Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 23,57 Kb.
Pdf просмотр
бет30/35
Дата14.05.2018
өлшемі23,57 Kb.
#12467
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

89 
 
кеңістігінің стратегиялық мақсатын шешу мұғалімнің тəрбиелік іс-əрекеттегі 
құзыреттілігіне байланысты болады.  
«Тəрбие  жұмысының  теориясы  мен  əдістемесі»  оқу  курсының  типтік 
бағдарламасының  құрылымы  мен  мазмұнында  ізгілендіру  идеясын  негіздеу 
ескерілген,  теориялық  жəне  əдістемелік  кешенде  құрылған  жəне  тəрбие 
үдерісінде 
жалпыадамзаттық 
ізгілік 
құндылықтар 
басымдылығында,  
тұлғалық-бағдарлық, 
тұлғалық-іс-əрекеттік, 
аксиологиялық 
тұрғылар 
жүйесінде жүзеге асырылған.  

 
 «Тəрбие  жұмысының  теориясы  мен  əдістемесі»  курсын  оқыту 
барысында студент төмендегідей білімдерді меңгеруі тиіс:  

 
 тəрбие жұмысының мəнін, мақсаты мен міндеттерін;  

 
 ҚР  қазіргі  заманауи  тəрбие  тұжырымдамаларын  жəне  мектеп  пен 
сыныптың тəрбиелік жүйесін;  

 
 сынып жетекшісі іс-əрекетінің жүйесі мен бағыттары;  

 
 тəрбие  үрдісінің  субъектілері  –  мұғалімдер,  білімалушылар,  ата-
аналардың 
педагогикалық 
əрекеттестігі 
мен 
ынтымақтастығының 
формалары, əдістері;  

 
 əр  түрлі  бағыттағы  тəрбие  жұмысының  формалары,  əдістері, 
құралдары;  

 
 заманауи тəрбие технологиялары;  

 
 тəрбие жұмысының нəтижелерінің диагностикасы  

 
«Тəрбие  жұмысының  теориясы  мен  əдістемесі»  курсын  оқыту 
барысында студентте келесі біліктіліктер мен дағдылар қалыптасуы керек:  

 
 Қазақстан  азаматына  сəйкес  адамзаттық  жəне  ұлттық  құндылықтар 
негізінде  сыныпта,  мектепте  тəрбие  жұмыстарын  жобалау,  жоспарлау  жəне 
өткізу; 

 
 мақсат  пен  міндеттерді,  сонымен  қатар  тəрбиеленушілердің  жастық 
жəне жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тəрбиенің түрлерін таңдау;    

 
 тəрбиенің  əдістері  мен  тəсілдерін  вариативті  қолдану,  тəрбиені 
ұйымдастыру формаларын, құралдарын таңдау жəне пайдалану;    

 
 сынып  ұжымын  қалыптастыру  үрдісіне    педагогикалық  басшылық 
жасауды жəне басқаруды жүзеге асыру; 

 
сынып  сағаттарын,  ҰШІ-ті  жəне  əр  түрлі  бағыттағы  тəрбиелік  іс-
шараларды ұйымдастыру; 

 
тəрбиенің  инновациялық  технологияларын,  оның  ішінде  қиын 
балаларды тəрбиелеу мен қайта тəрбиелеу əдістерін таңдау жəне пайдалану; 

 
ата-аналармен тиімді ынтымақтастық формаларын таңдау;   

 
дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру; 

 
сыныпта  жəне  мектепте  кəсіптік  бағдар  беру  жұмыстарын  жоспарлау, 
ұйымдастыру жəне өткізу;  

 
тəрбие 
үрдісінің 
тиімділігін 
зерттеу 
жəне 
оны 
əдістемелік 
қамтамасыздандыру.  


90 
 
«Тəрбие  жұмысының  теориясы  мен  əдістемесі»  курсын  оқыту 
үдерісінде  студент  іс-əрекетті  жүзеге  асыруға  теориялық  əрі  практикалық 
дайындығын  жəне  оның  кəсібилігін  сипаттайтын  көрсеткіштерінің  бірлігі 
ретінде  жалпыпедагогикалық,  əлеуметтік-тұлғалық,  пəндік  жəне  т.б. 
құзыреттіліктерді меңгеруі қажет.  
Курстың  пререквизиттері.  «Тəрбие  жұмысының  теориясы  мен 
əдістемесін»  курсын  оқып-үйренудің  алдында  мынадай  пəндер  оқытылуы 
тиіс: «Мəнгілік Ел», «Педагогика», «Бірінші курстағы үздіксіз педагогикалық 
практика»,  сонымен  бірге  «Психология»,  «Оқушылардың  физиологиялық 
дамуы», «Өзін-өзі тану». 
Курстың  постреквизиттері.  Пəнді  оқыту  студенттердің  мамандық 
бойынша  əдістемелік  пəндерді  жетік  меңгеруіне  жəне  педагогикалық 
(өндірістік) практиканы табысты өтуіне негіз болып табылады.   
 
Пəннің тақырыптық жоспары 
 
№ 
Тақырыптары 

Тəрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі 

Мектеп пен сыныптың тəрбиелік жүйесі 

Сынып жетекшісінің тəрбиелік іс-əрекетінің жүйесі  

Мектепте, сыныпта тəрбие жұмыстарын жоспарлау  

Оқушылар  ұжымын  қалыптастырудағы  тəрбие  жұмысының 
ерекшеліктері 

Қазіргі  таңдағы  мектептің  тəрбие  үдерісіне  педагогикалық 
қолдау 

Қазіргі таңдағы оқу-тəрбие үдерісіндегі тəрбие технологиясы 

Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыстарының  жүйесі  

Дарынды  балалармен  жүргізілетін  тəрбие  жұмыстарының 
жүйесі 
10 
Оқушылардың  денсаулық  пен  салауатты  өмір  салтына 
құндылық  қатынасын  қалыптастырудағы  сынып  жетекшісінің 
іс-əрекеті 
11 
Оқушылармен  жүргізілетін  кəсіби  бағдар  беру  жұмыстарының 
əдістемесі 
12 
Оқушылардың  ата-аналарымен  педагогикалық  əрекеттестік 
технологиясы  
13 
Балалар  мен  жасөспірімдердің  бастамашылдығын  дамытудағы 
тəрбиелік жұмыстар 
14 
Тəрбие 
жұмыстарының 
нəтижесі 
мен 
тиімділігінің 
диагностикасы 
15 
Тəрбие үдерісін ғылыми-əдістемелік қамтамасыздандыру 
 


91 
 
 
Бағдарламаның мазмұны 
 
1–тақырып.  Тəрбие  үдерісі  –  тұтас  педагогикалық  үдерістің 
құрамды бөлігі 
 
Тəрбие 
– 
мəдени-тарихи 
феномен. 
Тəрбие 
педагогикалық 
ғылымдардың  категориясы.  Тұлғаны  оқыту,  тəрбиелеу  жəне  дамытудың 
өзара байланысы.  
Тəрбиенің  қазіргі  заманғы  тұжырымдамалары  мен  бағдарламалары. 
«Өзін-өзі  тану»  рухани-адамгершілік  білім  беру  бағдарламасы  (Бағдарлама 
идеясының  авторы  −  С.А.Назарбаева).  Тəрбиенің  ұлттық  өзіндік  ерекшелігі. 
Тəрбиенің  гуманистік,  тұлғалық-бағдарлық,  аксиологиялық,  мəдени,  орта, 
этнопедагогикалық,  құзыреттілік,  қалыптастырушылық,  синергетикалық, 
əлеуметтендірушілік,  көпмəдени,  антропологиялық,    технологиялық, 
тұрғылары. 
Тəрбие 
үдерісінің 
қағидалары: 
гумандық 
бағыттылығы, 
жалпыадамзаттық  құндылықтар,  мəдениеттілік,  үздіксіздік,  табиғилық, 
тұтастық, ұлттық. 
Тəрбие үдерісінің ізгілік жəне гуманитарлық қағидалары: баланы сөзсіз 
қабылдау,  оған  тұрақты  жағымды  қатынас  жасау;  тұлғаға  құрмет  көрсету 
жəне  əрқайсысының  өзіндік  абыройы    сезімін  қолдау;  тұлғаның  өзгеге 
ұқсамау құқығын саналы түсіну жəне мойындау; ерікті таңдауға құқық беру; 
баланың  тұлғасын  емес,  оның  іс-əрекеттерін,  қылықтарын,  ісін  жəне  т.б. 
бағалау.  
Педагогикалық  қолдау  қазіргі  заманғы  педагогиканың  гумандық 
тұлғалық-бағдарланған парадигмасының көрінісі ретінде. 
Тəрбие  үдерісінің  мəні,  құрылымы  мен  логикасы  білім  алушылардың 
өзін-өзі  дамытуға,  өзін-өзі  тəрбиелеуге,  өзін-өзі  танытуға  бағдарлау 
мақсатындағы оның субъектілерінің өзара əрекетестігі мен ынтымақтастығы 
ретінде.  Тұтастық  тəрбие  үдерісінің  сипатамасы  ретінде.  Тəрбие  үдерісінің 
мақсаты мен міндеттері, мазмұны, құралдары, формасы мен əдістері. 
Негізгі  ұғымдар:  тəрбие,  тəрбиенің  гуманистік  парадигмасы,  тəрбие 
үдерісі, 
тəрбиелік 
іс-əрекет, 
тəрбие 
жұмысы, 
технологиялық, 
құзыреттілік, 
аксиологиялық, 
тұлғалық-бағдарлық 
тұрғылар, 
тəрбиенің бағыты.  
 
2 – тақырып. Мектеп пен сыныптың тəрбиелік жүйесі 
 
Тəрбие  жүйесі,  тəрбиелік  жүйе,  тəрбие  жұмысының  жүйесі  ұғымдары. 
Мектептің  тəрбиелік  жүйесі  –  мектептің  тұтас  əлеуметтік-педагогикалық 
құрылымы жəне баланың əлеуметтенуі мен дамуының мақсатқа бағытталған 
факторы.    Мектептің  тəрбиелік  жүйесінің  негізгі  компоненттерінің  мəні, 


жүктеу 23,57 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау