60
аппараты көмектеседі. Нашар еститін балаларда есту қабілетінің төмендеуі
15-20дб мен 75 дб аралығында болады. Кохлеарлы имплантат дегеніміз –
науқастың шашына немесе терісіне орнатылатын хабарлағыштан,
дыбыстық процессордан, микрофоннан, сондай-ақ, тері астына енгізілетін
қабылдағыштан және хирургиялық әдіспен құлақ ұлуы ішіне енгізілетін
электродтар тізбегінен тұратын медициналық құрылғы. Кохлеарлы
имплантат қызметі есту жүйкесіне электродты импульс арқылы дыбыс
толқындарын жеткізу болып табылады.
Нашар көретін балалар. Нашар көретіндер - 0,05-тен, 0,2-ге дейін
жақсы көретін көзінде түзететін қарапайым көзілдірік арқылы көретіндер.
Нашар көретіндерде көру қабілетінің өткірлігінің төмендеуімен қатар, көру
қызметінін басқа салалары да бұзылуы мүмкін, мысалы: жарық пен
түстерді сезінуі.
Тірек қимыл-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балалар. Тірек
қимыл-қозғалыс аппаратының зақымдалуы – бұл ерікті қимыл-
қозғалыстың шектелуі. Бұл балаларда қимыл-қозғалыстың бұзылыстары
психикалық және сөйлеу тілінің бұзылыстарымен қатар жүреді.
Психикасының дамуы тежелген балалар. Үлгерімі төмен балалар
тобында 50% дейін ПДТ балалар кездеседі. ПДТ себептері ми қыртысының
минималды, функционалды зақымдануы немесе балалардың ұзақ мерзімде
әлеуметтік депривацияга ұшырауы т.б. Бұл балалардың эмоция- ерік
сферасын, таным іс-әрекетінің дамуы, тежелуі, оның сапалы ерекшеліктері
педагогикалық түзету шаралар арқылы орнына келуі, жөнделуі мүмкін.
Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалар.
Тіл кемістігі деп – сөйлеу қабілетінің психофизиологиялық
механизмінің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған
ортаға тән мөлшерден ауытқуын айтады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру ұйымдарына
енгізу
IV кезең - Жалпы білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі
оқушыларғы білім беру және түзетушілік-дамытушылық үдерісті
ұйымдастыру
V кезең - Жалпы білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі
оқушыларғы білім беру және түзетушілік-дамытушылық үдерісті
ұйымдастыру
Оқыту үдерісі
Мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке ерекшелігіне қарай оқу
бағдарламаларын бейімдеу;
Жеке білім беру бағдарламаларын құрастыру;
Мүмкіндігі шектеулі оқушылармен қосымша сабақтар өткізу.
Түзетушілік-дамытушылық үдеріс
Түзетушілік-педагогикалық қолдау;
Психологиялық-педагогикалық қолдау;
Жеке түзетушілік-дамытушылық бағдарлама құрастыру;
61
Арнайы мектептердің, реабилитациялық және ресурстық
орталықтардың логопедтері, психолог, педагог-дефектологтары жалпы
білім беретін мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетеді
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды сыныпқа отырғызу тәртібі
«Қайталау»
стратегиясы: Сыныпқа отырғызудың бұл
стратегиясында мүмкіндігі шектеулі балаларды бір қатарға отырғызып,
онымен педагогтың ассистенті жұмыс жасайды. Ол мұғалімнің айтқанын
сол қарқынмен мүмкіндігі шектеулі балаларға қайталайды.
«Бекет»:
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды сыныпқа
отырғызудың екінші нұсқасы «Бекет» деп аталады. Сыныпқа отырғызудың
бұл тәртібінде оқушыларды деңгейі бойынша «Бекетке» бөледі. Екінші
бекеттегі мұғалімнің жетекшілігімен ассистент мүмкіндігі шектеулі
оқушылармен жұмыс жасайды.
Параллель оқыту: Параллельді оқытуда – педагог пен
ассистент қатар жұмыс жасайды. Көмекшісі педагогтың айтқандарын
тыңдап, оны мүмкіндігі шектеулі балаларға түсіндіреді.
Топпен жұмыс: Төртінші нұсқа – «Топ» деп аталады. Бұл
нұсқаға сәйкес педагог пен ассистент сынып алдында бірге жұмыс
жасайды. Педагог сыныпқа түсіндіреді, ал ассистент мүмкіндігі шектеулі
оқушыларға қосымша түсіндіреді, толықтырады.
Инклюзивті сыныптарда физикалық ортаның келесі параметрлері
ескерілуі қажет:
Баспалдақтары бар орындарға пандустар орнату;
екі жаққа кең ашылатын жарма есік және есіктердің ойықтары,
бұл есіктердің ашылып, жабылу жылдамдығы;
жиһаздарды таңдау;
сыныптағы сөрелер, парталар мен үстелдердің биіктігі;
жарықтандыру;
ашық кеңістік;
көңіл аудартатын факторлар;
жаратылыстану бағытындағы пәндерде арнайы құрал-
жабдықтардың қолжетімділігі;
су ішетін құрылғылардың және мектеп ғимараттарының: ойын
алаңдары мен спорт алаңдары, мектептің басқа корпустарының
қолжетімділігі;
қауіпті орындарды анықтау және шартты белгілермен көрсету.
Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі оқушылардың тең
құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-
қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті
бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге
ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты
білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке,
қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.
62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Арнайы педагогика [Мәтін] / Л.С. Заркенова, Н.Н. Омарова, Б.И.
Ильясова. - Алматы: Эверо, 2014. – 180 б.
2. Специальная педагогика [Текст]: Учебное пособие для студ. высш.
учеб. заведений / Под ред. Назаровой Н.М.- 8-е изд., испр. - М.: Академия,
2008. - 400с.
3. Инклюзивті білім беру жағдайында даму мүмкіндігі шектеулі
оқушыларды
психологиялық-педагогикалық
қолдау
қызметінің
ұйымдастырылуы // «Открытая школа» журналы. - № 7(128) 09. - 2013.
4. Елисеева И.Г. Включение детей с ограниченными возможностями
в общее образование. Ресурсные материалы. - Астана 2013. – 107 с.
5. Шматко Н.Д. Базовые модели интегрированного обучения. //
Дефектология. – 2008. - № 1. - С. 79-83.
Стельмах Светлана Александровна
психология және коррекциялық педагогика кафедрасының
меңгерушісі пс.ғ.к.
Аканова Жанель Маратбековна
психология және коррекциялық педагогика кафедрасының
аға оқытушысы, психология магистрі
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан
мемлекеттік
университеті, Өскемен қ.
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МҮМКІНДІГІ
ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ
Социализация детей с ОВР в условиях инклюзивного образования
Қазіргі таңда әлемнің мемлекеттердің көбінде қоғам келесі түсінікке
келді: жалпы адами өсиетке және әлеуметтік әділдіктің талаптарына
сәйкес,
білім
беруде
ерекше
қажелеттіліктер
тән
балаларды
дискриминациялауға жол берілмеуі тиіс. Адамның құқық аймағында
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) декларациясы мен ұсынымдары және
конвенция қағидаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы барлық
балаларға, сонымен қатар ерекше білім алуға деген қажеттіліктері тән,
қоғамда әлеуметтік бейімдеу проблемалармен ерекшеленетін барлық
балалар сапалы біліммен қамтылуы қажет.
Инклюзивті білім беру – бұл барлық балаларды, олардың жынысы,
жеке қажеттіліктер, дін, тіл, этнос, әлеуметтік тиістілік, экономикалық
жағдайы, денсаулық белгісі бойынша айырмашылықтарына қарамастан,
білім беру процесіне кірістіруге бағытталған мемлекеттің маңызды саясаты
болып табылады.
Инклюзивті білім беру саясатының мазмұнына сәйкес барлық
балалар білім алуға деген құқықтары бар; мектептер балалардың
айырмашылықтарына қарамастан оларды қабылдау және балалардың
Достарыңызбен бөлісу: |