрылысы, механикалық және химиялық қасиеттері;
дәнекерлеу жіктерінің ақаулықтарын айқындау тәсілдері;
дәнекерленетін материалдарға байланысты қолданылатын дәнекерлердің түрлері;
термоөңдеуді таңдаудың негізгі ережесі;
ұшу аппараттарының ажыратылатын бөлшектері мен тораптарының құрылысы, бұрандалар, шақтамалардың өлшемдері және ұшу аппараттарының ажыратылатын бөлшектері мен тораптарын қондыру;
ұшу аппараттарының бөлшектері мен тораптарының ықтимал ақаулықтарын жою әдістері;
бөлшектердің тозуы бойынша негізгі мәліметтер және тозуды азайту тәсілдері;
қолданылатын агрегаттардың құрылысы;
дәлме-дәл слесарлық, құрастыру және бақылау-өлшеу құралдары мен құрылғылардың құрылысы мен жұмыс қағидаты;
өлшеу және бақылаудың зертаханлық әдістері;
бетті өңдеу өлшемдері туралы негізгі мәліметтер.
633. Жұмыс үлгілері:
1) шасси агрегаттары – қозғалтқыштар ілмектерінің демпферлері, шасси мен қозғалтқыштар ілмектерінің тораптары - жөндеу;
2) элерондар мен рульді басқару тартпаларының термотораптары – жөндеу, сынау;
3) ұшу аппараттарын басқару тербеткіштері мен біліктері – саңылауларын жетілдіре отырып жөндеу;
4) герметикалық кабиналарды қаптау – қол жетімділігі қиын жерлерін тойтару әдісімен жөндеу;
5) шасси жармасын басқару редукторлары мен механизмдері – жөндеу;
6) қақпақтар трансмиссиялар – жөндеу;
7) қуатты тораптар – дәнекерлеуге дайындау және дәнекерлеуден кейін өңдеу;
8) шасси (дөңгелектер) – жөндеу.
Параграф 5. Ұшу аппараттарын жөндеуші слесарь, 6-разряд
634. Жұмыс сипаттамасы:
жеңіл типті ұшу аппараттарын және орташа типті ұшу аппараттарының жекелеген тетіктерінің жүйесін кешенді, қорытынды жөндеу және баптау;
ауыр ұшақтарды жөндеу кезінде жекелеген тораптарды ауыстыру және жекелеген бөлшектерді жетілдіру;
күрделі кеңістікті бағдарға сәйкес ұшу аппараттарының тораптарын жетілдіру бөлшектерін жетілдіру;
техникалық шарттар мен қажетті дәлдікті қамтамасыз ете отырып, центроплан мен қанатын жөндеу;
ұшу аппараттарының жекелеген агрегаттарын нивелирлеу;
ұшу аппараттарының тораптары мен механизмдерін жасау, жөндеу және сынау үшін қолданылатын күрделі құрылғылар мен стенділерге қызмет көрсету, баптау, реттеу және жөндеу;
автоматтар мен бақылау-жазу аппаратурасының жұмысын бақылау;
ұшу аппараттарының, қолданылатын құралдар мен құрылғылардың эскизін жасау;
ұшу аппараттарының күрделі тораптары мен механизмдерін сынаудың тиімді әдістерін таңдау.
635. Білуге тиіс:
ұшу аппараттарын жөндеудің техникалық шарттары;
ұшу аппараттарының жөнделетін жүйесі бойынша техникалық құжаттама жиынтығы;
ұшу аппараттарының бөлшектерінің, тораптары мен механизмдерінің сапасын бақылау тәсілдері мен құралдары;
лабораторлық өлшеу құралдары мен жабдықтарын пайдалану ережесі;
дәлме-дәл бақылау-өлшеу құралдары мен лабораторлық жабдықтарды баптау ережесі;
әртүрлі параметрлердің (температура, қысым және тағы басқа) жұмыс сұйықтықтары мен майларға тигізетін әсері;
лабораторлықты қоса алғанда, бөлшектер мен тораптардың ақауын табу әдістері;
бетті өңдеу тазалығын белгілеу әдістері;
күрделі бөлшектерді белгілеу ережесі мен әдістері;
ұшу аппараттарының бөлшектерін, тораптары мен механизмдерін сынау тәртібі мен режимдері;
пневматика, гидравлика, аэродинамика негіздері.
636. Орта кәсіптік білім талап етіледі.
637. Жұмыс үлгілері:
1) ұшақ қанаттары – жіктескен бетін қырнау;
Достарыңызбен бөлісу: |