Параграф 1. Электр жабдықтарын сынау және жөндеу жөніндегі электромеханик, 3-разряд
726. Жұмыс сипаттамасы:
күрделі емес электроагрегаттар мен авиациялық бөлшектерді жөндеу, құрастыру және сынау;
күрделі емес агрегаттардағы авиациялық бөлшектер мен тораптарды дәнекерлеу және дәнекерін ажырату, қажетті слесарлық операцияларды орындау;
жөнделетін электр жабдықтарының негізгі ақаулықтарын айқындау және оларды жою;
ұшу аппаратынан алынған электр жабдықтарының жиынтықтылығын айқындау;
бөлшектерді электр агрегаттарды құрастыруға дайындау және таңдау;
электр өлшеу аспаптарын (амперметр, вольтметр, омметр, тестер) және күрделі емес құрылғыларды, жартылай монтаждау және монтаждау схемалары мен техникалық құжаттаманы пайдалана отырып, тұрақты ток тізбегін өлшеу.
727. Білуге тиіс:
күрделі емес электр агрегаттарының мақсаты, жұмыс қағидаты және құрылысы;
электр агрегаттарды бөлшектеу, тазалау және құрастыру технологиясы;
электр агрегаттарды жөндеудің техникалық шарттары;
қызмет көрсетілетін жабдықтарды жөндеу кезінде қолданылатын материалдар туралы негізгі материалдар;
дәнекерлеу жұмыстарының технологиясы;
қызмет көрсетілетін өндірістік учаскеде қолданылатын сынау құрылғыларының, айлабұйымдардың бақылау-өлшеу аспаптары мен электр қоректендіргіш көздерінің мақсаты мен пайдалану ережесі;
электротехника, электромеханика және слесарлық іс негіздері;
сызбалар мен схемаларды оқу ережесі.
728. Жұмыс үлгілері:
1) СЛЦ, СЛМ, СЛШ, ВЛС, КПС типті сигналдық жарықтандырғыш аспаптардың арматурасы – бөлшектеу, құрастыру, тексеру;
2) ПМ, ДП, ВП, ПВ типті сақтандырғыш ұстағыштары - жөндеу;
3) контактілі қалыптар – бөлшектеу, ауыстыру, құрастыру;
4) ұштық өшіргіштер – жөндеу, құрастыру, тексеру;
5) амортизациялық панельдер, жабдықты бекіту алаңдары мен кронштейндері – жөндеу және орнату;
6) ППС, ПСГ, ПССО типті плафондар – құрастыру және орнату;
7) розеткалар мен ашалар – жөндеу, ауыстыру, тексеру;
8) С, ЗП, ЛУН типті сиреналар, қоңыраулар – тексеру, жөндеу, құрастыру.
Параграф 2. Электр жабдықтарын сынау және жөндеу жөніндегі электромеханик, 4-разряд
729. Жұмыс сипаттамасы:
күрделілігі орташа электр агрегаттарын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және реттеу;
электр механизмнің құрамына енетін элементтердің техникалық жай-күйін айқындау;
электр механизмдегі слесарлық жұмыстарды талап ететін ақаулықтарды жою;
күрделілігі орташа электр ширатпаларды ұштарын өңдеп және штепсель ажырамаларын дәнекерлеп жөндеу;
электр өлшеу аспаптарының көмегімен электр сымдарының жай-күйін анықтау;
арнайы стенділер мен құрылғыларды пайдалана отырып, күрделі емес электр жабдықтарын сынау;
жөндеу карталарын ресімдеу.
730. Білуге тиіс:
жөнделетін ұшу аппараттарының құрылысы;
қолданылатын аспаптардың, электр механизмдер мен аппаратураның құрылысы, мақсаты, жұмыс қағидаты, орнату және бекіту орны;
электр жабдықтарын жөндеу және реттеу технологиясы;
электр сымдары оқшаулағыштарының кедергілерін тексеру ережесі;
электр жабдықтарында қолданылатын, сондай-ақ оларды жөндеу кезінде қолданылатын материалдардың маркасы, мақсаты мен қасиеттері туралы негізгі мәліметтер;
шектеу және қондыру жүйелері, бетті өңдеу өлшемдері туралы негізгі мәліметтер;
жөнделетін электр агрегаттарының электр және кинематикалық схемасы;
электр агрегаттары мен олардың бөлшектерін сынау стенділерінде сынау әдістемесі;
қолданылатын электр өлшеу аспаптарының құрылысы және оларды пайдалану ережесі;
электротехника, электрониканың негізгі заңдары;
техникалық және жұмыс құжаттамасы;
орындалатын жұмыс көлеміндегі слесарлық іс.
731. Жұмыс үлгілері:
1) АВП, АВ, АВД, АМО типті автоматтар – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;
2) А, АФ типті амперметрлер - жөндеу, реттеу;
3) БПС типті блоктар - жөндеу;
4) ВП, ЭВ, ВФ, ВА, ЛУН типті вольтметрлер - жөндеу, реттеу;
5) тежеу датчиктері – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру;
6) ЗМ типті құлыптар - жөндеу, реттеу, құрастыру;
7) СК, КНА, КМБ, КР типті іске қосу орауыштары – агрегатқа орната отырып жөндеу;
8) УП типті пневмосөндіргіштер – жөндеу, реттеу;
9) ГА типті электрогидрошүмектер - жөндеу, реттеу;
10) электр қыздырғыштар, калориферлер - жөндеу, құрастыру, реттеу.
Параграф 3. Электр жабдықтарын сынау және жөндеу жөніндегі электромеханик, 5-разряд
732. Жұмыс сипаттамасы:
күрделілігі орташа электр агрегаттарын жөндеу, құрастыру, реттеу, сынау және ақауын табу, оларды ұшу аппаратында қысыммен тексеру;
генераторлар мен электр қозғалтқыштардың зәкірлерін теңгерімдеу бойынша жұмыстарды орындау;
күрделі электр агрегаттарын бөлшектеу;
жөнделетін электр жабдықтарының техникалық жай-күйін анықтау;
электр агрегаттарын реттеу және сынауға арналған құрылғылар мен шағын құралдарды құрастыру және монтаждау;
электр жабдықтарының айлабұйымдарын градуирлеу және баламалау;
пайдаланылатын айлабұйымдар мен құрылғылардың ақаулықтарын анықтау;
қыздыру аспаптарының өлшемдерін есептеу;
қажетті слесарлық және дәнекерлеу жұмыстарын орындау.
733. Білуге тиіс:
жөнделетін электр жабдықтарының құрылысы, мақсаты, жұмыс қағидаты;
жөнделетін электр жабдықтарының бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау технологиясы;
жөнделетін электр жабдықтары мен электр аспаптарының техникалық шарттары;
жөнделетін электр жабдықтарының негізгі ақаулықтарын айқындау және жою тәсілдері;
жөнделетін жабдықтарды реттеу және тексеру әдістемесі;
генераторлардың, электр қозғалтқыштардың, коммутациялық аппаратураның жұмыс қағидаты;
электротехника, механика, фототехника негіздері.
734. Жұмыс үлгілері:
1) АЗП типті қорғау автоматы – жөндеу, сынау;
2) АПТ типті контакторлар блоктары – жөндеу, реттеу, сынау;
3) трансформаторлар блоктары – сынау, ауыстыру;
4) БТТ, БУК, БУСО, БИФ, ИПО типті жүйенің блоктары мен элементтері – жөндеу, жетілдіру, сынау;
5) түзеткіш құрылғылар – жөндеу, тоқпен тексеру;
6) ВГ, ГСК, ГСН, ГСП типті генераторлар – жөндеу, құрастыру, сынау;
7) қозғалтқыш автоматикасын ауыстыру коллекторлары – жөндеу, құрастыру, сынау;
8) СС, ВД типті бақылау жүйелерінің микромашиналары – жөндеу;
9) энерготораптардың панельдері, имитация және бақылау панельдері, ЛУН типті пульттер – тексеру және жөндеу;
10) тежегіш парашюттің жылыспасын басқару жүйесі – тексеру, жөндеу, сынау;
11) ФКП, ПАУ типті фотобақылау аспаптары – құрастыру, сынау.
Достарыңызбен бөлісу: |