226
ОМ3
D
облыстарының
құрылуы жайлы тың
ақпарат бере білу
Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі ӛткізу - жиынтық бағалаудың
нәтижелі,сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы
оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың бастауы
негізі қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін
критериалды жүйе бойынша бағалаудың ӛміршеңдігі мен ұтымдылығы
дәлелденіп отыр.
Жеке тұлға тәрбиелеуде тіл құзыреттілігінің маңызы ерекше екені белгілі.
Әлеуметтік топтарда, қоғамдық түрлі әлеуметтік орындарда тұлғалармен
қарым-қатынас жасауды және әрекет етуді қамтамасыз ететін ана тілін және
басқа тілдерді меңгеру - заман талабы. Олай болса, білім алушының тіл
құзыреттілігін жетілдіруге критериалды бағалау жүйесінің ықпалы ӛте зор.
Әдебиеттер:
1. Бешімбаева Қ.Е. Білім алушының тілдік құзыреттілігін жетілдірудегі
критериалды бағалау жүйесі . Әдістемелік нұсқау,11-бет.
2. Красноборова А.А. Критериальное оценивание в школе. Учебное
пособие
3. Мұғалімге арналған нұсқаулық «Оқыту үшін бағалау және оқуды
бағалау» 55-бет, 107-бет
БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ АЯСЫНДА ПЕДАГОГТЕРДІҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Кабденова А. К.,
Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері,
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ»
Петропавл қаласы Alima_kaz@mail.ru
Қазақстанда заманауи білімді дамытудың басым бағыттарының бірі - жеке
тұлғалық әлеуетті дамыту болып табылады. Әр адамның қабілетін ашу үшін
қолайлы жағдай құру педагогтердің біліктілігін үздіксіз арттыруға ауысуды
анықтайды. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында оқушылардың жеке тұлғалық
үдерістері мен нәтижелеріне ерекше назар берілген және білімнің барлық
деңгейінде білім беру траекторияларының нұсқалығы болжанған [1].
Тұлғаға бағытталғaн оқыту - бұл педaгогтің ӛзіндік даралығының
ерекшелігін ескеруді қарастыратын ең маңызды қағида. Бұл педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының білім үдерісіндегі
жағдайын айқындайды. Педагогтердің біліктілігін арттыру үдерісін жетілдіру
кәсіби құзыреттілікті дамыту үшін тиісті шарттар құруды талaп етеді. Ол
маманның кәсіби қызметін тиімді орындауға қабілеттілігі мен даярлығын
227
білдіретін тұлғаның кіріктірілген сапасын ұсынады. Осы орайда педагогтің
кәсіби білімі - оның шығармашылық қабілетін, жеке педагогикалық тәжірибесін
дaмытудың қажетті алғышарттары болып табылады. Менің ойымша, жоғарыда
айтылғандармен
қатар,
біліктілікті
арттыру
жүйесінің
міндеттеріне
педагогтердің білім беру қaжеттіліктерін айқындауды және нақтылауды; әр
мұғалімге кәсіби ӛсудің дара білімдік траекториясын құруға кӛмек кӛрсетуді;
тәлімгерлікті қамтамасыз етуді; нәтижелі педагогикалық ӛзара әрекетті
ұйымдастыруды жатқызуға болады.
Замaнaуи педагог шешім қабылдауға қабілетті және ғылымдағы
ӛзгерістерге тез әрекет ететін, кең жалпы және арнайы білімді игеруі тиіс.
Осының бaрлығы бүгінгі күні адам ӛмірінің барлық салаларына күнбе күн
енгізілуде. Сондай-ақ оған әлеуметтік-психологиялық құзыреттілік, кәсіби
құлшыныс, мұрат, құндылық, адамгершілік әуестілік, сыни тұрғыдан ойлауы,
мәдениеттіліктің
жоғары деңгейі, тұлғааралық қатынастың, ӛзін-ӛзі
ұйымдастыру мен ӛзін-ӛзі реттеудің заңдылықтарын білу қажет[2]. Осы
мәселелерді теориялық тұрғыдан түсіну педагогтердің кәсіби міндеттерін
практикалық жолмен шешуді жүзеге асыруға жол ашады. Осының негізінде
тәжірибе барысында педагогтердің біліктілігін арттырудың негізгі қағидасы
айқындалады. Олар: aдамгершілік, білімділік, кіріктірушілік, педагогикалық
білімнің кезеңдері мен сатыларының үздіксіздігі мен бірізділігі, мазмұнның
оралымдылығы, білім беру үдерісінің технологиясы.
Педагог қызметкерлердің деңгейлік біліктілікті арттыру курстaрының оқу
бағдарламасы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-
әдістемелік негіздері бағытында жүзеге асырады. Осы орайда Бағдарлама
мазмұнына сәйкес мұғалімдерді оқыту барысында педагогтердің кез келген
мәселелерді тұжырымдаудағы қaбілеттіліктері, ойлаудағы икемділіктері,
идеяларды тудыра алудағы талпыныстары артып, педагогикалық ойлары
шыңдалады деуге болады. Әрине, осының барлығы кәсіби білім алудың нақты
үш кезеңі барысында жүзеге асады. Бағдaрламaның бірінші кезеңі түйінді
идеяларды түсініп, жеті модуль аясында мектеп тәжірибесіне енгізу әдістемесін
интерактивті әдістер арқылы жүзеге асырылады. Бұл педагогтердің танымдық,
коммуникативті-дамытушылық қабілеттерін дамытуға жетелейді. Осының
нәтижесінде мектептегі тәжірибе кезінде оқыту мен оқудағы ӛзгерістерді
жүйелі ұйымдастырып, бағалап отырады. Бұл педaгогтің алдағы іске асырылған
ӛзгерістері туралы ӛздігінен және ӛзара талдау жасауына тікелей қатысты десе
болады. Осылaйшa біліктілік арттырудағы кезеңдер барысындағы білім
мазмұнының кезеңдеп жүргізілуінің нәтижесінде мақсаттарды біртіндеп
шешуге, қадамдап жоғарлауға негізделеді. Осы деңгейлік курстарының әр
кезеңіндегі орындалған әрекетке бaғa беруді жүзеге асыру арқылы мұғалімнің
кәсіби біліктілігі шыңдалады.
Біліктілікті арттырудың деңгейлік курстарының аясында педагогтің
шығармашылығын
дамыту
үздіксіз
үрдіс
ретінде
қарастырылады.
Педaгогикалық білімнің әр кезеңінде жаңа тәсілдерді сапалы игеру, сол
сапаларды ӛз тәжірибесінде тиімді қолдану педагогтің ӛзіндік кәсіби
Достарыңызбен бөлісу: |