|
Қазақстан республикасы білім жəне ғылымОқыту нəтижесінде оқушылар
|
бет | 101/241 | Дата | 12.11.2023 | өлшемі | 5,38 Mb. | | #44224 | түрі | Оқулық |
| Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесіОқыту нəтижесінде оқушылар:
компьютер жадында мəліметтерді ұсынудың тəсілдерін (сандардың, символдардың, кескіндердің, дыбыстардың); кодтау кестесі ұғымын; дыбыстың аналогты жəне дискретті ұсынылуының айырмашылықтарын білуі керек;
сандарды k-байтты разрядтық торда ұсынуды; символдар-
ды кодтау кестесінің көмегімен кодтауды жəне кодтан шығаруды; мəтіндердің, дыбыстық ақпараттардың, графикалық кескіндердің ақпараттық көлемін табуды үйренуі керек;
компьютерді ақпараттық объектілерді өңдейтін құрал ретінде қарастырып, алған білім жəне біліктіліктерін күнделікті өмірдегі тəжірибелік іс-əрекетінде пайдалана білуі керек.
Тақырыпты талқылауға берілетін сұрақтар
Информатиканың негiзгi курсында «тiл» ұғымы қалай қарастырылады, қандай орынға ие? Курстың барлық маңызды бөлімдеріне осы ұғымның енетінін дəлелдеңiз.
Оқушыларға табиғи жəне формальды тiлдердiң арасындағы айырмашылықты қалай түсiндiруге болады? Мысалдардың топта- масын ұсыныңыз.
Компьютердiң iшкi жəне сыртқы тiлдерiнің айырмашылығы неде?
Неліктен ЭЕМ жадында ұсынылатын барлық типтегі мəліметтер үшін екілік кодтың біртұтас тілдері туралы айтуымызға болмайды?
Берілген жауаптарымен «Санау жүйесі» тақырыбы ашылатын сұрақтардың əдістемелік жүйелілігі қандай?
Информатиканың қандай бөлiмдерiнде математикалық логиканың аппараты қолданылады?
Математикалық логиканың негізгі ұғымдарын қандай əдістемелік жүйелілікпен ашу керек?
Қазіргі заманғы компьютерлер қандай ақпараттармен жұмыс жасай алады? Компьютерді кез келген адаммен байланысы бар ақпараттармен жұмыс істей алады дегенге сенуге бола ма?
Неліктен ЭЕМ-де ақпаратты ұсынудың екі форматы: белгіленген нүктесі бар жəне құбылмалы нүктесі бар қолданылады?
«Белгіленген нүкте», «құбылмалы нүкте» терминдерін оқушыларға қалай түсіндіруге болады?
Оқушыларға символдық кодтау кестесін ұйымдастырудың қандай негізгі принциптерін түсіндіру қажет?
Растрлық жəне векторлық кескіндерді ұсынудың айырмашылықтары неде?
ЭЕМ жадында дыбысты ұсыну үшін дискреттеу принципінің
мағынасын иллюстрация (сурет, сызба) көмегімен түсіндіруге бола ма?
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|