Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ӛрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ



жүктеу 3,88 Mb.
Pdf просмотр
бет96/147
Дата20.11.2018
өлшемі3,88 Mb.
#22302
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   147

218 
 
білуге  машықтандырар  болса,  екінші  деңгейде  әдістемелік  бірлестіктер 
арасындағы  ұжымдасу  арқылы  келісімге  келіп,  педагогикалық  қызмет 
сапалығы  мен  мазмұндылығына  қол  жеткізуге  бағытталған.  Ал  мектептегі 
оқытуды  басқару  негізінде  желіні  дамыту  проблемаларын  зерделеу,  команда 
құру,  серіктестік  қызметін  үйлестіру,  аса  тиімді  үлгілерін  қарастыру  сияқты 
міндеттерді  орындау  бірінші  деңгей  бағдарламасы  бойынша  сертификатталған 
мұғалімдер құзырына кіреді.  
Бұндай  кәсіби  деңгейдің  жоғары  нәтижелеріне  шығу  үшін  дұрыс  бағыт 
ұстану,  үздіксіз  ізденіс,  желідегі  белсенділік  және  кӛшбасшылықты  дамыту 
маңызды.  Кӛшбасшы  мұғалімдер  ғана  оқыту  мен  оқу  үдерісін  бақылап, 
нәтижелер  мониторингісімен  оқыту  мен  оқу  үдерісінің  мықты  және  әлсіз 
жақтарын анықтап отырады. Оқушылардың қажеттіліктерін анықтап, мектептің 
құрылымдық бӛлімшелері үшін басымдықтарды белгілеп, сыныптар және бүкіл 
мектептің  оқыту  стилінің  сапалық  жағдайын  болжай  алады.  Үнемі  кәсіби 
даярлықты  жетілдіріп  отыратын  тиімділігі  жоғары  мектептер  оқыту  мен  оқу 
сапасын 
арттыруға 
бағытталған 
кӛшбасшылық 
қолданатындығымен 
ерекшеленіп отырады. Бұндай кӛшбасшылық барлық деңгейлерде қажет, себебі 
мектептегі кӛшбасшылық идеясын іске асыру да заманауи міндет.  
 Мектепке  және  мұғалімге  ӛзгеріс  не  үшін  қажет?  Осындай  сауалдар 
ұсынылған  кезде,  ең  әуелі,  сабақ  үдерісін  технологияландыру  немесе 
инновациялық  талаптарды  орындау  деген  жауаптар  беріледі.  Дұрыс  әрине, 
бірақ ең алдымен, балалардың жаңа ғасырда ӛмір сүруге дұрыс икемделе алуы 
үшін  мәнмәтінінде  қарастырылмайтындығы  ӛкінішті.  Ӛркениетті  елдердің 
басым  кӛпшілігінде  қолдау  тапқан  сындарлы  оқыту  теориясы  тиімді  оқыту 
және  табысты,  құзырлы  мұғалім  қалыптастыруға  әсер  ететіндігі  дәлелденген. 
Бағдарлама  мазмұны  мен  принциптеріне  сүйене  отырып,  оқыту  мен  зерттеуге 
ынта-жігерін  салып,  белсенді  жұмыс  істейтін,  әрбір  оқушының  пәнді  түсіну 
деңгейін диагностикалай отырып, кері байланыс орната алатын және оқытудың 
мақсаты мен сабақтың табысты ӛту ӛлшемдерін қиыстыра алатын мұғалім ғана 
жоғары  деңгейдегі  кәсіпқойға  айналып,  еліміздің  білім  беру  жүйесін  әлемдік 
білім беру стандарттарына сәйкестендіруге үлес қоса алады.  
Әдебиеттер: 
1. А.Е.Абылкасымова, Е.А.Ушуров, Р.С.Омарова. Развитие системы 
общего среднего образования в современном мире. Алматы НИЦ «Ғылым», 
2003.  
2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» 
ДББҰ, 2014ж. 
3. Тренерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» 
ДББҰ, 2014 ж. 


219 
 
ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ - БІЛІМ САПАСЫН 
КӨТЕРУ ҚҰРАЛЫ 
 
Жайлаубаева Алия Курбаналиевна, 
Таскараева Қалбибі Ахметовна, 
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ-ң филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ 
аға оқытушылары, Шымкент қаласы, aliya_ja@mail.ru 
 
Білім - теңіз, түбі де, шегі де жоқ. 
Білім - адам баласының ортақ қазынасы. 
Ж. Баласағұн 
 
Қазіргі  замандағы  мұғалімнің  міндеті  ғылым  мен  техниканың  қарқынды 
дамып келе жатқан заманда ӛмір сүруге икемді,  қоғам пайдасына қарай ӛзін - 
ӛзі  толық  жүзеге  асыруға  дайын  білімді,  шығармашылыққа  бейім,  құзіретті 
және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті тек кәсіби білімі 
жетік,  құзіретті,  бәсекеге  қабілетті  ұстаздар  ғана  атқара  алады.  Мұғалімнің 
кәсіби  құзіреттілігі  оның  білімінің  жан  -  жақтылығы,  ұстаздық  шеберлігі, 
оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны меңгеруімен ӛлшенеді. 
Мұғалім  қаншалықты  білімді  шығармашыл  болса,  оның  құзіреттілік  қабілеті 
де кең болмақ. 
Осыған  байланысты  қазіргі  таңда  еліміздің  білім  беру  жүйесіндегі 
реформалар мен сындарлы саясаттар, ӛзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог 
қауымының  ойлауына,  ӛткені  мен  бүгіні,  келешегі  мен  болашағы  жайлы 
толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары 
анық.  Олай  болса,  білімнің  сапалы  да  саналы  түрде  берілуі  білім  беру 
жүйесіндегі  педагогтердің,  зиялылар  қауымының  деңгейіне  байланысты. 
Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін 
оқу  орындарының  басты  мақсаты  -  мамандықты  игерту  ғана  болса,  ал  қазір 
әлемдік  білім  кеңістігіне  ене  отырып,  бәсекеге  қабілетті  тұлға  дайындау  үшін 
адамның  құзырлылық  қабілетіне  сүйену  арқылы  нәтижеге  бағдарланған  білім 
беру жүйесін ұсыну - қазіргі таңда негізгі ӛзекті мәселелердің бірі. Мұғалімнің 
негізгі  мақсаты-  сабақ  үрдісін  ұйымдастыру  жаңа  технологияларды  қолдану 
керісінше  ол  оқушылардың  шығармашылық  ойлау  қабілетін  дамыта  отырып, 
ӛздік  танымдық  біліктілігінің  дамуын  ұйымдастыру.  Міне  осы  мұғалімнің  іс-
әрекетінің  негізгі  қағидасы  болып  табылады.  Демек,  қазіргі  таңда  мұғалім 
менеджер ретінде болуға тиісті.[1] 
Жалпы  алғанда,  «құзырлылық»  ұғымы  жайлы  ғалым  К.Құдайбергенова 
«Құзырлылық  ұғымы  -соңғы  жылдары  педагогика  саласында  тұлғаның 
субьектілік  тәжірибесіне  ерекше  кӛңіл  аудару  нәтижесінде  ендіріліп  отырған 
ұғым.  Құзырлылықтың  латын  тілінен  аудармасы  «competens»  белгілі  сала 
бойынша жан -жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да 
бір сұрақтар тӛңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» 
деп кӛрсетеді. 


220 
 
Қазақстан  Республикасының  12  жылдық білім  беру  тұжырымдамасында 
педагог  кадрлардың  кәсіби-тұлғалық  құзыреттілігін  қалыптастыру  басты 
мақсат  екенін  анықтай  келе,  12  жылдық  білім  беруде  педагог  тӛмендегідей 
құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп кӛрсетілген: 
1. арнайы құзыреттілік -ӛзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті. 
2. әлеуметтік құзыреттілік - кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті. 
3.  білім 
беру 
құзыреттілігі-педагогикалық 
және 
әлеуметтік 
психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. 
Ендеше  құзыреттілік  дегеніміздің  ӛзін  қазіргі  заман  талабына  сай 
педагогтардың  ӛзін  -ӛзі  ӛзгерте  алу  қабілеттілігі  деп  түсінуге  болады.  Білім 
саясатындағы  түбегейлі  ӛзгерістерді  күнделікті  оқу  үрдісінде  берілген 
тапсырмалардан  бастау  қажет  екендігі  айқын  кӛрсетілген.  Оқушылар 
ұстаздардан тек білімге ғана емес, ӛмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп 
отыр.  Демек,  болашақ  педагогтеріміз  осы  ақпараттық  қоғамнан  қалыспай: 
жедел  ойлаушы;  жедел  шешім  қабылдаушы;  ерекше  ұйымдастырушылық 
қабілетті;  нақты  бағыт  -бағдар  беруші  болып  шығуы  -  бұл  қазіргі  заманның 
талабы.  Міне,  құзыреттілік  қалыптастыру  дегеніміздің  ӛзі  болашақ  мұғалім  - 
қазіргі  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамыта  отырып  ойлаудың, 
интелектуалдық  белсенділіктің  жоғары  деңгейіне  шығу,  жаңаны  түсіне  білуге, 
білімнің  жетіспеушілігін  сезуіне  үйрету  арқылы  ізденуге  бағыттауды 
қалыптастырудағы  күтілетін  нәтижелер  болып  табылмақ.  Бұның  ӛзі  ӛз 
кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп ӛсіруде 
белгілі  бір  құзыреттіліктерді  бойына  сіңірген  жеке  тұлғаны  қалыптастыруды 
талап етеді. Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады:  
- бағдарлы құзыреттілік;  
- мәдениеттанымдық құзыреттілік;  
- оқу- танымдық құзыреттілік;  
- коммуникативтік құзыретілік;  
- ақпараттық- технологиялық құзыреттілік;  
- әлеуметтік- еңбек құзыреттілігі;  
- тұлғалық ӛзін- ӛзі дамыту құзыреттілігі.[2] 
Аталған  құзыреттілік  қасиеттерді  тұлға  бойына  дарытуда  педагогтің 
арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттілігінің жан -жақты болуы талап етіледі. 
Егер  педагог  ӛзінің  кәсіби  ӛсу  жобасын  дұрыс  жолға  қоя  отырып,  ӛзінің 
кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін ӛмірде қолдана 
білетіндей  тапсырмалар  жүйесін  ұсына  алатын  жағдайда  болғанда  ғана  оқушы 
құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сӛзбен айтқанда, тұлғаға 
бағытталған  білімдер  жүйесі  білім  стандартына  сай  тұлғаның  жан  -жақты 
дамуына негізделген, алған білімін ӛмірдің қандай бір жағдаяттарында қолдана 
алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады. 
Сабақта  мұғалімнің  шеберлігі  оқыту  әдістемесін  жақсы  меңгерумен  қатар 
педагогикалық ғылымдағы жаңа әдіс-тәсілдер мен шығармашылық жұмыстарды 
ұтымды пайдалануынан да кӛрінеді. 


жүктеу 3,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау