мақсат – ынта – іс-әрекет – рефлексия – теориялық білім.
Педагогикалық жүйені (ПЖ) төмендегідей формуламен анықтауға болады: ПЖ = ӘЖ + Дпр.
Мұндағы: ПЖ – педагогикалық жүйе; ӘЖ – әдістемелік жүйе; Дпр – дидактикалық процесс.
Тәжірибеде жүзеге Педагогикалық
жүйе
Педагогикалық жүйе Әдістемелік жүйе + Дүр
Мақсат, мазмұн, әдіс, сабақтың Ы+Әбн+Оә+Түз.ә+Бә+Басқ түрі, құралдар
+
Мақсат, мазмұн, әдіс, сабақтың Ы+Әбн+Оә+Түз.ә+Бә+Басқ түрі, құралдар
Ресейлік ғалым В.П.Беспалько мен қазақстандық ғалымдар Ж.А.Қараев пен Ж.У.Кобдикованың зерттеулеріне сүйене отырып, педагогикалық жүйенің мағынасын ашып көрсетуге болады (23-сурет).
Сурет -23. «Педагогикалық жүйе» ұғымының мәні
Мақсат педагогикалық іс-әрекеттің компоненті болып табылады. Сонымен қатар, мақсат – субъект саласында оның қоршаған ортамен өзара ықпал байланысынан туындайтын әрекеттің нәтижесі туралы ой болжамы. Мақсатты болжау – мақсат пен міндеттердің өзара байланысын тану нәтижесі. Міндет – мақсаттың бір бөлігі, құрылым бірлігі. Міндет көрер көзге дербес, өз алдына жасағанымен, мақсат бағытында орындалып отырады.
Мақсаттың қозғалмалылығы мен ауыспалылығы оның ешқашан шектелмейтінін көрсетеді. Мақсат өзін белгілейтін субьект – адаммен бірге
дамып отырады, себебі ол сол субьектіге жасалады, сондықтан да субьектінің дамуымен мақсат та жоғарылай бастайды. Сонымен, мақсат өз қызметін атқару үшін жалпы сипатқа ие болуы тиіс: мақсат – бастау көзі, педагогтың кәсіби қызметінің бірінші элементі.
Педагогикалық жүйенің құрамдары. Педагогикалық жүйенің жалпы белгілері. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты (түлектің мінсіз бейнесі) жүйеқұраушы құрылым ретінде. А.И.Щербаков пен А.В.Мудрик
«педагогикалық іс-әрекет» ұғымына төмендегідей анықтама береді:
«Педагогикалық іс-әрекет – бұл кәсіби мақсаты өскелең ұрпақты тәрбиелеу болып табылатын қоғамның ересек мүшелерінің іс-әрекеті».
Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз – жеке тұлғаны дамытуға және қоғамдағы әлеуметтік орнын анықтау үшін жағдай жасауға адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған өмірлік тәжірибесі мен мәдениетін аға ұрпақтың жас ұрпаққа беруге бағытталған әлеуметтік іс-әрекетінің ерекше бір түрі.
Педагогикалық әрекеттің бірінші компоненті – бұл қоғам қажеттілігіндегі инновациялық білім, қоғам дамуының тенденциялары, адамдарға қойылатын талаптар. Бұл компонент педагогикалық әрекеттің мазмұны, тапсырмалары, мақсатын анықтайды.
Екінші компонент педагогикалық әрекеттің мақсатын анықтайды: жеткіншек ұрпаққа берілетін адамзат тәжірибесіндегі қоғамдық қарым- қатынастар, мәдениет, әртүрлі ғылыми білімдер, технология.
Үшінші компонент – бұл арнайы педагогикалық білім, кәсіби тәжірибе және шеберлік пен құзыреттілік.
Педагогикалық іс-әрекет аясында мұғалім оқушымен қарым-қатынас процесінде ғылымды байланыстырушы рөлін атқарады. Мұғалім білім бере отырып, ұжымдық субъектілердің іс-әрекетін жеке субъектілердің жеке іс- әрекетіне айналдыру процесін ұйымдастырады және жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық іс-әрекетті зерттеушілер оның құрылымында төмендегідей функционалдық элементтері бар жүйе ретінде қарастырады:
педагогикалық өзара іс-қимыл субьектісі мен обьектісі, олармен бірге іс-әрекеті, оқыту мақсаты және қатынас жасау құралдары;
оқушы мен мұғалім, оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты, мазмұны, педагогикалық процесс пен оны ұйымдастыру түрлері;
педагогикалық ықпалдың мақсаттары субьекті мен обьектісі, мазмұны мен құралдары, нәтижелері, педагогикалық рефлексия (24-сурет).
Педагогикалық іс-әрекет педагогтың білім мазмұны мен оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудағы белсенділігі, ол адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |