Ќазаќстан республикасы бiлiм жјне єылым министрлiгi


§1.Тұлғалар 1094-бап. Жеке



жүктеу 1,62 Mb.
бет4/4
Дата14.12.2017
өлшемі1,62 Mb.
#4431
1   2   3   4
§1.Тұлғалар

1094-бап. Жеке тұлғаның жеке заңы

1. Жеке тұлға азаматы болып табылатын елдің құқығы оның жеке заңы болып саналады. Адамның екі немесе одан көп азаматтығы болған жағдайда адам неғұрлым тығыз байланысты елдің құқығы оның жеке заңы болып саналады.

2. Азаматтығы жоқ адам тұрақты тұратын елдің құқығы, ол адамның жеке заңы болып саналады.

3. Баспана берген елдің құқығы босқынның жеке заңы бо­лып саналады.



1095-бап. Жеке адамның құқық қабілеттілігі мен әрекетке қабілеттілігі

1. Қазақстан Республикасында шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар азаматтық құқық қабілеттілігін, Қазақ­стан Республикасының заң актілерінде немесе халықаралық шарттарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей пайдаланады.

2. Жеке адамның әрекетке қабілеттілігі оның жеке заңымен анықталады.

3. Жеке адамның мәмілелер мен зиян келтіру салдарынан пайда болатын міндеттемелерге қатысты азаматтық әрекетке қабілеттілігі мәміле жасалған немесе зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер пайда болған жердегі елдің құқығы бойын­ша анықталады.

4. Жеке адамның жеке кәсіпкер болуға және соған байла­нысты құқықтары мен міндеттерінің болуға қабілеті жеке адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелген елдің құқығы бойынша анық­талады. Тіркелген елі болмаған жағдайда жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын негізгі орнындағы елдің құқығы қол­данылады.

5. Жеке адамды әрекетке қабілетсіз немесе қабілетті шектеулі деп тану сот елінің құқығына бағынады.



1096-бап. Жеке адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану және оны қайтыс болды деп жариялау

Жеке адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану және оны қайтыс болды деп жариялау сот елінің құқығына бағынады.



1097-бап. Жеке адамның есімі

Жеке адамның есім алу, оны пайдалану және қорғау құқығы, егep осы Кодекстің 15-бабының 5 және 7-тармақтарында, 1103 және 1120-баптарында көзделген ережелерден өзгеше туындамаса, оның жеке заңымен белгіленеді.



1098-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркеу

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерінде жүзеге асырылады. Бұл орайда Қазақстан Республикасының заң актілері қолданылады.



1099-бап. Шет мемлекет органдары азаматтық, хал актілерін куәландыруға берген құжаттарды тану

Шет мемлекеттердің құзыретті органдары тиісті мемлекеттердің заңы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасаған азаматтың хал актілерін куәландыруға берген кұжаттар жария етілген жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.



1100-бап. Заңды тұлғаның заңы

Заңды тұлға құрылған елдің құқығы осы заңды тұлғаның заңы болып саналады.



1101-бап. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі

Заңды тұлғаның азаматтық құқық қабілеттілігі осы заңды тұлғаның заңымен анықталады.

Шетелдік заңды тұлға өз органының немесе өкілінің мәміле жасауға өкілеттігін шетелдік заңды тұлғаның органы немесе өкілі мәміле жасаған елдің құқығына белгісіз шектеуге сілтеме жасай алмайды. Шетел құқығы бойынша заңды тұлға болып табылмайтын шетел ұйымдарының азаматтық құқық қабілеттілігі ұйым құрылған елдің құқығы бойынша анықталады.

Мұндай ұйымдардың қызметіне, егер Қазақстан Республи­касының құқығын қолдануға болса, осы Кодекстің ережелері қолданылады, егер Қазақстан Республикасының заңдарынан немесе міндеттеменің мәнінен өзгеше туындамайтын болса, олар коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың қызметін реттейді.



1102-бап. Мемлекеттің шетелдік элементі бар азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысуы

Мемлекет қатысатын шетелдік элементі бар азаматтық-құқықтық қатынастарға, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, осы бөлімнің ережелері жалпы негіздерде колданылады.



§ 2. Жеке мүліктік емес құқықтар

1103-бап. Жеке мүліктік емес құқықтарды қорғау

Жеке мүліктік емес құқықтарға мұндай құқықтарды қорғау туралы талап ету үшін негіз болған іс-әрекет немесе өзге де мән-жайлар орын алған елдің құқығы қолданылады.



§ 3. Мәмілелер, өкілдік, талап мерзімі

1104-бап. Мәміленің нысаны

Мәміленін нысаны - ол жасалған жердің құқығына бағынады. Алайда шетелде жасалған мәмілені, егер Қазақстан Респуб­ликасы құқығының талаптары сақталса, нысанның сақталмауы салдарынан жарамсыз деп тануға болмайды. Қатысушыларының кем дегенде біреуі Қазақстан Респуб­ликасының заңды тұлғасы немесе Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын сыртқы экономикалық мәміле мәміленің жасалған жеріне қарамастан, жазбаша нысанда жасалады.

Қозғалмайтын мүлікке қатысты мәміленің нысаны — осы мүлік орналасқан жердегі елдің құқығына, ал Қазақстан Рес­публикасында мемлекеттік тізілімге енгізілген козғалмайтын мүлікке қатысты болса, Қазақстан Республикасының құқығына бағынады.

1105-бап. Сенімхат

Сенімхаттың нысаны мен қолданылу мерзімі осы сенімхат берілген елдің құқығы бойынша анықталады. Алайда сенімхат Қазақстан Республикасы құқықтарының талаптарын канағаттандырса, оны нысаны сақталмауының салдарынан жарамсыз деп тануға болмайды.



1106-бап. Талап мерзімі

Талап мерзімі тиісті қатынастарды реттеу үшін қолданылатын елдің құқығы бойынша анықталады.

Талап мерзімі қолданылмайтын талаптар, егер тиісті қатынасқа қатысушылардың кем дегенде біреуі Қазақстан Респуб­ликасының азаматы немесе Қазақстан Республикасының заң­ды тұлғасы болса, Қазақстан Республикасының құқығы бойын­ша анықталады.

§ 4. Заттық құқықтар

1107-бап. Заттық құқықтарға қолданылатын құқық туралы жалпы ережелер

Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, меншік құқығы мен басқа да қозғалмайтын және қозғалатын мүлікке заттық құқықтар осы мүлік орналасқан елдің құқығы бойынша анықталады.

Мүліктің қозғалмайтын немесе қозғалатын заттарға жататындығы, сондай-ақ мүліктің өзге де заңдық саралануы осы мүлік орналасқан елдің құқығы бойынша анықталады.

1108-бап. Заттық құқықтардың пайда болуы және тоқтатылуы

Мүлікке заттық құқықтардың пайда болуы және тоқтатылуы, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, заттық құқықтың пайда болуы не тоқтатылуы үшін негіз болған іс-әрекет немесе өзге де мән-жайлар орын алған кезде сол мүлік болған елдің құқығы бойынша анықталады.

Егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, мәміленің нысанасы болып табылатын мүлікке заттық құқықтардың пайда болуы және тоқтатылуы, елдің осы мәміле бағындырылған құқығы бойынша анықталады.

Алыну мерзімінің ескіруі салдарынан мүлікке меншік құқығының пайда болуы аяқталған алу мерзімінің ескерген Кезінде болған елдің құқығымен анықталады.



1109-бап. Мемлекеттік тізілімге енгізілуге тиісті көлік құралдары мен өзге де мүлікке заттық құқықтар

Мемлекеттік тіркелуге тиісті көлік құралдары мен өзге де мүлікке заттық құқық осы көлік кұралдары немесе мүлік мемлекеттік тізілімге енгізілген елдің құқығы бойынша анықталады.



1110-бап. Жолдағы қозғалатын мүлікке заттық құқықтар

Мәміле бойынша жолда келе жатқан қозғалатын мүлікке меншік құқығы және басқа да заттық құқықтар, егер тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, осы мүлік жөнелтілген елдің құқығы бойынша анықталады.



1111-бап. Заттық құқықтарды қорғау

Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды корғауға арыз берушінің тандауы бойынша мүлік тұрған елдің құқығы немесе сот елінің құқығы қолданылады.

Қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғауға осы мүлік тұрған елдің құқығы қолданы­лады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тізіліміне енгізілген мүлікке қатысты Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.

§ 5. Шарттық міндеттемелер

1112-бап. Шарт тараптарының келісімімен құқық таңдау

1. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келісімімен таңдалған елдің құқығымен реттеледі.

2. Тараптардың қолданылуға тиісті құқықты таңдау туралы келісімі айқын көрсетілуге немесе шарттың және оларды жинақтап қарайтын істің мән-жайларының ережелерінен тікелей туындауға тиіс.

3. Шарттың тараптары тұтас алғанда шарт үшін де, оның жекелеген бөліктері үшін де қолданылатын құқықты таңдай алады.

4. Шарттың тараптары қолданылатын құқықты кез келген уакытта, шарт жасасу кезінде де, одан кейін де таңдап алуы мүмкін. Тараптар шартқа қолданылатын құқықты өзгерту ту­ралы да кез келген уақытта уағдаласа алады.

1113-бап. Тараптардың келісімі болмаған кезде шартқа қолданылатын кұқық

1. Шарт тараптарынын колдануға тиісті құқық туралы келісімі болмаған кезде ол шартқа:

сатып алу-сату шартында — сатушы;

сыйға тарту шартында — сыйға тартушы;

мүлікті жалға (арендаға) беру шартында - арендаға беруші немесе жалға беруші;

мүлікті тегін пайдалану шартында — несие беруші;

мердігерлік шартында - мердігер;

тасымалдау шартында — тасымалдаушы;

көлік экспедициясы шартында — экспедитор;

қарыз немесе озге де кредит шартында - кредит беруші;

тапсырма шартында - сенім білдірілген адам;

комиссияның шартында — комиссионер;

сақтау шартында - сақтаушы;

сақтандыру шартында — сақтандырушы;

тапсырма беру шартында - тапсырма беруші;

кепілге салу шартында - кепілге салушы;

айрықша құқықтарды пайдалану туралы лицензиялық шартта — лицензиар болып табылатын тараптар құрылған, тұратын жері немесе негізгі қызмет орны бар елдің құқығы қолда­нылады.

2. Нысанасы қозғалмайтын зат болып табылатын шарт бо­йынша, сондай-ақ мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы шарт бойынша құқықтар мен міндеттемелерге сол мүлік тұрған елдің құқығы, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттік тізілімге енгізілген мүлікке қатысты – Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.

3. Шарт тараптарынын қолданылуға тиісті құқық туралы келісімі болмаған жағдайда осы баптың 1-тармағындағы ережелерге қарамастан:

1) бірлескен қызмет және құрылыс мердігерлігі туралы шартқа мұндай қызмет жүзеге асырылатын немесе шартта көздел­ген нәтижелер жасалатын елдің құқығы;

2) конкурстық сауда-саттықтың (теңдердің, аукционның) қорытындылары бойынша немесе биржада жасалған шартқа конкурстық сауда-саттық өткізілген немесе биржа орналасқан елдің құқығы қолданылады.

4. Осы баптың 1-3-тармақтарында атап келтірілген шарттарға, тараптардың қолданылуға тиісті құқық туралы келісімі болмаған кезде, мұндай шарттың мазмұны үшін шешуші маңызы


бар, орындауды жүзеге асыратын тараптар құрылған, тұрғылықты жері немесе негізгі қызмет орны болған елдің құқығы қолданылады. Шарттың мазмұны үшін шешуші маңызы бар орындауды анықтау мүмкін болмаған жағдайда шарт мейлінше тығыз, іс байланысты елдің құқығы қолданылады.

5. Шарт бойынша орындауды қабылдауға қатысты, тараптар өзгеше келіспегендіктен, осындай қабылдау өткізетін орынның құқығы ескеріледі.

6. Егер шартта халықаралық айналымда қабылданған сауда терминдері пайдаланылса, шартта өзге нұсқаулар болмаған жағ­дайда оларды іскерлік айналымның тиісті сауда терминдеріне қатысты қолданылып жүрген ғұрыптар жөніндегі қатынастарына қолдануға тараптар келіскен деп тапсырмателеді.

1114-бап. Шетелдің қатысуымен заңды тұлға құру туралы шартқа қолданылатын құқық

1. Шетелдің қатысуымен заңды тұлға құру туралы шартқа осы заңды тұлға құрылатын немесе кұрылған елдің құқығы қол­данылады.

2. Осы баппен реттелетін қатынастар өзіне заңды тұлғаны құру және тоқтату, оған қатысу үлесін беру жөніндегі қатынастарды және заңды тұлғаның қатысушылары арасындағы олар­дың (соның ішінде кейінгі келісімдермен белгіленетін) байла­нысты өзара құқықтары мен міндеттеріне басқа да қатынастарды қамтиды.

3. Осы баптың ережелері шетел қатысатын заңды тұлға қатысушыларының өзара құқықтары мен міндеттері басқа құрылтай құжаттарымен белгіленген жағдайда да қолданылады.



1115-бап. Қолданылатын құқықтың күшінде болатын саласы

1. Шартқа осы параграф ережелеріне орай қолданылатын құқық, атап айтқанда:

1) шартқа түсіндіруді;

2) тараптардың құқықтары мен міндеттерін;

3) шарттың орындалуын;

4) шартты орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың салдарын;

5) шарттың токтатылуын;

6) шарт жарамсыздығының негіздері мен салдарын;

7) шартқа байланысты талаптарды беру мен қарыз аударуды
қамтиды.

2. Орындаудың әдістері мен рәсімдеріне, сондай-ақ тиісінше орындалмаған жағдайда қолданылуға тиіс шараларға қатысты қолданылатын құқықтан басқа орындалу жүргізілетін елдің құқығы да назарға алынады.

§ 6. Шарттан тыс міндеттемелер

1116-бап. Бір жақты мәмілелерден туындайтын міндеттемелер

Біржақты мәмілелерден туындайтын міндеттемелерге (марапаттауға жария уәде ету, бөтен адамның мүддесіне тапсырмасыз қызмет істеу және басқалар) мәмілелер жасалған жердің құқығы қолданылады. Бір жақты мәміле жасау орны Қазақстан Республикасының құқығы бойынша анықталады.



1117-бап. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер

1. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер жөніндегі құқықтар мен міндеттер, зиянды өтеу туралы талап ету үшін негіз болған іс-әрекет немесе өзге де мән-жай орын алған елдің құқығы бойынша анықталады.

2. Шетелде зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер жөніндегі құқықтар мен міндеттер: егер тараптар сол бір мемлекеттің азаматтары немесе занды тұлғалары болса, сол мемлекеттің құқығы бойынша анықталады.

3. Егер іс-әрекет немесе зиянды өтеу туралы талап етуге негіз болған өзге де мән-жай Қазақстан Республикасының заң актілері бойынша заңсыз болмаса, шетел құқығы қолданылмайды.



1118-бап. Тұтынушыға келтірілген зиян үшін жауапкершілік

Тұтынушының тауар сатып алуға немесе қызмет көрсетуге байланысты туындаған зиянды өтеу туралы талабына, тұтынушының таңдауы бойынша:

1) тұтынушы тұратын тұрғылықты жердегі елдің құқығы;

2) өндірушінің немесе қызмет көрсетуші тұлғаның тұрғылықты жеріндегі немесе орналасқан жеріндегі елдің құқығы;

3) тұтынушы тауарды сатып алған немесе оған қызмет көрсетілген елдің құқығы қолданылады.

1119-бап. Негізсіз баю

1. Негізсіз баюдың салдарынан туындайтын міндеттемелерге орын алған елдің құқығы қолданылады.

2. Егер негізсіз баю мүлік сатып алынған немесе сақталған негіздің болжауы салдарынан туындаса, қолданылатын құқық осы негіз бағындырылған елдің құқығы бойынша анықталады.

3. Негізсіз баю ұғымы Қазақстан Республикасының құқығы бойынша анықталады.



§ 7. Интеллектуалдық меншік

1120-бап. Интеллектуалдық меншікке құқықтар

1. Интеллектуалдық меншікке құқықтарға осы құқықтарды қорғау сұралатын елдің құқығы қолданылады.

2. Интеллектуалдық меншікке құқық өз нысанасы болатын шарттар осы бөлімнің шарттық міндеттемелер туралы ережелеріне сәйкес анықталатын құқықпен реттеледі.

§ 8. Мұрагерлік құқық

1121-бап. Мұрагерлік бойынша қатынастар

Мұрагерлік бойынша қатынастар, егер мұра қалдырушы өсиетінде өзі азаматы болып табылатын елдің құқығын тандамаған болса, осы Кодекстің 1122 және 1123-баптарында өзгеше көзделмегендіктен, мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жері болған елдің құқығы бойынша анықталады.



1122-бап. Адамдардың өсиет жасауға және оның күшін жоюға қабілеттілігі, өсиеттің және оның күшін жою актісінің нысаны

Адамның өсиет жасауға және оның күшін жоюға қабілеттілігі, сондай-ақ өсиеттің және оның күшін жою актісінің ны­саны, егер мұра қалдырушы өсиетінде өзі азаматы болып табы­латын елдің құқығын таңдамаса, мұра қалдырушының акт жа­саған кезде тұрақты тұрғылықты жері болған елдің құқығы бойынша анықталады. Алайда өсиет немесе оның күшін жою, егер соңғысы акт жасалған жердің талаптарын немесе Қазақстан Республикасы құқығының талаптарын қанағаттандырса, нысанды сақтамауы салдарынан жарамсыз деп таныла алмайды.



1123-бап. Қозғалмайтын мүлікті және мемлекеттік тізілімге енгізілуге тиісті мүлікті мұраға қалдыру

Қозғалмайтын мүлікті мұраға қалдыру осы мүлік тұрған жердегі елдің құқығы бойынша, ал Қазақстан Республикасын­да мемлекеттік тізілімге енгізілген мүлік Қазақстан Республи­касының құқығы бойынша анықталады. Адамдардың өсиет жасауға немесе оның күшін жоюға қабілеттілігі, сондай-ақ соңғысының нысаны, егер аталған мүлік өсиет етіп қалдырылса, нақ сол құқықпен анықталады.



§ 9. Қорғаншылық және қамқоршылық

1124-бап. Қорғаншылық және қамқоршылық

1. Кәмелетке толмағандарға, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық пен қамқоршылық белгіленеді және олардың күші өзіне қатысты қорғаншылық пен қамқоршылық белгіленетін немесе алып тасталатын адамның жеке заңы бойынша жойылады.

2. Қорғаншының (қамқоршының) қорғаншылықты (қамқоршылықты) қабылдау міндеті қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалатын адамның жеке заңы бойынша белгіленеді.

3. Қорғаншы (қамқоршы) мен қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) адамның арасындағы құқықтық қатынастар мекемесі қорғаншыны (қамқоршыны) тағайындаған елдің құқығы бойынша белгіленеді. Алайда қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) осы адам Қазақстан Республикасында тұратын болса, егер осы адам үшін бұл неғұрлым колайлы болса, Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына белгіленген корғаншылык (қамқоршылық), егер Қазақстан Республикасының тиісті кон­сулдық мекемесінің қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуге қарсы немесе оны тануға қарсы заңға негізделген қарсылықтары болса, Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.


Халықаралық жеке құқығы пәнінен бағдарламалық сұрақтар
1. Халықаралық жеке құқықтың түсiнiгi

2. Халықаралық жеке құқықтың пәнi

3. Шетелдiк элементi мен шиеленiстiрiлген азаматтық құқықтық, отбасылық, еңбек қатынастары.

4. Қазақстан Республикасында халықаралық жеке құқықтың дамуы.

5. Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздерi. Қайшылық нормалар.

6. Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздерiнiң ұғымы және түрлерi.

7. Ұлттық заңнамалар - халықаралық жеке құқықтың шығу көзi ретiнде.

8. Қайшылық нормаларының ұғымы және маңыздылығы.

9. Халықаралық жеке құқықтың субъектiлерi.

10. Шетелдiктердiң мәселесi бойынша жалпы ережелерi.

11. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық және әрекет қабілеттiгi.

12. Қазақстан азаматтарының шетелдегi азаматтық қабiлетi.

13. Заңды тұлғалардың құқықтық жағдайлары.

14. Халықаралық жеке құқықтағы меншiк құқығы.

15. Халықаралық жеке құқықтағы меншiктiк қатынастарын реттеу.

16. Меншiк құқығының қайшылық мәселелерi.

17. Қазақстан Республикасы меншiгiнiң шет елдердегi құқықтық жағдайы.

18. Сыртқы экономикалық мәмiлелер.

19. Сыртқы экономикалық мәмiленiң ұғымы.

20. Сыртқы экономикалық мәмiленiң анықтау белгiлерi.

21. Мәмiленiң нысаны және қолданылатын құқық туралы қайшылық нормасы.

22. Халықаралық сатып алу-сату шарты.

23. Халықаралық сатып алу-сату шартының ұғымы, мазмұны.

24. 1980 ж. халықаралық тауарларды сатып алу-сату шарттары туралы Вена конвенциясы.

25. Халықаралық саудада типтiк шарттардың қолданылуы.

26. Жүктi және жолаушыларды халықаралық тасымалдау.

27. Халықаралық тасымалдау ұғымы.

28. Халықаралық тасымалдауды ұйымдастыру.

29. Халықаралық тасымалдауды реттейтiн ҚР көлiк заңнамасы.

30. Халықаралық несиелiк және тапсырма айырысу қатынастары.

31. Халықаралық тапсырма айырысу қатынастарының ұғымы.

32. ҚР валюталық операцияларын жүзеге асырудың ұғымы және оның түрлерi.

33. Халықаралық несиелiк қатынастардың ұғымы.

34. Халықаралық жеке құқықтағы шарттан тыс мiндеттемелер.

35. Шарттан тыс мiндеттемелердiң ұғымы және түрлерi.

36. Зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелердiң қайшылық мәселелері.

37. Қазақстан аумағында зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша тараптардың құқықтарын және мiндеттерiн ҚР заңнамасымен анықтау.

38. Халықаралық жеке құқықтағы интеллектуалдық (зияткерлiк) меншiк.

39. Интеллектуалдық меншiктiң ұғымы және мазмұны.

40. Өнеркәсiптiк меншiктiң халықаралық құқықтық қорғауы.

41. Шетелдiк жеке және заңды тұлғалардың өнеркәсiптiк меншiк объектiлердi пайдалануға құқықтарын беру және рұқсат берудiң патенттiк мәселелерi.

42. Халықаралық жеке құқықтағы мұрагерлiк қатынастар.

43. Халықаралық сипатты мұрагерлiк қатынастардың ұғымы және ерекшелiктерi.

44. Мұрагерлiк саласында заңнама қайшылықтары.

45. Иесiз мүлiктiң ұғымы және оған бiрнеше мемлекеттiң құқықтары.

46. Халықаралық жеке құқықтағы неке-отбасылық қатынастары.

47. Шетелдiк элементпен шиеленiстiрiлген неке-отбасылық қатынастардың ұғымы, құқықтық реттеу ерекшелiктерi.

48. Шет елде Қазақстан азаматтарымен шетелдiктер арасында некелердi қию.

49. Халықаралық жеке құқықтағы ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық қатынастар.

50. Жұмыстарды орындауға шарттар сыртқы экономикалық мәмiле ретiнде.

51. Халықаралық мердiгерлiк шарты: ұғымы, жұмыс сипатына байланысты түрлерi.

52. Халықаралық еңбек қатынастары және еңбек қатынастары саласында қайшылықтың негiзгi бастаулары.

53. Шет елдердегі Қазақстан азаматтарының еңбек құқықтары.

54. Сыртқы экономикалық шарттар бойынша дауларды қараудың құқықтық қамтамасыз етiлуi.

55. Халықаралық сот анықтау ұғымы ретiнде.

56. Халықаралық шарттарда қарастырылған шетел соттарының сот шешiмдерiн орындау тәртiбi.

57. Қазақстан тәжiрибесiнде дауларды арбитражда қарау.

58. Халықаралық әуе тасымалдауы.

59. Халықаралық теміржол тасымалдауы.

60. Халықаралық су көлігі тасымалдауы.



Пайдаланылған дереккөздер тізімі
1 Богуславский М.М. Международное частное право, М., 1994.

2 Богуславский М.М. Международное частное право, М., 1998.

3 Международное частное право. Современные проблемы/Под. ред. М.М. Богуславского. М., 1994.

4 Галенская Л.Н. Международное частное право. Л., 1983.

5 Перетерский И.С, Крылов СБ. Международное частное право. VI., 1959.

6 ЛунцЛ.А. Курс международного частного права. Общая часть. VI., 1973.

7 Лунц Л.А. Курс международного частного права. Особенная часть. М., 1975.

8 Международное частное право/Под. ред. Сарсембаева М. А., Алматы, 1997.

9 Скаридов А.С. Международное частное право. СПб., 1998.

10 Международное частное право. Сборник документов/Сост. К.А. Бекяшев, А.Г. Ходаков. М., 1997.

11 Корецкий В.М. Избранные труды. Кн.1. Киев, 1989.

12 Иссад М. Международное частное право. Пер. с фр. М., 1989.

13 Чешир Дж., Норт П. Международное частное право. М., 1982.

14 Лунц Л.А., Марышева Н.И., Садиков ОЛ. Международное част­ное право. М., 1984.

15 Басин Ю.Г., Сулейменов М.К. Гражданское право. Том 3. Алма­ты, 2004.

16 Лунц Л.А. К вопросу о квалификации в международном част­ном праве//Советский ежегодник международного права. М., 1979.

17 Садиков О.М. Коллизионные нормы в современном международном частном праве//Сов. ежегодник международного права. М., 1982.

18 Садиков О.Н. Императивные нормы в международном частном праве//Моск. журнал международного права. 1992. № 2.

19 Ладыженский A.M. Теория национальности юридических лиц в международном частном праве//Сов. ежегодник международного пра­ва. М. 1964-1965.

20 ЛяликоваЛ.А. Транснациональные корпорации и проблема определения их национальности//Сов. ежегодник международного пра­ва. ML, 1982.

21 Ладыженский A.M. Теория национальности юридических лиц в международном частном праве//Сов. ежегодник международного пра­ва. М., 1964-1965.

22 Иванов С.И. Современные тенденции в законодательстве некоторых буржуазных государств по вопросу об иммунитете государства и его собственности (на примере США и Англии)//Сов. ежегодник международного права. М., 1982.

23 Баратянц Н.Р., Богуславский М.М., Колесник А.Н. Современное международное право: иммунитет государства//Сов. ежегодник международного права. М., 1988.

24 Лаптев В.В. Вопросы собственности в современном междуна­родном частном праве. Вопросы международного частного права. М., 1956.

25 Вилков Г.Е. Национализация и международное право. М., 1962.

Богуславский М.М. Правовое положение иностранных инвес­тиций. М., 1993.

26 Поздняков B.C., Садиков ОМ. Правовое регулирование отноше­ний по внешней торговле. М., 1985.

27 Лунц Л.А. Внешнеторговая купля-продажа (коллизионные вопросы). М., 1972.

28 Мусин В.А. Международные торговые контракты. Л., 1986.

29 Зыкин И.С. Договоры во внешнеэкономической деятельности. М, 1990.

30 Розенберг M. Заключение договора международной купли-продажи товаров. М., 1991 г. Гражданское и торговое право капита­листических государств/Под. ред. Е.А. Васильева. М., 1992.

31 Комаров А.С. Ответственность в коммерческом обороте. М., 1991.

32 Шмитгофф К. Экспорт: право и практика международной тор­говли. М., 1993.

33 Гринько И.С. Внешнеторговые сделки. Сумы, 1994.

34 Садиков О.М. Правовое регулирование международных перевозок. М„ 1981.

35 Садиков О.М. Реформа Бернских конвенций о железнодорож­ных перевозках//Внешняя торговля. 1982. № 4.

36 Малеев Ю.М. Международное воздушное право: вопросы тео­рии и практики. М., 1986.

37 Гуреев С.А. Коллизионные проблемы морского права. М., 1972.

38 Маковский А.Л. Международное частное морское право. М., 1974.

39 Иванов Г.Г., Маковский АЛ. Международное частное морское право. М., 1984.

40 Алыпшуллер А.Б. Международное валютное право. М., 1984.

41 Белов A.M. Способы обеспечения исполнения обязательств во внешнеторговых сделках. М., 1992.

42 Международное торговое право: расчеты по контрактам. Сбор­ник международных документов и комментарии/Сост. Т.П. Лазарева. М„ 1996.

43 Ерпылева Н.Ю. Международное банковское право. М., 1998.

44 Ефимова Л.Г., Новоселова Л.А. Банки: ответственность за нарушения при расчетах. М., 1996.

45 Носкова И.Я. Международные валютно-кредитные отношения. М., 1995.

46 Международные валютно-кредитные и финансовые отноше­ния/Под ред. Л.М. Красавиной. М., 1994.

47 Мишель Пебро. Международные экономические, валютные и финансовые отношения. Пер. с фр. М., 1994.

48 Международная торговля: финансовые операции, страхование и другие услуги. Пер. с англ. Киев, 1994. М., 1994.

49 Звеков В.П. Обязательства из причинения вреда в международ­ном частном праве (некоторые коллизионные вопросы). М., 1963.

50 Патентное право/Под ред. Каудырова. Алматы, 1996.

51 Богуславский М.М. Патентные вопросы в международных отношениях. М., 1962.

52 Богуславский М.М., Воробьева О.В., Светланов А.Г. Международная передача технологии: правовое регулирование. М., 1985.

53 Боденхаузен Г. Парижские конвенции по охране промышлен­ной собственности. Комментарий. М., 1977.

54 Штумпф Г. Лицензионный договор. Пер. с нем. М., 1988.

55 Лунц Л.А. Международный гражданский процесс. М., 1976.

56 Лебедев С.М. Международный торговый арбитраж. М., 1965.

57 Лебедев С.М. Международное сотрудничество в области коммерческого арбитража. М., 1979.

58 Минаков А.И. Арбитражные соглашения и практика рассмот­рения внешнеэкономических споров. М., 1985.

59 Лебедев С.М. Международный коммерческий арбитраж: компетенция арбитров и соглашение сторон. М., 1988.

60 Сеульская конвенция об учреждении иностранного агентства по гарантиям инвестиций (1985).

61 Вашингтонская конвенция «Об урегулировании инвестицион­ных споров между государствами и лицами других государств» (1965).

62 Конвенция ООН о договорах международной купли-продажи товаров (Вена, 1980).

63 Конвенция об исковой давности в международной купле-про­даже товаров (Вена, 1980).

64 Конвенция о праве, применимом к договорам международной купли-продажи (Гаага, 1968).

65 Международные правила толкования торговых терминов ИНКОТЕРМС (1990).

66 Конвенция о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам (Минск, 1993).

67 Конвенция, учреждающая Всемирную организацию интеллектуальной собственности (1967).

68 Парижская конвенция по охране промышленной собственнос­ти (1883).

69 Всемирная конвенция об авторском праве (1952).

70 Бернская конвенция об охране литературных и художествен­ных произведений (1886, в ред. 1971).

71 Мадридское соглашение о международной регистрации зна­ков (1891).

72 Евразийская патентная конвенция (1994).

73 Конвенция о правах ребенка (1989).

74 Нью-Йоркская Конвенция о признании и приведении в ис­полнение иностранных арбитражных решений (1958).

75 Европейская конвенция о внешнеторговом арбитраже (1961).

76 Конвенция от 7 июня 1930 г. № 360 «О Гербовом сборе в отношении переводного и простого векселей».

77 Конвенция о единообразном законе о переводном и простом векселе (г. Женева, 7 июня 1930 года).

78 Женевская конвенция, имеющая целью разрешение некото­рых коллизий законов о переводных и простых векселях (г.Женева, 7 июня 1930 года).

79 30.08.1995ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

80 27.12.1994ж. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлім.

81 01.07.1999ж. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Ерекше бөлім.

82 27.12.1994ж. Қазақстан Республикасының Шетел инвестициясы туралы Заңы

83 15.05.2007ж. Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі».

84 16.07.1999ж. Қазақстан Республикасының Патент Заңы.

85 27.12.1996ж. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы.

86 26.01.1996ж. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономи­калық аймақ туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы.

87 20.2003ж. Қазақстан Республикасының Жер кодексі

88 20.12.2000ж. «Қазақстан Республикасындағы соттар және сот мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы.

89 05.2005ж. Қазақстан Республикасының «Халықаралық шарттар туралы» Заңы

90 28.06.1995ж. «Мұнай туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы.

91 17.03.1995ж. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы.

92 17.04.1995ж. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы.

93 19.06.1995ж. «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы.

94 10.06.1996ж. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар тура­лы» Қазақстан Республикасының Заңы.

95 24.12.1996ж. «Валюталық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

96 21.01.1997ж. «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы­ның Заңы.

97 28.02.1997ж. «Тікелей инвестицияны мемлекеттік қолдау тура­лы» Қазақстан Республикасының Заңы.

98 16.04.1997ж. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

99 28.04.1997ж. «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

100 18.09.2009ж. Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау жүйесіндегі халық денсаулығы туралы кодекс».

101 11.07.1997ж. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

102 14.07.1997ж. «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

103 05.12.1997ж. «Адвокаттық қызмет» туралы Қазақстан Республикасының Заңы.

104 13.12.1997ж. «Тұрғылықты халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

105 24.03.1998ж. «Нормативтік кұқықтық актілер» туралы Қазақ­стан Республикасының Заңы.

106 17.12.1998ж. «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

107 10.07.1998ж. «Акционерлік коғам туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

108 22.04.1998ж. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы­ның Заңы.

109 30.06.1998ж. «Орындау өндірісі және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.



110 29.06.1998ж. «Төлемдер және ақша аудару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Байтасова Мөлдір Жұмашқызы

Нұрманов Қайыргелді Аманжолұлы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕРБЕС ҚҰҚЫҚ

Оқу – тәжірибелік құралы




жүктеу 1,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау