Қазақстан республикасы білім жəне ғылым


Информатикадан олимпиада мен ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру



жүктеу 5,38 Mb.
бет67/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

Информатикадан олимпиада мен ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру




Бірқатар дамыған елдерде оқушылардың информатикадан немесе программалаудан ұлттық олимпиадалар өткізеді, ол қазіргі заманғы компьютерлік технологияға маңызды үлес қосатын талантты жастар мен дарынды программалаушыларды анықтаудың тиімді құралы ретінде қарастырылады. Сондықтан олипиадалар компьютерлік технологияның əртүрлі саласында жұмыс істейтін ғалымдар, инже- нерлер мен кəсіпкерлердің тарапынан, сонымен қатар мемлекеттік деңгейде жоғары қолдауға ие.
Информатикадан алғашқы олимпиада «Информатика жəне есептеуіш техника негіздері» пəнін жалпы білім беретін мектептер- ге енгізгеннен кейін өте қысқа мерзімде өткізілді жəне бірден жап- пай, өте танымал болды. Информатикадан олимпиадалар жыл сай- ын өткізіліп тұрады, оның жеңімпаздары сынып бойынша бірінші,
екінші, үшінші дəрежелi дипломдармен, мақтау қағаздарымен, сондай-ақ арнайы жəне бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің 2012 жылдың 13 наурызынан №99 бекіткен «Жалпы білім беретін пəндер бойынша мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасын өткізу» ережесі туралы бұйрығына сəйкес, олимпиада 4 кезеңде өтеді: 1) бірінші кезең – мектептік, программалау саласы бойынша оқушылар өздерінің қабілеттері мен дағдыларын көрсетулері үшін барлық оқушыларға жаппай мектепте өткізіледі. Бұл жарыс əдетте қараша айында өтеді;

    1. екінші кезең – аудандық (қалалық); мектеп олимпиадасының жеңімпаздары олимпиаданың үшінші кезеңіне жіберіледі;

    2. үшінші кезең – облыстық (Астана жəне Алматы қалалары, сондай-ақ республикалық мектептер дəрежесіоблыстық олимпиадаға теңеледі). Іріктеу кезеңіне əр сынып жəне пəн бойынша үшінші кезең жүлдегерлерінің қазылар алқасы үздік деп таныған үш үздік жұмыс жіберіледі;

    3. төртінші кезең – республикалық олимпиада Министрлiктiң бұйрығымен белгiленген мерзмде өткiзiледi [http://daryn.kz].

“Дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту жəне мемлекеттік қолдау көрсету” туралы (1996 ж.) Президент Қаулысы Қазақстандағы аса қабілетті балалар жəне жасөспірімдермен қарқынды түрде жұмыс жүргізудің себепкері болып отыр. Осы Қаулыны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы №256 қаулысымен Білім жəне ғылым министрлігі жанында жаңа ғылыми-құрылымдағы білім беру мекемесі республикада дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыратын «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы құрылды [http://daryn.kz]. Бұл орталықта Республикалық олимпиадалар жəне конкурстар, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстар, қашықтық олимпиадасы, интеллектуалдық- ойын конкурстар өткізіледі, сонымен қатар, информатиканы сырт- тай да оқытады, жақсы оқығандарға сертификаттар беріледі. Үздік қатысушыларға «Дарын» бағдарлы жазғы лагеріне жолдама беріледі. Алматы қаласында «Дарын» Республикалық ғылыми- практикалық орталығы мен О. Жəутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математи- ка орта мектеп-интернатының біріккен жобасы – математика, физика
жəне информатикадан жыл сайын дəстүрлі Халықаралық Жəутіков олимпиадасын өткізіп тұрады http://izho.kz/.
Сонымен қатар, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ заманауи ақпараттық технологияларды дамыту мақсатында құрылған ірі қазақстандық мемлекеттік компаниясы мектеп оқушылары арасында программалау бойынша халықаралық олим- пиада өткізеді. http://www.zerde.gov.kz.
Дарынды балалармен жұмыс істейтін республикадағы қарқынды дамып келе жатқан орталықтардың бірі – «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тəжірибелік орталығы 6-8 сынып оқушыларының арасында информатика жəне программалау бойынша облыстық олимпиадалар өткізіп тұрады [http://ertisdaryn.kz].
Аудан мектептері бойынша информатика пəнінен 8 сыныптар арасында қашықтық олимпиада өткізіледі [http://zharmabilim.kz].
Информатика пəні бойынша олимпиадаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

  • дербес компьютермен жұмыс істеудің қажетті дағдылары бо- луы, компьютердің негізгі сипаттамаларын білуі, олардың көмегімен шығарылатын есептерге қалай əсер ететінің түсінуі, мысалы, берілген қиындықтағы есепті шешуде жадысы мен жылдам əрекет етуі бойынша;

  • қолданбалы есептерді шешуде кең таралған операциялық жүйелермен (Windows, Linux) жұмыс істей білуі;

  • практикада қойылған есепті формальдау əдістерін білуі, же- кеше жағдайда, сөз түрінде сипатталған есептің қойылымынан техникалық жəне мазмұндық шектеулерді есепке ала отырып, оны формальды сипаттауға дұрыс өте білуді;

  • алгоритмдердің негізгі типтерін (əртүрлі құрылымды мəліметтермен жұмыс істеу алгоритмдері, графтардағы негізгі алго- ритмдер, сұрыптау мен динамикалық программалауды ұйымдастыру алгоритмдері, комбинаторикалық алгоритмдер, бүтін санды ариф- метика мен арифметикалық өрнектердің мəнін санау, модельдеу əдістері жəне т.б.) практикада іске асыра білуді;

  • есепті шешуде алгоритмнің қиындығы ұғымын қолдана білуді;

  • олимпиада есептерін шығаруда (программалау тілін олимпиа- да ұйымдастырушылары анықтайды) бір немесе бірнеше интегрлен- ген жүйелермен жұмыс істей білуі;

  • қазіргі заманғы программалау технологияларын практикада

қолдану əдістерін, сонымен қатар программаны тестілеу мен отлад- ка жасай білуі.
Олимпиаданың деңгейі жоғарылаған сайын, берілетін есептердің қиындығы қатысушылардың жоғары білімі мен біліктілігін талап ететіні белгілі. Тек қана программалау бойынша талап ету қиындығы жоғарыламайды, ол информатиканың басқа да тарауларын қамтиды. Халықаралық олимпиада өткізу практикасы негізінде туындаған қатысушының дайындық бағытын анықтайтын алты негізгі тарау- ды ерекшелеп көрсетуге болады. Олардың алғашқы бесеуі мына- дай тақырыптарға арналған: динамикалық программалау, қайта- қайта сұрыптау, графтардағы алгоритмдер, есептеуіш геометрия, жəне комбинаториялық алгоритмдер. Берілген есептердің ішінде бірнешеуі бірден берілген тақырыптарға жатуы мүмкін. Мысалы, қысқа жолды іздеуге берілген геометриялық есеп əдетте графтағы қысқа жолды табуға əкеледі. Мұндай жағдайда немесе басымды тақырыпты анықтау керек, немесе есепке басқа тарауларды қосу керек. Алтыншы тарауға алғашқы бесеуіне де кірмейтін есептер енгізіледі. Есепті шешу үшін синтаксистік анализ, динамикалық
программалау жəне графтағы алгоритмдерді меңгеру қажет.
Əрбір есепті шешудің нəтижесі есептің шартында берілетін жұмысқа қабілетті программа, не шығыс файлы болуы мүмкін. Егер есептің шешуі программа болса, онда қатысушы шешудің бастапқы мəтінмен файлды тексеруге өткізуі керек. Егер есеп Borland C++- ті қолдану арқылы шығарылсы, онда шешімі тексеруде large жадысының моделімен компиляцияланады.
Олимпиаданың мақсаты ғылыми бiлiмдi насихаттау жəне оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту, балалар- ды анықтау үшін қажеттi жағдай тудыру. Олимпиада – оқушылардың білімін дамытушы, информатика деген қызығушылығы мен тұрақтылығын арттырушы жарыс.
Олимпиада информатикадан білім берудің жалпы деңгейін көрсетеді, сонымен қатар, оқушылардың білім сапасын анықтап, мұғалімнің жоғары деп саналатын дайындық деңгейін сипаттайды. Олимпиадалар жаңа, оқушыларды ақпаратқа қызықтыратын ақпарат көзі болып табылмайды, сондықтан олар тереңдетіп дайындаудың негізгі формасы болып та саналмайтынына назар аудару қажет. Олимпиада əртүрлі мектептік, аудандық, қалалық, республикалық деңгейде өткізіледі.
Оқушыларды информатика пəнінен олимпиадаларға дайындай- тын көптеген Web порталдар бар. Облыстық, республикалық олим- пиада есептері, олардың шешімдері olympiads.kz сайтына жыл са- йын жарияланады.

    1. жүктеу 5,38 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау