223
Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын
айқындауға;
Әр түрлі жұмыс барысындағы алған ӛз бағасының әділдігіне кӛзін
жеткізуге;
Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және
ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге
Критериалды бағалаудың маңызы:
Мұғалімдер үшін:
Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;
Ӛз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер
алуға;
Сабақ берудің сапасын арттыруға;
Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға
арналған ауқымын жоспарлауға;
Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге
Оқушылар үшін:
Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі
әдістерін пайдалануға;
Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
Ӛзін және ӛзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, ӛзінің білімін кӛрсетуге
Ата-аналар үшін:
Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;
Оқуына қолдау кӛрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға
мүмкіндік береді;
Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге,
бағалауға мүмкіндік береді;
Ата-аналар
оқушының
оқу
жетістіктер
бойынша
объективті
дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі;
Оқушылардың
оқу
жетістіктерін
бағалауда
бірқатар
дағдылар
қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез,
бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, коммуникативті дағдылар, тілдік
дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары,
мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар,
IT-технологияларды қолдану дағдылары.
Критерийдің мазмұны:
Бағалау критерийлері - оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге
сәйкес белгі (сипаттама).
Дескриптор - жетістік деңгейінің сипаттамасы.
224
Критерийлер
Дескрипторлар
А
Білу және түсіну
Жекелеген сыныптар мен пәндер кӛлемінде
оқу бағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты
фактілерді, ақпараттар және сипаттамаларды білу
және жаңғырту. Алынған ақпаратты талдау, қайта
жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін
кӛрсете білу.
В
Қолдану
Бұрын алған ақпараттар мен білімдерін жаңа
немесе таныс емес жағдайларда және контекстерде
қолдану,
пайдалану.
Білгенін,
түсінгенін,
дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы
кӛрсету. Әр сыныптар мен пәндер кӛлемінде оқу
бағдарламасының
мақсатына
сәйкес
келетін
білімдерін
қолдануды
кӛрсетудің
жолдары:
практикалық жұмыс, диаграммалармен жұмыс,
кескін картада жұмыс жасай алуы, есептер
шығару, жобалар,
мәселені
шешу және
жаңа
нәтижелер ойлап табу болып табылады.
С
Сыни ойлау жә
не зерттеу
Білім кӛзінен алған ақпараттарды талдау,
синтездеу, бағалау арқылы пікірлер қалыптастыру.
Жекелеген сыныптар мен пәндер кӛлемінде оқу
бағдарламасының
мақсатына
сәйкес
келетін
ақпараттар мен нәтижелерді жинақтай алу және
оларды
талдай
алу
қабілеттілігін
кӛрсету.
Ұсынылған
болжамдарды
дұрыс
ақпараттар
жинақтау және деректерді пайдалану арқылы
зерттеп, бағалап, ӛз бетімен қорытынды жасау. Әр
сыныптар
мен
пәндер
кӛлемінде
оқу
бағдарламасының
мақсатына
сәйкес
келетін
жасалған
қорытынды
жайында
ой
қозғау
қабілеттілігін кӛрсету.
D
Коммуникация
және рефлексия
Әр сыныптар мен пәндер кӛлемінде оқу
бағдарламасының
мақсатына
сәйкес
келетін
ақпараттар, фактілер мен ойларын, пікірлерін
ауызша және жазбаша ұсыну. Басқа адамдар
ұсынған ақпаратты тыңдап және сәйкесінше жауап
қайтара алу қабілеттілігін, басқа адамдардың
кӛзқарасын қабылдай отырып, ӛз кӛзқарасын
түсіндіру арқылы ортақ ойға келу. Айтылған
ойларды, пікірлерді, оқиғаларды ой елегінен ӛткізу
арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс
нәтижесінде іс-әрекет жасау.
225
Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады
және мұғалімді «тӛрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында ӛзін-ӛзі
бағалау, ӛз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал
етеді.
Критериалды
бағалау
жүйесі
бұрынғы
бағалауға
қарағанда
қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы
бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін
жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау
мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу
үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет. [МАН, 55 бет]
Жалпы
қалыптастырушы
бағалау
сабақ
жүйесінде
жеке
қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үрдіс. Қалыптастырушы
бағалаудың (оқыту үшін бағалау) маңызы - білім беруді, әдістерді және осы
мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту, мақсаты -оқытудың
қиындықтарын анықтау,оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру
стилін білу,болжау мен сұрыптау, жетістікке жеткендігін кӛрсететін кері
байланыс. Бағалаудың мәні -бақылау, алынған мәліметтердің интерпретациясы,
бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді
қорытындылау. Ол оқушының жаңа сабақты, тарауды қалай меңгеріп
жатқандығын жүйелі түрде бақылап, қадағалап отыру. Жиынтық бақылау
жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру.
Қалыптастырушы бағалау жұмысы сабақтың толық бӛлігін қамтуы міндетті
емес. Ол сабақтың басында, сабақтың ортасында, сабақтың соңғы бӛлігінде
жүргізіледі. Уақыт кӛлемі тапсырма деңгейіне сәйкес 5-10 минут болуы мүмкін.
Сабақ барысында қалыптастырушы бағалаудың формальді, формальді
емес әдістерін тиімді әрі жүйелі қолдану қажет. Мәселен, 10-сынып бойынша
қазақ тілі сабағында «Қазақстан облыстары: құрылу тарихы» тақырыбын ӛту
кезеңінде оқушылардың білім деңгейін бақылау мақсатында алынған
қалыптастырушы бағалау критерийін қолдануға болатынын қысқа үлгіде беріп
отырмын:
Тапсырма: Мәтін бойынша ӛз кӛзқарастарын тұжырымдау
Оқу
мақсаты
Критерийлер Дескрипторлар
Жетті Талпынады Қорытынды
ОМ1
В
Мәтіндегі негізгі ойды
анықтау
Мәтіннің стилін
анықтау
ОМ2
С
Мәтіннен берілген
сӛздерге
морфологиялық талдау
жасай алу
Жасырын, ашық тест
орындау
Қазақстан
Достарыңызбен бөлісу: |