Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік



жүктеу 399,23 Kb.
Pdf просмотр
бет2/13
Дата25.12.2017
өлшемі399,23 Kb.
#6097
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ПОӘК 042-18-12.1.89/03-2013 

№ 1 басылым 

18.09.2013ж. 

40 беттің 5-сі   

 

3. Кестелер арасындағы реляциялық қатынас 



Қатынастармен  байланысқан  кестелер  мынандай  принцип  бойынша  өзара 

әрекеттеседі: басты (master) және бағыныңқы (detail). 

Басты кестені аналық, ал бағыныңқыны – туынды деп атайды. 

Реляциялық деректер базасының кестелері арасындағы байланыстың төрт типін 

ерекшелейді: 

 



бірден  бірге—  бір  кестенің  әрбір  жазбасына  басқа  кестенің  тек  бір  ғана 

жазбасы сәйкес келеді; 

 

бірден көпке — басты кестенің бір жазбасына бағыныңқы кестенің бірнеше 



жазбалары сәйкес келуі мүмкін; 

 



көптен бірге— басты кестенің бірнеше жазбаларына бағыныңқы кестенің тек 

бір ғана жазбасы сәйкес келуі мүмкін; 

 

көптен  көпке  —  басты  кестенің  бір  жазбасы  бағыныңқы  кестенің  бірнеше 



жазбаларымен  байланысқан,  ал    бағыныңқы  кестенің  бір  жазбасы  басты  кестенің 

бірнеше жазбаларымен байланысқан. 



4. Сілтемелі бүтіндік 

Аналық және туынды кестелерде жазбалар арасындағы байланысты жоғалтуға 

әкелетін өзгерістердің екі түрі болуы мүмкін: 

 



Аналық  кестедегі  жазбалардағы  байланыстың  өріс  мәнінің  өзгеруі  туынды 

кестедегі жазбаларға сәйкес келетін байланыстың өріс мәнінің өзгермеуі: 

 

Аналық  және  туынды  кестедегі  байланыстың  өріс  мәнінің  сәйкесінше 



өзгермеуі туынды кестедегі жазбалардан біреуінің байланыс өрісі мәнінің өзгеруі. 

Бірінші  және  екінші  жағдайларда  да  деректер  базасы  бүтіндігінің  бұзылуы 

бақыланады.  Бұл  ондағы  сақталған  ақпарат  дұрыс  емес  болып  бара  жатқандығын 

білдіреді. 



5. Деректер базасын жобалау кезінде кестелерді қарапайымдау 

Қарапайымдау деректерді қарама-қайшы емес және дұрыс редактрлеуді жүзеге 

асыруға  мүмкіндік  беретін  түрге  кестелерді  келтіру  мақсатымен  қайталанатын 

топтар  мен  басқа  қарама-қайшылықтарды  жою  жолымен  деректерді  қайта 

ұйымдастыру процесін ұсынады. 

Қарапайымдаудың соңғы мақсаты деректер базасының жобасын былайша алуға 

келтіріледі:  әрбір  факт  тек  бір  ғана  орында  пайда  болады,  яғни  ақпараттың 

артықтылығы  алынған.  Демек,  қарапайымдауды  реляциялық  деректер  базасында 

ақпараттың  артықтығын  төмендетуге  бағытталған  процесс  ретінде  анықтауға 

болады. 

6. Транзакция түсінігі 

Транзакция  деп  ДББЖ-мен  бір  бүтін  ретінде  қарастырылатын  деректер 

базасымен  жүргізілетін  операциялар  тізбегі  аталады.  Егер  барлық  операциялар 

табысты орындалса, онда транзакция сондай-ақ табысты орындалды деп есептеледі 

және  ДББЖ  осы  транзакциямен  орындалған  (яғни  сыртқы  жадыға  өзгерістерді 

енгізеді) деректердің барлық өзгерістерін тіркейді (commit). Егер де транзакцияның 

бір операциясы табысты аяқталмаса, онда транзакция орындалмаған деп есептеледі 

және  транзакция  орындалғанда  жүргізілген  деректердің  барлық  өзгерістерін 

болдырмау арқылы оның откаты (rollback) жүргізіледі. 

Транзакциямен басқару деректер базасының логикалық бүтіндігін қолдау үшін 



ПОӘК 042-18-12.1.89/03-2013 

№ 1 басылым 

18.09.2013ж. 

40 беттің 6-сі   

 

қажет.  



7. Бөлшектелген ДББЖ терминологиясы 

Деректерді 

өңдеу 

технологиясы 

бойынша 


деректер 

базасы 


орталықтандырылған және бөлшектелген болып бөлінеді. 

Орталықтандырылған  деректер  базасы  бір  есептеу  жүйесінің  жадында 

сақталады.  Егер  бұл  есептеу  жүйесі  ЭЕМ  желісінің  компоненті  болып  табылса, 

мұндай  базаға  бөлшектеліп  кіру  мүмкін.  Деректер  базасын  пайдаланудың  мұндай 

әдісі ДК жергілікті желісінде жиі қолданылады. 



Бөлшектелген деректер базасы есептеу желісінің әртүрлі ЭЕМ-де сақталатын, 

бірнеше  мүмкін  қиылысқан  және  бірін  бірі  қайталайтын  бөліктерден  тұрады. 

Мұндай  базамен  жұмыс  істеу  бөлшектелген  деректер  базасын  басқару  жүйесі 

(БДББЖ) көмегімен жүзеге асырылады. 



 

Бақылау сұрақтары 

1.  Деректер базасы дегеніміз не? 

2.  Деректер базасын басқару жүйесі дегеніміз не? 

3.  Деректер моделінің қандай негізгі типтері бар? 

4.  Деректердің иерархиялық моделі дегеніміз не? 

5.  Деректердің желілік моделі дегеніміз не? 

6.  Деректердің реляциялық моделі дегеніміз не? 

7.  Өріс дегеніміз не? 

8.  Жазба дегеніміз не? 

9.  Кілттік өріс дегеніміз не? 

10.  Бастапқы кілт дегеніміз не? 

11.  Екінші реттегі кілт дегеніміз не? 

12.  Кестелер  арасында  реляциялық  қатынастың  қандай  түрі  бар  және  олар  нені 

білдіреді? 

13.  Қандай жағдайда деректер базасының бүтіндігі бұзылуы мүмкін? 

14.  «Сілтемелі бүтіндік» түсінігі нені білдіреді? 

15.  Қарапайымдау дегеніміз не? Қарапайымдау мақсаты неде? 

16.  Қандай қарапайым формалар бар және олар нені білдіреді? 

17.  Транзакция дегеніміз не? 

18.  Орталықтандырылған деректер базасы дегеніміз не? 

19.  Бөлшектелген деректер базасы дегеніміз не? 

 

Әдебиет: (2) 

 



ТАҚЫРЫП. 

ДЕРЕКТЕР 

БАЗАСЫН 

ПАЙДАЛАНАТЫН 

ҚОСЫМШАЛАР ҚҰРУҒА АРНАЛҒАН DELPHI ҚҰРАЛДАРЫ 

 

Дәріс жоспары 

1.  Деректер базасымен жұмыс істеуге арналған құралдардың жалпы көрінісі. 

2.  ДБ-мен жұмыс істеуге арналған программалар ерекшеліктері. 

3.  Delphi-де қолдайтын ДБ типтері. 

 



жүктеу 399,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау