Қазақстан республикасы білім және ғылым



жүктеу 4,42 Mb.
бет23/260
Дата03.03.2023
өлшемі4,42 Mb.
#41578
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   260
Білім берудегі менеджмент. Кітап

Педагогикалық менеджмент. Осы уақытқа дейін білім беру мекемелерінің басшылары, басшылық жасау білімін тек білімін жетілдіру жүйесінде курстық қайта дайындықтарды ұйымдастыру арқылы ғана алып келді. Маман-ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, қазіргі басшылар өз-өзінен
«табиғи талант» ретінде пайда бола қалмайды немесе курстарды өткізу нәтижесінде де дайындалмайды, қазіргі таңда студенттік кезден бастап базалық басқарушылық-педагогикалық білім алу қажеттілігі пісіп жетілді.
Сонымен қатар, көптеген дамыған елдерде: Ұлыбритания, Германия, Франция, Австралия, Канада, Швеция және т.б. тиімді басқару қызметіне қажетті білім менеджерлерін дайындаудың моделі жасалған.
Әлемдік менеджмент теориясы мен тәжірибесін талдағанда көрінетіні, классикалық менеджменттің біздің отандық басқару теориясынан ерекшеленетіні – менеджердің тұлғасына мән беретіндігі, оның ұйымның мақсатын жүзеге асыру үшін барлық адамдардың басын қоса алатын және соған арнайы кәсіби білімі бар екендігі. Менеджмент саласындағы білім беру, базалық басқару ақпаратын беруге және аналитикалық, іскерлік пен тіл табысу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің әлсіз жақтарының бірі – білім берудегі менеджменттің нашар дамуы» – деп көрсетілген. Сондықтан, білім беру менеджментін жетілдіру үшін келесі міндеттер қойылады, біріншіден, білім беру жүйесіндегі менеджментті жетілдіру, соның ішінде корпорациялық басқару принциптерін енгізу, білім беруде мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жүйесін құру; екіншіден, білім беруді дамытуда мониторинг жүйесін, сонымен бірге халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық білім беру статистикасын жетілдіру.
Көптеген отандық және шетелдік зерттеушілердің айтуы бойынша, басқару шын мәнінде тек техникалық өндірістік процестер саласында ғана емес, сонымен қатар күрделі әлеуметтік жүйеде, соның ішінде педагогикада аса қажет.
ХХ ғасырда мекемені, ұжымды басқарудың тиімді әдістері зерттеле бастады. 1991 жылы ғалымдар К.П.Вазина, Ю.Н.Петрова, Қ.Д.Белиловскийдің еңбектерінде «педагогикалық менеджмент» термині пайдаланып, ғылымға енгізілді.
Педагогикалық менеджмент – бұл қағидалардың, әдістердің, ұйымдастырылған формалардың, технологиялық әдіс жинақтарының қызметін көтеруге және дамытуға бағытталған педагогикалық жүйелерді басқару.
Білім беру процесінің астарында оны құраушы 3 процесс бар: оқу- тәрбиелік, оқу-танымдық және өзіндік білім алу процестері.
Педагогикалық менеджмент тұрғысынан алғанда кез келген оқытушы оқу-танымдық процесінің менеджері болады (оларды басқару субъектісі ретінде), ал орта білім беру мекемелерінің жетекшісі – жалпы алғанда оқу- тәрби процесінің менеджері (осы процесті басқаратын субъект ретінде).

жүктеу 4,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   260




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау