Ќазаќстан республикасы бiлiм жјне єылым министрлiгi



жүктеу 1,62 Mb.
бет3/4
Дата14.12.2017
өлшемі1,62 Mb.
#4431
1   2   3   4

Тапсырмаға қатысты сұрақтар:

МКАС өзінің шешімін тек Канада мен Қазақстанда әрекет ететін халықаралық шарт ережелеріне сілтеме жасаумен дәлелдеуі қандай негіздерден шығып отыр? Егер МКАС ұлттық кұқықтық ережелерін субсидиарлық жолмен қолданса, ол қандай коллизиялық нормадан шығады?
3-тапсырма. Грузия әуе компаниясымен шарт.

Грузия мен Қазақстан әуе компанияларының арасында жалға беру туралы шарт жасалады. Шарт ережелеріне сәйкес, Қазақстан тарабы Грузияға тік ұшақты жалға беруі жөнінде міндеттенеді. Жалдау сомасы әр тоқсан сайын төленуі тиіс еді. Сон­дай-ақ, шарт құрамына осы шартпен реттелмейтін сұрақтар Қазақстанның азаматтық заңының нормаларымен реттеледі делінген тармақша енгізіледі.

Қазақстан әуе компаниясы грузин әуе компаниясына жалға беру шарты бойынша қарызды өтеу талабымен, арбитраждық сот органына шағымданады. Талапкер өзінің талабын қазақстан­ның материалдық құқығына сілтеу жасаумен дәлелдейді. Ал жауапкер өз тарапынан, шарт Грузия мемлекетінің аумағында жүзеге асырылғандықтан, қолданылатын заң Грузия заңы болу керектігін талап етті.

Осы дауды шешу барысында, арбитраждық сот келесі жайттарды басшылыққа алды:

- берілген дау сыртқы экономикалық келісімнен шығады, өйткені оның тараптары әртүрлі мемлекеттерде орналасқан заңды тұлғалар болып табылады;

- Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1112-бабына сәйкес, шарт тараптары міндеттемеге қатысты қолданы­латын құқықты өздері таңдай алады;

- контракте қолданылатын құқық туралы шартты қосу, тараптар берілген норманы алу жөніндегі міндеттемені өз мойындарына алғандығын білдіреді;

Жоғарыда көрсетілген мәселелерді басшылыққа ала отырып, арбитраждық сот шартты бекіту кезінде, тараптардың таңдауы бойынша құқық ретінде, Қазақстан Республикасының аза­маттық заңнамасын қолданды.



Тапсырмаға қатысты сұрақтар:

Туындалған дауға қатысты арбитраждық сот, егер Грузия 1992 ж. 20 наурызда шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауды шешу туралы келісімге қатысқан болса, шартты орындау жерінің заңнамасын қолдана ала ма?

Бұл келісім тараптардың автономиялық еркіндік қағидасын мойындай ма? Бұл дауды шешу кезінде 1995 ж. 15 қыркүйекте қабылданған азаматтық, отбасылық және қылмыстық іс жөнінде Қазақстан мен Грузия арасындағы құқықтық көмек пен құқықтық қатынас туралы екі жақты келісімнің қандай ережелерін қолдануға болады?
4-тапсырма. Қазақстаннан болат тасымалдау.

Қазақстандық өндіріс бірлестігі мен Ресей акционерлік қоғамы арасында металлургиялық өнімдерді тасымалдау туралы шарт жасалды. Контрактіде белгіленген шартқа сәйкес, өнімді тасымалдау жөнінде тараптардың өзара қарым-қатынастарына қатысты КСРО Министрлер Кеңесімен 1988 ж. 25 шілдеде бекітілген өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді тасымалдау туралы Ереже қолданылды.

Тасымалдау шартта белгіленген мерзім ішінде, қазақстандық тараппен жүзеге асырылды, алайда қабылданған тауардың сапасын тексеру барысында, ресейлік тарап жағынан әріптеске қатысты келіспеушіліктер пайда болды. Болаттың сапасы анықталған стандарттағы талаптарға жауап бермеген.

Ресейлік акционерлік қоғамының Ресей Федерациясының арбитраждық сотына берген талап арызында қазақстандық өндірістік бірлестігінің келісім-шарттың ережелерін бұзғандығы туралы көрсетілген және белгіленген сапаға сай келмейтін темір партиясын ауыстыру жөнінде талап мазмұндалған. Өзінің талап арызын талап қоюшы, шарт жасасқан кезде тараптар қолданылатын құқық ретінде 1988 ж. 25 маусымда қабылданған КСРО Министрлер Кеңесінің Ережесіне сүйене отырып, Ресей Федерациясының азаматтық заңнамасының нормаларына сілтеме жасай отырып дәлелдеді.

Жауапкер РФ заңнамасының қолданылу мүмкіндігін мо­йындаған жоқ, өйткені сыртқы-экономикалық контрактіде қолданылатын заң анықталмаған.

Осы дауды шешу барысында арбитраждық сот келесі мәселелерді негізге алды:

- сыртқы-экономикалық шартты жасасу кезінде тараптар өздерінің міндеттемесіне қатысты қолданылатын құқықты өз бетінше анықтауға құқылы;

- сыртқы-экономикалық шартта тараптармен, азаматтық-құқықтық мәміленің шарттары ретінде өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді тасымалдау жөніндегі ереже аталынды. Келешекте осы Ереженің нормалары тараптармен көзделген шарттық реттеудің элементтері ретінде қолданылды;

- сыртқы-экономикалық шартта қолданылатын құқық ту­ралы сұрақ тараптармен толық көлемде шешілген жоқ, қолда­нылатын заң анықталмады.

Ресей және Қазақстан 1992 ж. 20 наурызда қабылданған Шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауды шешудің тәртібі туралы Келісімнің қатысушылары болып табылады.



Тапсырмаға қатысты сұрақтар:

Егер тасымалдау шартының КСРО-ның құлауынан кейін жасалғандығы және өзінің сипаттамасы бойынша сыртқы-экономи­калық шарт болғандығынан шығатын болсақ, онда өнімді тасымалдаудың ішкі шарты қолданылуға жата ма, егер талаптар оларды мәміленің шарты ретінде қосатын болса, жоқ әлде 1992 ж. 1 маусымдағы ТМД-ға мүше мемлекеттер ұйымдары арасында тау­ар тасымалдаудың жалпы шарттары туралы келісім қолданылуы қажет пе?

Бұл жағдайда, екі жақ қолдануға тиіс құқықты қолданбаған, ал шарт талаптарын қолдану, сондай-ақ Өндірістік-техникалық өнімдерді тасымалдау жөніндегі Ереженің шарттары бұл дауды шешу үшін жеткіліксіз болып табылады, арбитраждық сот 1992 ж. 20 наурызда қабылданған Шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты туындаған дауды шешу тәртібі жөніндегі Келісімнің II-бабында қарастырылған қай коллизиялық қағидадан шығып
отыр
?
5-тапсырма. «Леви Страус» джинсиі.

Жоғары сапалы киімді жекелеп сатумен айналысатын компанияны Астана қаласынан келген Қадырова ханым басқарады. Ол американдық фирмалардың, яғни «Леви Страус» пен Сан-Францискодағы «Калифорния» компаниясының каталогтарын қарап отырып, тасымалдау шығындарын қосқандағы джинсилардың көтерме бағасы 22 АҚШ доллары екенін анықтады. Бірақ, ол бұл каталогтардың 2 жыл бұрынғы екенін көрді. Сонда да ол 1996 жылдың каңтар айында Калифорнияға DАҒ Кулунда, Қазақстан талаптарына сәйкес әр түрден 6000 джинсиға стандарт тапсырыс жіберді. Джинсиларды тасымалдау Влади­восток арқылы жүзеге асырылатын болды. Офертада Қадырова ханым келісім шарттың БҰҰ Конвенциясымен реттелетінін көрсетті. «Леви Страус» осы хабарламаны факс арқылы кабылдап, өзінің жауабын жіберді және оны акцепт ретінде белгіледі. Бірақ, оның көптеген пункттеріндегі қарастырылған талаптар офертамен сәйкес келмеді. «Леви Страустың» акцепт бланкісінде джинсилардың сұранымға байланысты жіберілетінін айтты, сонымен қатар оның әр жұбының 24 АҚШ долларынан тұратынын көрсетті және де компания тауарлардағы табылған кішкентай кемшіліктер болғанның өзінде ақшасын қайтаруына сәйкес, сөзсіз кепілдіктен бас тартты. Компания шетелдік сатып алушылардың ақшалай компенсация алу талаптарын және ең соңғы акцепте Қазақстан Вена конвенциясының мүшесі болып табылмайтындықтан, келісім-шарт бірқалыпты АҚШ Сауда кодексімен реттелетінін атап көрсетті.

Қадырова ханым кеңес алуға келіп отыр, себебі американдық компания тарабы тауарды жіберуден бұрын келісім-шарт бойынша ақшасын жіберуді талап етіп отыр, бірақ та Қадырова әлі келісім-шарт жасалған деп есептемейді және соған байланысты ешқандай міндеттеме жоқ деп ойлайды. Американдық тарап келісім-шарттың күші бар және ол ЕТК (АҚШ) бойынша реттеледі дейді.

Тасырмаға қатысты сұрақ:

Сіздің ойыңыз ?
6-тапсырма. «Reebok» фирмасымен келісім.

Құлымжанова ханым сізге Қытайдан спорттық аяқ киімнің сатушысына байланысты мәселе бойынша кеңес сұрап келіп отыр. Келісім-шарт бойынша Қазақстанға «Reebok» фирмасының қысқы аяқ киімдері жеткізілуі керек, нақты мерзім келісім-шартта айдың 10 күні көрсетілген. Жүк пойызының келуі, Қытайдан тауарды жіберген сәттен бастап 5 күн өтеді. Дегенмен, тауар бірнеше күнге ерте келеді. Бұған қарамастан, Құлымжанова ханым теміржол жүк құжатымен тауарды ала алмады, себебі ол дұрыс рәсімделмеген және жүк жіберушідегі жүк құжатпен сәйкес келмейді. Құлымжанова ханым Қытайдағы Чан мырзамен хабарласты және ол кешірім сұрап, дұрыс көшірмені жіберетініне уәде берді. Бірақ, бірнеше уақыт өткеніне байланысты, Қазақстанда қыс маусымы біте бастады және Құлымжанова тауарды сата алатынына күмән келтіреді.



Тапсырмаға қатысты сұрақтар:

Сіз заңгер ретінде сотқа шығындарды өтеттіру талабымен шағымдануға осы жағдайда қандай кеңес бере алатын едіңіз ?
7-тапсырма. «Аrubіса Beans» кофесі.

Алматыдан Шахназаров мырза тауар жәрмеңкелерін көру мақсатымен Мексикаға баруды жоспарлады. Онда оған буып-түйілген 2 АҚШ доллар тұратын ұсақталған «Аrubіса Beans» кофесін ұсынған Родригос атты мексикандық кәсіпкермен кездесті. Родригос оған буып-түюдің үлгісін көрсетіп, дәмін көруді ұсынды. Екі жақта Мексиканың «Верукруз» ауданында өсетін «Аrubісаның» жоғарғы сұрыпты кофе дайындалған дәл осындай сападағы кофе жіберетіндігі туралы келісім-шарт Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясымен реттелетіндігін көрсете отырып, жазбаша шарт жасасты. Жіберу мерзімі шартқа қол қойғаннан бастап 3 ай деп белгіленді. Ақшасын төлеу аккредитив бойынша тауар Мексикадан жөнелтілген сәтте жүзеге асырылуы керек. Үш айдан кейін кофе Қазақстанға келді. Бірақ кофенің бірнеше буып-түйілгенін ашқанда кофенің сапасы және дәмі нашар екендігі анықталды. Сараптаманың қорытындысы бойынша «Аrubіса» кофеге ұқсас түйіршіктері екені анықталды.



Тапсырмаға қатысты сұрақтар:

Шахназаров мырза сіздерден заңгер ретінде сотқа беруге құқылы ма және Конвенцияның қай ережелеріне сүйене алатынын сұрап отыр ?
8-тапсырма. Боксит сатып алу.

Рудаков мырза Солтүстік Қазақстанда орналасқан Павло­дар алюминий зауытын басқарады. Жақында ол Шиеліге бару­ды жоспарлады және онда Рудаков мырза боксит иеленетін компанияның басшысы Вергилио де Вилалонга мырзадан 500 тонна боксит сатып алуды шешті. Екі тарап та бокситтің сапасы өте төмен болғандықтан төмен бағаға келісті. Вилалонға мырза Рудаковқа бокситке химиялық анализ жасауды ұсынды, бірақ Рудаков мырза артық болар деп санайды. Келісім-шарт ФОБ Валпараисо талаптарына сәйкес жасалды. Келісім-шартта бокситтің сапасы төмен болғандылығы көрсетілді. Рудаков мыр­за Вилалонганың пайдасына вексельге қол қойды және ол Рудаковтын банкісімен екі айдан кейін төленуі керек болды. Боксит Тынық мұхиты арқылы Шиеліден Владивостокқа жіберілді. Ал ол жақтан Қазақстанға әкелінген боксит өте төмен сапалы болып шықты. Сонымен қатар, Павлодар зауытында өндірісте қолдануға келмейді және Рудаков вексель бойынша төлегісі келмейді.



Тапсырмаға қатысты сұрақтар:

Рудаков мырза заңгер ретінде екі айлық мерзімі келгенге дейін барлық ақшаны түcipiп алғаны дұрыс па? Конвенцияның қай ережелеріне сәйкес сіз өз жауабыңызды негіздейсіз?
9-тапсырма. «Кейтопиллар» американ фирмасы.

Максимов мырза құрылыс материалдарын сатып алушыларға «Кейтопиллар» американ фирмасынан әрқайсысы 150 000 АҚШ доллары тұратын жаңа құрылыс крандарын сатып алғанша, көбірек, бірақ арзан 70 000 АҚШ доллары тұратын бағадан қолданылған крандарды сатып алмақшы болды. Американ сатушысы телефоннан (тауар қандай күйде болса да, барлық кемшіліктерімен сатылатынын), ешқандай кепілдік берілмейтінін түсіндірді. Бұл талаптар БҰҰ-ның Вена конвенциясымен реттелетіні шартта жазбаша көрсетілді. Құрылыс крандарын Қазақстанға алып келгеннен кейін, әрине Максимов мырза көп шығынға батты, 6 кранмен жұмыс істеу мүмкін еместігі және әр кранды жөндеу 35 000 АҚШ доллары болатыны анықталды.



Тапсырмаға қатысты сұрақтар:

Максимов мырза сотқа бере ала ма және Конвенцияга сәйкес жөндеу шығындарын өтеттіре ала ма ?
10-тапсырма. Үнтаспаларды сату.

Бейнетаспаларды және үнтаспаларды сатумен айналысатын Фидахметов мырза күмән тудыратын Уонг атты қытай саудагерінен «Deep Forest», «Enigma» топтарының жаңа жазбаларымен әр таспаны 0.50 АҚШ долларына, барлығы 10000 таспа сатып алды. Одан кейін ол Клейн атты Австрия сатып алушысымен әр таспаны 4 АҚШ доллары бағасымен сатуға келісім-шарт жасасты. Клейн мырза Австриядағы бейнетаспалар мен үнтаспалар сатылатын дүкендер кешенінің басшысы болып табылады. Бұл келісімшарт БҰҰ-ның Вена конвенциясымен реттеледі. Келісім-шарт жасалған сон және таспалар Австрияға жөнелтігеннен кейін Клейн мырза жазбалар авторлық құқық туралы Еуропа заңдылықтарын бұза отырып жасалған және соған бай­ланысты Австрияда сатуға болмайтынын хабарлап, төлеуден бас тартты.

Фидахметов мырза бізге кеңес сұрап келіп отыр және оның айтуы бойынша ол да, сатып алушы да таспалардың қара нарықта сатып алынғанын білмегенін айтты.

Тапсырмаға қатысты сұрақтар:

Фидахметов мырза Клейн мырзаны сотқа бере ала ма?
8, 9 тақырыптар. Халықаралық несие және тапсырма айырысу қатынастары. Халықаралық жеке құқықтағы шарттан тыс міндеттемелер

ТЕСТ

1. Сатып алу-сату шартындағы сатушы мен сатып алушының арасындағы келісім:


  1. Инкассо;

  2. Аккредитив;

  3. Инкотермс;

  4. Шарт.


2. Қаржылық құжаттарға не жатады?

  1. Шот-фактура, коносамент;

  2. Вексель, чек;

  3. Барлық қаржылық кұжаттар;

  4. Банктік кепілдік.


3. Аккредитив ашатын банк:

  1. Банк эмитент;

  2. Авизалық банк;

  3. Эмиссиялық банк;

  4. Реэмиссиялық банк.


4. Жасырын тұлғаға ұсынылатын вексель түрі:

  1. Достық вексель;

  2. Қаржылық вексель;

  3. Қола вексель;

  4. Банктік вексель.


5. Бірнеше партиямен тауар жіберетін аккредитивтің түрі:

  1. Шақырымсыз аккредитив;

  2. Револьверлік аккредитив;

  3. Трансферабельдік аккредитив;

  4. Қызыл түсті аккредитив.


Тақырыпқа қатысты тапсырмалар

1-тапсырма. «Фреш Тасчез Лтд» компаниясы.

1. Шығыс британдық компания «Фреш Тасчез Лтд» жақында АҚШ-тың сатып алушысына 10000 долларға тауарын сатты делік. «Фреш Тасчез Лтд» компаниясы 2-3 күн бұрын сатып алу­шыға тауарды және тиесілі құжаттарды (коносамент және 10000 долларға американдық сатып алушының атына аударымды (вексельді) жіберді.



Тапсырмаға қатысты сұрақтар:

«Фреш Тасчез Лтд» компаниясы 4 менеджері сізден банктің басшысы ретінде осы вексель нысанында кепілге қаржыны ала ма деп сұрап тұр. Сіз не деп жауап беруіңіз керек?
2-тапсырма. Акцепт алдында тауарды тексеру.

«Мист Консепшнз Лтд» сіздің клиентіңіздің клиенті деп алайық. Жақын арада осы компания шетелдік тауарды сатып алуға бел буып, Гонконг тасымалдаушысымен шартқа отырады. Төлем шарт - сіздің банкіңіз арқылы 30 күннен кейін инкассалау унификацияланған инкассо ережесі бойынша жүргізілуі керек.

«Мист Консепшнз Лтд» компаниясының менеджері Рон Го­ген сізбен сатып алу-сату шарты жөнінде ақылдасуда. Оның ойынша Гонконг тасымалдаушысының тауары сапасыз болып шығуы мүмкін. Тауар Ұлыбританияға жеткізілгеннен кейін оны тексеруге, ал егер де тауардың сапасы төмен болған жағдайда, шығынды өтемей тауардан бас тартуға бола ма деп сұрайды?

Сіз қандай кеңес бересіз?
3-тапсырма. Инкассо.

«Бритиш Мауерстрепс» компаниясының менеджері банкке француз «Сэ Сибо & Си» компаниясына тауарға тапсырыс берілгендігі жөнінде айтады және бұл шартты растайтын шот-фактураны ұсынады. Сондай-ақ, бұл құжаттың тез арада жеткізілуі керектігін айтады.



Тапсырмаға қатысты сұрақтар:

Банк не істеуі қажет?
10 тақырып. Халықаралық жеке құқықтағы интеллектуалдық (зияткерлік) меншік құқығы
ТЕСТ

1. Дүниежүзілік интеллектуалдык меншік ұйымы:

  1. БИМҰ;

  2. МАГАТЭ;

  3. ЮНСИТРАЛ;

  4. ВОЗ.


2. Халықаралық жеке құқықтың интеллектуалдық меншік аясындағы ерекше бөлімінің институты:

  1. Патент құқығы;

  2. Аралас құқық;

  3. Заттық құқық;

  4. Меншік құқығы.


3. Интеллектуалдық меншіктің жүйесіне кіретін институттар:

  1. Авторлык құқық, патент құқығы;

  2. Патент құқығы, аралас құқығы;

  3. Авторлық құқық, заттық құқық;

  4. Патент, авторлық, сабақтастық.


Тақырыпқа қатысты тапсырмалар

1-тапсырма. Милан сотының шешімі.

1990 ж. қазан айында «Зибюль Ада және Эмиль Нольде» неміс заңды тұлғасы) қоры Миландағы «Лем» кәсіпорны мен «Мацотта» баспаханасына қарсы сотқа талап арыз береді. Талап қоюшы, жауапкерлер авторлық құқық иегерлерінен рұқсат сұрамай, ешқандай сыйақысыз Нольденің шығармаларын қолдану мен таратуды, оның суреттерінің репродукциясын жасау мен каталогтарын сату жолымен жүзеге асырғандығын айтты. Баспахана каталогтар мен репродукцияларды баспадан шығару көрмелер өткізу үшін тек мәдени мақсатта шығарылғанына сілтеме жасады.



Сот талап арызды талапкер өзінің суретшінің шығармаларына мүліктік құқықтарын дәлелдей алмағандықтан, талап арызды қанағаттандырудан бас тартты. 1997 ж. 4 ақпанда Милан апелляциялық сотының шешімі бойынша талап арыздың негізгі бөлігі қанағаттандырылды. Сот суретшінің құқықтары қорға өтуін неміс құқығын қолдана отырып, талапкердің ұсынған құжаттары негізінде, қор суретшінің барлық шығармаларына авторлық құқықты мұра бойынша алғандығын таныды. Сонымен қатар, сот «Мацотта» және «Лем» каталогтар мен ашық хаттарды (открытка) шығарып және оларды сатып, Э.Нольденің шығармаларын қорғау туралы Берн конвенциясын 5-бабының 1,2-тарауы негізінде Италияның авторлық құқық туралы заңымен және Италияда корғалады деген қорытынды келеді. Авторлық құқықтың бұзылуы салдарынан келтірілген залалды анықтауда, сот Италияның Азаматтық кодексінің 22-бабында көзделген жылжитын және жылжымайтын мүлікке меншікті және өзге де құқықты сол мүлік орналасқан елдің заңы арқылы анықтайды деген кіріспе ережелерге сілтеме жасайды.

Тапсырмаға қатысты сұрақтар:

Берн конвенциясының 5-бабының 4-тарауындағы «шығарманың пайда болу елі» деген сөзден осы жағдайда нені түсіну қажет? Италияндық сот неге Берн конвенциясының негізінде суретшінің мүліктік авторлық құқықтарын қорғауға байланысты Италия құқығын қолданды?

Сот не үшін Италияның 1995 ж. 31 мамырда қабылданған итальяндық халықаралық жеке құқықты реформалау жөніндегі заңның 54-бабына сәйкес, материалдық емес құндылық (авторлық құқыққа кіретін) осы құқықта қолданылатын мемлекеттік құқықпен реттеледі деген нормаға емес, Италияның Азаматтық кодексінің 22-тарауындағы кіріспе ережелерге сілтеме жасаған?

Келтірілген жағдайда автор қайтыс болғаннан кейін оның шығармаларын қайта өңдеу мен сату құқығы мұрагерлерге тиесілі және бұл мерзімнің әрекет етуі Италияда каталогтар мен репродукцияларды баспадан шығару сәтінде 50 жылды құрады, ал 1992 ж. №52 заңға сәйкес, 70 жылға дейін ұзартылды. Іске қатысты бұның қандай маңызы бар?
2-тапсырма. Жапондық детектив романдар.

А.Марининаның «Стилист» атты әйгілі романның кейіпкері аудармашы Владимир Соловьев «Шығыстық бестселлер» сериясын шығарған баспаның ұсынысы бойынша жапон тілінен мүлдем танымал емес жапон авторының бірқатар детективтерін аударады. Жапондар бұл автордың шығармаларын сапасының төмендігінен баспадан шығармаған болатын.

Жапондық баспадан шығарушылар бұл шығарманың алғашқы жолдарына қарап, оның әдебиет еместігі жөнінде, сондай-ақ оны мектеп оқушыларына арналған шығармаға теңестіріп, және шығарма үшін де бұл жерде грамматикалық қателердің көптігі жөнінде айтқан. Алайда, бұл шығармалардың сюжеттері өте қызықты болғандықтан, жапондық автордан оның шытырман сюжеттермен жазылған, бірақ мазмұны жағынан қателері көп шығармаларын сатып алушы қазақстандық баспа табылды, ал Ердос Аманжолов бұл шығармалардың бірқатар сериясын шығарды, өз кезегінде олар қазақстандық оқырмандар арасында үлкен сұранысқа ие болып, баспаға айтарлықтай кіріс әкелді. Оған қоса, оларды орыс тілінен ағылшын тіліне аударған, Англиядан бір баспа табылды.

Қазақстанда жапондық автордың қайта өңделген шығармалары лақап атпен шығарылды, ал Англияда және кейіннен бас­қа да елдерде жапондық жазушының шын атымен шығарылды. Оның үстіне, оның шығармаларының әрқайсысы экрандалған болатын. Нәтижесінде, жазушы әлемге автор болып танылды.

А.Маринина қызықты және талантты түрде суреттеген оқиға осы. Ол өзінің романда Авторлык құқық жөніндегі Дүниежүзілік конвенцияға және осы саладағы заңнамаға сілтеме жасайды.

Тапсырмаға қатысты сұрақтар:

Жапонияның қолжазбасында болған және алғашында орыс тілінде басып шығарылған шығарманы алғаш рет баспадан шығару құқығы кімде бірінш ірет пайда болды? Қазақстанда жапондық автордың шығармаларын лақап атпен шығаруға жол беріле ме? Егер Қазақстан, Англия және Жапония Авторлық құқық жөніндегі Дүниежүзілік конвенциясының қатысушылары болса, онда бұл шығapма Англияда қорғалуға жата ма?
3-тапсырма. Лондондағы маршал Жуковты еске алу басылымы

70-жылдардың басында «Новости» атты баспа Агенттігі ағылшын тілінде маршал Г.К.Жуковты еске алу туралы басылымды жарыққа шығарды. Оған Алматы, Лондон қалаларының ғана емес, бүкіл әлемнің оқырмандары қызығушылық білдірді.



Тапсырмаға қатысты сұрақтар:

Г.К.Жуковтың кітабы Берн конвенциясымен әрекет етілуге жатама? Егер жатса, қандай ережелердің негізінде? ҚазССР Берн конвенциясының қатысушысы болды ма? Қай кезден бастап, біздің еліміз Конвенция қатысушыларынан құрылған Берн одағының мүшесіне айналды?
4-тапсырма. А.Солженицынның «Он төртінші тамызы»

А.Солженицынның «Он төртінші тамыз» атты танымал шығармасы алғашында «самиздат» деп аталатын каналдар арқылы таратылған болатын (машинамен шектеулі санда бірнеше қайтара көшіріліп, қайта басылып, қолдан қолға берілді). Ең алдымен алғаш рет ол Францияда басылып шығарылған еді.

«ИМКА-Пресс» баспасы романды орыс және француз тілдерінде шығарды, кейіннен басқа елдерде шығарыла бастады. 1972ж. ФРГ-ның Жоғары сотындағы даудың басты мәселесі Батыс елдерінің баспаханалары арасында туындаған бірнеше дау болды. Екі сот та алғаш басып шығарған ел ретінде, әдеби және көркем шығармаларды қорғау туралы Берн конвенциясының қатысушысы болып табылатын Францияны таныды.

Тапсырмаға қатысты сұрақтар:

Берн конвенциясына сәйкес, «жарыққа шығарылған шығармалардан» нені түсінуге болады (Берн конвенциясының 3-бабының 3-тармағына назар аударыңыз)? Бұл мәселе Авторлық құқық жөніндегі Дүниежүзілік конвенциясымен қамтамасыздандырылған қорғау осы одаққа мүше елдің азаматы болып табылмайтын авторлардың шығармаларына тарай ма? Мұндай қорғаумен қамтамасыз ету үшін Берн конвенциясымен қандай талаптар белгіленген ?

5-тапсырма. А.Пастернактың «Доктор Живаго» романы.

1996 ж. Карлсруэ (Германия) соты ағылшын жазушысы А.Молиннің «Дочь Лары» атты романын таратуға тыйым салу жөнінде шешім шығарды. Бұл кітапта автор Б.Пастернактын «Доктор Живаго» деген әйгілі романының кейбір сюжеттерін, кейіпкерлердің сипаты мен жартылай мәтінін қолданған. Сол кезде бәріміз білетіндей, идеологиялық бағыттарына сай, бұл шығарманы Кеңес Одағында жарыққа шығару мүмкін болмағандықтан, ол алғаш рет - Берн одағының мүшелігіне кірген Италияда жарыққа шықты.

Б.Пастернактың романы автордың өзімен бастапқы түрінде емес, итальян тіліндегі аудармамен Миланның Фертринелли баспасына беріліп, 1957 ж. бірінші рет жарық көрген болатын. Кейіннен, кітап басқа тілдерде және Берн одағының мүше елдерінде басылымнан шығарыла бастады. Бұл шығарманы баспадан шығарған Фертринелли баспасының құқығы бірнеше мемлекетте сот ісін жүргізу барысында танылды (сондай-ақ Германияда да).

ГФР-дың авторлық және сабақтас құқықтар жөніндегі 1965 ж. Заңына сәйкес, шетелдік азаматтарды қорғау тек әрекет ететін заңның аумағында басылымға шыққан және тек аударылған жағдайда ғана қамтамасыз етіледі.



Тапсырмаға қатысты сұрақтар:

Берн конвенциясының қандай ережелерінің негізінде «Доктор Живаго» романына қорғау қамтамасыз етілген? Қазақстанның Берн конвенциясына қосылғанға дейінгі басылымнан шыққан шығармалары Берн конвенциясының ережелері негізінде қорғауға жата ма?
11, 12 тақырыптар Халықаралық жеке құқықтағы мұрагерлік және неке-отбасылық құқық
ТЕСТ

1. Қандай мүлік орналасқан елдің заңына сәйкес шешіледі?

  1. Жылжитын;

  2. Жылжымайтын;

  3. Отандық;

  4. Қазақстандық.


2. Қай елде полигамиялық некеге жол беріледі?

  1. Индия;

  2. Сауд Арабиясы;

  3. Қазақстан;

  4. Өзбекстан.


3. Мұра қалдырушы азамат қайтыс болған жағдайда өзінің мүлкіне билік ету жөніндегі еркін білдіруі:

  1. Өсиет;

  2. Кепілдік;

  3. Сый;

  4. Еркіндік хат.

Тақырыпқа қатысты тапсырмалар

1-тапсырма. Франция азаматының некесі.

Францияның азаматы М. қазақ елінің азаматшасы А-мен некеге тұрады. Неке Алматының Азаматтық хал актілерін жазатын бөлімінде (АХАЖ) тіркеледі. Ерлі-зайыптылардың бірге өмір сүруі кезіндегі жинаған және некеге тұрар алдында өздерінде болған мүліктері болды. Ерлі-зайыптылар Алматыда бірнеше жыл өмір сүреді. Кейіннен күйеуі Францияға оралады. Қазақстан азаматшасы А. Алматы сотына күйеуіне қарсы талап арыз береді. Өзінің талап арызында ол некені бұзу және мүлікті бөлу жөніндегі мәселені шешуін сұрайды



Тапсырмаға қатысты сұрақ:

Егер ерлі-зайыптылар бір-бірінен бөлек тұрған болса, coт істі өзі өндірісіне ала алар ма еді?
2-тапсырма. Балаға қатысты алиментті ондіріп алу.

Эстония елінің азаматшасы Степанова, 1997 ж. мамыр айында, қазақстандық азамат М-мен некеге тұрмай, одан қыз боса­нады. Степанова өз қызы Татьянамен Нарва қаласында тұрып жатады (Эстония), ал әкесі болса Жетісай қаласында (Оңтүстік Қазақстан облысы). Әкесі қызды асырау үшін көмек көрсетуден бас тарту негізінде, Степанова одан қарсы алименттерді өндіріп алу үшін сотқа жүгінгісі келеді.


Тапсырмаға қатысты сұрақтар:

Степанова алиментті өндіріп aлy талабымен қай елдің сотына жүгінуі тиіс? Coт істі қарау барысында, қай елдің заңын қолдануы қажет? Егер талап қоюшы мен жауапкер Қостанайда тұрып жатқан болса, жоғарыда аталған сұрақтарға қалай жауап беруге болады? Жауап беру кезінде, 1993 ж., 1995 ж. 19 наурызда күшіне енген Қазақстан Республикасы мен Эстония Республикасы арасында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер жөнінідегі құқықтық көмек көрсету туралы келісімнің 29-32 баптарына сілтеме жасау қажет пе?
3-тапсырма. Қазақстан азаматы болып табылатын баланы асырап алу.

П. Қазақстанның азаматшасы Семей каласында тұрып жат­қан М-мен некелеседі. Некеге тіркелгеннен кейін, М. Омск қаласына көшіп кетеді, алайда Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалады. 1998 ж. М-ның кәмелетке толмаған жиені өз ата-анасынан жол-көлік апатының салдарынан айрылып қалады. Ерлі-зайыптылар бұл баланы асырап алу жөнінде шешімге келеді. Бала (жиен) Семейде тұрады және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.



Тапсырмаға қатысты сұрақтар:

Қарастырылып отырған жағдайда, кәмелекте толмаған балаларды асырап алу жөніндегі мәселе қай мемлекеттің мекемесінің құзыретіне кіреді? Қай мемлекеттің заңнамасы қолдануға жата­ды? Ресей мен Қазақстан Республикасы арасында әрекет ететін қандай халықаралық келісімдер қолданылуы тиіс?
4-тапсырма. АҚШ азаматтарының Айзанатты асырап алуы.

Қазақстан елінің азаматшасы Д. жоғары білімі бар, мамандығы бойынша мұғалім, жалғыз екі баланы тәрбиелейді. Үшінші қызы Айзанат некесіз дүниеге келді. Кішкентай Айзанатты дағыстандық туысқандары асырап алғанын тану туралы сұрақ шешілгенше, шешесі оны Тараз қаласындағы балалар үйіне уақытша өткізеді, бұл туралы ол өзінін сотқа берген арызында көрсетіп кетеді.

Тараздың қалалық соты 1998 ж. 5 маусымда Айзанаттың АҚШ елінің ерлі-зайыптыларымен, шешесінің келісімінсіз асырап алынуы жөнінде шешім шығарады. Ата-ана құқығынан айырылмаған, әрекет қабілеттілігі бар шешесінің түрғылықты жері бәріне белгілі болды, бірақ анасы өз баласының асырап алынуы жөнінде, тек сот оған қатысты шығарылған шешімді хат арқылы жіберген кезде ғана біледі.

Тапсырмаға қатысты сұрақтар:

Шетел азаматтарының баланы асырап алуы жөнінде Қазақстан заңнамасында қандай тәртіп белгіленген? Баланы асырап алу туралы шешім шығаруда сот Қазақстан Республикасының қандай заңнамасының бұзылуына жол берді?
5-тапсырма. Түрік қызыныц тағдыры.

Гамбургте тұрып жаткан Я. деген түрік қыздың өзімен бірге тұрып жатқан ата-анасы қызын түрік халқының моральдық талабына сай келетіндей жүріс-тұрыс ережесін сақтауды, басына орамал тағып, денесін жабатындай ұзын жеңді көйлек киюін және оның достарымен араласуына шек қойды. Бұл жағдайдың мән-жайы алысқа кеткені сонша, ата-анасы оған мектепке баруынa да тыйым салады. Қатал әкесі кызды Түркияға жіберемін деп қорқытқанда, Я. ГГУ-дің 1166-тарауында қарастырылған шараларды қолдану туралы талап арызбен қорғаншылық сотынa жүгінеді. Бұл тарауға сәйкес, мұндай шаралар ата-ананың балаға қатысты құқығын асыра пайдаланған жағдайда қолданы­лады.

ГФР мен Түркия 1961 ж. кәмелетке толмағандарды қорғауға қатысты құзырет пен қолданылатын құқық туралы Гаага конвенциясының қатысушылары. Конвенцияның 1 және 2-бабына сәйкес, қамқоршылық соты, егер кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жері ГФР болса, оның құзыреті бар және ол герман құқығын қолдану қажет.

Тапсырмаға қатысты сұрақтар:

Қай елдің құқығы бойынша 17 жасар Я-ның кәмелетке толған, толмағанын анықтау қажет. Осыған байланысты құқықты қолдану жөніндегі мәселені шешу үшін, тұлғаның кәмелетке толмағандығын белгілеу керек. Гаага конвенциясының 12-бабына сәйкес, кәмелетке толмаған деп азаматтығы сол мемлекеттің заңына сай келетін және тұрғылықты тұратын жердің заңына сай келетін тұлғаны айтамыз. Түрік елінің Азаматтық кодексінің 11-бабына сәйкес, өмірінің 18 жылының аяқталуында, азамат кәмелетке толған деп есептелінеді, ал ГГУ-дің 2-тарауына сәйкес, 18 жасқа толған кезде кәмелетке толған деп есептелінеді.
6-тапсырма. Баланы қайтару.

Франция елінің азаматы М. Алматыға еңбек шартын (конт­ракт) жасасу арқылы жұмыс істеуге келеді. Ол Қазақстан азаматшасына үйленеді. Содан ерлі-зайыптылар балалы болады да, кейіннен Францияға аттанады. Францияда ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы нашарлап кеткендіктен, жұбайы (ҚР азама­тшасы) Францияның сотына некені бұзу жөнінде талап арызбен жүгінеді. Ол соттан некені бұзғаннан кейін, баланы шешесімен қалдыруы жөнінде шешім шығаруды талап етеді.

Сот талап арызды толығымен қанағаттандырады, алайда баланың әкесі 1987 ж. Азаматтық іс бойынша сот шешімін орындамағандықтан, Франция заңнамасына сәйкес, қылмыстық іс қозғалады. Осыған байланысты, әке баласымен бірге Грузияға қоныс аударады.

Баланы Франциядан алып кеткеніне 1 жылдан аса уақыт өтеді. 1980 ж. 25 қазанынан қатысушылары Франция, ГФР, Кана­да, Швейцария, США, Испания, Польша, Греция, Израиль, т.б., ал ТМД елдерінен Грузия мен Түркіменстан болып табылатын азаматтық-құқықтық аспектідегі балаларды ұрлау жөніндегі ха­лықаралық Гаага конвенциясы әрекет етеді.



Тапсырмаға қатысты сұрақтар:

1980 ж. Конвенцияға сәйкес, шешесі өз баласының қайтарылуын талап ете ала ма? Бұндай талапты қандай тәртіпте және қайда беруге болады? Тиісті орган 1980 ж. Конвенцияға сәйкес, баланың жаңа жерде тұрып үйреніп кетуіне байланысты, оны қайтарудан бас тарту жөнінде шешім шығара ала ма? Француз со­тының некені бұзу ісі бойынша баланы шешесімен қалдыру жөнінде қарастырылған шешімі Қазақстанда (Грузияда) орындалуға жата ма?

13,14 тақырыптар. Жұмыстарды орындауға шарттар сыртқы экономикалық мәміле ретінде. Сыртқы экономикалық шарттар бойынша дауларды қарауын құқықтық қамтамасыз етілуі
ТЕСТ
1. Еңбек қатынастары туралы Германия заңының 27 бабында не айтылған?

А) тараптарға мәміленің толығымен немесе оның бір бөлігіне қатысты заңды таңдау еркіндігіне рұқсат берілген;

B) құқық әлеуметтік нормалардың ерекше түрі ретінде;

C) мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы және сот органдары;

D) мемлекет және құқықтың пайда болуының, дамуының, мақсаттарының және қызмет етуінің жалпы заңдылықтары;

E) мемлекет және құқық теориясының тақырыбының дұрыс анықтамасы келтірілмеген.


2. Тараптарға мәміленің толығымен немесе оның бір бөлігіне қатысты заңды таңдау еркіндігіне рұқсат берілген бұл қай елдің заңынан алынған?

А) Франция;

В) Англия;

С) АҚШ;


D) Германия;

Е) Бельгия.


3. Еңбек қатынастары туралы Венгрия заңында не айтылған?

А) тараптарға мәміленің толығымен немесе оның бір бөлігіне қатысты заңды таңдау еркіндігіне рұқсат берілген;

B) құқық әлеуметтік нормалардың ерекше түрі ретінде;

C) мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы және сот органдары;



D) Егер заңнамамен өзгеше көзделмесе, жұмыс қай мемлекетте орындалса, сол мемлекеттік заңы орындалады;

E) мемлекет және құқық теориясының тақырыбының дұрыс анықтамасы келтірілмеген.


4. «Егер заңнамамен өзгеше көзделмесе, жұмыс қай мемлекетте орындалса, сол мемлекеттік заңы орындалады» деген норма қай елдің заңында көрсетілген?

А) Франция;

В) Венгрия;

С) АҚШ;


D) Германия;

Е) Бельгия.


5. Еңбек қатынастарын реттейтін заң Венгрияда қай жылы қабылданды?

А) 1967;


В) 1941;

С) 1978;


D) 1965;

Е) 1979.
6) Еңбек қатынастары туралы Румыния заңында не айтылған?

А) тараптарға мәміленің толығымен немесе оның бір бөлігіне қатысты заңды таңдау еркіндігіне рұқсат берілген;

B) құқық әлеуметтік нормалардың ерекше түрі ретінде;

C) мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы және сот органдары;

D) егер заңнамамен өзгеше көзделмесе, жұмыс қай мемлекетте орындалса, сол мемлекеттік заңы орындалады;

E) егер тараптар өзгеше заңды таңдамаса, теңіз немесе әуе кемесі тіркелген елінің заңы кеме экипажының жалдау шартын реттейді.


7. «Егер тараптар өзгеше заңды таңдамаса, теңіз немесе әуе кемесі тіркелгенелінің заңы кеме экипажының жалдау шартын реттейді», - бұл қай елдің заңы?

А) Франция;

В) Венгрия;

С) Румыния;

D) Германия;

Е) Бельгия.


8. Жұмыс беруші мен қызметкердің арасында жазбаша жасалған екі жақты келісім?

А) жай шарт;

В) щарт;

С) ұжымдық шарт;

D) жеке еңбек шарты;

Е) декларация.


9. Жеке еңбек шарты кімдер арасындағы жасалған келісім?

А) жұмыс берушілер арасындағы;

В) жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы;

С) қоғам арасындағы;

D) жұмысшылар арасындағы;

Е) мемлекеттер арасындағы.


10. Еңбек қатынасының түрін көрсетіңіз?

А) қылмысты жасалуына сезікті деп ұсталған, бұлтартпау шарасы ретінде тұтқындалған адамдарды уақытша ұстайтын тергеу изоляторларының болуы;

В) әр түрлі салаларда сараптамалық-криминалистік зерттеулер жүргізу;

С) өндірісте кадрларды дайындау немесе біліктілікті көтеруге қатысты қатынастар;

D) заңмен белгіленген жағдайларда күш көрсету, сондай-ақ қару және арнайы құралдар қолдану;

Е) шет мемлекеттердің және жеке адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында барлау және өзге де дұшпандық қызметпен айналысуын ашу және оған жол бермеу бағытында жұмыс жүргізу.



Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен үзінді
Халықаралық жеке құқық

61-тарау. Жалпы ережелер

1084-бап. Шетелдік элемент шиеленістірген азаматтық-құқықтық қатынастарға қолданылуға тиісті құқықты анықтау

1. Шетелдік азаматтардың немесе шетелдік заңды тұлғалардың қатысуымен не өзге де шетелдік элемент шиеленістірген азаматтық-құқықтық қатынастарға қолданылуға тиісті құқық осы Кодекстің, өзгеде заң актілерінің, Қазақстан Республика­сы бекіткен халықаралық шарттардың және танылған халықаралық әдет-ғұрыптардың негізінде анықталады.

2. Егер осы баптың l-тармағына сәйкес қолданылуға тиісті құқықты анықтау мүмкін болмаса, шетелдік элемент шиеленістірген азаматтық-құқықтық қатынастармен неғұрлым тығыз байланысты құқық қолданылады.

3. Осы бөлімнің сот қолдануға тиісті құқықты анықтау тура­лы ережелерін тиісінше қолданылуға тиісті құқық туралы мәселені шешуге өкілеттік берілген басқа органдар да қолданады.



1085-бап. Заң ұғымдарын саралау (құқықтық саралау)

1. Сот заң ұғымдарын саралауды (құқықтық саралау), егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, оларға сот елінің құқығына сәйкес түсінік беруге негіздейді.

2. Егер заң ұғымдары сот елінің құқығына белгісіз болса не­месе басқа атаумен немесе басқа мазмұнмен белгілі болса және сот елінің құқығы бойынша түсіндіру арқылы анықтау мүмкін болмаса, заңдылық ұғымдарды саралау (құқықтық саралау) кезінде шет мемлекеттің құқығы да қолданылуы мүмкін.

1086-бап. Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау

1. Шетел құқығын қолданған кезде сот оның нормаларының мазмұнын олардың ресми түсіндірілуіне, қолданылу практикасына және тиісті шет мемлекеттегі доктринаға сәйкес анықтайды.

2. Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау мақсатында сот жәрдем және түсінік алу үшін Қазақстан Республи­касының Әділет министрлігіне және Қазақстан Республикасы­ның өзге де кұзыретті органдары мен мекемелеріне, соның ішінде шетелдерде орналасқандарына белгіленген тәртіппен жүгінуіне сарапшылар тартуы мүмкін.

3. Іске қатысушы тұлғалар өз талаптарын немесе қарсылықтарын негіздеуде сілтеме жасаған шетел құқығы нормаларының мазмұнын растайтын құжаттар табыс етуге және осы нормалардың мазмұнын анықтауда сотқа өзге де түрде жәрдемдесуге құқылы.

4. Егер осы бапқа сәйкес қолданылған шараларға қарамастан, шетелдік құқық нормаларының мазмұны орынды мерзімдерде анықталмаса, Қазақстан Республикасының құқығы қол­данылады.

1087- бап. Кері сілтеме жасау және үшінші елдің құқығына сілтеме жасау

1. Осы бөлімнің ережелеріне сәйкес кез келген шетел құқығына сілтеме жасау, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті елдің коллизиялық емес, материалдық құқығына сілтеме жасау ретінде қарастырылуға тиіс.

2. Қазақстан Республикасының құқығына кері сілтеме жа­сау және үшініші елдің құқығына сілтеме жасау осы Кодекстің 1094-бабына, 1095-бабының 2, 3, 5-тармақтарына, 1097-бабына сәйкес шетел құқығы қолданылған жағдайларда қолданылады.

1088-бап. Заңды айналып өтудің салдары

Қатынастарға қатысушылардың осы Кодекспен реттелетін, осы бөлімнің колданылуға тиісті құқық туралы ережелерін ай­налып өтіп тиісті қатынастарды өзге құқыққа жатқызуға бағытталған келісімдері мен өзге де іс-әрекеттері жарамсыз болады. Бұл жағдайда осы бөлімге сәйкес қолданылуға тиісті құқық қол­данылады.



1089-бап. Өзара түсіністік

1. Шетел құқығын өзара түсіністік негіздікке қолдану Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті шет мемлекеттегі ұқсас қатынастарға Қазақ­стан Республикасының құқығын қолдануға болатын-болмайтындығына қарамастан, сот шетел құқығын колданады.

2. Егер шетел құқығын колдану өзара түсіністікке байла­нысты болса өзгеше дәлелденбегендіктен, ол бар деп ұйғарылады.

1090-бап. Жария тәртіп туралы ескерту

1. Шетел құқығы оны қолдану Қазақстан Республикасы құқықтық тәртібінің негіздеріне (Қазақстан Республикасының жария тәртібіне) қайшы келерлік жағдайларда қолданылмайды. Бұл жағдайларда Қазақстан Республикасының құқығы қол­данылады.

2. Шетел құқығын қолданудан бас тартуды тиісті шет мемлекеттің саяси немесе экономикалық жүйесінің Қазақстан Рес­публикасының саяси немесе экономикалық жүйесінен айырмашылығына ғана негіздеуге болмайды.

1091-бап. Императивтік нормаларды қолдану

1. Норманың өзінде көрсетілуі салдарынан немесе азамат­тық айналымға қатысушылардың құқықтарын және заңмен корғалатын мүдделерін қамтамасыз ету үшін олардың ерекше маңызы болуына байланысты, қолданылуға тиісті құқыққа қара­мастан, Қазақстан Республикасы заңдарының тиісті қатынастарды реттейтін императивтік нормаларының қолданылуына бұл бөлім ережелерінің қатысы болмайды.

2. Осы бөлімнің ережелеріне сәйкес, қандай да болсын бір елдің құқығын қолданған кезде сот, егер сол басқа елдің құқығына сәйкес мұндай нормалар, қолданылуға тиісті құқыққа қара­мастан, тиісті қатынастарды реттеуте тиіс болса, басқа ел құқықтарының қатынасымен тығыз байланысты бар императивтік нормаларын қолдана алады. Бұл орайда сот мұндай нормалардың мақсаты мен сипатын, сондай-ақ оларды қолданудың салдарын назарға алуға тиіс.

1092-бап. Көп құқықтық жүйелері бар елдің құқығын қолдану

Бірнеше аумақтық немесе құқықтық жүйелер қолданылатын елдің құқығы қолданылуға тиіс болған жағдайларда, осы елдің құқығына сәйкес құқықтық жүйе қолданылады.



1093-бап. Реторсиялар

Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарына арнайы шектеулері бар мемлекеттердің азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарына қатысты Қазақстан Республикасы қарсы шектеулер (реторсиялар) белгілеуі мүмкін.


62-тарау. Коллизиялық нормалар


жүктеу 1,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау