Мотивация – бұл іс-әрекет, қызмет; оның мақсаты – ұжым мүшелерінің жұмысын жандандыру, оларда тиімді еңбекке, мақсатқа жетуге деген ынта тудыру.
Мотивация – мекеме қызметкерлерінің кәсіби іс-әрекетін ынталандыру және өзін-өзі дамыту бойынша басқару іс-әрекетінің функциясы, сондай-ақ әрбір қызметкердің шығармашылық белсенділігін қалыптастыратын ұжымдағы тиімді әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптастыратын басқару іс-әрекеті.
Мультипликативтілік – жүйе элементтері қызметтерінің (әрі позитивті, әрі негативті) еселеп артуы (қосылуы емес).
Негізгі бақылау - ең негізгі кезең ол мектептің негізгі міндеттерінің орындалу барысын айқындау үшін оқу-тәрбие проесінің жайы мен оның нәтижелерін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Нөлдік деңгейдегі инновация – жүйенің алғашқы қасиеттерін практика жүзінде түрлендіру (дәстүрлі білім беру жүйесі немесе оның элементтерін жаңадан қарастыру).
Озат тәжірибе – әдеттегі қалыпты деңгейден жоғары табыстарға жеткізетін педагогикалық іс-әрекеттердің кешенді жиынтығы, жалықпай шығармашылықпен еңбек етудің нәтижесі.
Озат тәжірибелі мұғалім – педагогикалық процесті ұйымдастыру мен басқаруда жоғары нәтижеге жеткен алдыңғы қатарлы мұғалім.
Оқушылардың қарым-қатынастары және олардың мектептегі өзіндік басқару жүйесі – оқушылардың өзін-өзі басқаруы.
Оқыту сапасы деп білім мазмұнын игерудің (білімнің, іс-әрекет тәсілдерінің, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің, эмоционалдық-құндылық қарым-қатынастарының) және оқушылардың оқу процесінің түрлі кезеңдерінде өздерінің жеке мүмкіндіктері, талпыныстары мен оқыту мақсатына сәйкес дамуының белгілі бір деңгейін айтады. Егер оқыту нәтижелері операциялық тұрғыда берілген мақсатқа сәйкес келсе және әлеуметтік даму аймағында болжанған болса, онда оқыту сапалы деп танылады.
Өктемшіл стиль – басшының барлық шешімдерді жеке қабылдауы, сол сияқты жұмыскерді жеке адам ретінде елемеуі тән. Басшы қол астындағы адамдарды, кәсіпорынның иерархиялық ұйымынан туындайтын олардың бұлжытпай бағынуын күтіп, өзінің заңды билігінің күшімен басқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |