Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру



жүктеу 290,71 Kb.
Дата14.12.2017
өлшемі290,71 Kb.
#4173

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Биология-химия факультеті
Генетика және биотехнология кафедрасы

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МАЛДАРЫН АЗЫҚТАНДЫРУ

Курстық жұмысты орындау үшін 050802 Зоотехния

мамандығына арналған әдістемелік нұсқау

Павлодар

УДК 636.084(07)

ББК 45.4я73

К-94



С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің Оқу кенесімен ұсынылды




Рецезенттер:

Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты,доцент-Мұстафаев Б.А.


Құрастырған: Б.Т.Кусанова, Т.К.Бексеитов
К-94 Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру. ­ Павлодар, 2007.

­ 21 б.

“Ауыл шарушылық малдарын азықтандыру” пәнінің әдістемелік нұсқауында курстық жұмыстардың жеке бөлімдерін жасау әдістемесі, негізгі деңгейлері мен ұсыныстары, әдістемелік материалдар, сондай-ақ тақырып нұсқаулары мен оны безендіру талаптары көрсетілген.
УДК 636.084 (075,8) ББК 45.74я 73

© Кусанова Б.Т., Бексеитов Т.К., 2007

© С.Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университеті,2007



Кіріспе
Жануарлардың өнімділігінің 60% оларды азықтандыруда, оның теңгерімділігінен, рациондағы қуат, ақуыз, минералдық заттар мен дәрумендердің мөлшеріне, азықтың сапасына байланысты болады.

Азық малшаруашылық өнімділігінің өз құндылығының құрылымында жоғары меншікті салмақ алады (сүт шаруашылығында 50-55% , шошқа шаруашылығында 65-70%), сондықтан олардың сапасын жақсартуға өнімнің бірлігіне қоректі заттардың шығынын төмендету үшін алғашқы деңгейлі көңіл аудару керек. Жануарлардан максималды, экономикалық жағынан ақтайтын өнімділік алу үшін оларды қоректік заттармен, дәрумен, макро-микроэлемент пен негізгі азық және азық қоспамен бірге ағзаға келетін биологиялық активті заттардың қажеттілігін қанағаттандыру керек. Одан басқа, рацион жануарлар үшін тартымды болу керек, олар азықты тәбетпен жеуі тиіс, яғни рацион азықтары белгілі бір дәмді артықшылығы, консентенциясы, температурасы, ұсақтау белгілі өлшемі және т.б. болуы қажет. Азық алынатын өнімділікке ықпал етеді, сондықтан өнімділік бірлігіне азықтың минималды мөлшерімен шығымына сапалы өнімді алуға мүмкіндік беретін рациондағы азықтың оптимальды қатынасы қажет.

Азықтық базаны табиғи-климаттық зона бойынша табиғи және мәдени өсімдік қауымын рационалды пайдаланып нығайту, дайындаудың прогрессивті әдістерін пайдалану, консервілеудің әдістеріннің қалыптасуын, азықтандыру алдындағы дайындық пен азықты сақтаудың-негізгі маңызды міндеттер болып табылады, оларды біздің елдің мал шаруашылығының дамуында шешу керек.

Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру ғылымының қазіргі даму деңгейі клеткалық деңгейде болатын ас қорыту физиалогиясына, зат алмасу болатын биохимиялық үрдістер. Азықты тиімді пайдалануға, денсаулықты сақтауға, өнімділіктің жоғары деңгейін алуға және кәдімгі өнімділік қасиетін сақтауға бағытталған.

Курстық жұмысты жасау зоотехниктерді дайындауда оқу үрдісінің маңызды, құрылымды бөлімі болып табылады.Курсық жұмыстың мақсаты- білімді тереңдету, азық технологиясы мен ауыл шаруашылық малдарын толыққанды азықтандырудың тәжірибесін оқып білу, бөлшектелген меже бойынша жануарларды азықтандыру практикалық ұйымдастыруда қалыптасатын жеке сұрақтарды зерттейді. Онда теориялық материялды, анықтамалық, оқу және басқа арнайы әдебиетті пайдалануды үйренту үшін белгілі тәжірибелік міндеттерді шешу қажет.

“Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру” пәнінің міндеті-болашақ маманға үй жануарларының қоректену биологиясын, ғылыми-нақтыланған толыққанды азықтыруды ұйымдастыру жөнінде білім беру. Курс бағдарламасы дәрістерді оқуда, зертханалық сабақтарда, өздік жұмыстары мен курстық жұмысты жасауда іске асады.



1 Курстық жұмысты жасау әдістемесі
Курстық жұмысты оқытушының жеке тапсырмасымен студенттер орындауы қажет. Жұмыс тақырыбы студентке алдын ала берілуі керек, 1 жұма барысында сабақ басынан берілген сұрақты сапалы да, терең оқып білуге мүмкігдігі болу керек; қажетті зерттеулер мен есептерді жинау; алынған нәтижелерді анализдеу, өңдеу, жүйелеу, жұмысты өндіру мен мазмұндау.

Жеке курстық жұмысты орындау үрдісінде студент өзінің оқу курсында алынған теориялық және тәжірибелік білімдерін пайдалану қабілетін көрсету керек. Зоотехниктің кәсіптік ісінде жұмыстың дағдыларын алу.

Курстық жұмыс осы білімнің тереңдеуіне, ауыл шаруашылық жануарларын азықтандырудың теориялық және тәжірибелік анализінде өзіндік қасиеттің қалыптасуына көмектеседі. Курстық жұмыстар үшін зерттеу, рефератты тақырыптар, ал мазмұны бойынша технологиялық сипатта алынуға болады.


    1. Тақырып бойынша жұмыс келесі сатылардан тұрады:

а) Мақсатты анықтау және қалыптастыру;

б) Қурстық жұмыстың жоспарын әдістеу;

в) Зерттеуді қою және жүргізу әдістемесін оқып-үйрену;

г) Зерттелген әдебиет пен зерттеу нәтижелерінің анализін жүйелеу, жалпылау;

д) курстық жұмысты безендіру.


  1. Курстық жұмыстың жеке бөлімдерін жасау әдістемесі

мен ұсыныстары
Курстық жұмыстың мәтіні келесі үлгі жоспар бойынша мазмұндалады:

1) Аннотация – курстық жұмыс тақырыбының қысқаша сипатталуы;

2) Мазмұны – тақырыптың параграфы әрбір бөлімінің аты, сондай-ақ беттер нөмірі олардың мазмұны аяғында болатыны көрсетіледі;

3) Кіріспе

Міндеттер, тақырып орны мен рөлі, сондай-ақ тақырыптың маңыздылығы мен мәні анықталады.



2.1 Әдебиетке шолу

Пайдаланылған әдебиет, алынған көздері мен автордың көрсетілуіне бағытталады.

Осы бөлімде ауыл-шаруашылық малдарын дұрыс азықтандырудың теориялық негіздері мен өзінің тақырыбы бойынша тәжірибелік ұсыныстар мазмұндалуы тиіс.

Азықтың қуаттылық және протеинді бағалаудың жаңа жүйелерін, азықтың сапасын бағалау әдістері мен оларды дайындаудың прогрессивтік технологияларын көрсеткен жөн. Өзінің курстық жұмысының тапсырмасы бойынша жануарларды азықтандырудың аспектілерін сипаттау.

Нәтижелерді қарастырылатын міндеттерінің диапазонын біртіндеп тарылу принципі бойынша қарастыру керек: жалпы мәліметтен -- зерттеу тақырыбына, әдебиет анализінен берілген сұрақта не нақты дұрыс, не бәсекелес екендігі көрініп тұру керек.
2.2 Шаруашалық сипатаммасы.

Бұл бөлімде келесі негізгі сұрақтар қарастырылуы тиіс:

- шаруашылық аты, орналасу жері, қалыптасу тарихы, облыстық орталықтан қашықтығы, ауыл-шаруашылық өнімді тапсыру пунктері;

- табиғи жағдайдың қысқаша сипаттамасы (климат, жауын-шашын, топырақ, өсімдік, рельеф, су көздері);

- пайдаланатын жер;

- салалардың сәйкесуі мен мамандануы.




    1. Өз зерттеулері

Негізгі бөлімге : зертеу мақсаты, материалдар мен әдістемесі кіреді.

Есепті ( зерттелу ) бөлімінде жеке тапсырма болу керек. Онда студент келесдей мәліметтерді білу керек:

1) келесі мәліметтер бойынша негізінде түрлі ауыл шаруашылықтың малдары мен жас аралылық топтардың азық пен теңгерімделген қоспалардың жылдық және маусымдық қажеттілігін анықтау:

а) жоспар бойынша болжалған өнімді (сүт,ет, жұмыртқа және т.б) алуға азық пен азық бірліктерінің шығыны;

б) жануарлардың өнімділігі мен тәуліктік, маусымдық және жылдық рацион құрылымы жөнінде;

в) әр түрлі өнімді малдар үшін қыс және жаз периодының ораша тәуліктік рациондары бойынша ;

2) шаруашылықта жануарлар( шыр,бұзау,мегежін, шошқа, торай,қой, құс,т.б.) үшін пайданылатын тәуліктің немесе жылдық рациондардың құндылығының анализін жасау. Жануарды азықтандырудың толыққандылығы мен теңгерімділігі жөнінде қорытынды жасау.
2.4 Зерттеу нәтижелері мен олардың анализі

Студенттің өзінің зерттеу нәтижелері бұл- есепті көрсеткіштер және түрлі жануар малдарды азықтандыру толыққандылығының анализі, рациондар иен олардың құрылымы.Азықтандыру техникасы мен теңгерімділігі.

Нәтижелер анализінде; алынған мәліметті зерттелінетін тақырыптың қазіргі жағдайымен салыстырып терең ғылыми анализі, жоспарланған белгілі период көрсеткіштерінің жалпылама түсінік және оларды жүзеге асыратын іс-шаралар жүйесі көрсетіледі.

Үлгі

Студенттің өз зерттелуі нәтижесіндегі көмектесуші кестелер мен сұрақтар.

Шаруашылық өндіріс көрсеткішінің қысқаша сипаттамасы.

ЖШС-ның аты (Фермер шаруашылығы)



  1. Әкімшілік- шаруашылық орталығының орналасу жері:

  2. Бару жолдары ( район, қала, өңдеу өндірісіне жақындығы )

  3. Пайдаланатың жердің топырақ жамылғысы.

  4. Пайдаланатын жердің жалпы ауданы _________ га ауыл-шаруашылық жерлері, оның ішінде _________пішіндік жерлер, _________егістік жерлер, ___________жайылымдық жерлер,

  5. Шаруашылықтың статусы ( асыл тұқымды, беру датасы)

Кесте 1 - 01.01.2006 жылға арналған мал басының саны мен құрылымы



Жасаралық топтар

2004 жыл

2005жыл

Мал басының саны

Табынның құрылымы, %

Мал басының саны

Табынның құрылымы, %

Ферма бойынша і.қ.м. жалпы саны, соның ішінде













Сиырлар













2 жастан жоғары тайыншалар













1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі тайыншылар













1 жасқа дейінгі бұзаулар












(осындай түрінде жануарлардың басқа түрлеріне құрайды)


Кесте 2 – Жануарлардың өнімділігі

Өнімділіктің көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

Жылдары

2004 жыл

2005 жыл

Орташа жылдық сиырдың сауыны

кг











Іріктеп көбейтуге қалдырылған тайыншалардың тірі массасының орташа тәуліктік өсу, г










І.қ.м.-ды соңына дейін өсірту мен бордақылау, г










Жүз басқа шығатын бұзау, басы










(осындай түрінде жануарлардың басқа түрлеріне құрайды)

6) -------- сауын кезіндегі 1 ц сүт үшін жұмсалатын жемнің өлшем бірлігінің -------- ц құрайды


Кесте 3 - Өндіріске жұмсалатын 1 ц өнімділік пен оның құндылығының жұмсалатын еңбегі мен жемі

Өнімділіктің түрі

2004 ж

2005 ж

Жұмсалатын жем, ц. өлшем бірлігі

Жұмсалатын еңбегі,адам/сағ

Құндылығы, теңге

Жұмсалатын жем, ц. өлшем бірлігі

Жұмсалатын еңбегі,адам/сағ

Құндылығы, теңге

Сүт



















І.қ.м.- тірі салмағының өсімі


















(осындай түрінде жануарлардың басқа түрлеріне құрайды)

7)Жем- шөп базаның жағдайы

Жазғы азықтандыру-


Қолда ұстап азықтандыру-

Қандай жем жануарларды азықтандыру үшін қолданады-

Түрлік рацион-
Кесте 4 – Рационның құрылымы


Азықтың түрлері

Рационның құрылымы (азықтың жалпы мөлшерінен,%)

2005ж

2006ж

Шырынды жем:

1

2









Қатты жем:

1

2









Аралас жем:

1

2









Басқа жем:

1

2









Барлығы

100%

100%

8) Азықтандыру түрі –

9) Азықтандыруға жемді дайындау –

10) Жануарларды азықтандыру тәртібі

11) Сиырларда зат алмасудың (басқа жануарлардың түрлерінде) және бұзаулырды қарын-ішектің аурулары байқалама (басқа жануарлардың төлдерінде)? Қандай?
Кесте 5 - 2005-2006 жылдың ауылшаруашылық дақылдарының өнімі мен құрылымы, тұқым себетін жерлері


Дақыл

Тұқым себетін жерелер

Өнімі, ц/га

2004 жыл

2005 жыл

2004 жыл

2005 жыл

Көп жылдық шөптер

(шөптің аты)















Бір жылдық шөптер (шөптің аты)













Басқа дақылдар













Дәнді және дәнді-бұршақ дақылдар












Кесте 6 - 2005-2006 қысқы қолда ұстау кезеңін азықпен қамсыздандыруы мен сұранысы




Азық түрлері

2005 жыл

2006 жыл

Өнімнен өнімге дейін жемге деген сұраныс, ц

Қамсыздандыруы, %

Өнімнен өнімге дейін жемге деген сұраныс, ц

Қамсыздандыруы, %

Пішен













Сабан













Жалпы қатты азық













Сүрлем













Түйін жемісті тамыр













Жалпы шырынды азық













Аралас азық













Басқа жем азық бірлігі












2005-2006ж. жазғы кезеңін азықпен қамсыздандыруы мен сұранысы.


2.5 Қорытынды

Осы бөлімде студенттер жүргізетін зерттеулердің нәтижелерін анализдейді және мазмұндайды.

Жануарларды азықтандыру, рационалды азықты қолдану ұйымы бойынша белгілі іс-шаралардың, азықтандырудың құндылығы мен тиімділігінің жоғарлауының құндылығы мен теңдестірілуі жайында қорытынды беріледі.

2.6 Әдебиеттер тізімі:

Мында алдымен үкіметтің шарттары, содан кейін алфавит түрінде. (авторлардың тегі бойынша) Келесі түрінде арнайы әдебиеттер беріледі: автордың тегі мен аты-жөні; жұмыстың аты; ол жарияланған көздерінің аты; шығарылған орны мен орнының аты (кітап, монография үшін және тағы басқа); нөмірі (периодтық басылымдар үшін); басылған жылы.


3 Курстық жұмысты безендіру
Суреттер мен қосымшалар (егер болса) курстық жұмыстың соңында тірелуі қажет. Олар нөмірленеді міндетті түрде аты мен нөмірі болуы қажет.

Безендірілген курстық жұмыстың мәтіні А4 форматта басылып шоғырланған түрінде, өрістің сол жағы 2,5 см, оң жағы 1 см, астынғы, үстінгі жағы 1,5 см болуы қажет. Беттің нөмірі араб санымен, беттің үстінгі оң бұрышында қойылады.

Титулды беті берілген шарты бойынша безендеріліп (А қосымшасы), орындаушысы жазылады. Титулды беттен кейін аннотация жазылған беті қойылады. Беттің азат жолы 1,25 кейін жазылады.

Мәтінге кесте құрған кезде, кестенің нөмірі мен аты жазылады. Егер курстық жұмыстың мәтінін жазған кезде суреттер қойылатын болса, онда жақшаның ішінде суреттің сілтемесі, нөмірі және аты жазылады, ал суреттің өзі курстық жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттерден кейін қойылады.

Курстық жұмыстың көлемі 25-30 бет, жұмыстың соңында қолданылған көздердің тізімі беріледі.

Өзінің нұсқасы бойынша жұмыс орындалмайтын болса, тексеруге жіберілмейді. Ескерту болған жағдайда, жұмысты соңына дейін бітіріп, жеке беттермен және қайтадан тапсырылады, мәтін бойынша түзетулер жіберілмейді.

Орындалған курстық жұмыс студенттердің оқу тобының алдында қорғалады және есеп беріледі. Оның орындалуы мен қорғалуының сапасын тексеру нәтижесі бойынша жұмыстың мәселелерін шешкеннен кейін, оқытушы студенттің курстық жұмысын бағалайды.

Емтиханға немесе сынаққа куртық жұмысты қорғаған студенттер жіберіледі.



4 Курстық жұмыстардың тақырыптары.
4.1 Симментал тұқымының ірі қара малың азықтандыру кезіндегі жоғары өнімділіктің негізі

Қоректік заттарға, межеленген азықтандыруға ірі қара малдың сұранысың дәлелдеу: меже, азықтандыру түрлері, азықтандыру техникасы, азықтандыру құндылығын бақылау тәжірибелік әдісі. Сиырды идіре сауу және алғаш бұзаулаған малдың азықтандыру межелігін және сиырды идіре сауудан кейін және сиырды суалту кезінде азықтандыру межелігін құрастыру, сүт бағыттағы ірі қара малды жазғы азықтандыру, көп жылдық мәдени және табиғи жайылымдардың өсімдігін пайдалану кезіндегі тепе-тендігінің ерекшеліктері. Жоғары өнім беретің сиырларды азықтандыру.

Жем және сүттің сапасы. Симменал тұқымды ірі қара малды азықтандыру және күту кезіндегі экономикалық тиімділігі.
4.2 Шаруашылықта ірі қара малды толық азықтандыруды ұйымдастыру

Қоректік заттарға сұраныс: өмір тендігін, лактацияны, дене салмағының қосылуын ұстап тұру үшін жасалады.Өндірістік цикылының кезеңі бойынша шаруашылықта ірі қара малды азықтандыру межелігінің ерекшеліктерін, сонымен қатар ағынды- цехтық ұйымы кезінде ірі қара малды өндірістік кешендерде күту.



4.3 Қызыл дала тұқымды ірі қара малын азықтандыру ерекшеліктері

Қоректік заттарға, межеленгени азықтандыруға ірі қара малдың сұранысын дәлелдеу: меже , азықтандыру түрлері, азықтандыру техникасы, азықтандыру құндылығын бақылау тәжірибелік әдісі. Сиырды идіре сауу және алғаш бұзаулаған малдың азықтандыру межелігін және сиырды идіре сауудан кейін және сиырды суалту кезінде азықтандыру межелігін құрастыру. Сүт бағыттағы ірі қара малдын жазғы азықтандыру. Көп жылдық, мәдени және табиғи жайылымдардың өсімдігін пайдалану кезіндегі тепе-тендігінің ерекшеліктері. Жоғары өнім беретін сиырларды азықтандыру.Жем және сүттін сапасы. Қызыл дала тұқымды ірі қара малды азықтандыру және күту кезіндегі экономикалық тиімділігі.


4.4 Буаз, суалған және қысыр сиырларды азықтандыру

Суалту кезеніңде бұзаулардың өміршендігіне, және сиырдың денсаулығына азықтандыру құндылығы мен деңгейінін әсері. Азықтандыру межесін және сұранысын дәлелдеу. Негізгі азық және рацион, оның құрылымы мен жазғы, қысқы және ауыспалы кезеңіндегі азықтандыру техникасы. Қосымша қоректік заттардың мағынасы. Азықтандыру құндылығына бақылау.


4.5 Шаруашылықта сауын сиырларды азықтандыру

Қоректік заттарға сұраныс: өмір тендігін, локтацияны дене салмағының қосылуының ұстап тұру үшін жасалады. Азықтандыру межесі. Фермерлерлі шаруашылықта сиырды азықтандыру межесінің ерекшеліктері. Азықтандыру техникасы мен желінің және рационды толық құрастыру принципі. Сиырды идіре сауу және алғаш бұзаулаған малдың азықтандыру межелігін және идіре сауудан кейін және сиырды суалту кезінде қалыпты азықтандыру құрастыру. Сүт бағыттағы ірі қара малдың жазғы азықтандыруы. Көпжылдық, мәдени және табиғи жайылымдардың өсімдігін паайдалану кезіңдегі тепе-теңдігінің ерекшеліктері. Жем және сүттің сапасы. Сүт фермасының азық тепе-теңдігі.



4.6 Қара ала тұқымды ірі қара малын азықтандыру ерекшеліктері

Қоректік заттарға, қалыпты азықтандыруға ірі қара малдың сұранысын дәлелдеу, меже , азықтандыру түрлері, а. Сиырды идіре сауу және алғаш бұзаулаған малдың азықтандыру межелігін және сиырды идіре сауудан кейін және сиырды суалту кезінде азықтандыру межелігін құрастыру. Сүт бағыттағы ірі қара малдын жазғы азықтандыру. Көп жылдық, мәдени және табиғи жайылымдардың өсімдігін пайдалану кезіндегі тепе-тендігінің ерекшеліктері. Жоғары өнім беретін сиырларды азықтандыру.Жем және сүттін сапасы. Қара ала тұқымды ірі қара малды азықтандыру және күту кезіндегі экономикалық тиімділігі.

зықтандыру техникасы, азықтандыру құндылығын бақылау тәжірибелік әдісі..

4.7 Асыл тұқымды бұқаларды азықтандыру

Бұқаның шәует өніміне толық азықтандыру деңгейі әсер етеді. Қалыпты азықтандыру. Рациондар және оның құрылымы.Азықтандыру техникасы. Мамандандырылған асыл тұқымды шаруашыолықтарда бұқаларды азықтандыру ерекшеліктері.


4.8 Қазақ ақбас тұқымды ірі қара малды қалыпты азықтандыру ұйымы

Қоректік заттарға, қалыпты азықтандыруға ірі қара малдың сұранысын дәлеледеу: меже азықтандыру түрлері , азықтандыру тхникасы, азықтандыру құндылығын бақылау тәжірибелік әдәсә . Қазақ ақбас тұқымды ірі қара малды азықтандыру және күтудің экономикалық тиімділігі



4.9 6 айға дейінгі бұзауларды азықтандыру

Бұзауларды өсірудің азықтандыру техникасы, түрі және деңгейі. Аурулардың және зат алмасудың бұзылуын ескерту және қуаттың өсімімен қамсыздандыру мақсатымен сүтті кезеңінде өсіртудің қалыпты азықтандыру ролі. Сүтті кезеңінде бұзауларды қалыпты азықтандыруы және деңгейі әсер етеді. Сүтті кезеңінде азықтандырудың техникасы, кестесі және межелігі. Сүтті азықтық қосымшалары мен ауыстырымдары. Ет бағыттағы тұқымды бұзауларды өсірту ерекшеліктері. Бұзауларды емізу және топтық -емізумен өсіртудің қалыпты азықтандыру. Төлдерді тиімді азықтандыру және құндылығын бақылау әдісі.


4.10 Ересек жастағы ірі қара малдың төлдерін азықтандыру

Ересек жастағы төлдерді өсіртудің азықтандыру техникасы, түрі және деңгейі. Аурулардың және зат алмасудың бұзылуын ескерту және қуаттың өсімімен қамсыздандыру мақсатымен сүттен кейінгі кезеңінде өсіртудің қалыпты азықтандыру ролі. Сүттен кейінгі кезеңінде бұзауларды қалыпты азықтандыруы және деңгейі әсер етеді. Сүтті кезеңінде азықтандырудың техникасы, кестесі және межелігі. Сүтті азықтың қосымшалары мен ауыстырымдары. Етті бағыттағы тұқымдардың төлдерін өсірту ерекшеліктері. Төлдеоді азықтандыру тиімділігі мен құндылығын бақылау әдәсә. Мамандандырыгған фермаларда іріктеп көбейтуге қалдырылған төлдерді азықтандырудың ерекшеліктері.


4.11 Ірі қара малдың азықтандыруды толық дайындау технологиясы

Ірі қара малға азық дайындау технологиясын үрдісті дамытудың теориялық негізі мен практикалық ұсыныстады.Ірі қара малдың қоректік заттарға мұқтаждығының негізі,азықтандыруды межелеу : меже, азықтандыру типі, азықтандыру техникасы, толық азықтандырудың тәжірибелік әдісіне бақылау.

Сиырдың сауылу, алғаш туғанда, сауғаннан кейін, су алғаннан соң азықтандыруды қалыптастыру. Сүтті сиырларды жазда азықтандыру. Табиғи жайылымдарда көп жылдық шөппен теңгерімдеу ерекшелігі. Жоғары өнімді сиырларды азықтандыру. Азық және сүт сапасы.
4.12 Ірі қара және семіртетін малдарға азық дайындау

Етке соятын жас малдарды семіртіп өсіру ерекшеліктері. Семіртетін ірі малдың ерекшелігі. Әр түрлі жастағы, жас малды азықтандыру межесіне сай қоректік заттарды қолдану. Семіртудің негізгі типтері. Малды бағу. Рацион нормасы мен құрылымы, азықтандыру техникасы. Малды семіртуге азық қалдықтарын, силос, сенаж, жасыл шөп және басқаны қолдану. Өндіріс кешендерінде қолданылатын жемнің ерекшелігі. Малды семіртуде толық және эфекті бағалау жүргізу.


4.13 Қазіргі жағдайларға сай сүт бағыттағы малды азықтандыру ерекшеліктері

Қоректік заттарға мұқтаждық, өмірін сақтауға, саууға денесінің массасы өсу үшін қажет. Азықтандыру межесі ферма шаруашылығында сиырларды дұрыс азықтандыру ерекшелігі. Толық рационды құру принципі мен азықпен азықтандыру техникасы. Сиырды сауу кезінде азықтандыруды межелеу, сонымен қатар құнажындар, сауғаннан кейінгі сиырлар мен су алған сиырлар үшін. Сүтті сиырларды жазғы уақытта азықтандыру. Табиғи жайылымдарда көп жылдық шөппен теңгерімдеу ерекшелігі. Жоғары өнімді сиырларды азықтандыру. Азық және сүт сапасы. Сүт фермасының азықтық теңгерілімі.


4.14 Ет бағыттағы малды азықтандыру ерекшелігі

Етке соятын жас малдарды семіртіп өсіру ерекшеліктері. Семіртетін ірі қара малдың ерекшелігі. Әртүрлі жастағы, жас малды азықтандыру межесіне сай қоректік заттарды қолдану. Семіртудің негізгі типтері. Малды бағу. Рацион нормасы мен құрылымы, азықтандыру техникасы. Малды семіртуге азық қалдықтарын, силос, сенаж, жасыл шөп және басқаны қолдану. Өндіріс кешендерде қолданылатын жемнің ерекшелігі. Малды семітуде толық және эфекті бағалау жүргізу.



4.15 Қысыр сиырлар мен құнажындарды азықтандыру

Қоректік заттарға мұқтаждық, өмірін сақтакға, саууға, денесінің массасы өсу үшін қажет. Азықтандыру межесі ферма шаруашылығында сиырларды дұрыс азықтандыру ерекшелігі. Толық рационды құру принципі мен азық пен азықтандыру техникасы. Сиырды сауу кезінде азықтандыруды межелеу, сонымен қатар құнажындар, сауғаннан кейінгі сиырлар мен суалған сиырлар үшін. Сүтті сиырларды жазғы уақытта азықтандыру. Табиғи жайылымдарда көп жылдық шөппен теңгерімдеу ерекшелегі. Жоғары өнімді сиырларды азықтандыру. Азық және сүт сапасы. Сүт фермасының азықтық теңгерімі.


4.16 Шаруашылықтағы қойларды дұрыс азықтандыру

Қойларды азықтандырғанда биологиялық ерекшеліктеріне қарай рациональды азық қолдану. Толық азықтандыру кезінде қойлардың жүні мен түбітіне әсер ету дәрежесі.

Қошқар, саулықтарды ұрықтандыруға дайындық кезінен емізу, суалу кезінде азықтандыру. Қойларды рационды азықтандыру межесі. Жем – шөптің құндылығы қойларды азықтандыру әдісіне бақылау. Жайлауда және қолда ұстағанда қойларды азықтандыру.
4.17 Қойларға құнды жем – шөпті дайындау технологиясы

Қойларға азық дайындауға үрдісті технологиялар мен теориялық негізі мен тәжірибелік нұсқаулар. Толық азықтандыру кезінде қойлардың жүні мен түбітіне әсер ету дәрежесі.

Қошқар, саулықтарды ұрықтандыруға дайындық кезінен емізу, суалу кезінде азықтандыру. Қойларды рационды азықтандыру межесі. Жем – шөптің құндылығы қойларды азықтандыру әдісіне бақылау. Жайлауда және қолда ұстағанда қойларды азықтандыру.
4.18 Қозылар мен ересек қозыларды азықтандыру

Емізетін кезде қозыларды азықтандыру, атақты ешкі сүтін пайдалану, енесінен бөлгеннен кейін азықтандыру. Іріктеп қалдырылған жас қозылар түбіттілерін азықтандыру. Әр түрлі жастағы топтарды азықтандыру межесі.


4.19 Шошқалардың азығының межесін құру

Шошқалардың биологиялық және шаруашылық ерекшеліктері ет бағыттағы жануарларға ұқсас (ас қорыту ерекшеліктері, ұрпақ бергіштігі, көп ұрпақ бергіштігі, тез өсімталдығы). Өндірістік кешендерде шошқаларды азықтандыру ерекшеліктері. Шошқа азығының протеин, дәрумен, минералды межесінің ерекшеліктері.


4.20 Шаруаларды жем-шөппен толық қамту технологиясы

Шошқаларға азық дайындауға үрдісті технологиялар мен теориялық негізі мен тәжірибелік нұсқаулар. Шошққалардың қоректік заттарға, азықтандыру межесіне қажет талаптар,межесі,азықтакндыру типі, азықтандыру техникасы, жем-шөпті толық құндылығын бақылау.


4.21 Емізетін және туатын мегежіндерді азықтандыру.

Мегежіндердің сүттілікке төл мен азықтандыру әсері. Межесі, рацион, тип пен емізетің мегежіндерді азықтандыру техникасы. Негізгі азықтар: камбикорм, аралас сүрлем, тамыр жемістері, шөп үны. Жайылымда азықтандыру ерекшеліктері.


4.22 Қабандарды азықтандыру

Қабандарды азықтандыру – жастарына және асыл тұқымды бағытына қарай қолдануға байланысты. Межесі, азық, рацион және қабандарды азықтандыру техникасы. Қабандардыңқоректік заттарға, азықтандыру межесіне қажет талаптар,межесі,азықтакндыру типі, азықтандыру техникасы, жем-шөпті толық құндылығын бақылау.


4.23 Іріктеп көбейтуге алынған жас торайларды азықтандыр

Торайлардың емізу кезінде ас қазанының ерекшелігі мен оларды ұйымдастуры. Ерте жаста емізгенде азықтандыру ерекшеліктері, сүт ауыстырғышты пайдалану. Емізетің және іріктелетің жас торайларды азықтандыру. Меже, азық, рационы,т құүрылымы, азықтандыру типі, азықтандыру техникасы.


4.24 Шошқаларды семірту үшін азық қолдану

Жас малдарды етке семірткенде және оларды өсіргенде қолданатың азықтың ерекшелігі. Әр түрлі жастағы шошқаларды және жас торайларды семірткенде қолданылатың азықтың қоректелігі семіртудің типі . Меже, рационының құрылымы, азықтандыру техникасы. Азық өндірісінің және тағы басқа қалдықтарды пайдалану. Өндіріс кешендерінің иқалдықтарын семіртуге пайдалану. Шошқаларды азықтандырғанда азықтың құнарлы және нәтиже беретіндігіне көз жеткізу. Етке дайындайтың шошқаларға берілетін жем-шөптін құндылығына ерекше көніл бөлу.

БВД, БВМД құрама азық қолдану ( жасыл жем, құрама азықты сүрлем, тамыр жемістілер және т.б) Азықтың майдың шошқа сапасына әсері.
4.25 Құс фабрикаларда ауыл шаруашылық құстарды азықтандыруды межелеу

Ауыл шаруашылық құстарының ас қорыту мен зат айналу ерекшеліктеріне байланысты қоректік заттарға мұқтаждығы анықталады.Құсты құрғақ азықпен азықтандырғанда энергияны, протеин, қоректік заттар және т.б азада сіңірілуі. Азық, рацион мен оның құрылысы және азықтандыру техникасы. Жұмыртқа сапасы мен жұмыртқа табу азықтың құндылығына байланысты. Азықтың толық құндылығына бақылау әдістері.


4.26 Құстарды толық құнды азықпен азықтандыру технологиясы

Құстарға азық дайындауға үрдісті технологиялар мен теориялық негізі мен тәжірибелік нұсқаулар. Құстардың қоректік заттарға мұқтаждығы. Рацион мен құрылысы, азықтандыру технологиясы. Жұмыртқа сапасы мен жұмыртқа табу азықтың құндылығына байланысты. Азықтың толық құндылығына бақылау әдістері.


4.27 Өсетін құсқа жем дайындау мен азықтандыруды межелеу

Өсетін құстың зат айналу ерекшелігі. Балапандарды азықтандыру жуйесін реттеу. Іріктеп ауыстыруға тарайтын жас құсты азықтандыру ерекшелігі. Бройлер балапандарын азықтандыру. Азықтандыру мөлшері, рацион, азық, құрама азық, азықтандыру техникасы. өндірістің әр түрлі технологиясында азықтандыру техникасы.


4.28 Жылқыларды мөлшерлі азықтандыру және азық

Жылқылардың ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктері. Бөлек өндірісті топтардағы жылқыларды витаминді, миниральді, протеинді, көмірсуды қажеттену негізі. Азықтың мөлшері, азықтарға талап. Рацион, түрі және азықтандыру техникасы.


4.29 Өндірісті джабе тұқымды жылқыны азықтандыру

Бөлек өндірісті топтардағы жылқыларды витамин, миниральді, протеинді, көмірсуды қажеттену негізі. Қымыз өндіретін жылқыларды азықтандыру. Жылқы етін өндіретіндерді азықтандыру. Азық, рацион, түрі және азықтандыру техникасы.

Әдебиеттер
1 Богданов Г.А. Кормление сельскохозяйственных животных. 2-е изд., перераб. и доп. – М. : Агропромиздат,1990. – 624 с.

2 Боярский Л.Г. Технология кормов и полноценное кормление сельскохозяйственных животных. – Р-на-Дону, 2001. – 416 с.

3 Богданов Г.А. Кормление сельскохозяйственных животных. –

М. : «Агропромиздат», 1990. – 624 с.

4 Дурст Л., Виттман М. Кормление основных видов сельскохозяйственных животных. – пер. с немецкого / Под редакцией и с предисловием Ибатуллина И.И. – Винница, НОВА КНИГА, 2003. – 384 с.

5 Калашников А.П. Нормы и рационы кормления сельскохозяйственных животных. – М.: Агропромиздат, 1985. – 352 с.

6 Менькин В.К. - Кормление животных. – 2-е изд., перераб. и доп. – М. : Колос С, 2004. – 360 с.

7 Жазылбеков Н.А., Мырзахметов А.Н., Кинеев М.А., Тореханов А.А., Ашанин А.И., Таджиев К.П. Кормление крупного рогатого скота в современных условиях: справочное пособие. – Алматы, 2005. – 331 с.

8 Топорова Л.В. и др. Практикум по кормлению сельскохозяйственных животных. – М. : Колос С, 2004. – 296 с.

9 Петрухин И.В. Корма и кормовые добавки.Справочник. – М. : Росагропромиздат, 1989. – 526 с.

10 Хохрин С.Н. Кормление сельскохозяйственных животных. – М. : КолосС, 2004. – 692 с.

11 Шумилина И.С. Состав и питательность кормов. Справочник. – М. : Агропромиздат, 1986. – 303 с.



Мазмұны

Кіріспе........................................................................................…3

1 Курстық жұмысты жасау әдістемесі.......................................…5

2 Курстық жұмыстың жеке бөлімдерін жасау әдістемесі мен

ұсыныстары.............................................................................…...5

3 Курстық жұмысты безендіру.....................................................12

4 Курстық жұмыстардың тақырыптары. ....................................13

Әдебиеттер...................................................................................20






жүктеу 290,71 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау