|
Қазақстан республикасы білім және ғылым
|
бет | 231/260 | Дата | 03.03.2023 | өлшемі | 4,42 Mb. | | #41578 | түрі | Оқулық |
| Білім берудегі менеджмент. КітапКейс-28. Жүйелі, гуманистік, құзіретті тәсілдер негізінде әрекет ететін мектеп моделін (жобасын) әзірлеңіз. Ол бойынша презентация дайындап, оны қорғаңыз.
Кейс-29.Мектепті басқарудағы инновация бойынша табысты көшбасшының нобайын жасау (кейс әзірлеу негізінде).
Кейс-30.Педагогикалық ұжымды басқару кезеңіндегі жаңашылдық процестің құрылымын сипаттаңыз.
Кейс-31.«Қазіргі мәдени білім беру мектеп кеңістігіндегі жаңашылдықтар» тақырыбы бойынша эссе дайындау (Қазақстан Республикасындағы мектептерді талдау арқылы).
Кейс-32. Тиімді инновациялық басқару технологияларын құрылымдық- мазмұндық сипаттамаларын жасау: басқару технологиялық форсайт ретінде бекіту-инновациялық даму стратегиялық бағытын таңдауға SWOT- талдау жасаңыз.
Кейс-33. Инновациялық жобаларды басқарудағы педагогикалық диагностиканың талдауын әзірлеңіз.
Кейс-34. Оқыту технологиясы мен әдістеріне салыстырмалы талдау жүргізіңіз.
Кейс-35. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруда әдістемелік іс- шаралар бағдарламасын дайындаңыз.
Кейс-36. Мұғалімнің басқару іс-әрекетінің тиімділігін бақылау мақсатындағы негізгі қадамдарды ашып көрсетіңіз.
Кейс-37. Соңғы жылдары педагогикалық ғылымдарда мониторинг мәселесі белсенді түрде әзірленуде. В.М.Лизинскийдің кітабында (В.М.Лизинский. Приемы и формы в учебной деятельности. -М.: Центр
«Педагогический Поиск», 2002) оның оқушылардың бағаларын мониторинг жүргізуге байланысты ойларымен танысыңыз. Өзіңіз осы мәселе бойынша негізделген өз ұстанымдарыңызды ұсыныңыз.
Кейс-38. Педагогикалық бақылау түрлерін атаңыз және оларға қысқаша сипаттама беріңіз.
Кейс-39.Мұғалім еңбегін бағалаудың басты критерийлерін анықтаңыз.
Кейс-40. «Педагогикалық ұжым мен педагогикалық қызметкер: сипаты мен саралау функциясы» тақырыбында сараптамалық хабарлама дайындаңыз.
Кейс-41. Педагогикалық ұжымның әлеуметтік-психологиялық түсінік сапасына (жетістікке бағытталған, дамуға бағытталған, өзін-өзі дамытуға бағытталған) және басқа да қасиеттеріне қарай құрылымдық кесте құрастырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|