Қазақстан республикасы дін істері және азаматтық ҚОҒам министрлігі азаматтық қоғам істері комитеті



жүктеу 4,78 Mb.
бет8/14
Дата01.01.2020
өлшемі4,78 Mb.
#25691
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
2017 жылғы 16 маусымда ҰЭМ-не Министрліктің мемлекеттік функциясын нақты ортаға беру туралы тұжырымдама дайындалып жіберілді.

Сонымен қатар, Жұмыс тобының отырысында 2017 жылдың 14 наурызында Министрліктің екінші тобына нарықтық дайындыққа сараптама жүргізу үшін Сараптау тобына бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға көшу үшін ұсынылатын мемлекеттік органдардың функцияларын түгендеу туралы ұсыныс енгізу туралы шешім қабылданды, талдау үшін ұсынылған функциялардың тізімінен және нарыққа дайындықты немесе реттеуші әсерді талдаудан «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру мониторингін жүргізу» функциясын алып тастау. Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен және ҮЕҰ-мен бірлесіп, «Коммерциялық емес ұйымдардың қызметі туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасының әзірлеуіне байланысты.

Заң жобасында мынадай толықтырулар енгізу ұсынылады:


  • уәкілетті орган құзіретіне – ДІАҚМ- оның ішінде «мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуына мониторинг жүргізу», «нәтижелерді бағалаумен»толықтырып (4-1 баптың 3 тармағы).

  • мемлекеттік органдар құзіретіне – оның ішінде «уәкілетті орган белгілеген тәртіп бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыруды жүзеге асыру», «нәтижелерді енгізу және бағалау мониторингімен» толықтыру (1 бап, 4-2 тармақша).

Заң жобасын қабылдаған жағдайда, уәкілетті және мемлекеттік органдардың қосымша құзіреті бекітілген жағдайда, жаңа функцияларды беру Министрліктің Жұмыс тобы шеңберінде жеке кестесі бойынша жүзеге асырылады.

Бұл ұстаным бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға тапсыруға ұсынылған мемлекеттік органдардың функцияларын түгендеу бойынша Сарапшылар тобының отырысында 2017 жылдың 17 наурызы мен 31 наурызында екі рет жарияланды.


2017 жылғы 11 қыркүйекте конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша Азаматтық қоғам комитеті мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік көмек көрсету бойынша Қазақстанның Азаматтық Альянсымен келісім жасасты. Бұл пилоттық жоба, оның нәтижесінде үкіметтік емес сектордың мемлекеттік функцияны көрсету тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, 2017 жылы 30 мамырда ҚР Премьер-Министрі А.Ұ. Маминнің төрағалығымен Комиссия отырысының Хаттамасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдардың бәсекеге қабілетті ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға мемлекеттік функцияларды беру туралы ұсыныстар әзірлеу шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы комиссиямен бекітілген бәсекелестік ортаға беру үшін орталық атқарушы органдардың функцияларын таңдау тәртібіне сәйкес бәсекелестік ортаға көшу үшін ұсынылатын ДІАҚМ-нің Жұмыс тобы Министрліктің қосымша функцияларын қалыптастырды.


Бұл тізімге келесі функциялар кіреді:


Ұсыным орындалуда.

***
Коммерциялық емес ұйымдар секторының мемлекеттік қызметтерді беруге дайындығының талдауын жүргізу

(25 желтоқсан 2018 ж.)
Үкіметтік емес сектордың мемлекеттік функцияларды беруіне дайындығы туралы талдау жүргізілді. 2017 жылы гранттық қаржыландыру шеңберінде «Десента» Қоғамдық Қоры «Кейбір мемлекеттік функцияларды қаржылық және әлеуметтік тиімділік есебін ескере отырып, мемлекеттік функциялардың бір бөлігін азаматтық сектор өкілдеріне тапсыру» жобасын жүзеге асырды. Жобаны іске асыру барысында ҮЕҰ-мен халыққа қызмет көрсетудің халықаралық тәжірибесін зерттеу және мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру үшін қазақстандық ҮЕҰ-дың әлеуетіне жан-жақты зерттеу жүргізілді.

Жобаның басты нәтижесі - мемлекеттік функцияларды беру механизмі, оны беру функцияларын таңдау белгілері, мемлекеттік органның әрекет ету алгоритмі.



Анықтама үшін

Зерттеулер жүргізілді:

  • 550-тен астам ҮЕҰ өкілдері;

  • еліміздің 9 өңірінен 36 мемлекеттік органдары


Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, ҮЕҰ-ның шамамен 20%-ы мемлекеттік функцияларды орындауға дайын.

Сондай-ақ, Павлодар облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Ұйымдарды, азаматтарды әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, еңбек ақысын төлеу және стандарттау, көші-қон мәселелері бойынша әдістемелік көмекпен қамтамасыз ету» мемлекеттік қызметін беру тетігін пилоттық тексеруден өткізді. Пилоттық жобаның соңында қаржылық және әлеуметтік әсер есептелді. Жоба нәтижелері бойынша ұсыныстар Ұлттық экономика министрілігіне берілді.


Ұсыным орындалуда.

***

3 ұсыным

Коммерциялық емес ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан

үлесін бағалау бойынша шаралар дайындау
17 т. «КЕҰ-дың әлеуметтік-экономикалық дамуға үлесін есептеу бойынша ЭЫДҰ елдерінің халықаралық тәжірибесі негізінде әдістеме жобасын әзірлеу»

(2017 жылы 25 шілде)
2017 жылы гранттық қаржыландыру аясында «ЗУБР» әлемуеттік корпоративтік қоры ДІАҚМ қолдауымен «КЕҰ-дың әлеуметтік-экономикалық дамуға үлесін есептеу бойынша ЭЫДҰ елдерінің халықаралық тәжірибесі негізінде әдістеме әзірлеу» жобасы жүзеге асырылды. Аталған жоба 7 айға жоспарланып, 2017 жылдың сәуір және қазан айлары аралығында орындалды.

Жобаның іске асырылуы кезінде КЕҰ-дың әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан үлесін бағалау әдістемесі әзірленген болатын. Төмендегі мазмұнда:



  • бағалау көрсеткіштерінің тізімі ;

  • жинақтау рәсімі және көрсеткіштердің есептеу мәліметтері;

  • мемлекеттік органдарға енгізу бойынша ұсыныстар

  • Қолданыстағы есепке алу және ӘЭД бағалау жүйесіне жоспар бойынша кезеңмен енгізу.

Сарапшылармен кездесу кезінде, сонымен қатар, мемлекеттік органдардың, оның ішінде экономикалық және бюджетті жоспарлау, статистика, әділет, мемлекеттік кіріс, ішкі саясат өкілдерінің қатсысуымен өткен кездесулер нәтижесінде Әдістемені тұтастандыру бойынша ұсыныстар әзірленді. «ЗУБР» ӘКҚ-ның мамандары жалпы ұсынымдар берумен қатар, әзірленген Әдістеменің нәтижелі тұтастандыру мақсатын қамтамасыз ету үшін нормативті құқықты актілерге өзгерістер енгізу бойынша нақты ұсыныстар ұсынды. Әдістемені әзірлеу жұмыстарына 1500 аса адамдар қатысты. Сонымен қатар, экспресс-сауалнама негізінде тұрғындар да өз пікірлерін білдірген болатын.

Бүгінгі күні КЕҰ-мен өзара іс-қимыл жүйесін жетлдіру үдерісі жүзеге асуда, сонымен бірге, қазақстандық Үшінші сектордың қолданыстағы 22 ерекшелілігін және ЭЫДҰ елдерінің халықаралық үздік тәжірибесін ескере отырып, үлесті бағалау Әдістемесі әзірленіп, пилоттық режимде сыналды.


Ұсыным орындалуда.

***
18 т. «Сарапшылар мен қоғамдық өкілдердің көзқарасын ескере отырып,

КЕҰ-дың әлеуметтік-экономикалық дамуға үлесін бағалау саласы бойынша зерттеу жұмысын жүргізу»

(2017 жылы 25 шілде)
«ЭЫДҰ елдерінің халықаралық тәжірибесі негізінде КЕҰ-дың әлеуметтік-экономикалық дамуға үлесі бойынша әдіснама әзірлеу» жобасы аясында тұрғындар арасында әртүрлі әлеуметтік топтардың, ҮЕҰ-дың, қазақстандық және шетелдік сарапшылардың, әлеуметтік-экономикалық саласындағы мемлекеттік органдар мамандарының (сауалнама, сұхбат, фокус-топтар) көзқарастары талданды.

Жобаны жүзеге асыру барысында жобаға құрамында 84 адамнан, оның ішінде халықаралық сарапшылардан тұратын тізім жасалды. Жобаға 39 сарапшы белсенді қатысса, 4 сарапшы – жоба бойынша ақпараттық хабарлама алып, жаңалықтар барысын қадағалауда, 41 сарапшы – қосымша тізімде болып, бұл сарапшылар жобаға белсенді қатыспады, бірақ та жобаның жүру барысы мен нәтижесі туралы аталған сарапшыларға хабарланды, сонымен қатар, жоба материалдарына мүмкіндігінше өз ұсыныстарын білдірді.

Жоба аясында «КЕҰ-дың әлеуметтік-экономикалық дамуға үлесін бағалау: мүмкіндіктер және қатерлер» тақырыбында Астана, Алматы, Павлодар, Өскемен, Ақтау, Қызылорда және Карағанды қалаларында 7 фокус-топтар ұйымдастырылды. Фокус-топтарға жалпы саны 120 адам қатысты.

Сонымен қатар, «КЕҰ-дың әлеуметтік-экономикалық дамуға үлесі мәселелері бойынша тұрғындардың көзқарасын талдауға қатысты «ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қорымен зерттеу жүргізілді. Аталған зерттеу аясында тұрғындар арасында экспресс-сауалнама онлайн-жүйесінде жүргізіліп, сонымен қатар, ҮЕҰ-дың сауалнамасы ұйымдастырылды.

Тұрғындар арасында экспресс-сауалнама жүргізу барысында «В2В» Ақпараттық сараптамалық агенттігімен келісім-шарт жасалды. Негізгі мақсат тиімді сауалнама түрлерін әзірлеу. Нәтижесінде үш негізгі сауалнама жүргізу құралы таңдап алынды:

− респонденттердің сауалнаманы қағаз/электронды түрде толтыру (word форматында)



  • Гугл-платформасындағы онлайн сауалнама

− Ғаламтор жүйесінде қолжетімді сұрақтар тобы.

Онлайн-сауалнама Facebook, ВКонтакте, Linkidin, Гугл-платформасы әлеуметтік желілеріне орналастырылды. Есепті кезеңде онлайн-сауалнаманың үш толқыны 19 ғаламтор жүйесінде, соның ішінде әлеуметтік желілерде, гугл-платформасында және Шығыс-Қазақстан әкімдігі сайтында жүзеге асырылды.

Тұрғындар арасында сауалнама жүргізу респонденттер үшін қолайлы болғанымен, жобаны жүзеге асырушы топ өкілдері онлайн-құрылымдарды белсенді пайдалануға мүмкіншілік жасады. Жалпы экспресс-сауалнамаға 708 адам қатысып (700 респондент жоспарланған), оның ішінде 496 респондент 4 сұрақтан тұратын сауалнама толтырса, 212 респондент онлайн-сауалнамаға қатысты.

Жобаны ақпараттық қолдау мақсатында «ЗУБР» ӘКҚ мамандары 16 ақпараттық мақала және Ғаламтор-ресурстарында, әлеуметтік желілерде 65 жариялымдар шығарды. Есепті кезеңде жалпы ақпараттық қамту 300 000 адамды құрады. КЕҰ-дың әлеуметтік-экономикалық дамуға үлесін бағалау Әдістемесі жобасының және «КЕҰ-дың үлесін бағалау: болжам және деректер» сараптамалық есебінің халықаралық тәжірибе негізіндегі талдау нәтижелері қоғам өкілдері тарапынан ерекше қызығушылық тудырды.



Анықатама

Тұрғындар арасындағы экспресс-сауалнама – 708 адам, оның ішінде,

онлайн-сауалнама, 19 Интернет-ресурсына орналастырылған;

  • ҮЕҰ сауалнамасыҚазақстандағы 550 ұйым;

  • әлеуметтік–экономикалық бағытындағы мемлекеттік органдармен сараптамалық сұхбат – 29 адам;

  • «КЕҰ (ҮЕҰ)-дың әлеуметтік-экономикалық дамуға үлесін бағалау: мүмкіндіктер мен қатерлер» фокус-топтары - 121 адам Қазақстанның 7 аймағынан.



Ұсыным орындалуда.

***

19 т. «КЕҰ-дың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін бағалау бойынша көрсеткіштер тізбесін құрастыру және ҚР ұлттық экономика министрлігіне енгізу»

(2017 жылы 25 шілде)
Сарапшылар тобымен және әлеуметтік-экономикалық саласындағы мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен жүргізілген кешенді талдау және сараптау нәтижесінде 11 атаудан тұратын КЕҰ-дың үлесін бағалау көрсеткіштер Тізбесі әзірленді. Аталған тізбе Ұлттық экономика министрлігіне енгізілді:

  • ҰҚТ бөлігіндегі атқаратын қызмет түрі бойынша тіркелген ҮЕҰ-дың саны;

  • ҰҚТ бөлігіндегі атқаратын қызмет түрі және жас мөлшері бойынша жұмыс атқаратын

ҮЕҰ-дың саны;

  • ҰҚТ бөлігіндегі белсенділігі бойынша жұмыс атқаратын ҮЕҰ-дың саны;

  • ҰҚТ бөлігіндегі ҮЕҰ-да жұмыс атқаратын қызметкерлердің саны, жас мөлшері бойынша, білім деңгейі, біліктілігі, мүгедектіктің болуы;

  • Қызметкерлердің жалақы мөлшері;

  • ҮЕҰ-дың қызмет түрлері бойынша атқарылған жұмыстар мен қызмет көрсету, өнідірілген өнім көлемі;

  • ҮЕҰ-дың жұмыстары мен көрсеткен қызметі, өндірілген өнім индексі;

  • ҮЕҰ-дың демеушілік қаржыларының көлемі / қайырымдылықтан түскен қаржы;

  • ҮЕҰ-дан бюджетке аударылған салық көлемі (түрлері бойынша);

  • Еріктілер (волонтерлер) тарапынан жасалынған қызмет көлемі;

  • Шетелдік мемлекеттер, халықаралық және шетелдік ұйымдар, шетелдік азаматтар тарапынан берілген қаржы көлемі;

Сонымен бірге, жоба аясында 3 сараптамалық есеп және КЕҰ-дың әлеуметтік- экономикалық дамуға үлесін бағалау Әдістемесі әзірленді:

  • «ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі негізінде КЕҰ-дың әлеуметтік-экономикалық дамуға үлесін бағалау бойынша халықаралық тәжірибені талдау»;

  • «КЕҰ-дың үлесін бағалау: болжам және деректер»;

  • КЕҰ-дың әлеуметтік-экономикалық үлесін бағалау бойынша зерттеу сұрақтарының нәтижесінде сараптамалық есеп.

Әдістемені әзірлеу барысында КЕҰ-дың ұйымдастыру-құқықтық түрлеріне (ҰҚТ) сараптама жүргізіліп, КЕҰ-ға қатысы бар ұйымдастыру-құқықтық түрлері бойынша топтастыру және есепке алу әдісі ұсынылды. Сонымен қатар, заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде бірнеше ұсыныстар әзірленді.

Анықтама

Әдістемеде көрсетілді:

  • әрбір көрсеткіштің нақты есептеу механизмі;

  • Әдістемені біріктіру бойынша барлық салаға әлеуметтік-экономикалық дамуды есептеудің бірыңғай жүйесін ұсыну:

Ұсыным орндалуда

***

4 ұсыным
Қолайлы инфрақұрылымды құру және жергілікті қоғамдық белсенділердің белсенді қызметтері арқылы азаматтық саланы ауылдық жерлерде дамытуға ықпалдасу
20 т. «Астана, Алматы қалаларында, облыстарда КЕҰ үшін ресурстық орталықтардың жұмысын жандандыру. Ауылдық КЕҰ үшін реусрстық орталықтардың қызметін ұйымдастыру бойынша әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру

мүмкіндіктерін қарастыру»

(жыл сайын 25 шілде, 25 желтоқсан)
Қазіргі уақытта 12 аймақта (Алматы қ, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Павлодар облысы) ҮЕҰ-дың ресурстық орталықтары құрылып, белсенді жұмыс атқаруда.

Сонымен бірге, Астана қаласы, Шығыс-Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2017 жылы ресурстық орталықтар құрылмады. Аталған аймақтарды олардың ашылуы 2018 жылда жоспарлануда. Ағымдағы жылы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мақсатында ауылдық КЕҰ үшін ресурстық орталықтар ұйымдастыру мәселелері қарастырылуда.


Ұсыным орындалуда.

***
21 т. «Мемлекетттік әлеуметтік тапсырыс аясында ауылдық жерде азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған жобаларды қарастыру»

(жыл сайын 25 шілде, 25 желтоқсан)
Аймақтардан ұсынылған ақпараттарға сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жобалар қарастырылды. Еліміздің 9 аймағында (Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе облысы) ауылды жерлердегі азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған жобалар жүзеге асырылды.

Жобаларды жүзеге асыру барысында әлеуметтік жобалар байқаулары ұйымдастырылды, кітаптар, буклеттер шығарылып, тақырыптық кездесулер өткізіліп, бұқаралық және танымды бейнероликтер әзірленді.



Анықтама

  • 2017 жылы Қызылорда облысының қалалық және аудандық әкімдік тарапынан 100 әлеуметтік жобаға 364,1 млн. теңге бөлініп, оның ішінде 69 жоба ауылдық жердегі азаматтық бастамалардың дамуына бағытталған;

  • Қостанай облысында ауылдық КЕҰ-ды және азаматтық бастамаларды дамыту бойынша облыстың солтүстік, оңтүстік, шығыс және батыс өңірлерінде ауылдық ресурстық орталықтарды ұйымдастыру үшін 4 жоба жүзеге асырылған.

  • Ақтөбе облысында жоба аясында ауылды жерде азаматтық бастамаларды дамыту бойынша семинарлар ұйымдастырылған.


Ұсыным орындалуда.

***
22 т. «Ауылды жерде әлеуметтік кәсіпорындарды жүзеге асыру бойынша КЕҰ-ға ықпалдасу. Ауылдағы жүзеге асқан үздік әлеуметтік жобалар тәжірибесінің таралымын көбейту бойынша шаралар қолдану»

(жыл сайын 25 шілде, 25 желтоқсан)
Аталған тармақты жүзеге асыруда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 13 жоба Алматы, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында орындалды. Ауылдық КЕҰ-ды қолдау бойынша еліміздің оңтүстік өңірінде қол еңбегі бұйымдарын жасау бойынша әлеуметтік кәсіпорындар құрылды. 2013 жылдан бастап Жамбыл облысында «Айналайын» балалар-жастар клубы ҚҰ» «Мамық-лего» (көрпеше, жастық, қуыршақтар және басқа да жұмсақ заттар) жобасын жүзеге асыруда. Бұл жоба екі рет «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» облыстық байқауында жүлдегер атанды. Қазіргі уақытта Тараз қаласында аталған қоғамдық ұйымның өз тауарларын сатуға арналған сауда үйі ашылған.

жүктеу 4,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау