Қазақстан республикасы білім және ғылым



жүктеу 4,42 Mb.
бет9/260
Дата03.03.2023
өлшемі4,42 Mb.
#41578
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   260
Білім берудегі менеджмент. Кітап

Әлеуметтік (қоғамдық) жүйелерді басқару дегеніміз – шын мәнінде келгенде адамдарды басқару. Қоғамның ең басты «өндіргіш күші» ретінде адамдар табиғат пен қоғам заңдарын танып, оларды материалдық игіліктерді өндіру мен тұтыну процесінде пайдаланады. Зерттеу объектісі – әлеуметтік- экономикаық жүйелер, ал пәні өндірісті басқару жүйесі болады.
Француз экономисі, «саяси экономия» деген терминнің авторы А.Монкретьеннің (шамамен 1575-1621ж.ж.) өзі де елдің шаруашылығын ең алдымен мемлекеттік басқару объектісі деп ойлаған болатын. Басты ерекшелігі
– басқарудың нысаны, саналы көзқарас. Бұл жүйе саяси, экономикалық, рухани, әлеуметтік (әлеуметтік қатынастар) басқару болып бөлінеді және қоғам өмірінің тиісті салаларын көрсетеді.
Қоғам өмірінің осы салаларын негізге алғанда әлеуметтік басқару үш түрге: экономикалық басқару, әлеуметтік басқару, қоғам өмірінің, рухани саласын басқару түрлеріне бөлінеді.
Әлеуметтік экономикалық процестердің өздері тұрақты және үздіксіз болғандықтан, экономиканы басқару үздіксіз сипатталады.
Бұл жүйенің факторлары: еңбек бөлінісі, мамандандыру, кооперация, қоғам өмірінің үздіксіздігі, нысаналылық.
Басқару ол біздің айналамыздағы дүние элементтерінің бірі болып табылады. Бірақ басқару процестерін тарихтан тыс және басқаруды жүзеге асыру саласынан қол үзген деп қарастыруға болмайды.
Басқарудың 2 жағы бар: бірінші жағы еңбек бөлісінің қажеттігіне байланысты; екінші жағы басқару қашанда билігі бар өкілеттікпен (әлеуметтік- экономикалық аспект), белгілі бір мақсатты іске асырумен байланысты.
Барлық қоғамдық жүйелер ішінен зерттеу үшін басқару ғылымы қоғамдық өндірісті басқаруды таңдап алады. Ол жалпы қоғамдық өндірісті басқару, материалдық игіліктерді өндіруді басқару, рухани игіліктер өндіруді басқару және қызмет көрсетудi басқару буындарынан тұрады.
Бұл арада олардың арасында көлбеу байланыстар бар екені айқын көрінеді. Материалдық игіліктерді өндіруге басымдық береді. Ол материалдық негіз ретінде рухани игіліктер өндіру мен қызмет көрсетуді алдын ала анықтайды және олар материалдық игіліктер өндіруге ықпал жасайды.
Басқарудың бастапқы негізі басқарудың қалыптастырылуы мен мақсатын таңдап алу болып табылады. Адамның кез-келген қызметінің басты белгісі – нысаналы қызмет. Сондықтан да ерекше әлеуметтік қызмет ретінде басқаруға нысаналық тән.
Әлеуметтік басқарудың айырмашылығы – басқару субъектісі басқару объектісіне қызметтің мақсатын анықтау жолымен ықпал жасауы.
Өтпелі кезең жағдайында экономиканы басқарудың орасан зор мақсаты нарықтық қатынастарды реттеу әдістерінің икемді жүйесін жасау, халық шарушылығының әлеуметтік жағынан бағдарланған, қоғам мүшелерінің лайықты өмір сүруі үшін материалдық жағдайлар жасай алатын нарықтық экономикаға оңтайлы енуді қамтамасыз ету болып табылады.
Өндірісті басқарудың өзі дербес ғылым болып табылады. Оны жеке ғылымға бөлу факторлары:

  1. басқарудың әлеуметтік маңызы;

  2. эмпирикалық білімді жинақтау;

  3. ғылымды дамытудың материалдық мүмкіндіктері.

Өндірісті басқарудың ғылыми негіздері үш бөліктен тұрады: ғылымның пәні, әдісі, теориясы.
«Басқарудың ғылыми негіздері» және «басқару теориясы» (ғылым) деген ұғымдарының ара жігін ажырата білуі керек.
Басқару теориясы басқару практикасында объективті заңдарды саналы пайдаланудың формаларын зерттеумен шектеле алмайды, бірақ ол ең алдымен біртұтас нәрсе ретінде басқару заңдарын және басқарудың барлық бөліктерін тұтас етіп (белгілі жүйеге) интеграциялау заңдарын тұжырымдауға тиіс.
Басқару теориясы екі бөліктен тұрса да, ғылым ретінде біртұтас. Олардың біреуі қисынды талдау негізінде өндірісті басқарудың жалпы заңдары мен қағидаларын зерттейді, ал сөздің тар мағынасында алғанда ол басшылық теориясы деп аталады. Екіші бөлігі басқару өнері деп аталады. Ол нақты тәжірибе негізінен алынған тәжірибелік қорытындылар арқылы басшылардың белгілі бір категориялары үшін басқару үлгілерінің жүйеге келтірілген жиынтығын қалыптастырып, сол арқылы басқару теориясын байыта түседі.
Басқару ғылымның пәні экономиканы басқару процесінде пайда болатын қызметкерлердің қатынасы болып табылады. Басқару қатынасын басқару ғылымының пәні деп анықтауға болады.
Басқару қатынастары аса маңызды әлеуметтік-экономиклық категория болып табылады. Өндірісті басқару теориясында бұл категорияның ерекше орын алу себебі: оның зерттейтін пәні басқару қатынастары болуына байланысты.
Басқару қатынастары төмендегідей ұйымдастырушылық түрлерге бөлінеді:

жүктеу 4,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   260




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау