ПОӘК 042-18-12.1.89/03-2013
№ 1 басылым
18.09.2013ж.
40 беттің 7-сі
Дәрістің қысқаша мазмұны
1. Деректер базасымен жұмыс істеуге арналған құралдардың жалпы
көрінісі
Delphi Enterprise құрамына ДБ пайдаланатын қосымшаларды құру және
эксплуатациялауға арналған келесі құралдар кіреді.
1. BDE (Borland Database Engine)
Жергілікті және клиент-серверлі деректер базасына төмендеңгейлі кіруді
қамтамасыз ететін DLL-кітапханаларды ұсынады. Бұл программа әрбір компьютерге
орнатылуы керек, ол Delphi жазылған деректер базасымен жұмыс істеуге арналған
қосымшаны пайдаланылады.
2. BDE Administrator
Нақты компьютерде деректер базасының псевдонимін (атын), деректер
базасының параметрін және деректер базасының драйверін орнатуға арналған
программа. Бұл программада барлық деректер базасына ортақ параметрлерді
баптауды жүргізуге болады: уақыт және күн форматы, тілдік драйверді
пайдаланатын сандарды көрсету форматы және т.б.
3. Database Desktop (DBD)
Деректер базасын құру, өзгерту және көруге арналған құрал. Программа
жергілікті ДББЖ кестелерімен жұмыс істеуге үшін негізделген.
4. SQL Explorer
BDE Administrator және DBD көптеген функцияларын біріктіретін әмбебап
программа. Оның көмегімен деректер базасының псевдонимін құруға және көруге,
деректер базасы кестесінің құрылымын және ішіндегісін қарауға, SQL тілінде
деректер базасына сұраныс құруға, деректер сөздігін құруға болады.
2. ДБ-мен жұмыс істеуге арналған программалар ерекшеліктері
ДБ жұмыс істеуге арналған Delphi программалар көмегімен құрылғандардың
ерекшелігі оларда BDE пайдалану болып табылады.
BDE программа мен деректер базасының арасында байланыстырушы көпір
рөлін жүзеге асырады. BDE өзіне клиенттік программаны оған қажет деректермен
қамтамасыз ету бойынша барлық төмендеңгейлі жұмыстарды алады. Сондықтан
жалпы жағдайда программаның деректермен өзара әрекеттесуі былайша жүреді:
3. Delphi қолдайтын ДБ типтері:
1. Локальды және файл-серверлі ДБ.
2. Клиент-серверлі ДБ.
3. Қосымша сервермен архитектура.
Бақылау сұрақтары
1. ДБ пайдаланатын қосымшаларды құру және эксплуатациялау үшін қандай
құралдар Delphi құрамына кіреді және олар қандай функцияны орындайды?
2. ДБ-мен жұмыс істеу үшін Delphi көмегімен құрылған программалардың тән
ерекшелігі не болып табылады?
3. Қандай ДБ типтері Delphi-де қолданылады және олар нені білдіреді?
Әдебиет: (2)
ПОӘК 042-18-12.1.89/03-2013
№ 1 басылым
18.09.2013ж.
40 беттің 8-сі
3 тақырып. Database Desktop, BDE Administrator утилиттерімен жұмыс
Дәріс жоспары
1. BDE Administrator міндеті.
2. ДБ псевдонимін құру.
3. STANDARD типті деректер базасының параметрі.
4. PARADOX драйверінің параметрлерін орнату.
5. Database Desktop міндеті.
6. PARADOX типті деректер базасының кестесін құру.
7. Кесте өрісінің типтері мен қасиеттері.
Дәрістің қысқаша мазмұны
BDE Administrator
BDE Administrator – бұл нақты компьютерде деректер базасының псевдонимін,
деректер базасының параметрлерін және деректер базасының драйверлерін орнатуға
арналған программа. Бұл программада барлық деректер базасы үшін жалпы
параметрлерді баптауды жүргізуге болады: уақыт және күн форматы, сандарды
көрсету форматы, пайдаланылатын тілдік драйвер және т.с.с.
ДБ псевдонимін құру
Локальды ДБ кестелерімен жұмыс істеу кезінде (олардың қатарына Paradox
және dBase ДББЖ кестелері кіреді) деректер базасының өзі дисктегі каталогта
орналастырылады және файлдар жиыны түрінде сақталады. Бір кестені сақтау үшін
жеке файл құрылады. Осындай жеке файлдар кесте индекстері мен мемо-өрістерді
сақтау үшін құрылады.
ДБ-на утилиттер мен программалардан қатынау деректер базасының
псевдонимі арқылы жүзеге асырылады.
Псевдоним – бұл деректер базасы кестесінің файлы орналасқан жерді
көрсететін қысқа атау.
Псевдоним BDE Administrator утилиті көмегімен нақты компьютер
конфигурациясының файлында тіркелуі керек. ДБ псевдонимін құру үшін келесі
әрекеттерді орындау керек:
1. BDE Administrator утилитін жүктеу керек (оны басты меню Windows: Пуск \
Программы \ Borland Delphi 6 \ BDE Administrator көмегімен істеуге болады
),
2. Утилит терезесінің басты менюінен Object \ New элементін таңдау керек.
3. Пайда болған терезеде (1-сурет) құрылатын ДБ типін өзгеріссіз (STANDARD)
қалдыру және ОК батырмасын басу қажет.
4. ДБ администраторы терезесінің сол жақ өрісінде STANDARD1 атауымен жол
пайда болады. Осы атауды өз қалауыңыз бойынша басқа атау беруге болады.
5. Оң жақ өрісте ДБ параметрі көрсетілген. ДБ орналасқан, каталогқа кіру
маршрутын көрсететін PATH параметрін өзгерту қажет. Жолды қолмен енгізуге
болады, бірақ администратор құралымен пайдаланған дұрыс: ол үшін PATH өрісін
шерту керек және пайда болған оң жақ бөліктегі көпнүктелі өрісті басу керек. Содан
кейін қажет каталогты таңдау және ОК батырмасын басу керек (2-сурет).