Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ӛрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ



жүктеу 3,88 Mb.
Pdf просмотр
бет94/147
Дата20.11.2018
өлшемі3,88 Mb.
#22302
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   147

214 
 
тәжірибені  жақсарту  үшін  пайда  болған  Lesson  Study  қолдану,  т.с.с. 
тұжырымдар мен идеялар болды[2.12]. 
Тиімді  кӛшбасшылық мектеп  жүйесін  жетілдірудің  басты  элементі  болып 
табылады  деген  кеңінен  тараған  пікір  кӛңілге  қонымды.  Шетел  әдебиетінен 
алынған  деректер  тиімді  кӛшбасшылар  мектеп  нәтижесіне  және  оқушылардың 
білімді  меңгеру  деңгейіне  тікелей  болмаса  да,  қатты  ықпал  ететіндігін 
дәлелдейді. Оқыту сапасы оқушылардың ынтасы мен оқу үлгіріміне қатты әсер 
етеді десек те, кӛшбасшылық сапасының мұғалімдердің ынтасы мен балаларды 
деңгейіне  ықпалы  бар  ма  деген  мәселе  тӛңірегінде  үнемі  пікірталас  туындап 
жатады.[3,65] 
Деңгейлік  бағдарлама  авторлары  ұсынып  отырған  оқытуды  басқару  және 
кӛшбасшылық  тұжырымдамасы  мұғалімдердің  пайдаға  асырылмаған  зор 
әлеуеті  бар,  оларды  ӛзгеріс  енгізу  тәжірибесіне,  бірлескен  кәсіби  білім 
құруларына  кӛмектесетін  қолдау  кӛрсетілген  жағдайда  ғана  кӛруге  болады 
деген  ұстанымға  негізделеді.  Ол  педагогикалық  жүйе  сәтті  болу  үшін,  оқыту 
мектептің  барлық  деңгейінде  қатар  жүру  керек,  яғни  оқыту  оқушыларды, 
студенттерді, мұғалімдерді және де мектеп жүйесінде жұмыс істейтін қосымша 
қызметкерлерді түгел қамту керек деген кӛзқарасқа сүйенеді.  
Әлемдік  білім  беру  жүйесіне  кӛшу  тек  білім  мазмұнын  жетілдіру  ғана 
емес,  білім  жүйесінің  басқа  да  маңызды  аспектілерін  жетілдіруді  кӛздейді. 
Пәндік,  педагогикалық  және  технологиялық  білімдердің  ӛзара  әрекеттесуі 
мұғалімдерге жоғары деңгейде кәсіпқойлық бере алады деген идеяны деңгейлік 
бағдарламалар  жақтаушылары  жақсы  меңгерген  деп  білемін.  Ол  ӛз  кезегінде 
оқушылардың  дайындық  деңгейі  мен  жас  ерекшеліктерін  сақтай  отырып, 
материалдарды  жүйелілік  заңдылығымен  меңгеруге,  бірлескен  әрекеттерді 
белсенділікпен  атқаруға,  оқу  мен  оқыту  үдерісінде  эмоционалды  қолдау 
табуларына мүмкіндік бере алады. Оқыту мен оқу мақсаттарының кіріктірілуіне 
қол  жеткізу  үшін  кері  байланыс  пен  рефлексиялық  талдаулар  жасау,  оқудың 
әрбір  сатысыныда  ӛз  әрекеттерінің  сараптамадан  ӛткізу  үшін  кртериалды 
бағалауды қолдану сияқты жаңа міндеттер жүктейді.  
Әлемнің дамыған елдерінің орта білім беру жүйелерінің құрылымдық және 
мазмұндық сипатына талдау жасайтын болсақ: 
Англияның  жалпы  орта  білім  беру  тәжірибесі  13  жылдық  мерзімде,  5-18 
жас  аралығында  қамтылады.  Реформа  жүргізу  Актісіне  сәйкес  орта  білім  беру 
мерзімі  тӛрт  бӛлікке  бӛлінген:  5-7  және  7-11  жас,  11-14  және  14-16  жас. 
Бастауыш мектеп алғашқы екі стадиясынан тұрады. Бастауыш мектепте барлық 
пәндерден бір мұғалім ғана береді. Сабақтың ұзақтығы 35-45 минут. Бастауыш 
мектепте  оқу  бағдарламасының  40  пайызы  ағылшын  тілін оқытуға,  15  пайызы 
дене тәрбиесіне, 12 пайызы қол еңбегі мен бейнелеу ӛнеріне, қалғандары басқа 
пәндерді  оқытуға  бӛлінеді.  Оқушылардың  білімдерін  тексеру  тестілеу  арқылы 
жүзеге  асырылады,  стандарт  талаптарына  сай  білім,  білік,  дағдылары 
тексеріледі. Стандарт талабына сәйкес оқушы білімінің үш деңгейі анықталған: 
1) есте сақтау;  
2) кездейсоқ ситуацияда ӛз білімін қолдана алу;  


215 
 
3) білім мен біліктілігін ӛмірде пайдалана алу;  
70-жылдары  экспериментальды  «ашық  мектептер»  ең  алғаш  Англияда 
ашылған.  Солардың  ішіндегі  ең  танымалы  Э.Лоу  атындағы  білім  беру  ұйымы 
болған.  Балаларда  парталар  немесе  қатып  қалған  сабақ  кестесі,  дәстүрлі  сабақ 
жоспары  жоқ  жағдайда  оқыған.  Сабақтар  барысы  айнымалы-ауыспалы  түрде 
жүргізілген.  Оқушылар  мен  оқытушылар  сабақ  тақырыбы  мен  ӛткізілу 
уақытын, формасын бірге  жоспарланған. Осындай ұйымдастыру  «кіріктірілген 
күн» деп аталған. 
Лоу  мектебінде  оқыту  «жаңалық  ашу»  әдісімен  ұсынылған.  Егер  бала  бір 
күннің  жартысын  қалауы  бойынша  іспен  шұғылдануды  таңдаса,  оған  шек 
қойылмаған,  тек  құнды  бағыт-бағдар  берілген.  Оқушылардың  оқу  нәтижесін 
бағалауға  емес,  олардың  қалыптасып  жатқан  дағдыларының  нәтижелеріне, 
әрекет белсенділігіне кӛп кӛңіл бӛлінген. 
Франция  кіші  жастағы  балаларды  мектепке  дейінгі  ұйымдармен 
қамтамасыз  ету  жағынан  бірінші  орынға  ие,  «аналар  мектебі»,  балабақшалар 
немесе  бастауыш  мектеп  жанындағы  бӛбектерге  арналған  сыныптар. 
Балабақшаларға  екі  жастан  бастап  қабылданған.  Мектепке  дейінгі  білім  беру 
міндетті  емес,  оған  қарамастан  3-6  жасқа  дейінгі  балалардың  барлығы 
балабақшамен қамтылған. 
Франция мектептерінде оқыту  «ӛнер арқылы тәрбиелеу» тұжырымдамасы 
арқылы жүзеге асырылады. Ол негізгі үш мақсатты кӛздейді: 
1) Адам-рухани қазына. Рухани-адамгершілікті қалыптастыру; 
2) Кӛркемдік-эстетикалық талғам қалыптастыру; 
3) Мәдени мұра - қолӛнерден тәжірибе жинақтау; 
Кӛркемдік-эстетикалық мақсатта оқыту арқылы бала сезімдерін дамытуға, 
әдебиет  және  ӛнер  шығармалары  негізінде  адамгершілік-рухани  тұлға 
қалыптастыруға,  мәдениет  және  ӛнер  үлгілерімен  жеке  шығармашылық  икем-
қабілеттерін дамыту  кӛзделген.  Осындай  эксперименттің бірі  әлемдік  С.Френе 
мектебінде  орын  алған.  Френе  техникасы  келесі  элементтерден  құралған: 
мектеп типографиясы, мектеп кооперативі, еркін мәтіндер, фишка-карточкалар, 
жұмыс  библиотекасы,  т.с.с..  Френе  мектебінің  ӛмір  ағымы  ӛзін-ӛзі  басқару 
стилінде  жүргізілген,  басшылығында  бірнеше  оқушыдан  тұратын  кеңес 
кооперативі  мен  С.Френе  тұратын  болған.  Оқу,  шаруашылық,  мәдени 
шаралардың,  кикілжіңдердің,  мадақтау  мәселелерінің  нәтижелері  дауыс  беру 
арқылы  кеңес  қаулысымен  шешілген.  Кеңес  жыл  сайын  қайта  сайланып, 
оқушылар  кезең-кезеңмен  басшылар  мен  орындаушыларға  айналған. 
Кооператив  жұмысы  аптаның  соңында  ашық  жариялы  қорытындыларын 
шығарып отырған.[3,25]  
Америка Құрама ШтаттарыСоңғы кезде Америка құрама Штаттарында 
мемлекеттік  жалпыға  білім  беретін  мектептер  жанынан  4-5  жасар  балаларға 
арналған  мектепке  дейінгі  оқыту  мен  тәрбиелеу  топтарын  құру  мәселесіне 
ерекше кӛңіл аударылған. Бірқатар жерлерде 5 жасар балаларға бастауыш білім 
бӛлігі  ретінде  тегін  оқыту  мәселесі  ұсынылады  екен.  Орта  білім  беру 
құрылымы  6+3+3,  оқыту  мерзімдері  6-18  жас  аралығында.  Жалпы  орта  білім 


жүктеу 3,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау