Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сыныптарда информатиканы кəсіби саралап оқыту əдістері
Информатиканы бейімді саралап оқытудың үш негізгі бағыты бар:
оқушыларды сынып құрамы бойынша бірдеңгейлі етіп құру;
информатика курсын баяу жəне тез өту;
сыныпта тапсырманы саралап үйрету.
Бірінші бағыт есептеуге бейімі бар сыныпта немесе информати- каны оқытуда қиынға соғатын сыныптарда өткізіледі.
Екінші бағыт дефектологиялық кемшіліктері бар мектептерде өткізіледі.
Үшінші əрекетті бағыт өзіндік жұмыс жасауға бейімделген мек- тептерде өткізіледі.
Жаратылыстану-математикалық бағыттардағы сыныптар үшін информатиканы саралап оқытудың жоғарыда аталған бірінші бағыты өзекті екендігі анық. Бұл сыныптарда информатиканы терең меңгеру үшін сабақта өтілетін материал үй тапсырмаларымен оңтайлы ұштасып отыруы керек.
Үй жұмысын əртүрлі əдістермен тексеруге болады:
оқушы берілген тапсырмалардың ішінен өзі таңдап (мысалы,
берілген 5 тапсырманың 3 орындау) орындайды;
оқушыға ерікті түрде таңдап алып орындау үшін қосымша есептер беріледі.
Үй жұмысын орындауға арналған есептердің мысалы ретінде келесі тапсырманы ұсынуға болады:
Тапсырма: Кез-келген натурал санды 16-лық санау жүйесіне көшіретін программа құрыңыз.
Тапсырманы орындаудың бір мысалы:
program 16; {Ондық жүйеден кезкелген жүйеге (32-лік жүйеге де) көшіру программасы. Мұның алгоритмі [3]-тен алынды}
var n,k,r,x,x1:integer; as,bs:string; begin
writeln; write(‘ондық сан енгізіңіз:’); read(x); x1:=x; as:=’’; write(‘санау жүйесінің негізін енгізіңіз:’); read(n); while x>0 do begin
k:=x mod n; x:=x div n;
if k<10 then str(k,bs) else bs:=chr(ord(‘a’)+k-10); as:=bs+as;
end;
write(‘негізі ’,n,’ болатын’,x1,’ саны = ’,as)
end.
Жалпы, информатиканы саралап оқытуда:
тақырыптың бастапқы кезеңінде, тапсырманы бағдарлағанда мұғалім бақылап, көмек беру керек;
мектептегі информатика курсында мұғалімдер оқушыларды бағалай (оқу қабілеттілігі, интеллектуалдық қабілеті жəне т.б.) ала- ды;
оқушылардың өзіндік əрекетінің үлестік көрсеткіші арта- ды, информатика мұғалімі оқушылардың пəнге қызығушылығын, шығармашылық деңгейін арттыратын тапсырмалар ұсынып отыруы керек;
интербелсенді оқыту əдістерін, заманауи оқу құралдарын тиімді қолдануды талап етеді.
Əдіснамалық тұрғысынан қарастырғанда жаратылыстану- математикалық бағыттағы жоғары сыныптарда информатиканы оқыту үдерісінде келесі сəттерге көңіл аудару керек.
Алгоритмдер мен программалау бөлімі ең маңызды орын ала- ды. Жоғары сынып оқушылары əртүрлі қиындықтағы жобалар- ды орындауға, программалар əзірлеуге үйренуі керек. Сондықтан объектілі-бағытталған программалау əдістерінің компьютерлік программалау əзірлеуде қолдану жолдарын оқушылар дұрыс қабылдауына назар аударылуы керек. Мұндай бағыттағы тақырыптарды оқып үйренуде келесі міндеттерге қол жеткізіледі:
объектілі-бағытталған программалау əдіснамасын меңгеру;
объектілі-бағытталған программалау техникасын қайсыбір программалау тілінде меңгеру;
оқушының информатикадағы проблемаларға жалпы көзқарасын кеңейту.
Бұл ретте программалау тілін таңдау үлкен рөл атқарады. Визуал- ды программалаудың тез танымал болғанын ескерсек, Delphi, Visual Basic, C++Builder типті программалау жүйелері сабақтарды жүргізу тəсілдерін тиімді етері сөзсіз. Алайда, педагогикалық əдебиеттерде əртүрлі көзқарастар айтылады.
Мұндай проблемалардың бірі жоғары сыныпта бөлінген сағаттар визуалды-объектілі тəсілдерді меңгеруге жеткіліксіздігі. Екінші көзқарас Delphi (кей жағдайларда Visual Basic) программалау жүйесі Паскаль тілі негізінде құрылған объектілі программалау жүйесі бо- лып табылады жəне оның кəсіби деңгейі өте жоғары. Borland фирма- сы Турбо Паскаль тілін программалауға оқытуға қолдану тілі ретінде танытса, Delphi жүйесін əзірлеушілерге Windows стиліндегі интер- фейс қолданушыларына ыңғайлы еткен. Сонымен қатар, Delphi
«клиент-сервер» архитектурасы үшін, Internet үшін қосымшалар əзірлеу құралы да табылады. Демек аз да болса бұл туралы білім оқушыларға таныс болуы керек.
10>
Достарыңызбен бөлісу: |