66
1.
Педагогика
2.
Бейорганикалық химия
3.
Органикалық химия
4.
Химия мектепте
5.
Химиядан эксперимент жүргізудің əдістемесі
6.
Заманауи техникалық құралдарды оқыту
ПОСТРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ:
№ Пəн атауы, олардың бөлімдері (тақырыптар)
1.
Биологияны оқыту əдістемесі
2.
Биологияны оқытудың заманауи технологиясы
3.
Химиялық технология
4.
Химия пəні бойынша педагогикалық практика
Пəндік құзыреттіліктер төмендегідей сипаттарға ие:
–
химияны оқыту əдістемесінің тұжырымдамалық жəне теориялық
негіздерін, оның педагогикалық ғылым жүйесіндегі орны мен құндылығын,
жаратылыстану əдістерінің даму тарихы мен қазіргі жағдайын біледі;
– орта білімнің ерекшеліктерін түсінеді, əр жастағы балаларға білім
беруде сабақтастықты іске асыратын құралдарды меңгерген;
– орта мектеп оқушыларына химияны оқытудың əдістерін, тəсілдерін
технологиясын игерген;
– бақылаулар мен тəжірибелер нəтижелерін педагогикалық тұрғыдан
талдау əдістерін жəне компьютерлік үлгілеуді қолдануды игерген.
–
оқу нəтижесіне бағытталған педагогикалық іс-əрекеттер алгоритмін
қолданады.
ПƏННІҢ МАЗМҰНЫ
1.
Химиялық білім берудің даму тенденциясы мен кезеңдері
Химияны оқыту əдістемесінің жалпы білім беретін мектепте дамуының
негізгі кезеңдері. Химияны оқыту əдістемесінің ХVIII ғ. соңында қалыптасуы.
Мектеп
жаратылыстануының
практикалы-сипаттамалы,
сипаттамалы-
систематикалық, химиялық, экологиялық жəне эволюциялық даму бағыттары.
Мұғалімдер дайындайтын жоғары оқу орындарында химияны оқыту
əдістемесінің
оқу
пəні
теориялық
жəне
сарамандық
курстардан
тұрады.Теориялық курстың мазмұны студенттерге арналып, орыс тілінде
басылып шыққан И.Н.Борисовтың (1956), Д.М.Кирюшкин мен
В.С.Полосиннің
(1984),
Н.Е.Кузнецова
(1984)
жəне
т.б.
67
Г.М.Чернобельскаяның (1987) əдістемелік оқу құралдарында баяндалған.
Бұларда химияны оқыту əдістемесі жалпы жəне жеке бөлімнен тұрады.
Жалпы бөлімде орта мектепте химия курсының мақсаттары мен
міндеттері, мазмұны мен құрылысы, оқулықтары жəне химияны оқытудың
ұйымдастыру формалары мен əдістері талданады. Жеке мəселелерін
қарастыратын бөлімінде химияның теориялық көзқарастарын оқып-үйрену,
химиялық элемент жəне реакция, зат туралы негізгі ұғымдарды
қалыптастыру жəне дамыту əдістемесі баяндалады. Д.М.Кирюшкин мен
В.С.Полосиннің əдістемесі қазақ тіліне 1984 ж. аударылды. Бұл оқу
құралында бұрынғы бағдарламаға сəйкес жеке тақырыптарды оқытудың
əдістемелік ұсыныстары берілген. Бағдарлама өзгерген соң бұл ұсыныстарды
пайдалану мүмкіндігі азайды жəне студенттерге арналған əдістеме оқулығын
жеке тақырыптар бойынша құрудың тиімсіздігі байқалды.
В.Н.Верховский, Л.М.Сморгонский, Я.Л.Гольдфарб химияның жүйелі
курсының бағдарламасын жасады, тұрақты оқулықтарын жəне тұңғыш
əдістемесін жазды (1933-34ж.ж) бұдан кейінгі кезеңде орта мектептегі химия
курсының мазмұны мен құрылымын ғылыми жағынан негіздеуде
Л.А.Цветков, Ю.В.Ходаков жəне С.Г.Шаповаленко, т.б. көп еңбек сіңірді.
Химияны оқыту əдістемесі жалпы білім беретін орта мектептегі химия
пəнін оқыту мəселелерін жан-жақты зерттейтін көп салалы ғылымға айналды.
Атап айтқанда, химияны оқытудың ұйымдастыру формалары əдістерін
жетілдіруді Д.И.Кирюшкин, химияның негізгі ұғымдарын қалыптастыру,
химияны оқыту құралдарын жасау жəне тиімді пайдалану əдістемесін
С.Г.Шаповаленко, Н.Е.Кузнецова, химияны оқытудың өндіріспен байланысы
жəне химиядан тереңдетіп білім беру мəселелерін Д.А.Энштейн, химиялық
эксперименттің теориясы мен сарамандығын В.С.Полосин, К.Я.Парменов,
органикалық химияны оқыту мəселелерін Л.А.Цветков, химияның тоериялық
негіздерін оқыту əдістемесін Г.И.Шелинский, В.П.Гаркунов, химияны
оқытудың басқа пəндермен байланысын Е.Е.Минченков, Д.П.Ерыгин
зерттеді. Бұлардың əрқайсысы көптеген ғалым шəкірттер тəрбиелеп
шығарды, оқу-əдістемелік еңбектер жариялады.
Одақ көлемінде жүргізілетін əдістемелік зерттеулерді үйлестіріп
отырды. Зертхананың ғылыми қызметкерлері Л.А.Цветков, Р.Г.Иванова,
Е.Е.Минченков,
М.В.Зуева,
Т.В.Смирнова,
Т.З.Савич,
И.Н.Чертков
П.А.Глориозов, В.Л.Рысс химияны оқытудың жалпы əдістемесін жазды,
мұғалімдерге күнделікті көмегін тигізетін бірнеше əдістемелік құралдарды
жариялады. Солардың ішінде Р.Г.Иванованың, И.Н.Черковтың, П.А.Глозио-
ровтың, Ю.В.Ходаковтың жəне т.б. əдістемелік құралдары қазақ тілінде
аударылды. Химияны оқыту əдістемесіне шығармашылық жұмыс істейтін
мұғалімдер де өз үлестерін қосып келеді.
1940 жылдардан бастап Қазақстанда химияны оқыту əдістемесін жасау
жəне жетілдіру ісі қолға алынды. Бастапқыда озат мұғалімдердің іс-
тəжірибесін кеңінен тарату жəне мұғалімдерге əдістемелік көмек көрсету
мақсатымен біраз еңбектер жазылды. Солардың ішінен О.А.Суворованың