«Step by step» технологиясының оқыту үрдісіндегі тиімділігі №17



жүктеу 1,4 Mb.
бет1/5
Дата15.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#26713
  1   2   3   4   5

«Step by step» технологиясының оқыту үрдісіндегі тиімділігі

№17 «Родничок» бөбекжайының

әдіскері Н.Мәмбетова

 «Step by step» технологиясы - заман талабына сай



Қазіргі кезде толғандыратын өзекті мәселелердің ең негізгісі –еліміздің болашағы.Заман ағымының өзгеруіне байланысты мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне жаңа талап - міндеттер қойылуда. Балабақшадағы балалардың жан-жақты, рухани бай, жоғары мәдениетті болып қалыптасуына ықпал ететін жаңа технологиялардың бірі – «Step by step» технологиясы. «Step by step» технологиясының ең басты ерекшелігі-әр балаға деген жеке-дара көзқарас. Ал ұйымдастырылған қызметтер белсенділік орталықтарда жүргізіледі.Бұл жаңа стандарттың талаптарын орындауға өте ыңғайлы.

«Step by step» технологиясының мақсаты:

  • Жас бүлдіршіндерді жасытпай оқыту, сенімсіздік комплекстерін жою;

  • Мектеп ішінде әміршілік пен өктемдікті қажет етпейтін құрылымды қолдау;

  • Баланың өзіндік “Менің” анықтауға көмектесу.

  • Балаларды дұрыс қарым-қатнас мәдениетіне тәрбиелеу;

  • Балаларды жан - жақтылыққа, кісілік парасаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Балалардың бойына әлем және адамзат туралы дұрыс түсінікті қалыптастыру;

  • Балалардың қоршаған ортасына деген қызығушылығын ояту;

  • Балалардың адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру мүмкіндіктерімен таныстыру.

«Step by step» технологиясы өмір талабына сай,баланың жеке басының  дамуына, білім беру үдерісіне  жанұясының  қатысуын  қамтамасыз етеді.«Step by step» технологиясында оқу-тәрбие үрдісінің сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарға үлкен мән беріледі. Атап айтқанда ата-аналарды сабақтарға қатыстыру, оларға өзекті мәселелер бойынша кеңестер ұсыну, қызықты тақырыптағы конференциялар мен семинарлар өткізу. Бұл жұмыстар күні бойы балаға жағымды эмоционалдық жағдайды ұйымдастырудан, педагог пен бала арасындағы өзара түсіністік, достық пен сенім сияқты қарым – қатынастардан көрініс табуда. Оқу – тәрбие үрдісін нәтижелі жүзеге асыру мақсатында «Step by step» технологиясында әр баланың жеке қабілеттері, жеке дара мүмкіншіліктері аса ескеріліп, оның өзіндік “Менің” қалыптастырып, оны жеке тұлға ретінде дамытуға, баланың ойы мен пікірін сыйлауға үлкен мән беріледі.

«Step by step» технологиясының әдіс-тәсілдері білім, біліктілік, интелектуалдық кәсіптік әдіс -тәсілдерді қолдану. «Step by step» технологиясы бойынша білімді үнемі күнделікті оқу қызметтерін орталықтарға бөліп «Step by step» технологиясының элементтерін пайдалана отырсақ,балаларда жаңаша көзқарас қалыптасады.

«Step by step» технологиясының ең басты ерекшелігі - балабақшамен ата-ана арасындағы тығыз байланысты көздейді. «Step by step» технологиясындағы үштік: бала, ата-ана, педагог. Баланы жетілдіріп тәрбиелеу-баршаға ортақ іс. Сондықтан тәрбиешілер ата-аналарды тікелей осы іске қатыстырады.«Step by step»технологиясы бойынша ата-анамен жұмысты ұйымдастыру барысында – ата-ананы, яғни отбасын тәуелді ету емес, оның қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздейді. Баланың дамуы туралы ақпарат ата-аналарға бала тәрбиелеуде өз ролін жүзеге асыруға ықпал етеді. Тәрбиеші тарапынан көрсетілген көмектің тиімділігіне көзі жеткенде ғана, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.

Балабақшада ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:

*Ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту:

*Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін көрсету.

*Ата-анамен жұмыс жасаған кезде біріктілік қағидасын басшылыққа алу.

Отбасының оқу-тәрбие ісіне қатысы:

• Ата-аналар өз  балаларының алғашқы ұстаздары мен адвокаттары.



• Олардың педагогикалық процесстерді жоспарлау мен ұйымдастыруға қатысулары балалар мен ата-аналардың өздері үшін де айрықша маңызды.

• Сабақ, бірлесіп өткізілген семинарлар, сұхбаттасу, үйлеріне бару, ақпараттар мен алмасу арқылы тығыз қарым-қатынас орнатуға ат салысады.Педагог жұмысының айқын компоненттерінің бірі - педагогтар мен ата-аналардың арасындағы әріптестік өзара қатынасты тереңдетуге үйрету болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың басты мақсаты - әрбір баланың отбасымен өзара әлеуетін дамыту және қабілеттерін ашу, бірінші кезекте - өз балаларының басты мұғалімдері және қорғаушылары болып табылатын ата-аналарымен қатынасы.

Балабақшада тәрбиешілердің тәжірибесінде ата-аналармен бірігіп жұмыс істеудегі әртүрлі формалары қалыптасқан (әңгімелесу, дөңгелек үстел, пікірталас, отбасы бөлмесінде жұмыс ұйымдастыру, психологиялық тренинг т.б.) және ата-аналардың оқу қызметтерге ассистент ретінде қатысу, сайыстарға араласу, газет шығару, Ашық есік күніне араласу,тренингтерге және  басқа да шараларға араласу сияқты қолданатын әдістер арқылы балабақшаның күнделікті өмірі туралы толық ақпараттандыру мәселесі шешіледі.Олар ата-аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізеді. Тәрбиешілер ата-аналармен жақынырақ танысып,отбасының әлеуметтік жағдайын,отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі рөлін анықтау үшін,ата-аналардың ұсыныс пікірлерін ,ойын бөлісу мақсатында сауалнама алынады.Сонымен бірге жыл бойы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата-аналармен бірлесе отырып жасауда. Себебі, ата-ана заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады.

«Step by step» технологиясы бойынша ата-аналармен «Отбасы газетінің », кітапшалар шығаруға белсене қатысады.Осы «отбасы газеті» беттерінде ата-аналар ынтымақтаса, баламен бірге орындаған жұмыстардың нәтижелерін көрсетеді.Олар;отбасы мүшелерінің шығармашылық жұмыстары, қолөнері, баланы салауатты өмір салтына бейімдеуі мен дәмді тағамдарды баламен бірге балабақша ұжымына арнап жасағаны сапалы нәтижелерді береді. Бұл шаралар тұсында балалардың әке-шешесі, ата-әжесінің, әпке –ағаларының да бауырларының да өзара сүйіспеншілігі артты.Осындай іс-шаралардың арқасында ата-аналарымыз кәсіби тәрбиеші болып,бірнеше нәтижеге жетті.

Орталықтың  басты іс-әрекеттері:

• 0-12 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы демократиялық қағидаларды қолдау;

• Білім беру ісіне отбасын, қоғамды тарту;

• Баланың жеке басының ерекшеліктерін еске ала отырып оқыту және тәрбие ісін ұйымдастыру, баланың табиғи қабілетін ашу мен дамыту;

• Мектеп жасына дейінгі мекемелерден бастап жоғарғы мектепке дейінгі барлық деңгейдегі педагогтарды оқыту;

• Білім беретін мекемелердің барлығымен бірлесіп қызмет ету, бағдарламаларды толығымен қамтып енгізу;

• Бағдарлама бойынша жергілікті оқу орындарының іс-әрекетін ұйымдастыратын аймақтық оқыту орталықтарын құру.

Технологияның балаларға ұсынатындары:

• Іс-әрекеттерді таңдау мүмкіндігі

• Зерттеу ісімен шұғылдану

• Проблеманы қою және шеше білу



• Іскер және тапқыр болу


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау