73
Көркем
шығарманың
сыныптар
жү
йесі
бойынша
белгіленген
əдеби білім көлеміне сай талдау арқылы жүзеге асатындығы. Мектептік
талдаудың оқушының əдеби қабілетін дамытуға қызмет ететіні. Көркем шығарманы
талдаудың педагогикалық принциптері. Талдаудың əдебиетті оқытуда кеңінен
қолданылып жүрген түрлері.
Образ бойынша талдау, оның өзіндік ерекшелігі. Тақырыптық талдаудың тиімді
жақтары. Проблемалық талдау. Проблемалық талдаудың оқушыны көркем туындының
ішкі əлеміне бойлатудағы айрықша қызметі. Тұтас талдаудың шығармадағы авторлық
позицияны көре білуге қолайлылығы. Талдау түрлерінің өзара сабақтастығы.
Эпикалық шығармаларды оқыту. Эпикалық шығармаларды оқытуды ұйымдастыру.
Шағын, орта, кең көлемді эпикалық түрге жататын шығармаларды оқыту əдісіндегі
өзгешеліктер.
Y-YII, YIII-IX, X-XI сыныптарда көркем шығарманы талдауға
қойылатын талаптар. Проблемалық оқыту, оның эпикалық шығармаларды меңгертудегі
тиімділігі. Проблемалық сұрақтардың қызметі. Проблемалық ситуация туғызудың əдіс-
тəсілдері. Оқытудың проблемалы түрінде іздену принципінің басым болады, өздік
жұмыстар орындалады, оқушылардың ойлау қабілеті дамиды, шығармашылық қиял, əр
түрлі болжамдар туындайды т.б. Көркем шығарманың көркемдік құндылығы мен
тəрбиелік құнарының жан-жақты ашылатыны.
Шығарманың сюжеттік-композициялық желісіне талдау жасау жолдары. Көркем
мəтінмен жүргізілетін ауызша жəне жазбаша тіл дамыту жұмыстарының түрлері. Тіл
дамыту жұмыстарының оқушының сөйлеу мəдениетін қалыптастырудағы қызметі.
Эпикалық шығармаларды оқытудағы белгілі əдіскер мұғалімдердің кең тараған
əдістемелік тəжірибелері.
Драмалық
шығармаларды
оқыту.
Драмалық
шығармалардың
жанрлық
ерекшеліктеріне тəн заңдылықтарымен таныстыру. Драмалық шығармалардың мəтінімен
жүргізілетін жұмыс түрлері.
Драмалық шығармаларға тікелей қатысты акт, көрініс, шегініс, монолог, диалог, ремарка,
т.б. əдеби-теориялық ұғымдар қызметі.
Драмалық шығармалардың көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау жолдары.
Драмалық образ, оның көркемдік бітіміне тəн ерекшеліктерге назар аударту. Пьесаны
сахналық қойылымға айналдырудағы драматург, режиссер, актер, суретші еңбегі.
Драмалық
қойылымдағы
декорация,
музыкалық
кө
ркемдеу
т.б.
жұмыстардың пьеса мазмұнын күшейтудегі қызметі.
Мектеп жағдайында драмалық шығармаларды оқытудағы əдістемелік тəжірибелер.
Лириканы оқыту. Лириканы мектепте оқытуға арналған əдіскер ғалымдардың
еңбектеріне шолу.
Лириканы оқыту əдістемесі шығарманың тақырыптық идеялық
мазмұнына, эстетикалық-көркемдік қуатына, сабақтың оқу-тəрбиелік міндеттеріне сай
белгіленетіні. Лирика, ондағы ақындық тіл ой нақтылығымен, табиғи бояуымен,
суреткерлік қуатымен сабақ көрнекілігін қамтамасыз ететіндігі.
Y-YII сыныптарда лириканы оқыту əдебиеттік оқу сипатында ұйымдастырылатыны.
Мəнерлеп оқу жəне оның лириканы оқып –үйретудегі айрықша қызметі. Мəтінмен
жүргізілетін жұмыс түрлері.
YIII-IX сыныптардағы көркем оқу. Бұл сыныптарда оқушы қызығушылығының
лирикалық шығарманың азаматтық үніндегі,
əлеуметтік мазмұндағы астарларға, жеке сөз, сөз тіркесіндегі, тұтас сөйлемдердегі
көркемдік
бояуларды,
эмоциялық
реңктерді
қабылдау
қабілетін
дамытуға
бағытталатындығы. Лириканы оқытудағы басты мəселе мазмұн мен форма бірлігін
сақтау. Лирикадағы философиялық-эстетикалық, поэтикалық ой арқауын түсіну,
шығармадағы шынайы сезім биігін ұғу.
X-XI сыныптарда тарихи-əдебиеттік курс табиғатына сай лириканы
74
оқытудың күрделене түсетіндігі. Лирикалық өлеңнің ақын шығармашылығымен тығыз
бірлікте əрі жан-жақты талданатыны.
Əдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері
Сабақ жəне оның кезеңдері. Кіріспе сабақ, көркем мəтінмен жұмыс кезеңі, қорытынды
сабақ.
Кіріспе сабақтар. Ерекшеліктері. Сабақ процесіндегі алатын орны. Оларды
ұйымдастыруға қойылатын əдістемелік талаптар. Кіріспе сабақтардың дұрыс
ұйымдастырылуы. Оларға бөлінетін уақыт мөлшері. Кіріспе сабақтарда көркем
шығарманың жанрлық ерекшеліктеріне қатысты мəселелердің ескерілетіні.
Жазушы өмірі мен шығармашылығына шолу, тақырыптарды, монографиялық
тақырыптарды өтуге қатысты кіріспе сабақтар. Көркем мəтінмен жұмыс кезеңі. Бұл
кезеңнің сабақтың кіріспе бөлігімен сабақтастығы. Оқушының мұғалім тапсырмасымен
көркем шығарманы алғаш рет өз бетімен оқуының маңызы. Осы өздік оқудағы алғашқы
қабылдау нəтижелерінің сыныпта көркем мəтінмен жүргізілетін жұмыс түрлерін
белгілеуге негіз болатыны. Орталау сыныптардағы көркем мəтінмен жүргізілетін
мəнерлеп оқу, мазмұндау, салыстырмалы талдау, т.б. жұмыстар кешені.
Жоғары сыныптарда көркем шығарманы оқып-үйретудің жан-жақты талдау арқылы
меңгерілетіні.
Талдау түрлері. Мұғалім нақты шығарманы талдау түрін əдеби шығарманың көркемдік
табиғатындағы
белгілерге
сүйеніп
айқындайтыны.
Көркем
мəтінді
талдаудың
көптүрлілігі. Оқыту əдістерінің талдау нəтижелерінің мазмұнына қарай белгіленетіні.
Қорытынды сабақтар. Олардың кіріспе сабақтармен, көркем мəтінмен жұмыс
кезеңімен тығыз сабақтастығы. Қорытынды сабақтардың көркем шығарманы талдаудың
шешуші кезеңі екендігі. Алдыңғы сабақтарда берілген əдеби білімнің қорытынды
сабақтарда бекітілетіні. Бекіту сұрақтарының орны.
Жазушы өмірбаянын оқыту. Көркем шығармада жазушының өміртанымы,
көзқарасы, мəдени - рухани деңгейі, эстетикалық мұратының, қаламгерлік қолтаңбасының
көрініп тұратыны. Y-IX сыныптарда жазушы өмірбаяны оқытылып отырған көркем
туындыға қатысты кіріспе əңгіме түрінде өтілетіні. X-XI сыныптарда оның жазушының
өмірі мен шығармашылығы түрінде жан-жақты талданып оқылатыны. Жазушының
қоғамдық, тарихи- əлеуметтік қызметіне қатысты деректерді меңгертудің жолдары.
Ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын оқытуға арналған əдістемелік
еңбектерге шолу.
Шолу тақырыптарды оқыту. Шолу тақырыптарының белгілі бір кезеңге жататын
əдебиет өкілдерінің шығармашылығын өтуге баспалдақ міндетін атқаратындығы. Оларда
əдебиеттің даму процесі қоғам өмірімен байланыста қарастырылатыны. Шолу
тақырыптарын өтуге қажетті маңызды тарихи-əдеби материалдарды таңдап алудың
өлшемдері мен əдістемесі. Оқылатын тақырыпқа сай қосымша əдебиеттерді
пайдаланудың маңыздылығы.
Шолу тақырыптарының түрлері, олар бойынша жүргізілетін жұмыс формалары.
Жоғарғы сыныптарда шолу тақырыптарын өтуде əдебиеттерді оқыту əдістерін
пайдаланудың тиімді жолдары.
Шолу тақырыптарын оқыту əдістемесі туралы еңбектерге шолу.
Сабақта əдеби-сын мұраларды пайдалану. Жоғары сыныптарда көркем шығарманы
оқытуда əдеби-сын еңбектерін пайдаланудың қажеттігі. Оларды пайдалану тəсілдері.
Əдебиет теориясы мəселелерін оқыту. Көркем шығармадағы əдеби-теориялық
ұғымдардың қолданысы жазушының сөз қолданыс өнерін айқындайтыны. Əдеби-
теориялық ұғымдарды меңгерту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері. Əдеби-теориялық
ұғымдарды танытудың əдіс-тəсілдері. Ү- ІХ сыныптарда əдебиеттен берілетін теориялық
ұғымдардың көлемі.