Сабақтың тақырыбы: Қайталау.Арифметикалық амалдар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылармен санның разрядтық құрамы туралы білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын, логикалық ойлауы мен білімін дамыту Тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын арттырып, математикалық ой – өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым- қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.Қайталау.
Сабақтың әдіс-тәсілдері : топтастыру, іздендіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс істеу, бекіту.
Сабақтың көрнекілігі: Бекеттер, поезд, слайд, билеттер,үлестірмелі дидактикалық материалдар.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
М: балалар, қазір қандай сабақ?
О: Математика
М: Математика сабағында «математика еліне» саяхатқа шықсақ қалай қарайсыңдар?
О: Шығайық
М: Жолда бізге көптеген тапсырмалар мен есептер кездеседі. Ал сендер оларды орындауға дайынсыңдар ма?
О: Дайынбыз.
М: Жақсы, ендеше саяхатқа немен шығамыз деп ойлайсыңдар?
О: Поезбен
М: Тәуелсіздігімізге 24 жыл толуына орай еліміздің қалаларын аралаған «Тәуелсіздік поезды» бүгінгі біздің саяхатқа баратын көлігіміз. Көлік сапарға дайын.
- Бірақ поездге міну үшін біздерге не қажет?
О: Билет қажет
М: Олай болса кассаға келіп билет алыңдар .Қандай нөмерлі билет алдыңдар сол нөмерлі вагонға барып отырыңдар
Құрметті жолаушылар сіздерге :
«Сәт сапар!» тілейміз
Жолаушы, азаматтар №40 орта мектептің бекетінен «Тәуелсіздік поезды» қозғалғалы тұр.,сақ болыңыздар!
Поезд «Іргетас» бекетіне келді. «Іргетас» бекетінде берілген өлең жолдарын оқып көңіл-күйлеріңізді көтеріңіздер.
Кел,балалар, ойнайық.
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай есеп болса да.
Шешпей оны қоймайық.
Алға қарай самғайық,
Екілікті алмайық.
ІІІ.Жаңа сабақ
1.Поезд жүріп «Қабырға» бекетіне келді. ?
М: Балалар,бүгін қайталау сабағында үш таңбалы сандарды қосу және азайтудың арифметикалық амалдарын орындаймыз .
Бірінші тапсырма «Салыстыру»
№1 тапсырма үш вагонға бөліп беріледі. «Қабырға» бекетінің тапсырмаларын орындарында орындайды
І-вагон
(375+425)-(452-152)*800+219
3м 7дм 5см+4м2дм 5см*6м0дм0см-2м8дм3см
ІІ-вагон
(600-364)+(700-289)*294-158
9м0дм0см-5м4дм7см*2м5дм4см-1м4дм6см
ІІІ-вагон
(1000-250)+(150+100)*750+250
6м2дм8см+3м7дм2см* 10м0дм0см-2м2дм2см
Әр топтан бір оқушы оқып, дұрыс жауабын слайдтан тексеру.
М: Енді келесі бекетке жылжып көрелік.
3.Поезд қозғалып келесі «Терезе» бекетіне келеді.
№2 Өрнек құр және оның мәнін тап. Тақтамен жұмыс
І-вагон
а)(381+619)-(456+344)
ІІ-вагон
ә)(1000-296)+(1000-749)
ІІІ-вагон
б) (1000-296)+(1000-839)
М: Терезе бекетінде не істедік?
О:өрнек құрастырып және мәнін таптық
4.Поезд жүргелі тұр сақ болайық! Жолаушы азаматтар «Тәуелсіздік поезды»
«Есік» бекетіне келіп тоқтады
№3 Теңдеулерді шеш
І-вагон
350:х=7 х+397=1000-603
Х=350: 7 х+397=397
х=50 х=397-397
350 :50=7 х=0
0+397=1000-603
ІІ-вагон
8*х= 320 х+605 = 1000-385
Х=320 :8 х+605=615
Х=40 х=615-605
8*40=320 х=10
10+605=1000-385
ІІІ-вагон
Х:6=60 218+х 100+248
Х= 60:6 218+х = 348
Х =10 х=348-218
10:6 =60 х=130
60= 60 218+130 = 100+248
3 48 =348
«Есік» бекеті алғыс айтуда.
5. «Тәуелсіздік поезды» математика әлеміне саяхатты жалғастыруда.
Поезд қозғалады келесі «Шатыр» бекетіне келеді.
№4 тапсырма ауызша
1 – вагонға --------- 2-вагонға -------- 3-вагонға .
Төртбұрыш шаршы үшбұрыш
Р-? S-?
Сергіту сәті: «Пішіндер» әні
6.Поезд 1-ші жолдан қозғалғалы тұр сақ болыңыздар! «Тәуелсіздік поезды» «Құбыр» бекетіне келді. Есепті оқыту, талдау, шартын құру, шығару.
Бір оқушы тақтаға а-нұсқасын орындайды.Орнында отырғандар ә-нұсқасын орындайды
а) Барлығы -68кг сыр ә)Жөндеу аяқталған-34 м.
Еденге-35кг Жөндеу жалғасуда-66м.
Терезе-17кг Барлығы -?мектеп
Үстел-?кг Ш:34+66 =100
Ш:68-35-17= 6кг Ж:100мектеп болған
7.Поезд қозғалып «Ағаш» бекетіне келіп тоқтады. Бұл бекетте қалып қойған сандарды орнына қою керек
Жаңа сабақты бекіту.
І-вагон ІІ-вагон ІІІ-вагон
43:9=4( 7қ)
жауаптарын слайд арқылы тексереді.
8.Поезд тағы да жолға шықты. Поездымыз «Күн» бекетіне келіп тоқтады.Өрнек құр және оның мәнін тап.
а)31-7 =24(күн)
Поезд №40 орта мектеп бекетіне оралды. Тәуелсіздік поездымен математика елінің бекеттерін аралап тапсырмаларын орындап есептерін шығардық. Енді әр бекеттен алған әсерлерімізді жинақтайық.
1-бекеттен Ірге тасы берік қаланған елді көрдік. Олардан іргетас әкелдік.
2-бекеттен Төрт құбыласы тең елді көріп, олардан төрт қабырғасын алдық
3-бекеттен Басқа елдермен терезесі тең елді көріп, олардан терезелерін әкелдік.
4-бекеттен Есігі ашық қонақжай елді көріп, олардан есік алдық
5-бекеттен Төбеміз көкке жетіп тең болдық, олардан үйдің төбесін алдық
6-бекеттен Түтіні түзу берекелі елді көрдік. Олардан түтінімізді шығардық
7-бекеттен Жайқалған жасылелді көріп, ағаш ектік.
8-бекетте Білімді балаларды көрдік.
9-бекетте Аспан ашық бейбітшілік елді көрдік
10-бекетте Жарқыраған күнді көрдік.
Сонымен әр бекеттен жинаған әсерімізді жинақтай отырып өзімізге үй
құрастырдық. Мектеп бекетінде берілген өлең жолдарын оқып, оқушыларды бағалайық.
ҮІ.Үйге тапсырма: 119бет №7 Амалдарды орындалу ретін сақтай отырып,орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |