Кейс-42. Педагогикалық ұжымда жобалық топтың құрылымын кесте түрінде көрсетіңіз.
Кейс-43. Ұсынылған әдебиеттерді зерделей отырып, «Мектеп директорының педагогикалық ұжымның қалыптасуындағы рөлі» тақырыбында хабарлама дайындау (Әдебиеттер: Дерзкова Н.Команда: этапы становления и поведение руководителя //Директор школы. -1996. -№1. -С. 30-35; Манн Д., Биллер В. Школьные администраторы России: глазами американских исследователей //Директор школы. -1996. -№3. -С. 33-36. және т.б.)
Кейс-44. Басшының және қызметкердің этикалық қарым-қатынас кодексін әзірлеу.
Кейс-45. Қақтығыстың қызметі мен түсінігін Б.С.Волков пен В.Н.Волкованың көзқарасы бойынша кестеге түсіріңіз.
Кейс-46. Төмендегідей парадигмаларға сүйене отырып және қақтығыс ұғымының қызметіне талдау жасай отырып эссе жазыңыз: келіспеушілікті қабылдау; қақтығыс диалектикалық-шығармалық фактор ретінде (Волков Б.С.). Басқа да ғалымдардың ой-пікірлері мен зерттеулерінен мысал келтіріңіз.
Кейс-47. Вен диаграммасы бойынша (сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы) келіспеушіліктің даму сатыларын көрсетіңіз.
Кейс-48. Келесі үлгі бойынша қақтығыстардың түрлеріне педагогикалық жағдаят мысалдарын құрастырыңыз: белсенді-қақтығыстар (сұрақ), пассивті- қақтығыс (сұраққа жауап), қақтығыс-мәмілесі; мәмілеге келу.
Кейс-49. Белгілі бір жағдаяттық мысал негізінде (түрлі басылымдардағы материалдардан) топ пен жеке тұлға арасындағы қақтығыстарды сипаттаңыз.
Кейс-50. Шарықтау мен бәсеңдеу (қақтығыстардан кейінгі кезең) кезеңдерінің мазмұнына талдау жасап, себептерін анықтаңыз.
Кейс-51. Р.Стогдил (1948 ж.) мен Р.Манның (1959 ж.) көшбасшылық қасиеттерді (ақыл-ой мен сана мүмкіндіктері, белсендік, істі меңгеру, сенімділік, өзгелерді басқару қасиеттері) анықтау туралы ойларын талдау жасап, өз қорытындыңызбен бөлісіңіз.
Кейс-52. Көшбасшылық қасиетті: назарды, анықтаманы, сенімділікті және өз-өзіне деген сенімділікті басқару деп топқа бөлген американдық ғалым Уоррен Бенистің жасаған зерттеу нәтижесіне талдау жасаңыз. Қорытындыны эссе түрінде орындаңыз.
Кейс-53. Р.Стогдил, Р.Манн, У.Бенис сынды ғалымдардың көшбасшылық бойынша жасаған зерттеулерін салыстырып, ерекшеліктеріне талдау жасаңыз. Басқа да ғалымдардың зерттеулерінен мысал келтіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |