Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 5,38 Mb.
бет116/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

Ішкі жадыны ұйымдастыру. Ішкі жадының ақпараттық құрылымын екілік ұяшықтардың – биттердің тізбектілігі ретінде көрсету маңызды. Схема түрінде мұндай түсінік 12.1-суретте бей- неленген.
Ішкі жадының бит негізіндегі құрылымы оның бірінші қасиетін: дискреттілігін анықтайды. Жадыда əрбір бит екі мəннің біреуін сақтайды: 0 немесе 1, яғни 1 бит ақпаратты. Компьютер жұмысы үдерісінде бұл нөлдер мен бірлер ұяшықтарда «жанып-сөнеді».
Екінші ішкі жадының қасиеті «адрестелгендігі» деп аталады. Бірақ биттер емес, бит жадында ретпен орналасқан 8 – байттарға адрестеледі. Байт адресі – бұл оның жадыдағы реттік нөмірі.


Байт №

Бит

0

0

1

1

0

1

0

0

0

1

1

1

0

0

1

1

0

1

2

1

0

0

0

1

1

1

0

3

0

1

1

1

0

0

1

1

...



























12.1-сурет. Ішкі жады құрылымы

Оперативтік жадыдағы ақпаратқа қолжетімділік адрес бойын- ша жүргізіледі: деректерді жадыға жазып алу үшін, оны қандай байттарға енгізу қажеттігін көрсету керек. Жадыдан оқу да дəл осы- лай адрес бойынша жүргізіледі. Осылайша процессор оперативті жадымен қатынас жасайды.


Сонымен ішкі жадының ақпараттық құрылымы – биттік- байттық. Оның өлшемі (көлемі) килобайт, мегабайт, гигабайт түрінде өрнектеледі.
Сыртқы жадыны ұйымдастыру. Сыртқы жадының ақпарат- тық құрылымы – файлдық. Ішкі жадыдағы мейлінше аталған бірлік файл деп аталады. Оқулықта бұл ұғымды түсіндіру үшін кітаптық аналогияны қолдану ұсынылады: файл – бұл кітап (параграф, əңгіме) тарауларының аналогы.
Шынында, файлда сақталатын ақпарат биттер мен байттардан құралады. Бірақ ішкі жадыдан айырмашылығы дискілердегі байт- тар адрестелмейді. Сыртқы тасымалдаушыдағы қажетті ақпаратты
іздеуде файлдың аты көрсетілуі тиіс; ақпаратты сақтау файлға нақты атау беру арқылы жүзеге асырылады.
Файл ұғымын оқушылар компьютердегі практикалық жұмыс тəжірибесі жинақталғаннан кейін бірте-бірте қабылдайды. Бірінші қолданбалы тақырыпта – мəтінмен жұмыста – оларға файлдарды сақтау, файлдарды ашу жүктеледі. Сонда ғана файл туралы түсінік абстракты түрден нақтыға айналады.
Кітаптық аналогия оқушыларға дискінің түбірлік каталогы қызметін, оның мазмұнын түсінуге көмектеседі. Бұл дискідегі файл- дар туралы мəлімет қамтылатын тізім; кейде оны дискі директория- сы деп те атайды. Каталогта файл туралы мəлімет қамтылады (аты, байт түріндегі өлшемі, дайындалу күні мен уақыты немесе соңғы өзгеріс).
Бұл ақпарат арнайы жолдарда сақталады. Егер файлдар тізімін экранға шығарса, онда кітаптың мазмұнын қарауға ұқсас, одан дискіде қамтылған түсініктерді алуға болады.

жүктеу 5,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау