Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан



жүктеу 2,05 Mb.
Pdf просмотр
бет25/30
Дата06.02.2020
өлшемі2,05 Mb.
#28314
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

 

67 


(50%) мүмкіндігі шектеулі балалар оларға кедергі жасайды және  олармен 

бірге  оқыған  қызықсыз.  Мұғалімдер  бұндай  балалармен  жұмыс  істегісі 

келмейді  және  істей  алмайды  деген  пікірді  білдірді    және  сынып 

ұжымында  дұрыс  қарым-қатынасты  орнату  кезінде  қиыншылықтар 

туындайды.    Әнгімелесу  барысында  қала  мұғалімдер  мен  оқушылар, 

бұндай балалармен бұрын қарым-қатынастың болмағаны жайлы айтты. 

Зерттеу  нәтижелері  бойынша  қала  тұрғындарына  қарағанда,  

ауылдағы  ата-аналар  мен  балалар,  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  деген 

толеранттылықты  білдірді.  Осы  толеранттылық  қалыптасуының  негізгі 

факторы  ретінде  -  мүмкіндігі  шектеулі  адамдармен  өзараәрекеттесу 

тәжірибеннің  болуы.  Қазіргі  танда  біздің  қоғамда  мүмкіндігі  шектеулі 

балалар    үйде  немесе  жабық  интернаттық  ұйымдарда  орналасқан.  Қала 

тұрғындары  бұндай  балаларды  көрмейді  және  олармен  қарым-қатынасты 

орнатуға дайын емес. Ауылды жерде әр-бір тұрғын  көзге түседі, тиісінше 

мүмкіндігі  шектеулі  адам  да.  Күнделікті  қарым-қатынастың  бар  боруы 

мүмкіндігі  шектеулі  адамды  жағымды  қабылдауына  әкеледі.  Бұндай 

адамдармен  күнделікті  жеке  қарым-қатынасты  орнату  және  эмоционалды 

байланыстардың  бар  болуы  өзараәрекеттесу  кезінде  кедергілерді  жоюға 

көмектеседі.  Бұндай  модель  басқа  адамға  деген  жағымды  қатынасты 

қалыптастыруда маңызды рөль атқарады.  

Инклюзивті  білім  беру  –  оқытудың  прогрессивтік  тәсілі  болып 

табылады  және  біздің  заманауи  қоғамның  келешегі.    Біздің  қоғамымыз 

ұлттық  және 

конфессионалдық  толеранттылықпен 

ерекшеленеді, 

сондықтан  мүмкіндігі  шектеулі  бала  оның  мүмкіндіктері  мен 

қажеттіліктеріне  бейімделген    сапалы  білім  алуға  деген  құқығын  жүзеге 

асыра алады  деп үміттенеміз. Мүмкіндігі шектеулі бала өмірде өз орнын 

табады және  өзінің өмірлік потенциалын болашақта толығымен пайдалана 

алады.  


 

Тұрарова Гүлназ Үкіметбекқызы 

психология және коррекциялық педагогика кафедрасының 

аға оқытушы, педагогика магистрі 

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан

 

мемлекеттік 

университеті, Өскемен қ. 

 

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-



ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ 

 

Инклюзивті  білім  беру  –мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  жалпы 



білім  беретін  мектептерде  тең  жағдайда  бірдей  білім  алуына 

қолжетімділігін ұйымдастыру.  

Инклюзивті  оқыту  –  мүгедек  пен  дамуында  сәл  бұзушылығы  мен 

ауытқулары  бар  балалардың  дені  сау  балалармен  бірге  олардың 




 

68 


әлеметтендіру  және  интеграция  процестерін  жеңілдету  мақсатындағы 

бірлескен оқыту. 

Инклюзивті  оқыту  -  барлық  кемтар  балаларға  мектепке  дейінгі  оқу 

орындарында,  мектепте  және  мектеп  өміріне  белсене  қатысуға  мүмкіндік 

береді,  оқушылардың  тең  құқығын  анықтайды,  адамдармен  қарым-

қатынасына  қажетті  қабілеттілікті  дамытуға  мүмкіндік  береді,  барлық 

балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, 

жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын 

кедергілерді  жоюға,  ата-аналарын  белсенділікке  шақыруға,  балалардың 

білімділік  қажеттіліктеріне  бейімделуіне  жағдай  қалыптастыру,  яғни 

жалпы  білім  беру  сапасы  сақталған  тиімді  оқытуға  бағытталған 

мемлекеттік саясат. 

Жалпы  инклюзивті  білім  беру  –  мүміндігі  шектеулі  балаларды 

оқытып-үйретудін бір формасы. Нағыз инклюзия білім берудің 2 жүйесін: 

жалпы  және  арнаулы  жүйелерді  бір-біріне  қарама-қайшы  қоймай,  қайта 

жақындатады. 

Дамуы  тежелген  балаға  психологиялық-педагогикалық  қолдау 

көрсету  қызметінің  барлық  бағыттарына  жетекшілік  ететін  қызмет 

координаторы,  мұғалім-дефектолог,  логопед,  психолог,  әлеуметтік 

педагог,  медицина  қызметкерлері  жұмыс  атқарады.  Яғни,  психикалық 

дамуы  тежелген  баланы  психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсету 

қызметінің  тиісті  мамандарымен  жүзеге  асырылады.  Психологиялық-

педагогикалық  қолдау  көрсету  қызметінің  әр  маманы  өз  бағыттары 

бойынша  жұмыс  істейді.  Бұл  біріккен  психологиялық-педагогикалық 

қолдау  көрсету  қызметінің  басты  мақсаты  –  мүмкіндігі  шектеулі  балаға 

психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.  

Педагог-дефектологтың  психикалық  дамуы  тежелген  балаға 

психологиялық-педагогикалық  қолдау  көрсетуі  мынадай  бағыттарда  іске 

асырылады:  

I. 


Диагностикалық  бағыт:  -  баланы  алғашқы  дефектологиялық 

тексеру;  -  баланың  психикалық  дамуының  динамикасын  жүйелі  түрде 

кезең бойына бақылау; - баланың даму деңгейіне әсер еткен әдіс-тәсілдер 

мен  таңдалған  бағдарламаның  тиімділігін  анықтау;  -  мүмкіндігі  шектеулі 

баланың  жеке  ерекшіліктерін,  танымдық  қызметін,  ерік-жігер  саласын, 

отбасындағы  тәрбиелік  жағдайдың  даму  ерекшеліктерін  зерттеу;  -  жалпы 

білім  беру  ұйымдарының  бағдарламасын  меңгерудің  деңгейін  анықтау;  - 

компенсаторлық  мүмкіндіктерді  іздеп  табу;  -  баламен  жұмыстың 

бағыттарын айқындау мен бала дамуындағы ауытқулардың алдын алу.  

Сонымен,  диагностика  келесі  міндеттерді  шешуге  бағытталады. 

Баланы алғашқы тексеру. Оның мақсаты: баланың жақын даму аймағы мен 

актуалды  даму  аймағын,  оқу  барысындағы  қиыншылықтардың  себептері 

мен  механизмдерін  анықтау.  Диагностикалық  зерттеу  жұмысы  қыркүйек 

айы бойы жүргізілді. Бұл диагностиканың қорытындысы дефектологиялық 

тексеру  хаттамасында,  балаға  дефектологиялық  анықтама  бергенде 



жүктеу 2,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау