Стратегиялық менеджмент тарауларына стратегиялық басқаруды құрайтын негізгі теорияларынан тұрады: стратегиялық менеджмент негіздері, стратегиялық жоспарлау және стратегияны жүзеге асыруды басқару. Әр тарау басқару теориясында әлі толық тұрақтанбаған параграфтардан (бөлімдер) тұрады.
Зерттеу әдіснамасы – стратегиялық менеджментте қолданылатын жалпы және арнайы зерттеу әдістерінің жиынтығы: жүйелі анализ, STEP және SWOT талдаулары, мақсатты басқару және т.б.
Стратегиялық басқару кезеңдері – бұл зерттеу процесінің құраушы элементтері ұйымның жағдайын диагностикалық талдаудан басталатын стратегияны құру және жүзеге асыру, макрожүйе бойынша стратегиялық жоспар бөлімдерін құру және ұйымдағы өзгерістерді басқарумен аяқталады.
Ұйымның макрожүйе бөлігі – басқарудың өзара байланысты бірнеше функциясын біріктіретін ұйымның ірі құрамдас бөлігі.
Ұйымның өмірлік цикл кезеңдері ұйым дамуының негізгі кезеңдерін бейнелейді: пайда болуы, өсуі, жетілуі, төмендеуі. Бұл кезеңдердің бөлінуін білім беру қызметінің (тауар) өмірлік циклінің кезеңдерімен шатыстыруға болмайды.
Даму стратегияларының түрлері – жуырдағы келешекке деген ұйым мінез-құлқын жалпылайтын модель түрлері (эталонды, функционалды, салалы т.б.)
Керекті өзгерістерді айқындау біліктілігі (мақсатты тұжырымдау) басшылықтың білім беру мекемесін басқаруда дамудың бағыты мен миссиясы туралы стратегиялық мақсатқа қайта қараудан тұрады, бұл ұйымның прогресін қамтамасыз етеді.
Егер басшы белгілеген міндеттер ұзақ мерзімді мақсатқа жетуді көздесе тамаша болады. Ұзақ мерзімді мақсат басшылыққа оқу орны ұзақ уақыт бойы жақсы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жағдайды көрсетеді. Қысқа мерзімді мақсат тікелей жетілдіруді анықтайды және басшылықтың таяуда ала алатын нәтижелерін анықтайды.
Өзгеруші стратегияларды жасап шығару біліктілігі (базалық стратегиялар) басты басқару мәселесін шешуді болжайды: ұйымның жағдайын ескере отырып, қажетті нәтижеге қалай жетуді және оның келешегін шешу. Мақсат – бұл нәтиже, ал стратегия оған жету әдісі. Стратегия – бұл стратегиялық және қаржылық мақсатқа жету үшін басшыларға қажет әрекеттер. Қайта жасау міндетін шешу оқу орнының ішкі және сыртқы жағдайына диагноз қоюдан басталады. Осыдан кейін басшылар өмір сүру ортасының толық бейнесін алады, сосын қаржылық және стратегиялық нәтижелерге жетуге
негізделген стратегияны жасауға дайын болады. Дұрыс емес диагноз немесе оның жоқ болуы мұқият ойланбаған стратегиялық әрекеттің қаупін жоғарылатады.
Білім беру мекемесінің стратегиясы оқиғаның күтпеген дамуы кезінде немесе жаңа бәсекелестік қысымның пайда болу кезінде мақсатқа бағытталған алдын ала ойластырылған әрекеттердің үйлесімділігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |