Қазақстан республикасы білім және ғылым


Сурет-77. Педагогикалық қақтығыстың түрлері



жүктеу 4,42 Mb.
бет214/260
Дата03.03.2023
өлшемі4,42 Mb.
#41578
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   260
Білім берудегі менеджмент. Кітап

Сурет-77. Педагогикалық қақтығыстың түрлері


Педагогикалық қақтығыстың түрлері:

  1. Тұлғаішілік қақтығыс бұл тұлғаның мотив, қызығушылықтары, арасындағы күресті бейнелейді.

  2. Тұлғааралық қақтығыс – бұл тұлғалар арасында бір-біріне қарама- қарсы мақсаттарды орындау барысында іс-әрекетте туындайтын конфликтілермен сипатталады.

  3. Топаралық қақтығыс – бұл әлеуметтік топтар арасында мақсаттар мен оларға жету жолдарының қарама-қарсы келуінен туындайтын конфликтілер.

  4. Тұлғалық-топтық қақтығыс – тұлғаның мінез-құлқы мен тәлім- тәртібі топтың нормалары мен қалауына сәйкес келмегенде туындайды .



Тұлғааралық қарым-қатынастағы қақтығыс үстемдігі сипаттамасының себептері. Педагогикалық ұжымдағы қақтығыстарды басқару ерекшеліктері, қиындықтары. Ұжымдағы көңіл-күй мен қоғамдық пікір, эмоциялық күш-қуат пен өзара қатынастың деңгейін ондағы қалыптасқан әлеуметтік-психологиялык, ахуалпен айқындалады. «Психологиялық ахуал»,
«әлеуметтік-психологиялық ахуал» немесе «микроахуал» ұғымдары ғылыми емес, астарлы, ауыспалы ұғымдар. Географиялық ахуал сияқты мамыражай әлеуметтік-психологиялық ахуал адамның осындай ахуалтағы ұжымда өзін барынша жайлы сезініп, тұлғалық және кәсіптік қатынастарда өзін жан-жақты таныта алуын білдіреді.
Ғалым Қ.М.Кертаеваның зерттеуіне сүйенсек, комфортқолайлы жағдайлар жиынтығы, яғни жұмыс орнын бағалаудың барометрі, оның әр көрсеткіштерінің, физикалық ортаның, жұмыс қалпының, қозғалтушы ортаның, т.б. эргономиканың талаптарына сәйкестігін анықтаушы.
Шетел тілдері сөздігінде: «Эргономика – еңбек саласындағы адамның функционалдық қабілеттерін зерттейтін ғылым. Қызметкердің жоғары өндірісті, сапалы еңбектенуі, оның соған сәйкес қабілеттерін дамытуға қажетті мүмкіншіліктер мен заңдылықтарды айқындап, солардың талаптары бойынша үйлесімді жағдай жасау» деген анықтама береді.
Бельгиялық психологтар М.А.Робер және Ф.Тильман өздерінің «Жеке тұлға мен топ психологиясы» еңбегінде баланың қоршаған ортамен қарым- қатынасын төмендегіше сипаттайды: «Егер де қоршаған орта баланы дұрыс ұғатын болса, оның бойында әлеуметтік қажеттілік дамиды. Ол ашық жүзді, жайдары болып өседі. Өзінің біреуге деген агрессиясын көрсетуге себеп таппайды.
Егерде қоршаған ортадағы адамдар баланы жақсы көрмей, еркелетпей қатал ұстаса, ол балада қоғамға қарсы агрессиялық көңіл пайда болып, соған сәйкес әрекетке айналады, әлеуметтік қарсы сипаттағы қажетсінулер дамиды. Ондай бала тұйық, енжар, жасық болады, не өмірбақи жәбірлік көргендей тәуелсіздікті, бостандықты аңсаған, қатыгездік нышанды бала болып өседі».
В.Ф. Шаталовтың «Педагогикалық проза» кітабының алғы сөзін жазған психология ғылымдарының докторы З.И.Калмыкова: «Мен В.Ф.Шаталовтың әдістемесі бойынша істеп жүрген бірқатар мұғалімдердің сабақтарына
қатыстым, әртүрлі мектептерде, әртүрлі мұғалімдер В.Ф.Шаталовтың әдістемесін әртүрлі деңгейде меңгеруіне байланысты оқушылардың даму деңгейі де әртүрлі болуына қарамастан, жалпыға ортақ ерекше психологиялық ахуал көзіме түсті.
Мұнда мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы байқалады:

  • тілектестікпен түсінісуі, ілтипаттылық;

  • шығармашылыққа талпыныс;

  • жеке оқушының жетістігіне қызығушылық.

Әбігершіліксіз, жан қысылусыз, қорқынышсыз, сыйлы, байыпты, жанға жайлы іскерлікті жағдайда оқыту оқушылардың білім сапасының жоғары болуына себеп болады.
В.А.Кан-Калик жаңашыл мұғалім В.Ф.Шаталов жайлы: «В.Ф.Шаталов сабақтарында жанға жайлы, психологиялық комфортты қарым-қатынасты қалыптастырып, оқушыларға өздерін еркін ұстап, ойындағысын, бойындағысын айқын, ашық көрсетуге мүмкіншілік туғызады» деп оқушыны жеке тұлға ретінде қарауды ұсынады.
Ғалым Л.Т.Охитина «Сабақтың психологиялық негіздері» еңбегінде:
«Сабақты өткізуде мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыруын және оқушылардың танымдық әрекетін ұтымды басқара алуын ерекше атап айтып кеткен жөн. Мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыруының психологиялық компоненттеріне оның шығармашылық көңіл-күйі мен оқушылармен психологиялық түйіспе (контакт) орната білуі жатады». Психологиялық түйіспе (контакт) деген не? Оны қалай жүзеге асыру керек?
Үлкендер мен жеткіншектердің арасындағы қатынас төмендегідей жағдайларда сәтті дамиды:

  1. Егер жеткіншектер үлкендердің әрекеттеріне шын ниетімен қолғабыс көрсетсе.

  2. Егер үлкендер жеткіншектерге үлгі бола білсе.

  3. Егер үлкен адам жеткіншекті өзінің ісіне қатыстырып, керекті ептілікке үйретсе, қиындықтармен күресуге көмектессе, сонда барып үлкен мен жеткіншек «қатар» емес, «бірге» өмір сүреді.

Осындай түйіспені «психологиялық түйіспе» деп атайды.
78,79-суреттерде психологиялық комфорт, психологиялық түйіспе ұғымдарының мәні ашылды.
Өмір, тіршілік адамдардың бір-бірімен араласуынан, қарым-қатынастан тұрады. Қарым-қатынас ұғымы – адамның ішкі жан дүниесінің сыртқы көрінісі, олардың күнделікті өмір тіршілігіндегі бейнесін жасаудағы іс-әрекеті.
Мұғалім мен оқушы – әртүрлі екі субьект. Мәселенің негізгісі осы әртүрлі рухани дүниені біріктіру. Педагог міндетті түрде ықпал ету нысанын көріп қана қоймай, жасалған ықпалдың нәтижесін де көруі керек. Мұғалім көп жағдайда өзінің сәтті ұйымдастырылған іс-әрекетін міндетті түрде ескеруі керек.
Мұғалім мен мұғалімнің, мұғалім мен басшының қарым-қатынасы қарама-қарсы нақтылық пен сөз мәдинетін талап етеді.



жүктеу 4,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   260




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау