Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ӛрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ



жүктеу 3,88 Mb.
Pdf просмотр
бет97/147
Дата20.11.2018
өлшемі3,88 Mb.
#22302
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   147

221 
 
Оқу-тәрбие  жұмысындағы  нәтижеліліктің  басты  белгілері  мұғалімнің  жеке 
басының  білімділігі,  шеберлігі,  ӛмір  танымы,  ӛз  пәніне  шәкірттерін  иландырып 
қызықтыра білуінде. 
Ең  бірінші,  мұғалім  ӛз  пәнін  сүйетін,  терең  білімді,  шығармашылықпен 
жұмыс  істейтін,  ізденгіш,  әдіскер,  шебер  болуы  керек.  Оның  үстіне  ӛз  пәнін 
талдай алатын теориялық білімі мол, сауатты болуы шарт. 
Екіншіден, шәкірттермен қарым-қатынасының жоғары мәдениеттілігі талап 
етіледі.  Мұғалім  шәкіртімен  терезесі  тең  адамдай  сӛйлесіп,  оларды  ӛз  ойларын 
қысылмай-қымсынбай  айтуға,  пікірін  еркін,  ашық  айтуға  тәрбиелеп  отыруы 
керек.  Оқушы  мұғалім  қойған  талапты  зорлықпен  емес,  саналылықпен 
орындасын. Сонда ғана оқу да, тәрбие де арнасына түседі.[3] 
Қорыта  айтқанда  мұғалім  -  бала  бойына  білім  нәрін  себетін  басты  тұлға. 
Яғни, балаларды тәрбиелеуде тиімді жағдайлар жасау кӛбіне мұғалімге тікелей 
байланысты.  Сондықтан  жаңашыл  мұғалім  даярлауға  қойылатын  талаптар  - 
мұғалімдерді  оқытудың  жаңа  түрлерімен  қаруландыра  отырып,  қазіргі 
уақыттағы кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын 
енгізуді  кӛздейді.  Қорыта  келгенде,  мұғалімдерді  кәсіби  әрекетке  даярлау  аса 
кӛкейкесті, кезек күттірмейтін ӛткір мәселе екендігін айғақтайды. 
Әдебиеттер: 
1. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 
2. К.С.Құдайбергенова. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. Алматы, 
2007  
3. А.К.Маркова. Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі. 2009 
 
 
ОҚЫТУДЫҢ БІЛІМДІК НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ЖЕТУ САПАСЫН БАҒАЛАУ 
БОЙЫНША МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ 
 
Исмайлова Уркия Курбантаевна, 
педагогика-психология ғылымдарының магистрі,  
халықаралық деңгейдегі тренер, «Ӛрлеу» БАҰО»  
АҚ филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 
 ПҚБАИ «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру»  
кафедрасының аға оқытушысы  
Ибрагим Индира Аменкызы, 
тарих магистріхалықаралық деңгейдегі тренер, 
«Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру»  
кафедрасының аға оқытушысы  
 
Тәуелсіз  елді  ӛркениетті  әлемге  танытатын,  дамыған  елдер  қатарында 
терезесін тең  ететін күш  -  білім  және  білімді  ұрпақ.  Сондықтан  да  Елбасымыз 


222 
 
Н.Назарбаев  ӛзінің  Жолдауларында  білім  саласына  айрықша  кӛңіл  бӛліп, 
еліміздің  жарқын  болашағы  білікті  де  парасатты  жастардың  қолында  екенін 
назардан тыс қалдырған емес. 
Қазіргі  қоғамның  ӛзекті  мәселелерінің  бірі  -  әлеуметтік,  экономикалық 
ӛзгермелі  жағдайларда  ӛмір  сүруге  дайын  болып  қана  қоймай,  сонымен  қатар 
оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке  тұлғаны қалыптастыру. 
Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар - шығармашылық, 
белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды 
жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу 
қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден - бір жолы 
оқушы  білімін  критериалды  бағалау  жүйесі  бойынша  сараптау.  Критериалды 
бағалау  жүйесінде  ең  маңызды  нәрсе  -  оқу  процесінің  ӛзі,  сол  арқылы  оқушы 
ӛзін-ӛзі  бағалауды  үйреніп,  ӛз  білімінің  артықшылықтары  мен  кемшіліктерін 
кӛріп,  әрі  қарай  қалай  даму  керектігін  түсінеді,  яғни  бұл  жүйеде  оқушының 
қалай  жұмыс  жасағаны,  қалай  ойланғаны  бағаланады.  Бағалауды  ӛткізу  үшін, 
оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет. 
Оқыту  -  мұғалімдердің  оқушыларға  жасаған  сыйы  емес,  бұл 
құзіреттіліктер  білім  алу  үшін  оқушылардың  ӛздері  де  оқу  үдерісіне  белсенді 
қатысуын  талап  етеді.  Мұғалімдер,  ӛз  кезегінде,  ӛзінің  сабақ  беруіне  емес, 
оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім 
оқыту  ортасын  құру  керек.  [  МАН,  70  бет]  Осы  орайда  оқушылар  арасында 
ӛзара  түсіністік  және  ұжымдық  қарым-қатынасты  орнатып,  оқушылардың 
сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын бірден бір тәсіл 
критериалды бағалау болып табылады. 
Критерийлер  -  оқытудың  міндеттерін  жүзеге  асыратын  ӛлшемдер,  атап 
айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі. 
 Критериалдық  бағалау  -  бұл  білімнің  мақсаты  мен  мазмұнына  сәйкес 
келетін,  оқушылардың  оқу-танымдық  біліктілігін  қалыптастыруға  себепші 
болатын,  айқын  анықталған,  ұжыммен  шығарылған,  білім  процесінің  барлық 
қатысушыларына  алдын  ала  белгілі  критериялармен  оқушылардың  оқу 
жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.  
Егер  балаға  оның  белгілі  бір  деңгейге  жеткендігін  айтса,  онда  бұл  оған 
үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге кӛмектеспейді; бұл ретте 
егер  баламен  бірге  оның  жұмысында  мұндай  бағалауға  не  әкелгенін  және 
бағалау  ӛлшемдерін  түсіндіруге  талдау  жасаса,  онда  бұл  балаға  ӛзінің 
нәтижесін  жақсарту  үшін  кейін  не  істеу  керектігін  түсінуге  мүмкіндік 
береді. [МАН, 107 бет] 
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: 

 
Мектепте оқыту сапасын жоғарылату;  

 
Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.  
Критериалды бағалаудың міндеттері 

 
Сабақтың әр бӛліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға; 

 
Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті; 

 
Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға; 


жүктеу 3,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау