Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ӛрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ



жүктеу 3,88 Mb.
Pdf просмотр
бет92/147
Дата20.11.2018
өлшемі3,88 Mb.
#22302
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   147

208 
 
- Кәсіптік  қызметте  ұжыммен  араласу,  яғни  үлкен-кішімен  ӛзара 
сыйластықта,  мәдениетті  қарым-қатынас  жасай  білу  құзыреттілігін  кӛрсете 
алуы.  Бұл  жерде  қазақ  халқының  үлкенді  сыйлау,  орнымен  сӛйлеу,  сын-
ескертпелерге шыдамды болу секілді қасиеттерге басымдық беру. 
-  Бірқалыпты  жұмыс  ырғағына  еніп,  кәсіп  шыңын  игеруге  кірісу,  яғни 
педагогикалық  қызметте  ӛмірлік  тәжірибе  жинақтаған,  әріптестері  мен 
оқушылардың, ата-аналардың құрметіне бӛленген ұстаздардан үлгі алу. 
Жан-жақты  жетілген  тұлғаны  қалыптастыру  -  қай  кезеңде  болмасын, 
барлық  ұлт  үшін  ӛзінің  ӛзектілігімен  маңызды.  Адам  тәрбиесіне  қатысты 
айтылған  мына  сӛздерді  мысалға  келтірейік:  «Тәлім  -  тәрбиенің  тамыры- 
сүйіспеншілікте» - деп қытай оқымыстысы Лу Цзин.  
«Дүниедегі ең оңай нәрсе - кісіге ақыл айту, ең қиыны - ӛзіңді ӛзің түсіну», 
«Білікті адам қай жерге барса да, тӛрге шығады». Сайф Саран. «Мықты адам - 
қашан  да  қарапайым».  Л.Толстой.  «Адамдарды  алдына  қойған  мақсаттарына 
қарай бағалауға болады». Н. Миклухо-Маклай. 
«Ӛмірдегі ең пайдалысы- ӛзіндік тәжірибе». В. Скотт. «Адамдар арасында 
абыройға ие болудың сенімді құралы - оларға пайдалы болу». Э. Эшенбах. 
Орташа мұғалім - баяндайды, 
Жақсы мұғалім - түсіндіреді. 
Тәжірибелі мұғалім- кӛрсетеді, 
Ұлы мұғалім - шабыттандырады. Уильям Артур Уорт. 
Ж.Баласағұни: «Жақсы адам ғана жақсы ұстаз бола алады» деген. (1,212-б.) 
«Ісім оңсын десеңіз, 
Сол істің маманы болыңыз. 
Даңқым шықсын десеңіз, 
Кӛпшіліктің адамы болыңыз». 
Жаңа  білім  моделінің  басты  ерекшелігі  және  артықшылығы  сол  -  ол 
ұлттық  идеяға,  ұлттық  құндылықтарға  негізделіп,  ұлт  мүддесі  нің 
басымдылығын  дамытуы  тиіс.  Ӛз  кезегінде  ұлттық  құндылық  -  халықтың 
ӛмірлік бай тәжірибесінен бастау алып, тағдырдың талай тезінен ӛтіп, ұрпақтан 
ұрпаққа  халық  шығармашылығы  арқылы  жеткен  ӛлшеусіз  мұра.  Сондықтан, 
жастарға берілетін білім мен тәрбие мазмұны, ұлтымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі 
даналығынан,  тарихи  мәдени  мұраларынан,  асыл  дәстүрлерінен,  ұлы 
педагогтарымыз  бен  ағартушыларымыздың  ғұламалық  философиялық  ой-
толғауларынан, тереңге бойлаған түп тамырынан нәр алып, табиғи таза мәдени-
рухани құндылықтармен қаныққан болуы тиіс.  
 Міне,  осы  тұрғыдан  «Тәрбиенің  түпкі  мақсаты  -  қоғамның  нарықтық 
қарым  -қатынасқа  кӛшу  кезінде  саяси  -  экономикалық  және  рухани 
дағдарыстарда  жеңіп  шыға  алатын,  ізгіленген  ХХІ  ғасырды  құрушы,  іскер, 
ӛмірге  икемделген,  жан  -жақты  мәдениетті  жеке  тұлғаны  тәрбиелеп 
қалыптастыру»,- деген Н.Назарбаевтың сӛзін жадымызда ұстауымыз қажет.  
 
 


209 
 
ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН АРТТЫРУДА 
МОНИТОРИНГТІҢ РӨЛІ 
 
Елубаева Айымгул Енсегеновна, 
Мониторинг және сараптау бӛлімінің бастығы 
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы  
бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін  
арттыру институты Ақтау қаласы  
yelubaeva.a@orleu-edu.kz 
Кожабаева Нурбиби Игиликовна, 
Мониторинг және сараптау бӛлімінің бас маманы 
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы 
 бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін  
арттыру институты Ақтау қаласы 
kozhabayeva.n@orleu-edu.kz 
 
Мұғалім-ӛзінің білімін үздіксіз кӛтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, 
ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады. 
К. Д. Ушинский
 
 
Бүгінде  ғылым  мен  білімге  қояр  талап  артып,  оқу  жүйесі  де  күрделенген 
шақта  жаңа  қоғам  мұғаліміне  жүктелер  жүк  еселене  түсуде.  Ұстаз  қауымы 
алдында  жай  білім  беру  ғана  емес,  сонымен  қатар  ӛркениет  кӛшіне  жол 
бастайтын, әрі ұлттық рухта сусындаған білімді, дарынды азаматтар  тәрбиелеп 
шығару  міндеті  тұр.  Бұл  жолда  мұғалімнің  кәсіби  шеберлігін  дамыту, 
біліктілігін  арттыру  сынды  мәселелер  білім  беру  жүйесінің  алдында  тұрған 
жауапты іс болмақ. 
«Егер  есті  кісінің  қатарында  болғың  келсе,  күнінде  бір  мәртебе,  болмаса 
жұмасына бір, ең болмаса айында бір, ӛмірді қалай ӛткізгенің жайында ӛзіңнен 
ӛзің  есеп  ал»,  -  деп  ұлы  Абай  айтқандай  [2],  кез  келген  істе  табысқа  жетудің 
бірден-бір  кілті  -  атқарылған  істі  зерттеп,  жақсы  немесе  жаман  жақтарын 
анықтап,  келешекте  туындайтын  мәселе  мен  оны  шешу  жолдарын  алдын  ала 
болжап  отыру.  Сондықтан  да  бүгінгі  таңда  мониторингтік  зерттеулер  жүргізу 
қоғам талабы болып отыр. 
Білім  беру  сапасын  басқарудың  оқу  үрдісіндегі  негізгі  тетіктері:  бақылау, 
талдау,  бағалау,  бағдарлау  және  нәтижелердің  динамикалық  үрдістерін 
салыстыру  болып  табылады.  Бүл  үрдісте  оқу  -  тәрбие  сапасына  жасалатын 
жүйелі бағалаудың бірден-бір кӛзі - мониторинг. Мониторинг дегеніміз белгілі 
бір  нәрсенің  жай-күйін  бақылау,  бағалау,  талдау  және  болжау  жүйесі,  белгілі 
параметрлерді  анықтаудағы  бақылау  құралы.  Мониторинг  барысында 
басқарудың ӛзіндік қызметі анықталып, педагогикалық іс - әрекет барысындағы 
қызметтің  бағалауы  жүргізіледі.  Педагогикалық  мониторинг  -  педагогикалық 
жүйенің  жағдайын  үздіксіз  бақылау  және  зерттеу,  қазіргі  нәтижелік 
кӛрсеткіштерді  талдай  отырып,  педагогикалық  жүйенің  дамуын  болжау,  оның 
жетер  биіктері  мен  пайда  болуы  мүмкін  кедергілерді  алдын-ала  болжау 


210 
 
қажеттіктерін  табуға  мүмкіндік  береді.
 
Педагогикалық  мониторинг  -қазіргі 
жұмыс  нәтижесі  және  баспа  құралдары:  монографиялар,  диссертациялар, 
журналдағы 
мақала 
және 
жарияланымдар 
материалдары 
негізінде 
педагогикалық объектінің, құбылыстың күй жайын зерттеу, қозғалу бағыттарын 
кӛрсету. 
Білім беруді модернизациялау жағдайында педагог кадрлардың біліктілігін 
арттыру  және  оны  жетілдіру  жолдарын  іздестіру  -  қазіргі  күннің  бірден  бір 
талабы.  Педагог  кадрлардың  кәсіби  деңгейінің  ӛзгеруін,  оқытудың 
нәтижелерінің  ӛзгеруін  анықтау  мақсатында  білім  мекемелерінде  мониторинг 
жүргізу  қажеттілігі  туындады.  Сондықтан,  педагогтың  қызметіне  мониторинг 
жасау  арқылы  кадрлардың  кәсіби  дайындығының  қазіргі  таңдағы  жағдайын 
анықтауға болады. 
«Ӛрлеу»  БАҰО  АҚ  филиалдарының  құрамында  да  сараптау  және 
мониторинг  бӛлімі  жұмыс  жасайды.  Аталған  бӛлімнің  мақсаты:  біліктілік 
арттыру  қызметінің  сапасын  анықтау  және  мӛлшерлеу  жүйесін  қалыптастыру, 
біліктілік  арттыру  қызметінің  сапасы  туралы  ақпарат  жинау,  алынған 
ақпаратты  ӛндеу  және  сараптау,  біліктілік  арттыру  қызметін  жетілдіру  және 
дамыту  жолдарын  анықтау.  Осы  бағытта  «Ӛрлеу»  БАҰО»  АҚ  филиалы 
Маңғыстау  облысы  бойынша  ПҚ  БАИ  аймақ  педагогтеріне  жаңартылған 
бағдарламаларға сәйкес біліктілікті арттыру және басқа да білім беру саласында 
қызмет  кӛрсету  сапасын  зерделеу,  3  айлық  деңгейлік  курс  бағдарламасының 
үшінші  (базалық)  деңгейін  енгізу  күйін,  басқа  елдердің  білім  беру 
мекемелеріндегі  оқу  үрдісінің  инновациялық  тәжірибелерін  сараптау,  филиал 
қызметінің  нәтижелерін  қадағалап  отыруға  мүмкіндік  беретін  қысқа  мерзімдік 
және  3  айлық  дайындық  оқу  курсынан  кейінгі  педагогтердің  кәсіби  ӛсу 
динамикасын сараптауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, біліктілікті арттыру 
курстарына  аймақ  педагогтерінің  қамтылуын  (білім  беру  ұйымдарының 
басшыларын  қоса  алғанда),  қысқа  мерзімдік  біліктілікті  арттыру  курстарының 
сапасын (келген және кеткен уақыттарындағы диагностика жұмыстары, сұхбат, 
топтық  талқылау),  Кембридж  бағдарламасы  бойынша  сертификат  алған 
мұғалімдердің кәсіби қызметін бағалау сапасын (БАҰО «Ӛрлеу» АҚ даярлаған 
негізінде нәтижелерді қадағалау механизмі бойынша), 9 ӛлшем бойынша қысқа 
мерзімдік  оқу  курсынан  ӛткеннен  кейінгі  кезеңдегі  мұғалімдердің  кәсіби 
қызметі  сапасының  бағалануын  (жыл  сайынғы  оқу  жылы  нәтижесі  бойынша) 
қадағалайды.  Сонымен  қатар,  біліктілік  арттыру  курстарына  келген 
тыңдаушылардың  теориялық  білімі  мен  тәжірибелік  дағдысының  деңгейін 
анықтау мақсатында кіріс тестілеуі және курс соңында тыңдаушылардың алған 
білімдерін  бақылау  мақсатында  шығыс  тестісін  алып  отырады.  Тестілеу 
электронды түрде ӛткізіледі.  
Тестілеу  технологиясы  бойынша  оқыту  нәтижесі  бір  жүйеге  кіріктірілді: 
ӛткізу, ӛңдеу, нәтижесін кӛрсету. 
Бақылаудың  тесттік  формасының  қорытындысынан  алынған  объективті 
ақпарат, тыңдаушылардың білім сапасының ӛзгеру динамикасын бақылау және 


жүктеу 3,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау