Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ӛрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ



жүктеу 3,88 Mb.
Pdf просмотр
бет93/147
Дата20.11.2018
өлшемі3,88 Mb.
#22302
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   147

211 
 
кафедра оқытушыларына қай бағытта одан әрі жұмысын жетілдіру қажеттілігін 
анықтау үшін қажетті. 
Кіріс  және  шығыс  тестілеудің  қорытындысы  My  ТestХ  бағдарламасы  [3] 
арқылы  жүргізіледі  және  осы  бағдарламада  ӛңделеді.  Нәтижесінде  білім 
сапасы,  үлгерімі,  орта  балы,  тапсырмалардың  пайыздық  орындалысы  секілді 
ақпараттар беріледі. 
 Тест  тапсырмалары  4  модульден  құралған  және  30  сұрақтан  тұрады.  Бұл 
курс  тыңдаушыларының  білім  беру  жүйесіндегі  қолданыстағы  заңдар  мен 
нормативті-құқықтық  актілер,  психологиялық-педагогикалық  негіздер,  тәрбие 
мен оқытудың әдістемелері, компьютерлік сауаттылық негіздері және заманауи 
педагогикалық  технологиялары  бойынша  білім  деңгейлерін  қалыптастыруға 
мүмкіндік береді. 
Осындай тексеру жүйесін қолдану педагогтерге уақытты тиімді қолдануға, 
кӛрнекі  түрде  нәтижесін  алуға,  ӛз  рейтингісін  білуге,  ӛз  нәтижелерінің  ӛзгеру 
динамикасын қадағалауға дағдыландырады. 
Біліктілік  арттыру  курстарының  кіріс  сауалнамасы  негізінде  курс 
тыңдаушыларының  сұранысы  мен  қажеттілігіне  бағытталған  курстың  сапасы 
мен тиімділігін арттыру анықталады. 
Педагог  кадрлардың  кәсіби  шеберлігін  арттыруда  тыңдаушылардан 
біліктілік  арттыру  курсының  соңында  алынатын  сауалнаманың  маңызы  зор. 
Бұл  сауалнама  ең  алдымен  жұмыс  барысының  сапасын  талдауға  мүмкіндік 
береді. Дәріскерлердің сабағын бағалау 3 тараудан тұрады. 
1. 
Материалдың мазмұны бойынша:  

 
сабақта  ұсынылған  материалдың  ғылыми  құндылығы;  материалдың 
тәжірибелік мәні;  

 
материалдың жаңашылдығы;  

 
сабақтың  нормативтік-құқықтық  және  әдістемелік  қамтамасыздан-
дырылуы;  

 
дәріс,  тәжірибелік  сабақтардың,  тест  тапсырмаларының,  бақылау 
жұмыстары  мен  орындалған  жобалар  мазмұнының  берілген  курс  тақырыбына 
сәйкестігі,  
2. 
Оқыту сапасы бойынша:  

 
тақырып бойынша оқытушының құзырлылық деңгейі;  

 
материалдың қол жетімдігі;  

 
баяндалудың ойға қонымдылығы; 

 
оқу  үдерісінде  интерактивтік  әдістерді:  топтық  жұмыс,  оқытудың  кейс-
тәсілдері, жіктеу және саралауды пайдалану;  

 
курста ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;  

 
оқытушының педагогикалық шеберлігі;  
3. 
Жұмыстың ұйымдастырылуы бойынша:  

 
үлестірме материалдарының сапасы; 

 
дәріскердің  презентациялары:  слайдтардың  мазмұны,  оқылуы  және 
қабылдануы; 

 
тайм-менеджментті сақтау (оқу уақытын тиімді пайдалану).  


212 
 
Шығыс сауалнамасы шығармашылыққа сыни кӛзқараспен қарауға септігін 
тигізе  отырып,  дәріскерлерге  сабағын  жетілдіру  үшін  қандай  бағытта  жұмыс 
жасау  керектігін  ұсынуға  мүмкіндік  береді.  Бұл  үшін бір  оқытушының  жұмыс 
нәтижесін  талдап  қарастыруға  болады.  Материалдың  мазмұны  бойынша  орта 
балы  -  9,87,  оқыту  сапасы  бойынша-  9,79,  жұмыстың  ұйымдастырылуы 
бойынша  -9,35  балды  құрады.  Демек,  бұл  оқытушы  үшінші  тарау  бойынша 
жұмысын  жетілдіру  керек,  атап  айтсақ  үлестірме  материалдарының  сапасына 
кӛп  кӛңіл  бӛлу  керек,  дәріс  презентацияларының  мазмұны  тыңдаушылардың 
қабылдауына  қонымды  болатындай  етіп  құрып  және  сабақ  кезеңдерінің  бір-
біріне  кіріктірілуін  және  ӛтпелілігінің  сақталуын  қадағалау  қажеттілігі 
ӛздігінен ашылып отыр. 
Жалпы  алғанда,  кез  келген  білім  беру  ұйымында  кӛрсетілетін  білім  беру 
қызметінің  жоғары  сапасын  қамтамасыз  ету  және  олардың  қызметінің 
тиімділігін бағалау үшін білім беру сапасына мониторинг жүргізе отырып, сапа 
менеджментін  жетілдіру  қажет.  Ал  педагогикалық  мониторинг  -  білім  беру 
сапасын  басқарудың  басты  тетігі  және  басқарушылық  шешімдерді  қабылдау 
жүйесінің маңызды элементі болып табылады.  
Мониторинг  жүргізудің  нәтижесінде  білім  беру  ұйымдарындағы  кӛп 
мәселелерді  талдап,  сараптап,  оқушымен,  педагогикалық  кадрлармен  жұмыс 
сапасын  арттыруға  болады.  Жүйелі  талдаудың  арқасында  оқушылар  арасында 
сабаққа  қатысуға  деген  қызығушылық  артып,  материалдың  игерілу  деңгейі 
жақсарады, мұғалім мен оқушының сабақтан тыс шараларға қатысы ӛзгереді. 
Болашақта  мониторингтік  зерттеу  жүргізу  барысындағы  тәжірибе  мен 
ӛзгерістерді  ескере  отырып,  бұл  бағытта  тек  сандық  деректер  ғана 
қолданылатын уақыт келеді. Сондықтан дұрыс және тиімді бағытта жүргізілген 
педагогикалық  талдау  мен  сол  талдау  нәтижесіне  негізделген  жоспарлы  жүйе 
оқушылар  мен  мұғалімдердің  ынталануына,  жетістіктерге  жетуге  талпынуына, 
білім ұйымдарының рейтингілік бағасының жоғарылауына себепкер болады. 
Әдебиеттер: 
1. Кафедра педагогики и психологии РИПКСО, Педагогический 
мониторинг в системе активного обучения учителей на курсах повышения 
квалификации Алматы, 2006  
2. http://old.abai.kz/node/3  
3. http://mytest.klyaksa.net/htm/index.htm 
 
 
ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢАРТУДА 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ШОЛУ 
 
Есмағанбетова У. Х., 
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы 
 бойынша ПҚ БАИ тренері e_ulbala12@mail.ru 
 
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» демекші, жас  


213 
 
ұрпақты  ӛркениет  сатыларына  мақсатты  жетелеу  бүгінгі  күннің  басты  талабы. 
Әлем ӛзгеруімен қатар ӛмірдегі барлық құбылыстар, құндылықтар, ұстанымдар 
да ӛзгеруде және оның барлығы біздің еліміздің дамуына ӛз ықпалын тигізуде. 
Қай  салада  болмасын  елеулі  ӛзгерістер  мен  қайта  құрулар  орын  алуда,  соның 
ішінде  білім  саласында  да  кешенді  жаңалықтар  жыл  сайын  ӛріс  алуда.  Білім 
беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісі, бұл білім беруде 
кезең кезеңімен ӛтетін және алынған нәтижелерге бағытталған ӛзгерістер.  
Білім  -  қоғамды  әлеуметтік  мәдени  ғылыми  үрдіспен  қамтамасыз  ететін 
ғажайып  құбылыс,  қауым  үшін  де,  қоғам  үшін  де  жоғары  құндылық  екендігі 
ақиқат, бірақ ХХІ ғасырда осы құндылықтар сипаттары ӛзгерістерге ұшырауда. 
Кӛзқарастар  мен  ұстанымдар  ӛзгеруде.  Ең  басты  құндылық  -  адам,  ал  адам 
капиталын  дамыту  кезек  күттірмейтін  маңызды  мәселе.  Осы  орайда  жас 
ұрпаққа  білім  беруде,  оларды  болашақ  еліміздің  тұтқасы  етіп  тәрбиелеу  әр 
ұстаздың,  әрбір  мектептің  ең  қасиетті  міндеттерін  құрауда.  Мемлекетіміздің 
білім  сапасын  арттырудағы  стратегиялық  іс-әрекеттерін  ұсынатын  түрлі 
құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде.  
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасына  сәйкес  мұғалімдердің  мәртебесін 
арттыру,  кәсіби  статусын  кӛтеру  мақсатында  ұйымдастырылып  жатқан 
деңгейлік  және  жаңартылған  бағдарламаларды  да  ерекше  тоқталып  айтуға 
болады.  Мұғалімдердің  кәсіби  білім  құруы  үшін  педагогикалық,  пәндік  және 
технологиялық  білімдерін  кіріктіру  дағдыларын  дамытуға  бағытталған  курс 
бағдарламалары  негізінде  ұстаздардың  теориялық,  әдістемелік,  практикалық 
біліктері  ұштастыруға  зор  мүмкіндіктер  пайда  болуда.  Осылайша  кәсіби 
құзырлылықты  дамыту  арқылы  білім  беру  жүйесін  әлемдік  үздік  үлгілерге 
сәйкес деңгейлерге кӛтеру кӛзделген.  
Деңгейлік  және  жаңартылған  бағдарламалар  бойынша  кәсіби  білім 
жетілдірген  ұстаздар  керемет  кәсіби  білім  мен  рефлексиялық  тұрпаттағы 
тәжірибеге  ие  бола  алатындығы  анық.  Бағдарламаның  теориялық  мазмұны, 
педагогикалық  факторлары,  яғни  ойлау  жолдары,  жұмыс  әдістері  мен  жұмыс 
құралдарын  меңгеруі  заманауи  кӛзқарастар  мен  тиімділікке  бастайтын 
ұстанымдарға  жетелейді.  Кӛзқарастар  мен  ұстанымдар  ӛзгеріп,  қолданыстағы 
педагогикалық  стратегиялар  мен  қазіргі  тәжірибе  арасында  алшақтық  пайда 
болуы кӛптеп кездеседі.  
Менің де әлдем елдерінің жалпы орта білім беру жай-күйлерімен танысуға 
деген қызығушылығым одан әрі тереңдей түсуде. Оқушылардың жас және жеке 
ерекшеліктері, дарынды және талантты  балаларды оқыту, қалай оқу керектігін 
үйрету  секілді  теориялық  мазмұндар  жаңа  тұрпаттағы  ұстаздық  әлеует 
қалыптастыруыма жол кӛрсетуде.  
Әсіресе  маған  әсер  еткен  «ХХ  ғасырда  әлем  ӛзгеруіне  қарамастан 
мектептер  азырақ  ӛзгеруде»,  «Кәсібилік  мұғалімнің  ӛзін  білім  беру 
қоғамдастығының  бір  бӛлігі  ретінде  қарастыруын  талап  етеді»(Bolam, 
McMahon,  Stoll  et  al.,2005),  Case-study,  Жапонияда  алғаш  1870  жылдары 


жүктеу 3,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау