Біріншіден, басқарушы және басқарылушы жүйелер арасындағы қатынастар, яғни тікелей басқару субъектісі мен тікелей өндіру объектісі арасындағы қатынастар.
Екіншіден, басқарылушы жүйенің өз ішінде де басқару қатынастары болады: басқару сатылары және басқару аппаратының арасындағы қатынастар (тік байланыстар); әрбір сатыны басқару буындарының арасында; басқарушы жүйенің әртүрлі сатыларындағы аттас функционалдық басқару буындары
арасындағы қатынастар: министрліктің жоспар-экономикалық бөлімі арасындағы қатынастар және т.б.
Үшіншіден, басшылар мен әрбір басқару буынындағы бағыныштылар арасындағы қатынастар (субординациялық қатынастар).
Төртіншіден, басшылар арасындағы және бағыныштылар арасындағы қатынастар (координациялық қатынастар).
Белгілі қатынастар жүйесі тұрғысынан алғанда, басқару ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Қатынастардың сипаты және санына қарай басқаруды жүйеаралық, жеке адамдар арасындағы және аралас, сондай-ақ, ұжымдық және жеке қатынастар деп бөлуге болады, ал олар өз кезегінде тура, топтық және айқас қатынастарға бөлінеді.
Басқару қатынастары жасалу уақыты бойынша: уақытша және тұрақты қатынастар болып бөлінеді. Басқару қатынастары объектіге ықпал ету бағыты және дәрежесі жөнінен тікелей (бұйрықтар, өкімдер) және жанама (кеңестер, хабарламалар) қатынастарға бөлінеді.
Менеджмент – өз еңбегін пайдаланып, интелектісін және басқа да адамдардың тәртібін пайдаланып, жетекшінің қойылған мақсатына жете білуі; адамдар мен әлеуметтік процестерді басқару өнері.
«Менеджер» түсінігі, ең алдымен жаңа үлгідегі басшымен астастырылады, оның басты белгісі базалық кәсіби басқару білімінің болатындығы. Білім беру мекемелерін басқару дегеніміз – бұл әрбір адам жинақтай алатын тәжірибе ғана емес, бұл ғылыми білім саласы, оны игеру үшін табиғи бейімділік, талант және көшбасшылық қасиет керек.
Қазіргі білім беру мекемесінің басшысы – бұл тек қызмет қана емес, сонымен қатар мамандық, өйткені бұл қызмет мамандықтың қажетті барлық белгілеріне ие: арнайы білімді, біліктілікті және бейімділікті, арнайы тұлғалық және кәсіби қасиеттерді қажет етеді.
Әрбір білім беру мекемесі мен білім беру жүйесі қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігі, бүтіндей алғанда басқаруға байланысты болады.
Басқару қызметі отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде төмендегідей анықталады: «Басқару дегеніміз – бұл алдын-ала көрегендік, ұйымдастыра білу, бұйрық беру, үйлестіру және бақылау».
Қазіргі уақытта, білім беру нарқының мүмкіндігі мен ауқымы сан қырлы. Жаһандану жағдайында, жақын болашақта білім беру нарқында жоғары сападағы кәсібі мамандарға сұраныс күшейеді. Бұлар – білім беру саласының менеджерлері. Білім беру процесінің менеджері дегеніміз – тұлғаның біліммен сусындауына мүмкіндік жасайтын адам. Білім – тұңғиық әлем, орасан зор күш.
Міне, сондықтан қазіргі кезеңде білім менеджерлерін дайындау өзекті мәселе. Ол білім жүйесінің тиімді қызмет етуі мен оның бағытын анықтап, білім жүйесінің жоғары сападағы мамандарын қалыптастырудың негізгі факторы болып табылады. Білім беру мекемелерін менеджменттен арнайы дайындығы бар, мемлекеттік үлгідегі құжатпен расталған мамандар ғана басқаруға тиіс. Білім беру мекемелері мен білімді басқару органдарының
басшылары мен менеджерлерінің білімін жетілдіріп отыруын тұрақты жолға қою қажет.
Сонымен қатар, көптеген дамыған елдерде: Ұлыбритания, Германия, Франция, Австралия, Канада, Швеция және т.б.тиімді басқару қызметіне қажетті білім менеджерлерін дайындаудың моделі жасалған.
Әлемдік менеджмент теориясы мен тәжірибесін талдағанда көрінетіні, классикалық менеджменттің біздің отандық басқару теориясынан ерекшеленетіні – менеджердің тұлғасына мән беретіндігі, оның ұйымның мақсатын жүзеге асыру үшін барлық адамдардың басын қоса алатын және соған арнайы кәсіби білімі бар екендігі. Менеджмент саласындағы білім беру, базалық басқару ақпаратын беруге және аналитикалық, іскерлік пен тіл табысу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Менеджмент іс-әрекеттің сапалы басқаруын талап етеді. Егер басқару оң нәтижесін бере алмаса, ол ешқандай да басқару бола алмайды. Педагогикалық жәй басқарудан менеджменттің айырмашылығы да осында.
«Менеджмент» ұғымына ғалымдар әртүрлі анықтамалар ұсынады (1- кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |