63
ерекше білім қажеттіліктерін қанағаттандыру қажет. Сонымен қатар
балаларға барлық қажетті жағдайды жасау керек. Инклюзивті білім
берудің енуі қоғамда дискриминация мен жатырқап кету мәселелерінің
жеңіп шығуына мүмкіндік береді, сонымен қатар барлық адамдар
арасында әлеуметтік тепе-теңдікке және әлеуметтік оңалтуға жол ашады.
Қоғамның осал топтарына, дамуында мүмкіндігі шектеулі балалар
жатқызылады, сонымен қатар мүгедек балалар. Шығыс-Қазақстан
облыстық психологиялық, медициналық және педагогикалық кеңес беру
деректеріне сәйкес, Өскемен қаласы бойынша 1.04.2015 жылы мүмкіндігі
шектеулі балалардың саны: 0 - 18 жасқа дейін – 3342; «мүгедек-бала»
мүддесімен ерекшелінетін балалардың саны - 736.
2014-2015 оқу жылында түзету-дамытушылық тәрбиелеу мен
оқытуымен қамтылған балалардың саны 1023. 659 бала арнайы түзету
ұйымдарында оқытылып, тәрбие алуда, 364 оқушы жалпы білім беру
мектептерінде ашылған, мүмкіндігі шектеулі балалар арнайы сыныптарда
білім алуда.
Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға түзетушілік-педагогикалық
қолдау көрсетіледі, әсіресе ауызша және жазбаша сөйлеуінде дефект
құрылымында бұзылыстармен ерекшеленетін балаларға арналған
логопедиялық пункттер орналасқан: жалпы білім беру мектептер-13,
бала-бақшалар - 23. Ауызша және жазбаша сөйлеуінде бұзылыстары бар
1423 бала түзетушілік көмек алады. 01.04.15 жылы 151 оқушы үйде
оқытылды, оның ішінде 79 мүгедек балалар.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың жоғары пайызы оқумен және
тәрбие жүйесімен қамтылмаған, оның себептері жеткілікті және осы
мәселені инклюзивті білім беруді енгізу арқылы ғана шеше алады.
Инклюзивті білім беруді толығымен жүзеге асыру үшін келесі
міндеттерді шешу қажет:
1.
Инклюзивті білім беруді нормативтік-құқықтық және
қаржылық-экономикалық жағынан қамтамасыз ету қажет, яғни
нормативтік құжаттардың бар болуы инклюзивті жалпы білім беру
ұйымының іс-әрекетін және мүддесін аңықтайды. Сонымен қатар ерекше
қажеттіліктерімен
ерекшеленетін
балаларды
жалпы
білім
беру
ұйымдарына орнықтыру, кедергісіз ортаны мен оқуды, түзете-дамытушы
үрдісті ұйымдастыру мәселелерімен айналысады.
2.
Инклюзивті білім беруді қолдау мақсатында қоғамдық ойды
және мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген толеранттық қатынасты
қалыптастыру.
3.
Инклюзивті білім беруді ғылыми және оқу-әдістемелік
жағынан қамтамасыз ету:
- мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру ортаға қосу
мақсатында эксперименталды нұсқаулық модельдерді өндіру; сонымен
қатар осы категорияға жататын балаларды оқыту үрдісі кезінде
64
қолданатын жаңа ықпалдар, әдістер мен инновациялық технологияларды
дайындау;
- мүмкіндігі шектеулі балалардың білімдерін бағалау кезінде негізгі
критерийлерді өндіру;
- жалпы білім беру ұйымдарында оқитын мүмкіндігі шектеулі
балаларды әлеуметтік оңалту және психологиялық-педагогикалық
сүйемелдеу бойынша әдістемелік нұсқаулар мен оқу-әдістемелік
құралдарды дайындау және қолдану;
- жалпы білім беру ұйымдарда оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға
арналған оқулықтарды, оқу жоспарлар мен бағдарламаларды құрастыру;
-инклюзивті жалпы білім беру ұйымдарды арнайы оқулықтармен,
оқу-әдістемелік
және
көрнекілік-дидактикалық
материалдармен
қамтамасыз ету.
4.
Жалпы инклюзивті білім беру жүйесіндегі кадрларды
дайындау және біліктілігін жоғарлату.
5.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне
енгізу үшін жағдай жасау: мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте аңықтау
және уақытында кешендік қолдау мен көмек көрсету; кедергісіз ортаны
қалыптастыру, инклюзивті ұйымдарды материалды-техникалық жағынан
қамтамасыз ету, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың
техникалық тәсілдермен қамтамасыз ету; кешендік қызметті ұйымдастыру
(әлеуметтік және медициналық-педагогикалық сүйемелдеу); инклюзивті
білім беруді қамтамасыз ету мақсатында әр-түрлі деңгейдегі ресурсттік
орталықтарды ұйымдастыру; жалпы білім беру жүйесінде мүмкіндігі
шектеулі оқушыларды ерте кәсіптік бағдар, кәсіп алды және кәсіби
дайындықпен қамтамасыз ету; сонымен қатар белсенді түрде инклюзивті
білім беруінің дамуына қоғамдық ұйымдар мен ата-аналардың назарын
аудару және осы үрдіске тарту.
Инклюзивті білім беру мәселесіндегі айрықша маңызды екі міндетке
тоқталайық. Бірінші – бұл инклюзивті үрдіске мұғалімді дайындау.
Инклюзивті білім беру жағдайында мұғалімнің позициясы алмасып
тұрады.
Мұғалім өзінің автономдылығын жоғалтады, яғни жұмыс
барысында арнайы педагогпен, психологпен, логопедпен, әлеуметтік
педагогпен және ата-аналармен тығыз қатынаста болады. Ұзақ уақыт бойы
мұғалім іс-әрекет барысында аталған мамандарға өзінің тәжірибесін ашық
түрде көрсетеді. Осындай жағдайда әр бір педагог жұмыс істей алмайды.
Үнемі басқа педагогтармен жұмыс жасау барысында мұғалімдердің көбі
шиеленіске ұшырауы мүмкін. Бұндай жағдайда жұмыстың сапасы мен
жұмысқа деген қабілеті төмендейді.
Инклюзивті мектептің мұғалімі жетістікке жете алады, егер:
- әжептәуір икемді болса;
-
қиыншылықтарға қызуғышылық танытады және әр-түрлі
ықпалдарды қолдана алса;