Қорытынды бақылау – нақты сыныптағы немесе мектеп сатысындағы білімінің соңғы нәтижелерін (аттестация) қадағалау.
Құзыреттілік – ол тұлғаның оқыту және әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын тұлғаның кіріктірілген қасиеті.
Құзіреттілік (латынша Competens) – қабілетті, қатысты. Белгілі бір саланың тұлғаларының білім, білік, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері.
Люмпенизация – халық жұмыссыздығының толық және ішінара өсуі, табысы төмен деңгейдегі контингенттің өсуі және ақылы түрде білім алуға деген сұраныс;
Мақсатты айқындау – бүкіл жүйенің, сонымен бірге әр кезеңнің соңғы нәтижесін болжап, ой-санада нақтылау.
Мекеменің миссиясы – бұл әлі қол жетпеген, мекеме жетуге ұмтылатын күйі. Мектеп миссиясы мектептің 5-10 жылға даму бағытын көрсетеді. Миссияға жету үшін жоғары оқу орнының мақсаты, міндеті анықталынады.
Мектептің әкімшілік жүйесі – оқу процесін басқару; тәрбие жұмыстарына жетекшілік; әдістемелік жұмыстарға жетекшілік.
Менеджмент – бұл адамдардың ынтымақтастығы, өзара қарым-қатынас тәсілі, нәтижесі адамның ішкі әлеуетіне бағытталған әкімшілік іскерліктің ерекше формасы.
Менеджмент – бұл басқа адамдардың еңбегін, ой өрісін, тәртіп уәждерін қолдана отырып, алға қойылған мақсаттарға жете білу ептілігі.
Менеджмент – бұл басқару ғана емес, кез келген маманға қажет білімдердің жиынтығы.
Менеджмент – білім беру процесін басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастырушылық формалары мен технологиялық тәсілдер кешені.
Менеджмент – өз еңбегін пайдаланып, интеллектісін және басқа да адамдардың тәртібін пайдаланып жетекшінің қойылған мақсатына жете білуі. Басқаша айтқанда бұл ғылым саласы және адамдар мен әлеуметтік процестерді басқару өнері.
Менеджмент – өндіріс пен өткізуді басқару құралы мен формасы, қазіргі заманғы қағидалары, тәсілдері және оның тиімділігін арттыру мен пайданы көбейту.
Мониторинг – объектінің (процесс, өнім) жай-күйін бағалау мақсатында нақты бағдарлама негізінде тұрақты бақылау жүйесі, ондағы болып жатқан құбылыстарға талдау жасау және оның өзгерісін дәл уақытында анықтау.
Мониторинг – ұзақ уақыт белгiлi бiр мақсат негiзiнде жинақталған, сақталған ақпараттарды өңдеу, субъектiлердi ақпарат нәтижесiмен қамтамасыз ететiн керi байланыс.
Мониторинг (латын тiлінен енген сөз, тікелей аудармасы – еске түсiрушi, қадағалаушы) – қоршаған ортаны адам қызметiмен байланысты бақылау, бағалау, болжамдау деген мағынаны бiлдiредi.
Достарыңызбен бөлісу: |