Ермеков Н. Т., Стифутина Н. Информатика: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2007. – 224 бет.
Семакин И. Г. Информатика и ИКТ. Базовый курс. Учебник для 9 кл. / И. Г. Семакин, Л. А.Залогова, С. В. Русаков. – М.: БИНОМ. Лаборато- рия знаний, 2005.
Угринович Н. Д. Информатика. Базовый курс. Учебник для 9 кл. /
Н. Д. Угринович. – М.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2005.
Златопольский Д. М. Интеллектуальные игры в информатике. – Спб.: БХВ –Петербург, 2004.
Информатика в школе: прил.к журналу «Информатика и образование».
№5. – М.: Образование и информатика, 2006.
Молодцов В. А. Современные открытие уроки информатики. 8-11
классы. – Ростов н/Д.: Феникс, 2002.
Колин К. К. Фундаментальные основы информатики: Социальная информатика/ К. К. Колин. – М.: Академический проек, 2003.
Кузнецов А. А. Тестовые задания. – М.: БИНОМ, Лаборатория знаний, 2003.
18-ТАРАУ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сыныптарда информатиканы оқыту ерекшеліктері
Жаратылыстану-математикалық бағыт үшін «Информатика» пəнін игеруде информатиканың алгоритмдер мен программалау, ақпараттық технологиялар, ақпараттандыру құралдары бөлімдері техникалық жəне жаратылыстану-ғылыми қызмет саласында қолдану мүмкіндіктерін ашуға бағытталып қарастырылады.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сыныптарда
«Информатика» пəні мазмұнының негізі ретінде келесі аспектілер алынады:
іргелі ғылым ретінде информатиканың қазіргі жағдайының мектеп курсына сəйкес бейнеленуі;
«ақпараттық үдеріс» ұғымы арқылы оқыту мазмұнын сабақ- тастыру негізінде информатиканың ғылыми пəн ретіндегі мəнін көрсету;
оқу материалын адамгершілік, ізгіліктілік, патриоттық жəне т.б. тəрбиелік құндылықтармен байыту;
оқушылардың ойлауын қалыптастыру жəне дамыту, оларға шектен тыс ақпараттар ағымымен қаруландыруға мүмкіндік бермеу;
ақпаратпен тиімді жұмыс істеу əдістеріне үйрету;
информатика курсының пəнішілік жəне пəнаралық байланыс- тарын белсенді түрде қолдану;
тəжірибеде қалыптастырылған білім мен біліктіліктерді жал- пылай қолдану тəсілдеріне үйрету.
Жаратылыстану-математикалық бағыт үшін «Информатика» пəнінің теориялық жəне тəжірибелік мазмұны 1:1 қатынасы бо- йынша құрылған. Информатика сабағын өткізу барысында 20 ми- нут теориялық бөлімге, ал 25 минут тəжірибелік бөлімге арналып оқытылады.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сынып- тар оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
10-сынып оқушылары:
Нені білу керек:
қолданушылық интерфейс мəнін;
жоғарғы деңгейдегі программалау тілдері орталар түсінігін;
программалау жүйелерiнiң ерекшелiктерiн;
құрылымдық, модульдық, объектiлi-бағдарлы программалау ұғымдарын;
макрос ұғымын;
анимацияны жəне мультипликацияны ұйымдастыру негiздерiн;
үйретуші, бақылаушы, ойын программаларын жасау принциптерiн;
компьютердi программамен қамтамасыз ету ретi мен ережелерiн;
растрлық жəне векторлық графиканы өңдеу құралдарын;
компьютерлiк презентация ұғымын;
ақпараттық-логикалық модельдердi жасау технологиясын;
пошталық программалармен жұмыс жасау принциптерін.
Нені меңгеру керек:
компьютерге қолданбалы программалық жабдықты орнатуды;
жоғарғы деңгейдегі программалаудың кез келген ортасында символдық айнымалыларды өңдеуді программалау;
офистік программалар ортасында түрлі ақпараттарды өңдеуді;
макростармен жұмыс істеуді;
арнайы программалық құралдар көмегiмен презентация жасай алуы;
пошталық программалармен жұмыс жасауды. 11-сынып оқушылары:
Нені білу керек:
компьютерге қолданбалы программалық жабдықтарды орнату реті мен ережесін;
жоба ұғымын;
кіріктірілген тілдер ортасының ұғымын;
web-беттерін құру тұжырымдамасын;
презентацияны құру ережесін;
үлкен көлемдегі ақпараттарды өңдеуді ұйымдастыруды;
жүйе ұғымын;
эксперттік жүйелер ұғымын;
жасанды интеллект жүйесінің ұғымын;
ақпараттық-іздеу жүйесі ұғымын;
Интернетте іздеу жүйесі ұғымын.
Нені меңгеру керек:
есептің дұрыс қойылуын тануды;
машиналық графиктер мен дыбыстық файлдар объектiлерiн құра алуы;
графикалық объектiлер мен олардың қозғалысын программа- лай алуы;
үйретуші, бақылаушы, ойын программаларын құра алуы;
ақпараттарға түзету енгiзе алуы, шаблон бойынша ақпараттарды iздестiре алуы, мəлiметтер базасындағы ақпараттарды iрiктей алуы;
берiлген пəндiк облыста мəлiметтер базасын құру;
ақпараттық-іздеу жүйелерімен жұмыс iстей алуы.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сыныптар оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын аталған талаптар негізінде бұл пəннің мазмұны анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |