Бала туу серпіні
(1000 адамға шаққанда, жалпы бала туу коэффициенті,)
Халық санының өсуі, негізінен бала туудың өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Соңғы екі жылда туылған балалардың орташа жылдық саны 390 мыңнан асты (2012 жылы – 381 мың, 2013 жылы – 387,2 мың, 2014 жылы – 399,9 мың); бала туу коэффициенті 2012−2014 жылдары 1 мың халыққа шаққанда орта есеппен 23-ті құрады.
Демографиялық ахуалды жақсартуға балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесі айтарлықтай ықпал етті. Республикада халықаралық практикада кеңінен таралған мынадай төлемдер (оның ішінде Ресей Федерациясында, Беларусь және Украина Республикаларында) төленеді:
1) отбасыларға табысына қарамастан 31,41 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) (бірінші, екінші және үшінші баланың туылуына) бастап 52,35 АЕК-ге дейінгі мөлшерде (төртінші және одан кейінгі балалардың туылуына) республикалық бюджеттен төленетін баланың туылуына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар;
2) бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жәрдемақы. Жұмыс істемейтін аналарға ол табысына қарамастан, республикалық бюджеттен сараланған мөлшерде 5,76 АЕК-ден 8,90 АЕК-ге дейін (отбасында туылған және тәрбиеленіп жатқан балалардың санын есепке алғанда) төленеді. Жұмыс істейтін аналар бала туған күнге дейін соңғы 24 айдағы сақтандырылған табысының 40 % мөлшерінде 2008 жылдан бастап «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-нан (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ жүктілікке, босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айрылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемдер;
3) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға берілетін ең төмен жалақының 1,05 мөлшеріндегі жәрдемақы;
4) табысы азық-түлік себетінің құнынан аз күнкөрісі төмен отбасыларға жергілікті бюджеттен 1,05 АЕК мөлшерінде тағайындалатын және төленетін
18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы. Экономикалық өсу қарқынының баяулауы, сондай-ақ 2014 жылғы әлемдік нарықтағы тұрақсыз ахуал 18 жасқа дейінгі балаларға арналған осы жәрдемақыны алушылардың санын қысқарту қарқынына әсер етті.
Бұдан өзге Қазақстанда көп балалы аналардың беделін көтеру мақсатында марапатталған көп балалы аналарға, төрт және одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға ай сайын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
Қабылданатын шаралардың тиімділігі туылған балалардың санын ұлғайтуға ғана емес, сонымен бірге төрт және одан да көп бала туылған отбасылардың үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік қамсыздандыру
2014 жылдан Қазақстанда базалық, міндетті және ерікті деңгейлерде нарықтық экономиканың принциптеріне сәйкес келетін әлеуметтік қамсыздандыру үшін жауапкершілікті мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасында бөлуді көздейтін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің көп деңгейлі моделі жұмыс істейді.
Әлеуметтік қамсыздандырудың негізі үнемі жаңартылып отыратын ең төменгі әлеуметтік стандарттар болып табылады. 2012 жылмен салыстырғанда:
1) ең төменгі күнкөріс деңгейі 14,5 %-ға артты (17 439 теңгеден
2014 жылы 19 966 теңгеге дейін, 2013 жылы –
18 660 теңге);
2) базалық зейнетақы төлемдерін ескергендегі ең төменгі зейнетақының мөлшері – 1,2 еседен артық өсті (26 211 теңгеден 2014 жылғы 1 сәуірден бастап 32 186 теңгеге дейін, 2013 жылы – 28 396 теңге).
Ынтымақты зейнетақы жүйесі бойынша
Мемлекет басшысының тапсырмаларына, «Нұр Отан» партиясының халықтық тұғырнамасы әлеуметтiк бағдарламасының негiзгi ережелерiне және Үкiметтiң iс-әрекет бағдарламасына сәйкес зейнетақы төлемдерi 2011 жылы
30 %-ға, ал 2012−2013 жылдары – 9 %-ға арттырылды (инфляция деңгейінен
2 % ілгерілетіп), 2014 жылы 14 %-ға дейін жеткізілді.
Базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда (10 450 теңге) 2014 жылы ең жоғары мөлшері – 67 399 теңге болды (2012 жылы – 56 047 теңге, 2013 жылы – 59 962), орташа мөлшері – 46 507 теңгені құрады (2012 жылы – 38 765 теңге, 2013 жылы – 41 727 теңге). 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша базалық зейнетақы төлемін 1,9 млн. астам адам алды.
Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін жүйелі арттыру қарт азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсартуға және ТМД елдері арасында зейнетақымен қамсыздандырудың ең жоғары деңгейлерінің бірін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Базалық және ынтымақты зейнетақы төлемдері есебінен табысты алмастырудың жиынтық коэффициенті 2015 жылғы 1 қаңтарда 42,8 %-ға жетті, бұл ХЕҰ-ның ең төмен нормаларынан жоғары (40 %-дан кем емес), 2012 жылы – 43,1 %, 2013 жылы – 41,2 %.
Алмастыру коэффициенті еларалық тұрғыдан алғанда былайша сипатталады: экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) елдері бойынша орта есеппен – 56-57 %, ЕО елдерінде – 50 %-ға жуық, ЭЫДҰ-ға кіретін қалыптасқан нарықты таңдау бойынша орта есеппен – 52 %, Ресей Федерациясында – 34,3 %.
Зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша жұмыс жүргізілуде.
Азаматтардың зейнетақы жинақтарын ұлғайту үшін қажетті жағдайлар жасау және олардың инвестициялық табыстылығын арттыру мақсатында
2013 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды.
2014 жылдың басынан:
- жұмыс істейтін әйелдер бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болған кезеңде олар үшін олардың зейнетақы жинақтарын ұлғайтуға, зейнетақымен қамсыздандырудың барабар деңгейіне жеткізуге мүмкіндік беретін міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау;
- еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстарда істейтін қызметкерлердің пайдасына жұмыс берушілердің қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары енгізілді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2014 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың
2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды.
Талдау жасалған кезеңде қызметкерлердің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне (бұдан әрі – ЖЗЖ) қатысуының кеңейгені байқалады, 2015 жылғы
1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының көлемі 4,5 трлн. теңгеден асты. Бұл ретте салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны 9,7 млн. құрады.
Жұмыс істейтін халықты ЖЗЖ-мен қамту 2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы ұлғайған және 70 %-ды құрады (2012 жылы – 67,6 %, 2013 жылы – 68,9 %).
Алдағы уақытта зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін дамыту бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың
2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы ескеріле отырып жүзеге асырылады. Жалпы Тұжырымдаманы іске асыру 2030 жылға дейін жиынтық зейнетақының орташа мөлшерінің орташа айлық жалақыға арақатынасын жоғалтылған табыстың 40 %-ынан кем болмайтын мөлшерде сақтауды қамтамасыз етуге және халықты зейнетақы жүйесімен қамтуды жұмыспен қамтылған халықтың 80 %-ына дейін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша
Әлеуметтік төлемдер 2011−2013 жылдары 7 пайызға арттырылған, олардың мөлшері 2014 жылы 12 пайызға арттырылды.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 2014 жылы республика бойынша орта есеппен 671,9 мың адамды құрады (2012 жылы – 676,3 мың, 2013 жылы – 679,1 мың адам), оның ішінде мүгедектер – 488,5 мың адам (2012 жылы – 469,7 мың, 2013 жылы – 480,4 мың адам), асыраушысынан айрылған отбасылар – 175,5 мың адам (2012 жылы – 185,2 мың, 2013 жылы – 180,0 мың адам), жасына байланысты 7,9 мың адам (2012 жылы – 21,4 мың, 2013 жылы – 18,6 мың адам). Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері 2014 жылы мүгедектігі бойынша – 20 962 теңге (2012 жылы –17 811 теңге, 2013 жылы – 19 030 теңге), асыраушысынан айрылу бойынша –18 905 теңге (2012 жылы – 16 278 теңге, 2013 жылы – 17 427 теңге), жасына байланысты – 10 383 теңге (2012 жылы – 8 720 теңге, 2013 жылы – 9 330 теңге) болды.
Әлеуметтік сақтандыру бойынша
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қолданысқа енгізілгеннен бері 2005 жылдан бастап 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша МӘСҚ-дан жүзеге асырылған әлеуметтік төлемдердің сомасы 479,6 млрд. теңгені құрады, бұл ретте 2012 жылы 85,5 млрд. теңге, 2013 жылы 88,4 млрд. теңге, 2014 жылы 106,1 млрд. теңге төленді.
Осылайша, ресми сектор қызметкерлері 6 әлеуметтік қатер – еңбек ету қабiлетiнен айырылу, асыраушысынан айрылу, жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу қатерлері басталған кездегі әлеуметтік қорғаудың қосымша түріне ие болды.
Сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қызметкерлердің қатысуы кеңейе түсуде, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны 2012 жылы – 5,7 млн. адамға, 2013 жылы – 5,8 млн. адамға, 2014 жылы – 5,9 млн. адамға жетті.
2014 жылы МӘСҚ-дан еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер 7 %-ға арттырылды. 2014 жылы МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша 9 655 теңгені (2012 жылы – 7 284 теңге, 2013 жылы – 8 783 теңге), асыраушысынан айырылу бойынша 12 719 теңгені (2012 жылы – 9 770 теңге, 2013 жылы – 11 674 теңге) құрады.
Өткен жылы 616,8 мың алушыға 106,1 млрд. теңге сомасында әлеуметтік төлемдер жүргізілді (2012 жылы – 559,8 мың алушыға 85,5 млрд. теңге сомасында, 2013 жылы – 549,5 мың алушыға 88,3 млрд. теңге сомасында).
Халықтың осал санаттарын әлеуметтік қолдау. Қазақстанда халықтың табысы аз тобын қамтитын әлеуметтік көмек жүйесі жұмыс істейді. 2014 жылы:
- атаулы әлеуметтік көмек табысы кедейлік шегінен төмен 56,1 мың азаматқа тағайындалды, ол 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,6 %-ға (2012 жылы – 42,3 %-ға) төмен, бұл ретте тағайындаулар сомасы 1,3 млрд. теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері – 1970,7 теңге;
- табысы аз отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақымен 562,6 мың бала қамтылды, бұл 2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,2 %-ға (2012 жылмен салыстырғанда 7,4 %-ға) аз, тағайындаулардың сомасы 9,5 млрд. теңгені құрады;
- тұрғын үй көмегі 110 мың отбасыға тағайындалды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 10,8 %-ға (2012 жылмен салыстырғанда 11,6 %-ға) аз. Тағайындаулардың сомасы 2,7 млрд. теңгені құрады. Орташа мөлшері –
2 036,6 теңге.
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсету идеологиясын өзгерту жұмысы жүргізілуде.
2014 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері «Өрлеу» пилоттық жобасы енгізілген Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында апробациядан өтуде, ол әлеуметтік келісімшарт жасаған адамдарға шартты ақшалай көмек көрсетуді көздейді.
Жоба отбасының еңбек етуге қабілетті мүшелері жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысқан және әлеуметтік келісімшарттарға қол қойған жағдайда әлеуметтік көмектің ұлғайтылған мөлшерін алу мүмкіндігін береді.
Өткен жылы жобаға 4 мыңға жуық отбасы қатысты. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлеріне 5 066 адам немесе еңбек етуге қабілетті «Өрлеу» жобасына қатысушылардың жалпы санының 88 %-ы тартылды.
Нәтижесінде жобаға қатысушылардың табыстары 2 еседен астам ұлғайтылды, АӘК алушылар құрылымындағы еңбек етуге қабілетті халықтың үлесі 21,1 %-ға қысқарды, АӘК мен балаларға арналған жәрдемақыны алушылардың саны 16 %-ға және тиісінше 3,7 %-ға төмендеді.
Қабылданып жатқан іс-шаралар азаматтардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етті. Елдегі кедейлік деңгейі төмендеуде – табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2013 жылғы 2,9 %-ға қарағанда, 2014 жылы 2,8 %-ды құрады, (2012 жылы – 3,8 %). Бұл ретте, ТМД елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы кедейлік деңгейі төмен, мысалы, 2013 жылдың қорытындысы бойынша Белоруссиядағы кедейлік деңгейі 5,5 %-ды, Украинада – 8,4 %-ды, Ресейде – 11,0 %-ды (2012 жылдың қорытындысы бойынша Белоруссияда –
6,3 %-ды Украинада – 7,8 %-ды, Ресейде – 11,0 %-ды) құрады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну, мүгедектерді әлеуметтік қорғау
Өмірлік қиын жағдайды еңсеру шарттарын қамтамасыз ету үшін арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну белсенді пайдаланылады.
«Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қиын өмiрлiк жағдайда жүрген адамдарға әлеуметтiк қызмет көрсету сапасын арттыру шаралары қабылдануда. Қазіргі уақытта 90 мыңнан астам адам (мүгедектер, оның ішінде психоневрологиялық патологиясы бар және (немесе) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балалар, белгілі тұратын жері жоқ егде жастағы адамдар, 2012 жылы – 86 мыңнан астам адам, 2013 жылы – 88 мыңнан астам адам) арнаулы әлеуметтік қызметтерді алады.
Жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңарту шеңберінде арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттары енгiзiлді, арнаулы әлеуметтік қызметтің кепілдік берілген көлемінің тізбесі айқындалып, оларды көрсету түрлері кеңейтілді. 2014 жылы медициналық-әлеуметтік мекемелер жанындағы жұмыс істеп тұрған күндізгі болу бөлімшелерінің саны (1,7 мыңнан аса адамды қамтитын 47 бөлімше) 2012 жылмен салыстырғанда
2 есе артқан 3 274 адамды қамтитын 35 бөлімше, 2013 жылы – 4 076 адамды қамтитын
42 бөлімше).
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын бәсекелес нарық құрылған және кеңейтілуде. 5 жыл ішінде үкіметтік емес ұйымдар арасында арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға мемлекеттік тапсырысты орналастырған облыстардың санын реформалау 4-тен 15-ке дейін өсті. 2014 жылы азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді 70-тен астам ҮЕҰ, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 12 ҮЕҰ (республикалық бюджет қаражаты есебінен 2012 жылы – 47 ҮЕҰ, 2013 жылы – 55 ҮЕҰ) ұсынды. Олардың қызметтерін бүгінгі күні 5000-нан астам адам пайдаланады (2012 жылы 2704 адам, 2013 жылы – 3451 адам).
2014 жылы арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған адамдардың үлес салмағы оларды алуға мұқтаж адамдар қатарынан 96,3 %-ға дейін ұлғайды, 2012 жылы 92,2 % (2013 жылы – 95,9 %).
Әлеуметтік қолдау шаралары жүйесінде мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың орны ерекше. 2014 жылы Қазақстанда 627 мыңнан астам мүгедек тұрып жатыр немесе халықтың жалпы санының 3,6 %-ы, оның 64,5 %-ы еңбек етуге қабілетті адамдарды, 11,6 %-ы балаларды құрайды (2012 жылы- 609,8 мың мүгедек, 2013 жылы- 627,7 мың мүгедек).
Бұл оларды қоғамға етене араластыру шараларын қабылдауды қажет етеді.
Қазақстан 2015 жылғы 20 ақпанда Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады.
Жергілікті атқарушы органдарды және азаматтық қоғамды тарта отырып, Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 − 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) іске асырылуда.
Мүгедектер ұйымдарының белсенді қатысуымен қолданыстағы заңнамаға түгендеу жүргізілді, Қазақстан Республикасының Президенті 3 Кодекс пен 21 Заңға өзгерістер енгізуді көздейтін Заңға қол қойылды.
Бюджет қаражаты есебінен мүгедектер техникалық көмекші (компенсаторлық) оңалту құралдарымен қамтамасыз етілуде, оларға уақтылы әлеуметтік жәрдемақылар төленеді. 2014 жылы мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының іске асырылған әлеуметтік бөлігінің үлесі (өткен жылдың есепті кезеңінде әзірленген ОЖБ қатарынан) 77 % деңгейінде қамтамасыз етілді (2013 жылы – 80,9%, 2012 жылы – 73,0%).
Жергілікті деңгейде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін кедергісіз ортаны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдануда. 2014 жылғы
2371 объект бейімделген, паспорттаудан өткен 24,0 мың объектіден 16,5 мың объект бейімделуге тиіс (2012 жылы – 0 объект, 2013 жылы – 500 объект).
2015 жылы 3000-нан астам объектіні бейімдеу жоспарлануда.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлінуде. 2012-2014 жылы 80 мыңнан астам мүгедек
тұрақты жұмыспен қамтылады. 2014 жылы мүмкіндіктері шектеулі 5,6 мың адам «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушысы болды.
Осы жұмысты жандандыру үшін мүгедектерді жұмысқа орналастырудың өңірлік карталары бекітіліп, іске асырылуда.
2.2) Негізгі проблемаларды талдау
Халықты әлеуметтік қорғау саласын дамытумен байланысты қызметте белгілі проблемалар сақталуда.
1. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысудың жеткіліксіз деңгейі.
2014 жылы жұмыс істейтін халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту 69,7 %-ды құрайды, ал талдау кезеңінде бұл үлестің ұлғайғаны байқалады, проблема өзектілігін сақтап отыр (2012 жылы – 67,6%, 2013 жылы – 68,9%).
Экономиканың бейресми секторы әлеуметтік қорғаудан тыс қалған экономикалық белсенді халықтың едәуір бөлігін алады.
Жұмыспен қамтылған халықтың құрылымында өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі жоғары 2014 жылдың қорытындысы бойынша – 28,2 немесе 2,4 млн. астам адам. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың негізгі бөлігі ауылдық жерде тұрады және көбінесе табысы үлкен емес жеке шаруашылықпен айналысады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың басым бөлігі әлеуметтік қорғау және қолдау жүйесімен қамтылмаған. Мәселен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар құрылымында 2014 жылы 30,1 %-ы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандарға жатқызылған (2013 жылы – 38,6%).
2. Ең төменгі күнкөріс деңгейін айқындау әдістемесі жетілдіруді талап етеді. Бүгінгі күні ең төменгі күнкөріс деңгейі халық табысының үздіксіз өсуіне байланысты аз қамтамасыз етілген халықтың нақты тұтыну шығыстарына сәйкес келмейді. Мәселен, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2015 жылғы наурызда ЕТКД шамасы 19 061 теңгені құрады, бұл ретте жалпы шығыстардың 50 %-ынан анық асатын, халықтың азық-түлік емес шығыстарының тұрақты өсуі байқалады.
3. Кедейлікті еңсерудің белсенді түрлерінің жеткіліксіз дамуы және әлеуметтік көмек көрсету критерийлерінің халықаралық стандарттарға сай келмеуі.
Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, елде, әсіресе ауылда кедейлік сақталуда.
Атаулы әлеуметтік көмекті алушылар құрылымында 31 %-ға жуығын еңбек етуге қабілетті жастағы адамдар құрайды, бұл осы санатқа бағытталатын белсенді шаралардың тиімділігінің жеткіліксіздігін білдіреді.
Дегенмен, табысы аз адамдардың құрамына кіретін балалар мен қарт адамдар жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегінің айырмасы түрінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 %-ын құрайтын атаулы әлеуметтік көмек алады, бұл табысы аз отбасыларға кез-келген көмек түрін көрсету үшін критерий ретінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері қолданылатын жалпы қабылданған стандарттарға сәйкес келмейді.
4. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін объектілер желісін дамытудың жеткіліксіздігі.
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін қазіргі ұйымдар негізінен ірі қалалар мен облыс орталықтарында орналасқан. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың ұлғайғанына қарамастан, олар да көбінде қалалық жерлерде жұмыс істейді. Бұл ретте, көбінесе медициналық-әлеуметтік ұйымдарда ата-аналарды сүйемелдеу пункттері жоқ, ол өмірлік қиын жағдайға түскен баланы немесе отбасы мүшесін отбасында сақтап қалу үшін маңызды.
Осылайша, ауылдық жерлердің тұрғындары көп жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу үшін қалалық жерлердегі қызмет көрсететін ұйымдарға жүгінуге мәжбүр.
5. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қоғам өміріне толыққанды қатысу мүмкіндіктерінің жеткіліксіз болуы.
Бүгінгі күні мүгедектер үшін жүргізіліп жатқан кедергісіз орта құру жұмысы жеткіліксіз.
2012-2014 жылдары 24 мың объект паспорттаудан өткен, оның 77 %-дан астамы бейімделуге жатады деп танылды. Алайда осы кезеңде жергілікті атқарушы органдар мүгедектердің қажеттілігіне қарай бар болғаны
2 871 әлеуметтік инфрақұрылым объектісін бейімдеген (оның ішінде 2012 жылы – 0, 2013 жылы – 500 объект, 2014 жылы – 2371 объект).
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру мәселесі де жандандыруды талап етеді.
2.3) Қатерлерді басқару
Ықтимал қатердің атауы
|
Қатер басталған жағдайда іске асырылатын қатерлерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
Сыртқы қатерлер
|
Инфляция деңгейінің ерекше кезеңдегі экономиканың ағымдағы ахуалының нашарлау жағдайларында әлеуметтік-экономикалық даму болжамымен белгіленгеннен артық көтерілуі (халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлауы)
|
1. Уәкілетті органға теріс салдарды азайтуға бағытталған зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу
|
Ішкі қатерлер
|
Сыртқы факторлардың әсерінен туындаған арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдар санының өсуі (экологияның, халық денсаулығының, ерекше кезеңдегі экономиканың ағымдағы ахуалының нашарлауы және т.б.)
|
1. Уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты кеңейтуге республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлу жөнінде ұсыныстар енгізу
2. Өңірлік деңгейде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің баламалы түрлерін кеңейту
|
3-стратегиялық бағыт. 3. Жұмыспен қамту саясатын қалыптастыру және еңбек қатынастарын реттеу, көші-қон процестерін басқару
3.1) Реттелетін қызмет саласының негiзгi даму өлшемдері
2050 стратегиясына, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту үшін жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Елімізде ерекше кезеңдегі экономика жағдайларында және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың нәтижесіз санатының санын төмендетуге жұмыспен қамтудың қолжетімділігін кеңейту, жұмыссыздық деңгейін ұстап тұруға, еңбек өнiмдiлiгiн ынталандыруға бағытталған шаралар кешені іске асырылуда.
Көші-қон процестерінің ауқымын, олардың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға әсерін ескере отырып, тағайындалған құзыретке сәйкес қызметтің өзекті бағыты көші-қон процестерін ұтымды басқару болып табылады.
Экономиканы әртараптандыру қажетті дағдылары бар еңбек ресурстарын ұлғайтуды қажет етеді. Олардың ұзақ мерзімді өсімі халық санының өсуімен қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдайларда Министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың қызметі азаматтардың еңбек құқықтарын сақтауды, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайларын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған. Еңбек заңнамасының негіздері және еңбек дауларында келіссөздер жүргізу және консенсусқа қол жеткізу дағдылары мен біліктерін дамыту мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің сауаттылықтарын арттыруға бағытталған шараларды іске асыру жалғасуда.
Соңғы үш жылда қызметтің осы бағытын дамыту мынадай жағдайды көрсетіп отыр.
Еңбек нарығы және жұмыспен қамту. Елімізде әлеуметтік -экономикалық өзгерістер кезінде динамикалық тұрғыдан дамып келе жатқан еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі және жұмыспен қамтылу деңгейі ұдайы арттырылуда. Халықтың экономикалық белсенділік деңгейі 2014 жылы 70,7 %-ды құрады, 2013 жылы 2012 жылдың деңгейінде сақталды – 71,7 %, жұмыспен қамтылған халықтың саны 2012 жылдың деңгейінде сақталды – 8,5 млн. адам (2013 жылы 8,6 млн. адам). Бұл ретте жеке меншік нысандағы кәсіпорындарда жұмыспен қамту басымдыққа ие.
2014 жылы 15 және одан жоғары жастағы экономикалық белсенді халықтың саны 8,9 млн. адамнан асты (2012 – 2013 жылдары 9,0 млн. адам). Экономикалық белсенді халықтың жалпы санында қала халқы 5,0 млн. адамды (55,5 %), әйелдер - 4,4 млн. адамды (48,8%) құрады.
Үш жылдық кезеңде жұмыспен қамтылу деңгейі 2014 жылы 94,9 %-ға жетіп (2012 жылы − 94,7 %, 2013 жылы − 94,8 %) экономикалық белсенді халықтың санына қарай 0,2 %-ға артты. Жұмыспен қамтылған халықтың құрылымында өз бетінше жұмыспен қамтылған адамдардың саны 2,4 млн. адамды құрады (2012 жылы – 2,7 млн. адам, 2013 жылы – 2,6 млн. адам).
Жұмыссыздық деңгейі 2012 жылғы 5,3 %-дан 2014 жылы 5,0 %-ға дейін азайды (2013 жылы – 5,2 %). Ресейде жұмыссыздық деңгейі - 5,5 %-ды құрады, АҚШ-та – 7,4 %, Польшада - 10,3 %, Францияда – 9,9 %, Түркияда – 8,8 %, Чехияда – 7,0 % (ҰЭМ Статистика комитетінің 2013 жылғы деректері).
Жұмыссыз халықтың саны тиісінше 5,1 %-ға азайды (2014 жылы –
451,9 мың адам, 2013 жылы – 470,7 мың адам, 2012 жылы – 474,8 мың адам).
Соңғы жылдары қалыптасқан еңбек нарығындағы тұрақты оң жағдай дер кезінде дағдарысқа қарсы шаралардың іске асырылуына байланысты да негізделген. 2011 жылы жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы даму қарқынын алды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыруға бағытталған Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы әзірленді. 2013 жылы ол Жұмыспен қамту 2020 жол картасы (бұдан әрі – Бағдарлама) ретінде қайта өзгертілді.
2011-2014 жылдары Бағдарламаны іске асыруға 284,4 млрд. теңге бөлінді. Бұл Бағдарламаға 460 мыңнан астам адамды тартуға мүмкіндік туғызды, олардың 55 %-ынан астамы жұмыссыздар, 35 %-дан астамы өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, сондай-ақ 10 %-ға жуығы аз қамтылғандар және жалдамалы қызметкерлер.
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде іске асырылған 4 256 жобада 54,6 мың жұмыс орны ашылып, 29,5 мың қатысушы жұмысқа орналастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |