ПОӘК 042-18-12.1.89/03-2013
№ 1 басылым
18.09.2013ж.
40 беттің 12-сі
1.2 – сурет, ADO байланысын баптау терезесі.
Provider (поставщик данных) бетінде керекті деректер базасының деректер
провайдері таңдалынады. Келесі қадам Connection бетінде орналасқан баланыс
параметрлерін көрсетумен байланысқан (1.3-сурет).
1.3 – сурует, Байланыс параметлерін баптау.
Параметрлерді баптау жұмысын аяқтағаннан соң байланыстың орнағанын
тексеру үшін «Проверить подключение» батырмасын шерту қажет болады.
Үнсіз келісім бойынша бапталған байланыс жабық жағдайда болады. Деректер
базасымен байланысті активтендіру үшін екі әдіс көмегіне жүгінеді.
Connected қасиетінің мәнін true деп өзгерту;
Open әдісін таңдау.
Кейбір орындалатын операциялар түріне қол жеткізу құқығы Mode қасиеті
көмегімен жүзеге асады. Ол келесі мәндердің бірін қабылдайды.
cmUnknown. Берілген байланыс үшін құқықтар берілмеген немесе
анықталмаған.
cmRead. Тек оқу.
cmWrite. Тек жазу.
cmRead. WriteОқу және жазу.
cmShareDenyRead. Басқа байланыстар үшін жазуға тыйым салынған.
cmShareDenyWrite. Басқа байланыстар үшін оқу тыйым салынған.
cmShareExclusive. Басқа байланыстар үшін ашу әрекетіне тыйым салынған.
cmShareDenyNone. Кез келген байланыстар үшін ашу әрекетіне тыйым
салынған.
ПОӘК 042-18-12.1.89/03-2013
№ 1 басылым
18.09.2013ж.
40 беттің 13-сі
ДБ-ның деректер модулін қолдану
Қосымшаны құру барысында деректерге қол жеткізудің визуалды емес
компоненттерін орналастыру үшін арнайы объект – деректер модулін қолдануға
болады. Модульдің үш типі бар: қарапайым, қашықтатылған және Web – модуль.
Қарапайым модульге тоқталсақ, ол DataModule объектісімен ұсынылған. Деректер
модулі визуалды емес компоненттер үшін контейнер ролін атқарады. Оны
қосымшаға қосу үшін File/New/Data Module командасын орындайды. Компоненттер
орналасқан модуль көрінісі 1.10-суретте көрсетілген
1-сурет. Data Module терезесі
Компонентті таңдаған кезде объектілер инспекторында оның қасиеттері
шығады. Қосымшаны орындау барысында программа мәтінінен компоненттер
қасиетін шақыру кезінде модуль атауын қолдану керек. Мысалы:
DataModule2.ADOTable1. TableName:=’Mashine.db’;
DataModule2.DataSource1.DataSet:=DataModule1.ADOTable1;
TableName:=’Mashine.db’;
DataModule2.ADOTable1.Active:=True;
Модуль компонентінің мәтіндері үшін автоматты түрде модуль, мысалы, Unit2
атауымен құрылады. Модуль компонентіне негізгі форманың модуль
программасынының мәтінінен жол ашу үшін оның Uses операторының тізіміне
қолмен таңдау арқылы модуль атауын қосуға болады. Мысалы: Uses unit2.
Егер негізгі форманы немесе оның модулін активтендірсе, бұл операторды
File/Uses unit командасының көмегімен де қосуға болады.
Егер оператор қосылмасакомпиляциялау кезінде модульді құру керектігі
жайлы ақпараттық хабарлама шығады, осы кезде бұл хабарламаға “yes” деп жауап
қайтарса жеткілікті.
Деректерге жол ашу компоненттерінен басқа деректер модулінде ДБ-н,а
тікелей қатысы жоқ визуалды емес басқа да компоненттерді орналсыруға болады.
Мысалы, ImageList, OpenDialog, Timer және т.б. Модульдің pas – файлдарында
сонымен қатар модульде орналасқан компоненттер оқиғаларын өңдеушілер үшін
әдістер мәтінін орналастырады.
Деректер моделі деректерді басқару компоненттерін деректерді өңдеу
формасынан ажырату мүмкіндігін туғызады. Құрылған модульді бірнеше
қосымшалармен қатар қолдануға болады.
Кішігірім қосымшалар үшін модульді қолдану аса қолайлы емес, өйткені ол
жұмысты көбейтіп қосымша мәтінің көлемін ұлғайтады.
ПОӘК 042-18-12.1.89/03-2013
№ 1 басылым
18.09.2013ж.
40 беттің 14-сі
Бақылау сұрақтары
1. ADO құралдарымен деректерге қалай қол жеткізуге болады?
2. ADO байланысын қалай баптау керек?
3. ДБ-ның деректер модулін қалай қолдану керек?
Әдебиет: (2)
5 тақырып. Delphi ортасында деректер базасының қосымшасын құрудың
жалпы принциптері
Дәріс жоспары
1. ADOTable, ADOQuery , DataSource компоненттерімен жұмыс.
2. Деректер базасымен жұмыс істеуге арналған визуальды компоненттермен
жұмыс (Data Controls беті).
3. Өрістермен жұмыс.
4. Есептік өрістерін құру.
Дәрістің қысқаша мазмұны
ADOTable, ADOQuery, DataSource компоненттерімен жұмыс
ADOTable компоненті
ADOTable – кесте компоненті; ДБ кестесіне қол жеткізу мүмкіндігін туғызады;
ол ДБ-ның физикалық кестесіндегі барлық деректерді ADO көмегімен беретін
деректер жиынын (жинағын) құрайды.
ADOTable компоненті компоненттер палитрасында ADO бетінде орналасқан.
Кейбір қасиеттері
1. Connection – ДБ-мен байланыс
2. TableName – ДБ-ның физикалық кестесінің атауы; ДБ деректерінің орналасу
орнын анықтайды; ашылмалы тізімнен таңдалынады;
3. Filter – Деректерді іріктеудің фильтрін орнату үшін;
4. IndexFieldNames – индекстері(негізгі және екінші) құрылған өрістер үшін;
5. IndexName – ағымдағыкестенің екінші индекстің атауы; кестені құрған кезде
құрылған екінші индекстер тізімінен таңдалады; егер қосымшаны жасау немесе
орындау барысында екінші индекс атауы таңдалмаса, онда деректер жинағы негізгі
кілт бойынша сұрыпталады.
6. Active – Boolean типті – кестенің активтілігі (белсенділігі); Active =True
кезінде деректер жинағы ашық қалпында, ал Active=False кезінде жабық болады.
7. Қосымшаны құру барысында Active =True қасиетін Connection, TableName
қасиеттерінен кейін орындау керек. Осыдан соң деректерді көрсету жүйесі ДБ
мәндерімен толтырылады.
ADOQuery компоненті
ADOQuery компоненті деректер жинағын өзінің SQL қасиетінде анықталған
сұраныс бойынша жасақтайды. Компонент деректерге реляциялық (топтық) тұрғыда
қол жеткізу кезінде қолданады.