ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
5В051000 «МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ»
4 жылдық оқу
КарағандЫ – 2016-2017 жж.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің элективті пәндер каталогы, оқу - әдістемелік Кеңесімен ұсынылған № _5__ хаттама «_31__»___03___2016 ж. Карағанды, ҚҚЭУ 42 бет.
Каталог элективті пәндер тізімін, (таңдау бойынша пәндер), сонымен қатар мамандық бойынша олардың бағдарламаларының қысқаша курсын қамтиды.
ҚҚЭУ оқытушылары және студенттеріне арналған.
СТУДЕНТКЕ ЖАДЫНАМА
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің құрметті студенті!
Сіздің назарыңызға элективті пәндер каталогы ұсынылады. Бұл элективті пәндердің жүйеге келтірілген мазмұндалған тізімі. Бұл сізге жеке білім алу траекторияларын дербес, шапшаң, иілмелі және жан жақты қалыптастыру мүмкіндігін жасау мақсатымен құрастырылған. Бұл Сіздің жеке жоспарыңызды құрастырудағы көмекшіңіз.
Кредиттік оқу технологиясы барысында оқу пәндері 3 циклға бөлінеді- жалпы білім беру (ЖБП), базалық (БП) және профильдік (ПП). Әр циклдың ішіндегі оқу пәндері 2-ге бөлінеді. Олар: міндетті компонент және таңдау бойынша компонент (элективті, яғни таңдалатын оқу пәндері).
Міндетті компонент пәндері мамандық бойынша білім берудің жалпыға міндетті стандартымен бекітілген және осы мамандықтың барлық студенттерімен оқытылады.
Элективті оқу пәндері Сізге кафедралармен ұсынылады. Барлық элективті пәндер тізімінен Сіз нақ өзіңізге қызықтысын таңдай аласыз. Осылайша, әр оқу пәндерінің циклы бойынша сіздің дара оқу жоспарыңыз 2 тарауды қамтитын болады: міндетті компонент және таңдау бойынша компонент (элективті оқу пәндері).
Сіздердің жеке оқу жоспарыңызға енгізу үшін каталогтың көмегімен элективті оқу пәндерін қалай таңдауға болады?
Тізімнен курсыңыз және оқу семестрінің кестесін табыңыз.
Элективті оқу пәндеріне типтік оқу жоспарымен барлығы қанша кредиттер тиесілі екенін анықтаңыз.
Элективті оқу пәндерінің тізімімен танысыңыз. Оқу пәндерінің сәйкес нөмірі бойынша, таңдау бойынша курстарға біріктірілгеніне назар аударыңыз. Элективті пәндердің әр тобынан тек бір элективті оқу пәнін таңдауға болады.
Сізді қызықтырған элективті оқу пәндерінің сипаттамасын оқып, өз таңдауыңызды жасаңыз.
Сізбен таңдалған кредиттер санының Типтік оқу жоспары бойынша талап етілетін кредиттер санына сәйкестігін тексеріңіз.
Элективті оқу пәндерін таңдауға Сіздің эдвайзеріңіз көмектеседі.
экономика және басқару факультеті
5В050510 « Мемлекеттік және жергілікті басқару»
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР
Пәндер
циклі
|
Пәндер
коды
|
Пәндер атауы
|
Кредиттер
саны
|
Семестр
|
1 курс
|
ТК
|
|
1ші таңдау бағыты
|
|
|
БП
|
Mik 1212
| Микроэкономика |
3
|
2
|
БП
|
Mik SS 1212
| Әлеуметтік саладағы микроэкономика |
1-ші таңдау бағыты
Микроэкономика
Пререквизиттері: Экономикалық теория, Экономикадағы математика, Информатика, Шет тілі.
Постреквизиттері: Макроэкономика, Экономикалық ілімдер тарихы, Статистика, Кәсіпорын экономикасы
Мақсаты: үй шаруашылық, фирмалар салалар деңгейіндегі экономиканың қалыптастыру механизмін түсіндіру үшін, сонымен қатар мемлекеттік саясатты жүргізудің салдарларын студенттерге түсіндіру.
Курстың қысқаша сипаттамасы:Микроэкономика пәні және микроэкономикалық талдаудың әдістемесі. Нарықтағы экономикалық жүйе және нарық тетігі. Тұтынушы әрекетінің теориясы. Өндіріс теориясы. Өндірістік шығындар. Капитал концентрациясы және нарықтық билік. Жетілген бәсекелестік жағдайы. Монополия жағдайында фирмалардың әрекеті. Олигополия жағдайында фирманың әрекеті. Монополиялық бәсекелестік жағдайындағы фирманың әрекеті. Еңбек нарығы. Капитал нарығы. Жер нарығы. Инновация нарығы. Нарық «сәтсіздіктері» және мемлекеттік басқару.
Күтілетін нәтижелер: Студенттер микроэкономика теориясының пәні, методологиясын, жеке және нарықтық сұраныстар, нарықтық бәсеке, сұраныс қисығы, ұсыныс қисығы, тепе-теңдік жағдайында болатын нарықты зерттеп және т.б. экономикалық сұрақтарды білу керек; микроэкономика теориясының мәліметті, олардың құру принциптері туралы және еңбек ресурстарын рационалды пайдалану ұсынылатын талаптарды, студент өзінің кәсіби қызметінде, тәжірибеде қолдануы қажет; микроэкономика жеке дербес экономикалық субъектердің ұтымды мінез-құлқы туралы мәселелерді зерттейді, қолдану деңгейін айқындау дағдыларын меңгеруі қажет; студент меңгерген білімін реттелінетін жеке дербес кәсіпкерлердің іс-әрекеттері мен қабылдайтын шешімдерін зерделейді, заң қызметкерлеріне, коммерциялық серіктес-терге, компанияның басқару қызметкерлері мен жұмысшыларына әрбір түрде мәлімет бере алуы керек; микроэкономика курсы бойынша жеткілікті білім алған жас мамандар өзінің тәжірибелік қызметінде, қазіргі кезеңдік шаруашылық жағдайға сәйкес келетін бақылау-тексерістік жұмыстың ұйымдық формалары мен әдістерін жетілдірудің басқарудағы ролін білуді және өз бетімен жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарлатуы керек.
Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі – Букатов Е.Б.
Әлеуметтік саладағы микроэкономика
Пререквизиттері: Экономикалық теория, Экономикадағы математика, Информатика, Шет тілі.
Постреквизиттері: Макроэкономика, Әлеуметтік саланы реттеу, Муниципалды менеджмент.
Мақсаты: Әлеуметтік саладағы жеке таңдау және экономикалық субъектілердің шешім қабылдауындағы механизмдерді, мінез-құлық факторларына әсер ететін әлеуметтік саладағы микроэкономикалық өзгерістер арасындағы себеп-салдар байланысын оқыту.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Әлеуметтік сферадағы микроэкономиканың пәні және әдістемесі. Сұраныс және ұсыныс қызметтерін талдаудың негізі. Тұтынушы тәртібінің теориясы. Өндіріс және шығындар теориясы. Пайданы максимизациялау және бәсекелік ұсыныс. Таза монополия және монополиялық билік. Монополиялық бәсеке: қызметтер өндірісінің көлемі мен бағасын анықтау. Олигополия: үлгілер және баға қалыптастыру стратегиясы. Ресурстар нарығындағы баға қалыптастыру. Еңбек қызметінің нарығы және еңбекақы. Капитал және жер ресурстарының нарығы: баға қалыптастырудың ерекшелігі. Сыртқы әсерлер теориясы. Қоғамдық игіліктердің өндірісі және қоғамдық таңдау.
Күтілетін нәтижелер: Студенттер оқытылатын пәннің мәнін, міндеттерін, әдістері мен мақсаттарын және оның басқа пәндермен байланысын, алға қойылған мәселелерді түсініп білу керек, микроэкономикалық және туристік қатынастар арасындағы тәуелділіктер мен себеп-салдарды нақтылауды білуі қажет, микроэкономикалық қатынастарда жеке экономикалық субъектілердің мінез-құлқы үлгісін талғауға мүмкіндік беретін білімді меңгеру қажет; микроэкономиканың әдістемелік және тәсілдік аппараттарын меңгеріп, оларды микроэкономикалық жағдайлар мен құбылыстарды талдай отырып, өздерінің кәсіби қызметтерінің барысында және тәжірибеде ұтымды шешімдер қабылдау қажет; «Әлеуметтік саладағы микроэкономика» ерекше пәні екендігін негізге ала отырып, микроэкономикалық өзгермелер арасындағы тәуелділіктер мен себеп-салдарлы байланыстар мәселелерін шешу жолдар жайлы ақпараттың пайымдауларын сипаттау мен айқындау дағдыларын меңгеруі қажет; студент меңгерген білімін әлеуметтік салада жұмыс істейтін қызметшілерге, туристік агенттерге, коммерциялық серіктестіктерге, туристік фирмалар мен компаниялардың басқару қызметкерлері мен жұмысшыларына әрбір түрде мәлімет бере алуы керек; «Әлеуметтік саладағы микроэкономика» пәні бойынша жеткілікті білім алған жас мамандар өзінің тәжірибелік қызметінде, қазіргі кезеңдік шаруашылық жағдайға сәйкес келетін бақылау-тексерістік жұмыстың ұйымдық формалары мен әдістерін жетілдіру және өзіндік жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарлатуы керек.
Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі – Жанбекова З.Х.
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР
Пәндер циклі
|
Пәндер
коды
|
Пәндер атауы
|
Кредиттер
саны
|
Семестр
|
2 курс
|
|
|
1-ші таңдау бағыты
|
|
|
ЖБП
|
IEU 2111
|
Экономикалық ілімдер тарихы
|
2
|
3
|
ЖБП
|
IPPU 2111
|
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы
|
|
|
2 ші таңдау бағыты
|
|
|
БП
|
PP 2208
|
Кәсіпкерлік құқық
|
3
|
3
|
БП
|
POKPRK 2208
|
ҚР-да бәсекелік саясатты құқықтық қамтамасыз ету
|
|
|
3 ші таңдау бағыты
|
|
|
БП
|
Eko 2209
|
Эконометрика
|
3
|
3
|
БП
|
ADPE 2209
|
Мәліметтерді талдау және экономиканы болжау
|
|
| 4 ші таңдау бағыты |
|
|
БП
|
Sta 2214
| Статистика |
3
|
3
|
БП
|
SocSta 2214
| Әлеуметтік статистика |
|
|
5 ші таңдау бағыты
|
|
|
БП
|
FRP 2213
|
Қаржылық нарықтар және делдалдар
|
2
|
4
|
БП
|
GB 2213
|
Мемлекеттік бюджет
|
|
| 6 шы таңдау бағыты |
|
|
БП
|
BU 2215
|
Бухгалтерлік есеп
|
3
|
4
|
БП
|
OBU
2215
|
Бухгалтерлік есеп негіздері
|
|
|
7 ші таңдау бағыты
|
|
|
БП
|
OG 2219
|
Геосаясат негіздері
|
3
|
4
|
БП
|
ME 2219
|
Халықаралық экономика
|
1-ші таңдау бағыты
Экономикалық ілімдер тарихы
Пререквизиттері: Экономикалық теория, Микроэкономика.
Постреквизиттері: Мемлекеттік басқару теориясы, Мемлекет және бизнес, Экономиканы мемлекеттік реттеу, Макроэкономика.
Мақсаты: студенттерде ғылыми дүние тануын қалыптастыру, экономикалық салалардағы болашақ мамандардың, жаңа экономикалық ой-өрісті және мәдениетті тәрбиелеу, танып білу үдерісінің қарама қайшылықтарын таба білу және оларды шешу жолдарын анықтау.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Экономикалық ілімдер тарихы пәнінің мәні және әдісі. Ежелгі экономикалық ілімдер. Экономикалық ілімдердің пайда болуы. Классикалық саяси экономияның дамуы. Постмануфактурлық кезеңдегі классиктердің теориясындағы классикалық әдет-ғұрыптың дамуы. «Ескі» тарихи мектеп. Макрсизмнің экономикалық ілімі. Дәстүрлі емес экономикалық теория. Маржинализм және неоклассикалық экономикалық теорияның қалыптасуы. Әлеуметтік ойлардың пайда болуы. Кейнсиандық және оның пайда болуы. Институционализм. Ресей және совет оқымыстылардың экономикалық концепциялары. Қазақстандағы экономикалық көзқарастардың пайда болуы мен дамуы. Экономикалық доктриннің қазіргі замаңғы дамуы. 20 ғасырдың аяғы мен 21 ғасырдың басындағы жаңа экономикалық проблемалар
Күтілетін нәтижелер: саяси экономияны зерттеу, ежелгі ойшылдардың шығармаларындағы экономикалық идеялардан бастап және қазіргі экономикалық ой-пікілермен аяқталған көз-қарастарды зерттеу; ғылыми зерттеуде міндеттерді жеке орындау; экономикалық ілімдер тарихын кешендік жүйе ретінде зерттеуді жүзеге асыру облысында аргументті және қисынды түрде дәлелдеу; ілімдер тарихының зерттеу және қалыптастыру үрдісін әлеуметтік және этикалық аспектілерін ескере отырып әр түрлі формадағы ақпарат және хабарламаларды дайындау, өз позицияларын ұстану; қазіргі заманғы экономикалық жағдайындағы өндірісті ұйымдастыруның даму үрдісін зерттеу, талдау және білімдері мен дағдыларын қолдану мүмкіндіктеріне ие болу.
Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі – Сүйіндіков Ж.С.
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы
Пререквизиттері: «Философия», «Экономикалық теория», «Саясаттану»
Постреквизиттері: Мемлекеттік басқару теориясы, геосаясат негіздері, ҚР бәсекелестік саясатты құқықтық қамтамасыз ету.
Мақсаты: Студенттерге саяси ойлардың тарихи даму заңдылықтарын, бұрынғы теориялық мұраларды сыйлау сезімін тәрбиелеуге көмек көрсету.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәні және теориялық мәселелері. Ежелгі дүниедегі саяси және құқықтық ілімдер. Шығыс елдеріндегі саяси және кұқықтық ілімдер
Ежелгі Грециядағы және Ежелгі Римдегі саяси және құқықтық ілімдер. Орта ғасыр дәуіріндегі Шығыс Араб, Орта Азия және Қазақстан мемлекеттеріндегі саяси және құқықтық ілімдер. Орта ғасырлық Батыс Еуропадағы саяси - құқықтық ілім. Қайта өрлеу дәуіріндегі Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер. ХҮІІ-ХҮШ ғғ. саяси және құқықтық ілімдері. Голландия мен Англиядағы ХҮІІ-ХҮШ ғғ саяси және құқықтық ілімдер. ХҮШ-ХІХ ғғ. басындағы Франциядағы саяси және құқықтық ілімдер Тәуелсіздік үшін күрес кезеңіндегі АҚШ-тағы саяси және құқықтық ілімдер ХҮІІІ - XIX ғ. басындағы Германиядағы саяси және құқықтық ілімдер. XIX ғ. I жартысындағы Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер. XIX ғ. II жартысы- XX ғ. басындағы Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер. XIғ.-XIX ғ.бірінші жартысындағы Ресейдегі саяси-құқықтық ілімдер дамуының тарихы. XIX ғ. II жартысындағы - XX ғ. басындағы Қазакстандағы саяси-құқықтық ойлар. XX ғ. Еуропа елдері мен АҚШ-тағы саяси және құқықтық ілімдер.ХХ ғ.Қытай, Үндістандағы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі саяси және құқықтық идеялар
Күтілетін нәтижелер: Пәнді оқыту кезінде студенттер саяси құқықтық ілімдер тарихы, дүние жүзі тарихындағы құқық, мемлекет пен сол елдердің заңдары мен мемлекеттік құрылымы, әлеуметтік құрылысына тоқталып толық түсініктерді меңгеріп, пәнді оқу барысында игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолдануы тиіс. Саяси құқықтық ілімдер тарихы қазіргі жағдайда заңгерлер үшін қажетті пән болғандықтан, ойлар мен теорияларға талдау жасап, ғалымдардың монографиялық саласындағы мәселелер бойынша мерзімді баспасөзде жарияланған мәліметтермен жұмыс жүргізіп, мақалаларға талдау жасау, ондағы идеяларды бағалай білуі қажет.
Жүргізуші оқытушының аты–жөні- Адамбекова С.М.
2-ші таңдау бағыты
Кәсіпкерлік құқық
Пререквизиттері: Құқық негіздері
Постреквизиттері: Мемлекет және бизнес, Муниципалды менеджмент, Тұрғын үй құқығы, Әкімшілік құқық, Жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттің негіздері, экономиканы мемлекеттік реттеу.
Мақсаты: республикада шаруашылық қатынастарын реттейтін, жиынтық норманы білу, кәсіпкерлік қызмет туралы норма мазмұны, негізгі құқықтық актілермен танысу, кәсіпкерлік қызмет түсінігін анықтау, оның құқықтық дәрежесін, кәсіпкердің тұлғасын анықтау.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Кәсіпкерлік құқық. Жалпы ережелері. Кәсіпкерлік құқық оқу пәні ретінде. Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуі және кәсіпкерлік қызметті лицензиялау. Кәсіпкердің құқықтық мәртебесі. Заңды тұлғаның түсінігі мен белгілері. Дара кәсіпкерлік. Заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі. Мемлекеттік кәсіпкерліктің нысандары. Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық ұйымдастырушылық нысаны және оның түсінігі. Бәсекелік құқықтың негіздері. Кәсіпкерлердің мүліктік құқығы. Кәсіпкерлік құқықтағы өкілеттіктің түсінігі. Кәсіпкерліктегі міндеттемелік құқықтық қатынастар. Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік құқықтық реттеу. Мемлекеттік реттеудің негіздері. Кәсіпкерлік қызметті мемлекет тарапынан қорғау және қолдау. Тұтынушылардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау.
Күтілетін нәтижелер: студент Қазақстан Республикасының кезеңдердегі кәсіпкерлік-құқықтық дамуын, мемлекеттік кәсіпкерлік қызмет туралы заңнамаларды, Бюджет кодексін, бағдарламаларды, Елбасының жолдауын, кәсіпкерлік, кәсіпкерлік құқықтық қатынастарын және кәсіпкерлік жүйесінің қызмет етуінің ерекшеліктерін түсіну, жеке және заңды тұлғалардың құқықтық жағдай негіздерінің мазмұны және қағидаларын, мемлекеттік кәсіпкерлік органдарының ұйымдастырылу және қызметінің қағидаларын, құрылымын, құқықтық мәртебесін білуі қажет; кәсіпкерлік құқығын оқуда дағдылық және өзіндік жұмысы негізінде кәсіпкерлік құқығын оқу барысында кәсіпкерлік құқық бұзушылықтармен жұмыс жасай отыра, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру керек.
Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі – Амантай А.А.
ҚР-да бәсекелік саясатты құқықтық қамтамасыз ету
Пререквизиттері: Құқық негіздері, Экономикалық теория.
Постреквизиттері: Экономиканы мемлекеттік реттеу, Мемлекет және бизнес, Аймақтық экономика және басқару, Экономикалық саясат.
Мақсаты: Студенттердің бәсекелестік құқық бойынша теориялық материалдарды меңгеріп, оны практикада қолдана білуге үйрету, сол арқылы нарықтық қатынастарда заңгер-маман ретінде біліктілік, дағдыларын, істей білу қабілетін қолдана білуге оқыту және заңдарды талқылауға үйрету.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Нарықтық экономиканы және оның себептерін құқықтық реттеудің қажеттілігі. Нарықтық экономиканы құқықтық реттеудің негіздері мен әдістерінің қалыптасуы. (мемлекеттік кәсіпкерліктегі экономиканы нарықтық әдістермен реттеу) . Жекешелендірудің нысандары, ерекшелігі және себептері, нарықтық экономикамен дамушы елдердегі бағалық саясатты құқықтық реттеу, ТМД елдерінің антимонополиялық заңдары.
Күтілетін нәтижелер: студент құқықтық ақпараттарды өңдеудің құралдары мен әдістерін, кәсіпкерлік және антимонополиялық реттеу төңірегіндегі нормативтік құқықтық актілердің ережелерін білуі тиіс; құқықтық ақпараттарды өңдеу мен іздеуде, заң құжаттарын рәсімдеу және ақпараттарды статистикалық талдауда қазіргі ақпараттық технологияларды қолдануды игеру, заңдық түсініктер мен санаттарды анықтауды игеру, құқықтық қатынастар тудыратын заңдық фактілерді талдауды игере алу; бәсекелестікке қатысты құқықтық норамалардың жүзеге асыру үшін маңызы бар ақпараттармен жұмыс істеуге дағдылану, антимонополиялық заңнамалармен жұмыс істеуге дағдылану.
Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі – Амантай А.А.
3 ші таңдау бағыты
Эконометрика
Пререквизиттері: Микроэкономика, Экономикадағы математика, Экономикалық теория, Информатика.
Постреквизиттері: Әлеуметтік- экономикалық жоспарлау, Мемлекет және бизнес, Инвестициялық үдерістермен мемлекеттік басқару, Кәсіпорын экономикасы, Экономиканы мемлекеттік реттеу, Экономикалық талдау.
Мақсаты: Студенттерді нақты статистикалық көрсеткіштер негізінде іс жүзіндегі экономикалық құбылыстардың математикалық әдістерін талдау және құрастыру, көрнекілік түрінде: кесте, график, диаграмма түрінде үлгілеу нәтижелерін ұсыну және өңдеу.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Эконометрика негіздері. Бас жиынтық және тандама.Таңдамалық сипаттамалары. Статистикалық гипотезаларды тексеру. Жүптық сызықтық регрессия және корреляция. Жиынтық сызықтық регрессия моделі. Мультиколлинеарлылық. Сызықтық емес эконометрикалық модельдер.
Күтілетін нәтижелер: студент экономикалық модельдерді құру, яғни эмпирикалық талдауды жүргізу үшін қолайлы экономикалық модельдерді математикалық түрде беру; таңдап алынған модельді нақты берілгендерге аса адекватты ететін модельдің параметрлердің бағасын табу; модельдің табылған параметрлерінің және модельдің сапалығын тексеру; зерттелетін экономикалық көрсеткіштердің іс-әрекетін тексеру үшін, талдау және болжау үшін және де экономикалық саясатты жүргізу үшін құрылған модельдерді қолдану; қажет болатын статистикалық ақпаратты өз бетінше жинақтай алу және болашақ кезенде объект дамуын божамдай алуы тиіс.
Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Шахшина С.А.
Мәліметтерді талдау және экономиканы болжамдау
Пререквизиттері: Экономикалық теория, Экономикадағы математика, Микроэкономика.
Постреквизиттері: Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау, Мемлекет және бизнес, Инвестициялық үдерістермен мемлекеттік басқару, Кәсіпорын экономикасы, Экономиканы мемлекеттік реттеу, Экономикалық талдау.
Мақсаты: Топта сабақтарда баяндамаларды дайындап талқылау және курстық жұмыстарды жазу, теориялық материалдарды үйрену және оны нәтижелерді талдап және есептерді шығаруда қолдануға дағдылану.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Экономикалық болжаудың маңыздылығы. Экономикадағы болжаудың ақпаратпен қамтамасыз етілуі. Әлеуметтік-экономикалық процестерді болжамдаудың сапалы әдістері. Көп факторлы регрессиялық модель негізінде болжамдау. Уақытша қатарлар. Экономикалық үрдістер динамикасының көрсеткіштері. Уақытша қатарларды тегістеу. Үлестірілген лагы бар динамикалық модельдер. Тренд негізінде болжамдау. Мезгіл үрдістерді болжамдау.
Күтілетін нәтижелер: студент әлеуметті – экономикалық да муда ғылыми дәлеледенген макро және микроэкономикалық болжауды құрудың әдістемесі мен технология негіздерін білу; кез келген экономикалық жағдайларда тиімді шешім қабылдай алу және болып жатқан құбылыстардың мәнін білу; объектінің болжауы мен болжамдық фон жағдайы туралы экономикалық мәліметтерді жинақтау және ол ақпаратты болжамдау немесе көпөлшемді статистика әдістерімен өндеу; болашақта жүйе жағдайын болжау және болжамдау нәтижелері мен статистикалық ақпарат өнделуін ұсыну; қажет болатын статистикалық ақпаратты өз бетінше жинақтай алу және болашақ кезеңде объект дамуын болжамдай алуы тиіс.
Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі – Шахшина С.А.
4-ші таңдау бағыты
Статистика
Пререквизиттері: Экономикалық теория, Информатика, Микроэкономика, Экономикадағы математика.
Постреквизиттері: Халықаралық экономика, Қаржы, Әлеуметтік- экономикалық жоспарлау, Маркетинг, Бухгалтерлік есеп.
Мақсаты: Әлеуметтік экономикалық құбылыстар мен үдерістерді зерттеуде статистикалық әдістердің мәні туралы және ерекшеліктерін қолдануды ұсыну, экономиканың дамуы мен жағдайын, ұлттық байлықты, халықтың ұдайы өсуін көрсетуде негізгі статистикалық көрсеткіштерді құру әдістері мен белгілеудің мағынасын ашу.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдітері. Статистика агенттігнің ұйымдастырылуы және оның зерттеу міндеттері және статистикалық бақылау. Статистикалық мәліметтерді жинақтау , топтау және кесте құру. Абсолютті және қатысты шамалар. Статистикадағы графиктік әдіс. Орташа шамалар және вариация көрсеткіштері. Ішінара бақылау. Өсіңкілік(динамика) қатарлары. Индекстер. Қоғамдық құбылыстарың өзара байланыстылығын статистикалық зерттеу.статистикалық мәліметтерді талдау зерттеудің соңғы сатысы. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздері. Әлеуметтік-экономикалық потенциал статистикасы. Шығын және аралық тұтыну статистикасы. Өндіріс нәтижесінің статистикасы. Ұлттық есеп жүйесі. Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы.
Күтілетін нәтижелер: студент статистикалық әдістемелерді экономикалық – статистикалық талдаулар жүргізуде қолдана білуі керек; әдебиеттерді іздеу мен талдауға; теориялық және практикалық тәжірибелер зертеуге; алынған ақпараттарды өз бетінше талдауға үйрету.
Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі – Сраилова Г.М.
Әлеуметтік статистика
Пререквизиттері: Экономикалық теория, Экономикадағы математика, Әлеуметтану, Информатика, Микроэкономика.
Постреквизиттері:Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау, Экономиканы мемлекеттік реттеу, Маркетинг, Әлеуметтік саланы реттеу.
Мақсаты: студенттерді мәліметтерді жинау әдістерімен таныстыру, сандық материалдарды, алынған ақпараттар талдауларын өңдеп, алған білімдерін практикада қолдана білуіне үйрету.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Жаңа ғасырдағы әлеуметтік статистиканың пәні, әдістері. Ұлттық есептеу жүйесіндегі үй шаруашылықтарының қызметін оқуға бағытталған. Тұрғындардың статистикасы. Еңбек ресурстары мен еңбек нарығының статистикасы. Тұрғындардың табысын зерттеу статистикасы. Тұрғындардың тұтынуы мен шығындарын зерттеудің негізі. Тұрғындардың денсаулығы мен денсаулықты сақтау статистикасы. Адамзат дамуы және тұрғындардың өмір сүру деңгейі.
Күтілетін нәтижелер: студент статистикалық әдістемелерді экономикалық – статистикалық талдаулар жүргізуде қолдана білуі керек, өз беттерінше статистикалық жинақтарға талдау жасай білу, мәліметтерді жинақтау және олардың әдістерін білу, практикада өз білімдерін қолдана білуі тиіс.
Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Досмагамбетова Б.Б.
5 ші таңдау бағыты
Қаржылық нарықтар және делдалдары
Пререквизиттері: «Экономикалық теория», «Микроэкономика», «Макроэкономика», «Қаржы».
Постреквизиттері: Бухгалтерлік есеп, Кәсіпорын экономикасы, Мемлекет және бизнес, Аймақтық экономика және басқару, Муниципалды менеджмент, Инновациялық үдерістермен мемлекеттік басқару.
Мақсаты: қаржы делдалдарының рөлін түсіну, терең шоғырландырылған түрінде қаржы нарығының құралдарын меңгеру.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Қаржы жүйесінің және қаржы нарығының теориялық негіздері. Қаржы нарығының құрылымы мен қатысушылары.
Қаржы нарығының құрамындағы ақша нарығы. Несие нарығы және оның қызметі. Бағалы қағаздар нарығы және оның құралдары. Сақтандыру және зейнеткерлік қызметтер нарығы. Инвестициялық нарық. Қазақстанның қаржылық нарығының дамуы. Қазақстанның қор нарығының дамуы. Қаржылық нарықты реттеу. Қаржылық делдалдар. Қаржылық нарықтағы тәуекелдер. Әлемдік қаржылық нарық. Әлемдік қаржылық орталықтары. Халықаралық қаржылық-несиелік институттары.
Күтілетін нәтижелер: студент қаржы нарығының теориялық аспектілері туралы ұсынысты алу. Қаржы нарықтың төңiрегiдегi iс жүзiнде теориялық бiлiмдер қолдануға икемi болу. Практикалық тәжiрибедегi теориялық бiлiмдерi тансформациялау. Қаржы нарығының дамытуындағы мәселенi табу және баға құрудағы қаржыландыру сұрақтарында және тағы басқа мәселелерді өзіндік шешiм қабылдау. Тұтастай қаржылық нарықтың дамытуына және оның сегменттерiне талдау жасау, қаржылық мәселелерді шешуде өзінің позицияларын ұстану. Қаржылық ұйымдар мен қаржылық нарықтың көрсеткіштерін талдау үшін, өзіндік жұмыс жасауды дағдыландыру.
Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі – Ермекова К.А.
Мемлекеттік бюджет
Пререквизиттері:Экономикалық теория, Макроэкономика, Қаржы.
Постреквизиттері: Аймақтық экономика және басқару, Экономиканы мемлекеттік реттеу, Муниципалды менеджмент.
Мақсаты: мемлекеттің қызметімен байланысты ұйымдастыру формаларын меңгеруде салықтардың және шығыстардың нақты түрлерін белгілеп, бюджеттік қатынастар формасын анықтайтын, мемлекеттік бюджетті құру үшін сәйкес құқықтық нормаларды жасау жолымен, олардың қызмет ету шарттары мен ережелерін регламенттейтін студенттердің теориялық және тәжірибелік дайындығын қамтамасыз ету.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Мемлекеттік бюджет экономиканы басқару құралы ретінде. Бюджет жүйесі. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің экономикалық мазмұны мен сипаттамасы. Бюджет сыныптамасы. Бюджетаралық қатынастарды реттеу тетігі. Бюджет жүйесін басқару. Бюджетті жоспарлау негіздері. Бюджет түсімдерінің эконимикалық мазмұны және оларды жоспарлау негіздері. Салықтық және салықтық емес түсімдерді болжау
Мемлекеттік бюджеттің шығыстар жүйесі. Бюджет шығыстарын жоспарлау негіздері. Мемлекеттік қарыз алу тетігі. Бюджет процесін ұйымдастыру негіздері. Бюджеттің атқарылуындағы қазынашылықтың рөлі. Бюджеттік несиелеу. Мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру.
Күтілетін нәтижелер: студент бюджеттік жүйе механизмі және бюджеттік қатынастарды іске – асыру аумағында қажетті білім көлемін және дағдыларын білуі қажет. Бюджеттік жоспарлау техникасы және бюджеттік бақылауды іске – асыру бойынша белгілі тәжірибелік дағдыларды алуы қажет. Ғылыми басылымдарда, статистикалық жинақтарда ұсынылған мәліметтерді зерттеу негізінде қорытындылар жасап және дәлелді пікірлер шығару, өз ойларын жеткізу. Бюджеттік және бюджет аралық қатынастарды іске – асыру бойынша нормативті – құқықтық базаны білу. Мемлекеттік бюджет, бюджеттің құрылымы, бюджет кірістері мен шығындары, мақсатты трансферттер, бюжеттік жоспарлау және олардың көмегімен экономикадағы нақты жағдайларды талдауды білу.
Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі – Акашев Р.Т.
6 шы таңдау бағыты
Бухгалтерлік есеп
Пререквизиттері: Экономикалық теория, Құқық негіздері, Макроэкономика, Микроэкономика, Экономикадағы математика, Информатика.
Постреквизиттері: Экономикалық талдау, Инвестициялық үдерістермен мемлекеттік басқару, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет негіздері.
Мақсаты: кәсіпорындарды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп пен аудиттің ролін оқып білу. Осы тапсырманы орындау үшін курсты беру негізіне «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөнінде» №234, 2007ж 28 ақпаннан ҚР заңдары, ҚР нормативтік және заңнамалық құжаттарды білу.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Бухгалтерлік есептің концепциясы, стандарттары және қағидалары. Екі жақтылық қағидалары және баланстық теңдеу. Шоттар жүйесі және екі жақты жазу. Есеп саясаты. Ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің есебі. Қорлар мен дайын өнімнің есебі. Дебиторлық қарыздар есебі. Табыстар мен шығындарды тану және қаржылық нәтижелер есебі. Қаржылық есеп беруді ұсыну.
Күтілетін нәтижелер: студент бухгалтерлік есеп және аудит жүйесi туралы білімі мен түсінігін көрсете білу; осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу; дәйектемелер құрастыру және бухгалтерлік есеп пен аудит проблемаларын шешу; әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттарды жинау және интерпретациялауды жүзеге асыру; ақпараттарды, идеялар, проблемалар және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де хабарлау; күнделікті кәсіби қызметке және білімді магистратурада жалғастыруға қажетті жаңа білім алу дағдысын игере алуы тиіс.
Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі – Мусипова Л.К.
Бухгалтерлік есеп негіздері
Пререквизиттері: Экономикалық теория, Микроэкономика, Экономикадағы математика, Информатика.
Постреквизиттері: Экономикалық талдау, Инвестициялық үдерістермен мемлекеттік басқару, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет негіздері.
Мақсаты: ҚР бухгалтерлік есеп жүйесінің әдістерінің теориялық негізін терең игеру.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасу тарихы. Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде. Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі. Бухгалтерлік баланс. Бастапқы бақылау-бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесінің негізі. Шоттар және екі жақты жазу. Құндық бағалау және ағымдағы бухгалтерлік есеп. Бухгалтерлік есеп нысандары. Қаржылық есептілік негіздері. Бухгалтердің кәсіби этикасы.
Күтілетін нәтижелер: студент бухгалтерлік есеп аясында теориялық білімдерін толықтыру, яғни құжаттау мен түгендеу, бағалау мен калькуляциялау, шоттар және екі жақты жазу, бухгалтерлік баланс және қаржылық есептілік сияқты ұғымдар туралы түсінік алу. Тәжірибеде білімдер мен түсіну қабілеттіліктерін пайдалану. Бухгалтерлік есептің негіздерінің орны мен бағытын түсіну және бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін түсіну.
Қорытындыларды құруда, шешімдерді бағалауда негіздемелерді шығару қабілеттілігі. Кәсіпорынның экономикасының жүйелі және жан жақты талдауын жүргізу және қаржылық есептілікті құра білу. Пәнді оқу барысында бухгалтерлік баланстың құрылуын білу және алғашқы құжаттарды толтырып, оларды өңдей білу керек. Оқу қабілеттілігі. Екі жақты жазу көмегімен өз бетінше бухгалтерлік есеп шоттарында жазуларды жазу, шаруашылық операциялардың мазмұнын бекіту және экономикалық, басқару шешімдерін қабылдауға есеп берілгендерін қорытындылай алуы тиіс.
Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі – Мусипова Л.К.
7 ші таңдау бағыты
Геосаясат негіздері
Пререквизиттері: Қазақстан Тарихы, Саясаттану, Экономикалық теория, Әлеуметтану.
Постреквизиттері: Мемлекеттік басқару теориясы, Мемлекет және бизнес, Экономиканы мемлекеттік реттеу.
Мақсаты: өз елінің және шетелдік тарихнаманың қазіргі жетістіктері негізінде студент ХХ ғасырдағы және ХХІ ғасыр басындағы геосаяси үрдістердің өзгеру логикасын түсініп, олардың заңдылықтары мен даму тенденцияларын меңгеруі керек.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Геосаясат: дефинициялары, әдістері, функциялары. Ежелгі және Ортағасырлық қоғамдық ойдағы геосаяси көзқарастардың қалыптасу тарихы. Географиялық детерминизм – жаңа заман саяси ілімдеріндегі басым бағыттарының бірі ретінде. Негізгі классикалық геосаяси теориялар. саяси география және геосаясат. Қазіргі геосаяси мектептер мен концепциялар. Геосаяси циклдердің теориялық проблемалары. Орталық Азия геосаясатының тарихи-географиялық аспектісі. Орталық Азияның жаңа тәуелсіз мемлекеттерінің геосаяси басымдылықтары. Қазақстан Республикасының геосаяси стратегиясы. Орталық Азия және Ресейдің геосаяси қызығушылықтары. тарихы мен бүгінгі жағдайы. АҚШ және оның Орталық Азиядағы геосаяси қызығушылықтары. Орталық Азия және Қытайдың геосаяси стратегиясы. Орталық Азиядағы Еуропалық қауымдастық мемлекеттерінің геосаяси қызығушылықтары. Орталық азия ислам әлемінің геосаяси және өркениеттік кеңістігінде. Қазіргі кездегі Орталық Азиядағы геосаяси жағдай.
Күтілетін нәтижелер: студенттер «Геосаясат негіздері» пәнінен теориялық білімін ала отырып, басты геосаясаттың негізгі ұғымдары және геосаясаттың терминдері, геосаясаттың анықтамасы: идеология немесе ғылым ретінде, фундаментальдық және қолданбалы геосаясат. «теллурократия және талассакратия» түсініктеріне тоқталады. Пәнді оқу барысында геосаяси заңдылықтардың дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын, оның эволюциясының механизмдері мен факторларын білуге дағдыланады. Студент қазіргі геосаяси ойларды, олардың келешекті болжай білуге деген түсінігін ашуда қазіргі тәсілдерді меңгеріп, оның категориялық аппаратымен сөйлей алу, халықаралық қатынастар саласындағы әдістер, әдістемелер мен зерттеу техникасын білуі қажет.
Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Егізбаев С.К.
Халықаралық экономика
Пререквизиттері: Экономикалық теория, Микроэкономика, Макроэкономика.
Постреквизиттері: СЭІ мемлекеттік реттеу, Экономикалық саясат, Экономиканы мемлекеттік реттеу, Аймақтық экономика және басқару.
Мақсаты: студент ұлттық экономикадағы процестер мен олардың әлемдегі болып жатқан процестерге тәуелділігін түсіну және халықаралық экономикалық теория білімі сыртқы экономикалық саясаттың тиімді қалыптасуына әкеледі.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Халықаралық экономика түсінігі, қалыптасуы және құрылымы. Халықаралық сауданың классикалық теориясы
Өндіріс факторларының ара-қатынасы теориясы. Халықаралық саудадағы жалпы тепе- теңдік. Халықаралық сауданың табысты бөлуге ықпалы. Халықаралық сауданың альтернативтік теориясы. Сыртқы сауда саясаты және оның құралдары. Халықаралық капитал қозғалысы және халықаралық несиелеу
Халықаралық жұмыс күші миграциясы. Халықаралық технологиялық айырбас
Халықаралық экономикалық интеграция. Халықаралық валюта-қаржы жүйесі
Төлем балансы. Валюталық курс және оны реттеу. Халықаралық қаржы нарығы
Күтілетін нәтижелер: студент оқылып отырған пән бойынша әдістеме мен әдіснаманы игеру, халықаралық экономика теориясы пәнін игере отырып жұмыс жасап, Ұлттық экономиканы талдау құралы мен олардың басқа мемлекеттермен қарым қатынасын білу. Пәнді оқыту барысында халықаралық экономика заңдылығын талдай білу. Пәнді оқыту кезінде дәрісханалық база ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс жасау. Студенттер өзіндік жұмыстарды игере отырып өз білімдерін әр кез жетілдіріп дамытып отыруы қажет.
Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Талимова Г.У.
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР
Пәндер циклі
|
Пәндер
коды
|
Пәндер атауы
|
Кредиттер
саны
|
Семестр
|
3 курс
|
|
|
1-ші таңдау бағыты
|
|
|
ПП
|
TPRK 3303
|
ҚР еңбек құқығы
|
3
|
5
|
ПП
|
ZhPRK 3303
|
ҚР мүліктік құқығы
|
|
|
2-ші таңдау бағыты
|
|
|
БП
|
EMM 3210
|
Экономика-математикалық әдістер
|
3
|
5
|
БП
|
MPOR 3210
|
Тиімді шешімдер қабылдау әдістері
|
|
|
3-ші таңдау бағыты
|
|
|
БП
|
EP 3216
|
Кәсіпорын экономикасы
|
3
|
5
|
БП
|
OrgP 3216
|
Өндірісті ұйымдастыру
|
|
|
4-ші таңдау бағыты
|
|
|
БП
|
EА 3217
|
Экономикалық талдау
|
3
|
6
|
БП
|
EEA 3217
|
Экологиялық-экономикалық талдау
|
|
|
5-ші таңдау бағыты
|
|
|
БП
|
EP 3218
|
Экономикалық саясат
|
3
|
6
|
БП
|
WPRK 3218
|
ҚР сыртқы саясаты
|
|
|
6-шы таңдау бағыты
|
|
|
БП
|
GUVED 3220
|
СЭІ мемлекеттік басқару
|
3
|
5
|
БП
|
GUIP 3220
|
Инновациялық үдерістермен мемлекеттік басқару
|
|
|
7-ші таңдау бағыты
|
|
|
БП
|
GRID 3222
|
Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу
|
3
|
6
|
БП
|
IM 3222
|
Инновациялық менеджмент
|
|
|
8-ші таңдау бағыты
|
|
|
ПП
|
GRE 3306
|
Экономиканы мемлекеттік реттеу
|
3
|
6
|
ПП
|
GREZS 3306
|
Шет мемлекеттерінде экономиканы мемлекеттік басқару
|
|
|
9-шы таңдау бағыты
|
|
|
ПП
|
GB 3305
|
Мемлекет және бизнес
|
3
|
5
|
ПП
|
GChP 3305
|
Мемлекеттік жеке әріптестік
|
|
|
10-шы таңдау бағыты
|
|
|
ПП
|
EGS 3310
|
Мемлекеттік қызмет этикасы
|
3
|
6
|
ПП
|
PEOSR 3310
|
Әлеуметтік жұмыстың кәсіби этикалық негізі
|
|
|
11-ші таңдау бағыты
|
|
|
ПП
|
SG 3311
|
Әлеуметті мемлекет
|
3
|
6
|
ПП
|
GO 3311
|
Азаматтық қоғам
|
1-ші таңдау бағыты
ҚР еңбек құқығы
Пререквизиттері: Құқық негізі, Кәсіпкерлік құқық.
Постреквизиттері: Әкімшілік құқық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет негізі.
Мақсаты: Студенттерге еңбек құқығының курсын меңгерту барысында теңқызығушылық және теңүлгілі қайраткерлік дағдыларын дамыту, ғылыми және зерттеу дағдыларын дамыту, еңбек қорғау уәжі мен жоғарғы құқықтық мәдениетті қалыптастыру,еңбек қатынастарын реттеудегі құқықтық нормалардың қолданылуының анализі; қарастырылып отырған тәртіп проблемасы аясындағы қазіргі еңбек құқығы мен құқықтық ғылымның негізгі даму ойларын шығару.
Курстың қысқаша сипаттамасы:еңбек құқығының түсінігі, пәні, тәсілі, қызметі мен жүйесі.Еңбек құқығының қайнар көздері мен принциптері. Еңбек құқығының субъектілері. Еңбек құқығындағы құқықтық қатынастар.Әлеуметтік әріптестік пен коллективтік шарт.Жұмысқа орналастыру мен жұмысбасытылықты құқықтық реттеу.Жеке еңбек шарты.Жеке жұмыскерлер санаттарының еңбек қатынастарының құқықтық реттелуі.Жұмыс уақыты. Демалу уақыты. Еңбек ақысы мен кепілденген және кешенді төлемдер.Еңбекті қорғау.Жеке еңбек шартының жақтарының еңбек тәртібі мен материалды жауапкершілік. Еңбек даулары.Алыс және жақын шетелдердегі халықаралық еңбек құқығы мен еңбекті құқықтық қорғау.
Күтілетін нәтижелер:студенттер әлеуметтік еңбек қатынасының теориялық орнын, ҚР қазіргі таңдағы заңнамасын, оның даму серпінін, қазіргі кездегі ресейлік құқық нормаларының қолданылуын терең бойлап оқыту, сондай-ақ алған білімдерін нақты жағдайларда қолдана білу.
Жүргізуші оқытушының аты–жөні, тегі –Хауия С.
ҚР тұрғын үй құқығы
Пререквизиттері: Құқық негізі, Кәсіпкерлік құқық.
Постреквизиттері: Әкімшілік құқық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет негіздері.
Достарыңызбен бөлісу: |