Р 042-1.02-2015
|
Ред. №1 25.02. 2015 ж.
|
из
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ |
3 деңгейлі СМК құжаты
|
25 ақпан 2015 ж.
№1 баспасы
|
Т Ф 042-1.02-2015-03
|
Оқушының өздік жұмысың ұйымдастыруға арналған анрналған әдістемелік нұсқаулар
|
Жаратылыстану ғылымдар факультеті
Биология кафедрасы
Оқушының өздік жұмысың ұйымдастыруға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
«Жаратылыстану»
«5В011600» – «География» мамандығының студенттер үшін
Семей
2015
Алғы сөз
ӘЗІРЛЕНГЕН
Құрастырушы__________«____»_____ 20___ж., аға оқытушы Жилкыбаева С.Д.. «Биология» кафедрасы
«Жаратылыстану» пәнінең оқушының өздік жұмысын ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар «5В011600» - «География» мамандығының әртүрлі оқу түрінінің студенттеріне арналған
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ
Биология кафедрасында отырысында
«____»___________ 20___ж. №____хаттама
Кафедра менгерушісі_______Тлеубаева А.В.
Әдістемелік нұсқаулар оқу процесінде қолдануға жаратылыстану ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында ұсынылған
«____»___________ 20___ж. №____ хаттама
Төрайымы____________ Абдишева З.В.
Мазмұны
Кіріспе
Тақырыптар тізімі:
Биология концепциялары Генетикалық кодтың жүзеге асуы немесе «Тұқым қуалау информациясын оқу».
Гепатит, рак, СПИД..
Биологиялық эволюция және адам..
Эволюцияда гоминидтер бұтағының бөліну мәселесі.
Ми және сана. Сананың құрылысы. Адам миының құрылымындағы иерархиялық принцип.
Церебральды қыртысының физиологиялық анатомиясы. Кейбір спецификалық қыртыс аудандарының функциялары.
СӨЖ тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұскау.
Студенттердін өздік жүмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
Өздік жұмыстың нәтижелерің дайындау үшін талаптар.
Ұсыңылған әдебиеттер
Кіріспе
Оқушының өзіндік жұмысы – бұл студенттің дидактикалық тапсырмаларды өзінше орындауға, танымдық әрекеттерге қызғушылығының қалыптасуына және нақты бір ғылым саласында білім жинақтауына бағытталған студенттің оқу әрекетінің ерекше түрі. Өзіндік жұмыс студенттердің шығармашылық қабілеті мен біліктерін дамытуда олардың барысында тиімді, әрі өнімді еңбек етуіне мол мүмкіндіктер жасайды.
Жаратылыстану пәнінен өзіндік жұмыстары әр түрлі әдістер арқылы іске асырылады, мысалы: жаттығу, кітаппен жұмыс істеу, бақылау т.б. Студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының бірі жаттығулар мен тапсырмалар болып табылады. Сондықтан оқу орындарында әрбір курста оқытушылардың басшылығымен студенттер жаттығуларды өз бетімен жұмыс істеуге ұмтылады. Студенттердің өзіндік жұмысы болашақ маманның шығармашылық ойлауын, танымдық қызығушылығын және арнайы білім алуын қамтамасыз ететіндіктен жаттығулардың маңызы зор. Өз бетімен жұмыстың маңыздысы - студенттің өз беттерімен орындай алуларына, оқуға белсенділігінің артуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпалы мол. Шығармашылық жұмыстар студентердің дүниетанымына, ізденімдік қабілетінің дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Онымен қатар өздігінен ой қорытып, шешім шығаруға, дұрыс сөйлеп, сауатты жазуға, тіл байлығын арттыруға жәрдемдеседі. Оқытушының сабаққа дайындалғанда өзінің әрекеттерін ойластыруымен шектелмей, деңгейіне қарай студенттің әркетіне мән беруі тиіс. Жаратылыстану пәнді оқытудың мақсат міндеттеріне және пәннің мазмұнына, оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, студенттің даму дәрежесіне қарай өзіндік жұмыстарды бірнеше топқа бөлуге болады. Олар мыналар:
-жаңа білімді меңгеруі;
-жаңа білімді бекіту;
-білім мен дағдыларды қайталау, бақылау және тексеру.
Студенттермен жүргізілетін өзіндік жұмыстары олардың таным, іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі бағытта ұйымдастыруға болады. Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет. Ол үшін мынадай міндеттер орындалу керек:
-Студенттерге өзіндік жұмыстар туралы түсінік беру.
-Студенттердің өз бетімен тапсырма орындау әдістерін таныстыру.
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:
1.Оқытушының нақты тапсырмалар беруі;
2. Жұмысты орындаудың және аяқтаудың дербестігінің өзара байланысы;
3. Жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеу;
4. Олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі.
Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткені, сол арқылы студенттердің іс-әрекетінің дербестігі артады. Студенттің өзіндік жұмысы - кез-келген пәнді оқуға өзіндік жұмыстың орындалу әдістерінің қалыптасуына бағытталғанымен, бұл жұмыс- студенттің ғылыми, оқу кәсіби қызметін қалыптастырып, мәселелерді өзіндік шешуіне оптималды шешімдерді қабылдауға, дағдарыстық жағдайлардан шығуға арналған. Студенттердің өіндік жұмыстарының тәрбиелік мағынасы өте зор. Өйткені, бұл жұмыс студенттің білім алудағы жеке жұмысын ғана емес, қазіргі заманғы жоғарғы кәсіби маманды тұлға рентінде қаплыптасуына мүмкіндік береді. Студенттің өзіндік жұмысын белсендірудің тәсілдері ұйымдастырушылық және әдістемелік болып бөлінеді. Әдістемелік жағынан белсендіру қолданылған әдіс-тәсілдерге, студенттің өзіндік жұмысының формалары мен ұйымдастыру құралдарына байланысты. Өзінідік жұмысты оқытушының дұрыс басқара білу және студенттердің дербестік әрекетінің дәрежесі артып отыруы- осы жұмыстың белгілері болып табылады. Студенттің өздік жұмысың орындау нәтижесінде:
Студенттердің дербестік қабілетін мейлінше арттыру.
Олардың алған білімінің саналылығы мен беріктігін қамтамасыз ету.
Студенттерге оқуға қажет біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Таным ақыл-ой қабылетін дамыту.
жаратылыстануда қолданылатын зерттеудің негізгі принциптері мен әдістерін меңгеру болашақ мамандарда тұтас дүние танымын;
қазіргі ғылыми әдістерді пайдалана отырып, алған білімдерін кәсіптік міндеттерді шешуде қолдануды үйренуі қажет.
Тақырыптар тізімі:
Өздік жұмыс жазба түрінде орындалады (реферат)
Биология концепциялары Генетикалық кодтың жүзеге асуы немесе «Тұқым қуалау информациясын оқу».
Гепатит, рак, СПИД..
Биологиялық эволюция және адам..
Эволюцияда гоминидтер бұтағының бөліну мәселесі.
Ми және сана. Сананың құрылысы. Адам миының құрылымындағы иерархиялық принцип.
Церебральды қыртысының физиологиялық анатомиясы. Кейбір спецификалық қыртыс аудандарының функциялары.
3.СӨЖ тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұскау.
Негізгі талаптар:
1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.
2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы кажет.
4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.
5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
Реферат жазуда не ескеріледі?
1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студент осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.
2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.
3. Реферат жазуда студент негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.
4. Фактілер, фактілік материалдарды ірікгеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.
5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.
6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студент реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.
Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.
Рефератты талқылау — шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және төрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.
Рефератты талқылып, қорытындысын шығару — маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттін, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толыктырады, өзгертеді.
4. Студенттердін өздік жүмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уакыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4. Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
5. Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
• Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
• Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
• Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
• Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
• Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
• Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуте дағдыландыру;
• Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
• Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |