Қазақстан республикасы білім жəне ғылым


Информатикадан оқушылардың білімін бақылау жəне бағалау əдістері



жүктеу 5,38 Mb.
бет61/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

Информатикадан оқушылардың білімін бақылау жəне бағалау əдістері


Заманауи педагогикада бақылаудың алдын ала; ағымдық; тақырыптық; аралық (кезеңдік); жинақтық; қорытынды бақылау сияқты түрлері кездеседі:


Алдын ала бақылау оқушының бастапқы танымдық əрекетінің деңгейі туралы мағұлмат алуы үшін, сондай-ақ жеке пəндерді оқыту алдында өткізіледі. Мұндай бақылаудың қорытындылары оқушылар қауымын жаңа оқу үдерісіне бейімдеуге қолданылуы мүмкін.
Кейбір мұғалімдер алдын ала бақылауды жаңа тақырыпты өтерде
жəне не тоқсанның, оқу жылының басында жүргізеді. Оның мақсаты

  • оқушылардың жаңа пəнге дайындық деңгейін анықтау. Мұндай тексерулер жүргізу негізінде пəннің қазіргі оқытылу деңгейін, оқушылардың білімі мен оның көлемінің деңгейін анықтайды. Осы алынған мəлімет негізінде мұғалім қайталайтын, алдын ала түсінік жүргізетін материалды жоспарлайды, осы нəтижелерге сүйене оты- рып, оқушылардың оқу танымдық əрекетін одан əрі ұйымдастырып, жетілдіреді.

Ағымдық бақылау күнделікті оқу жұмысында жүзеге асырылады жəне мұғалім əр оқушының оқу-танымдық əрекетін қадағалап оты- рады. Оның негізгі мəні оқушының білім деңгейін сабақта жүйелі бақылау мен күнделікті оқу жоспарын қадағалау болып табыла- ды. Оны тағайындаудың бастысы – оқушыларды сабақ барысында оқу-тəрбие жұмыстарына жəне оқушылардың білім деңгейлерінің жағымды мағлұмат, нақты деректер алу жəне сабақтағы оқу-тəрбие- леу жұмысының сапасын анықтау. Сабақ үстінде оқушылардың оқу материалын меңгеруі, біліктілік пен дағдыларының қалыптасуы жайлы ақпарат оқу жұмысында мұғалімнің ұтымды əдіс тəсілді таңдап алуына көмектеседі. Оқушылардың мүмкіндігіне қарай оқу материалдарын дəл жеткізу, оқушылардың оқу жұмысының тиімді түрін таба білу, олардың оқу əрекетіне үнемі жетекшілік жасау, оқуға ынтасын оятып, белсенді назарын аударту қажет.
Тақырыптық (мерзімді) бақылау. Бір сабақ қана емес, бірнеше сабақ бойы оқушылардың білім, біліктіліктерін бақылау мен бағалау мерзімді бақылауды қамтамасыз ету. Оның мақсаты – оқушылардың белгілі білім жүйесін қаншалықты жетілікті меңгергенін анықтау, олардың жалпы меңгеру деңгейі қандай, оның бағдарлама талапта- рына қаншалықты жауап беретіндігі жайлы ақпарат алу. Мерзімді бақылау толық курсты, яғни оқу материалының логикалық біткен бөлігін оқытудан кейін жүргізіледі. Егер сабақтар жүйесі бойынша белгілі бір тақырыпты қамтитын материалдар тексерілетін болса, онда ол тақырыптық бақылау болып табылады. Оның мақсаты – оқу пəнінің əрбір тақырыбы бойынша оқушылардың білімін тексеру жəне бағалау, бір тақырыпта қамтылған ұғымдар, тұжырымдардың қалай меңгерілгендігі жəне олардың арасындағы маңызды байланыс- тар, құбылыстар мен үдерістер арасындағы қатынастарды анықтау болып табылады.
Осындай тексерулер барысында оқушылар логикалық ойлауға,
материалды жалпылауға, оны талдауға, сонымен қатар материалдың негізі мен маңызын таба білуге машықтанады. Бақылаудың төмендегі түрлері ерекшеленеді:

    • оқушыға бұрынырақта алған бағасын түзетуге, материалды қайта тапсыру мүмкіндіктерімен қамтамасыз етіледі, дайындауға арналған қосымша уақыт пайдалануына беріледі;

    • соңғы бағаны қоюда мұғалім орта баллға сүйенбейді, оны тек есепке алады, тек алдыңғы бағаны теріске шығаратын бағаны есепке алады, бұл бақылаудың əділеттілігін көрсетеді;

    • өз біліміне жоғары баға алу мүмкіндігін туғызады.

Білімді нақтылау жəне тереңдету оқушы іс əрекетінің мотивация- сы болады, оның қызығушылығы мен ынтасын көрсетеді.
Аралық бақылау – оқу материалының келесі бөлігіне көшу, алдыңғы бөлікті игерумен тығыз байланысты болған жағдайда əрбір оқушының жетістігін анықтауға арналады.
Жинақтық бақылау – курс бойынша емтихан өткізу. Бұл өтілген курс бойынша оқыту қорытындысы, ол оқушының алдағы оқу үдерісіндегі қабілетін танытады.
Қорытынды бақылау – мектептегі бітіру емтихандары, жоғары оқу орындарында түлектік жұмысты қорғау, мемлекеттік емтихан- дарды тапсыру [55].
Информатика курсы бойынша бақылаудың дəстүрлі ауызша, жаз- баша, программалық жəне тесттік бақылау түрлері қолданылатыны белгілі.
Ауызша бақылау түрі əрбір сабақта оқушының сабақ тақырыбын қалай меңгергендігін қысқаша бақылау ретінде өткізіледі. Бақылаудың жазбаша түріне бақылау жұмыстары, диктанттар, ре- фераттар, карточкалар, тəжірибе жұмыстары, сынақ, емтихан жата- ды. Педагогикалық ғылымда бақылаудың программалық түрі негізгі орын алады. Информатика курсында программалық бақылауға есептер шығару, бақылау жəне зертханалық жұмыстар, əр түрлі жоба сызбалар жатады. Программалық бақылау мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін құрал болып табы- лады. Əрбір оқушы бір тақырыпты меңгергеннен кейін басқаларды күтпей, келесі тақырыпты оқи береді, яғни оқыту саралап оқыту сипатына ие болады. Оқушы дұрыс жауап бермеген жағдайда пəннің меңгерілмеген тақырыптарын қайта оқуға мүмкіндік ала- ды. Бірақ көптеген мектептерде материалдық-техникалық базаның
жоқтығына байланысты программалық бақылау көп таратылмаған. Сонымен қатар, бүгінгі күнде оқушылардың білімін бақылауда кеңінен қолданылып жүрген əдістердің бірі – тестік бақылау болып табылады. Тестік бақылау – оқушының жетістіктерін неғұрлым əділ бағалауға мүмкіндік беретін, арнайы жасалған ғылыми-ұтымды про- цедура болып табылады.
Тест – оқушының бiлiмiн, біліктілігі мен дағдысын тексерудiң немесе оқушы бiлiмiнiң белгiлi бiр сапалық қасиетi бар-жоғын тексерудiң ерекше түрi болып табылады. «Тест» (ағылшынша Test-байқау, зерттеу, сынау) – психология мен педагогикада сыналушының бiлiм, біліктілігін жəне дағдысын, сонымен қатар психофизиологикалық жəне өзiндiк сипаттамаларын стандартталған тапсырмалардың орындалу қорытындысы бойынша өлшеу [54, 56].
Тест – қысқа жауап беру немесе берiлгендерден дұрыс жауапты таңдауды талап ететiн көп тапсырмалар беруге негiзделген бiлiмдi əдiл жəне бiрыңғай тексерудi қамтамасыз ететiн оқушы бiлiмi мен iскерлiгiн бақылаудың бiр түрi.
В. П. Беспалько тест тапсырмаларын бiлiмге қойылатын талаптарға сəйкес деңгейлерге бөлiп, төмендегідей тесттің 4-деңгейін:

  1. деңгейдегi тесттер оқушылардың танысу деңгейi, оқушы объектiнi басқа ұқсас объектiлерден ажырата алуы, түсiнiктеме көмегiмен бiлiктiлiгiн тексеруге арналған тапсырмалар. Бұларға жататындар ерекшелiгiне байланысты ажыратуға берiлетiн танымдық тапсырмалар. I-деңгейдегi меңгерудiң сапасын тексе- ру үшiн төмендегiдей тесттер қолданылуы керек: альтернативтi (тануға бағытталған), таңдап алу (айырмашылыққа), салыстырмалы (классификацияға бағытталған);

  2. деңгейдегi тестер оқушының оқу объектiсiнiң қасиеттерi жəне ерекшелiктерi туралы ақпаратты зердеде сақтау немесе түсiну дəрежесiнде қабылдау əрекетiмен сипатталады. Бұған жататындар тапсырмаларда арнайы араласып кеткен құрамды бөлiктерiн орнына қоюға арналған, конструктивтi тестер, есеп жауабын өз бетiнше ой- лап шығарылатын есептер жатады;

  3. деңгейдегi тестер оқушылардың еңбекке дайындығын бақылауға арналған, яғни оқушылар алған бiлiмiн iс жүзiнде қолданып жаңа ақпарат алуына бағытталған тапсырмалар;

  4. деңгейдегi тестер оқушылардың шығармашылық бiлiктiлiгiн,

олардың жаңа ақпаратты қабылдауға ыңғайлы зерттеу мүмкiндiгiн анықтауға арналған тапсырмалар деп атап көрсетеді [41].
Тест тапсырмаларының мынадай негiзгi классификациясы белгiленген:

    • тапсырмалардың жабық түрi, оқушы тест тапсырмаларының

iшiнен дұрыс жауапты таңдайды;

    • ашық түрдегi тапсырмалар, орындау кезiнде жауапты өз бетiнше тұжырымдау;

    • сəйкестiкке тапсырма, екi жиын элементтерi арасында сəйкестiк орнату арқылы орындау;

    • дұрыс тiзбек құруға тапсырма, сыналушыдан амалдар немесе үдерістердiң орындалу тəртiбiн көрсету талап етiледi.

Тапсырманың түрiн таңдап алу бақылайтын материалдың мазмұнына жəне тестiлеу мақсатына тəуелдi болады. Бұл бақылаудың төрт түрi негiзгi түрлерi болып табылады. Тест тапсырмаларының əртүрлiлiгiне қарамастан оларға қойылатын жалпы талаптарды бөлiп көрсетуге болады:

    • оқушы қолданатын ақпарат көзiне дəлме-дəл сəйкес келуi. Тапсырманың тұжырымдамасы жеткiлiктi түрде сыналушы алдындағы мəселенi түсiндiруi, яғни тiл жəне терминдер, белгiлеу, графикалық бейне жəне тапсырманың безендiрiлуi жəне оған жауап сөзсiз бiрмəндi, оқушыға түсiнiктi болуы керек.

    • таңдалған тестiлеу стратегиясында белгiленген тапсырманың қиындығының əдiл бағасына сəйкес əрбiр тапсырманың өзiнiң реттiк нөмiрi болады;

    • логикалық түрде айтылған тапсырма тұжырымдар, оқушы жа- уабына тəуелдi ақиқат немесе жалған болады;

    • тапсырманың негiзгi мəтiнi жетi-сегiз сөзден аспауы жəне бiрден кем емес бағыңқы сөйлемнен тұруы қажет;

    • өңделген тапсырмаға дұрыс жауап эталоны көрсетiледi;

    • бiр тест тапсырмасын орындауға бiр-екi минут қана уақыт кетуi керек.

Тарихи тұрғыдан тапсырманың жабық түрi бiрiншi болып есептеледi, дайын жауаптың iшiнде бiр дұрыс жауабы болады, ал қалғандары дұрыс емес. Олар 20-жылдың басында қолданыла бастады жəне тапсырманың жабық формасы деген атқа ие болды. Жабық тапсырманың дұрыс емес жауабы дистрактор деп аталады. Дистрактордың саны тапсырманың түрiмен анықталады, ол бес-
тен аспауы керек. Егер бiлетiн оқушылар оны дұрыс орындаса, ал бiлмейтiндер қате жауапты таңдаса, тестiк тапсырма «жақсы жұмыс iстейтiн» деп есептеледi. Бiрақ, тапсырма орынды тұжырымдалған болу үшiн бұл шарт əлi жеткiлiктi емес. Тапсырманың жабық түрiнiң жетiстiктерiмен қатар кемшiлiктерi де бар. Оның жетiстiгiне тестiлеудiң көп уақыт алмайтындығы, балл санаудың қарапайымдылығы жатады. Дайындықтары нашар сыналушылардың қиынырақ тест тапсырмаларына жауапты кездейсоқ ойлап табуы оның кемшiлiгiн көрсетедi [55].
Осындай тапсырманың нұсқауы «дұрыс жауапты дөңгелектеп белгiлеу». Тапсырма нұсқасының жауап саны төрт немесе бес- тен аспауы керек, осындай шектеу қою жауапты кездейсоқ табу ықтималдығының сиректiгi үшiн жеткiлiктi болады.
Тапсырманың бес жауабы бар жабық түрiне мысал келтiрейiк: Мысалы.
1. Z мəнiн 3-ке азайту үшiн жазу керек:
A) Z-3:=Z;
B) Z+3:=Z;
C) Z:=Z-3;
D) Z-3;
E) Z:=Z+3.

жүктеу 5,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау