Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ӛрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ



жүктеу 3,88 Mb.
Pdf просмотр
бет56/147
Дата20.11.2018
өлшемі3,88 Mb.
#22302
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   147

128 
 
азаматтары  да  мұғалімдердің  білімін  кӛтеруіне,  әдістемелік  дайындығына 
атсалысқаны белгілі.  
Мұғалімнің  кәсіби  қалыптасуы  сол  кезеңдегі  білім  жүйесінің  дамуымен 
тікелей  байланысты  екендігі  мәлім.  Қазақстанның  білім  саласының  жағдайы 
мен  мұғалімдерді  даярлау  мәселелері:  болашақ  мұғалімдерді  дидактикалық 
және әдістемелік тұрғыда дайындау (А. Е. Әбілқасымова, Б. Баймұханов, Т. С. 
Сабыров,  М.  Ж.  Жадрина,  С.  А.  Жолдасбекова,  Ә.  А.  Молдажанова,  С.  С. 
Маусымбаев,  А. Нұғысова, Д. Рахымбек, Қ. Ж. Қарақұлов, Б. Қасқатаева және 
т.б.);  болашақ  мұғалімдерді  дайындаудағы  біртұтас  педагогикалық  үдеріс 
теориясы мен практикасы рӛлінің, жоғары мектеп дидактикасының дамуы (Н.Д. 
Хмель,  А.  А.  Бейсенбаева,  С.  Т.  Каргин,  Е.  Жұматаева,  К.  С.  Успанов,  А.  С. 
Карбаева  және  т.б.);  мұғалімнің  зерттеушілік  мәдениетін,  шығармашылық 
ізденісін  қалыптастыру  (Ш.  Т.  Таубаева,  Б.  А.  Тұрғынбаева,  Н.  А. 
Шамельханова, Е. И. Бурдина және т.б.); тұрғысынан жан - жақты зерттелген. 
Соңғы  жылдары  жоғары  оқу  орнында  болашақ  педагог  кадрларды 
даярлайтын 
мамандықтардың 
мемлекеттік 
білім 
беру 
стандарттары 
жетілдіріліп,  оқу  бағдарламалары,  оқу  жоспарлары  нақтыланып,  бірқатар 
ӛзгерістер  енгізілуде.  Осыған  байланысты  педагог  маманы  барлық  жағынан  - 
жаратылыстану  бағытында  да,  гуманитарлық  бағытта  да  жетік,  кез-келген 
жастағы  оқушылардың  психологиялық  және  педагогикалық  ерекшеліктерін 
меңгерген,  баламен  тіл  табысып  жұмыс  істеудің  шебері,  пәннің  әдістемесін 
меңгерген,  кәсіби  және  дидактикалық  құзыретті  болуы  қажеттігінен 
туындайды.  
Құзыреттілік  теориясы  Г.  В.  Вайлер,  Ю.  В.  Койнов,  Я.  И.  Лефстед,  Н.  В. 
Матяш,  В.  В.  Сериков,  Дж.  Равен,  Р.  Уайт,  В.  Чинапах  және  т.б.  еңбектерінде 
негізделген.  Білім  беруді  ұйымдастыруға  құзыреттілік  тұрғыдан  келуді  жүзеге 
асырудың  әдіс-тәсілдерін  меңгеру  туралы  мәселелер  М.  Н.  Скаткин,  И.  Я. 
Лернер,  В.  В.  Давыдов  және  т.б.  ғалымдардың  еңбектерінде  қарастырылған 
[2,3].  
Дегенмен,  педагогикалық  білім  беру  теориясына  сүйене  келе,  мектеп 
тәжірибесінен және мұғалім іс-әрекетінен байқағанымыздай, мұғалімдердің әлі 
де болса күннен күнге жаңарып отырған білім беру міндеттерін шешуге дайын 
еместігін  кӛрсетіп  отыр.  Сонымен  қатар  мектептегі  оқыту  іс-тәжірибесіне 
жүргізілген  талдау  соңғы  жылдары  оқушылардың  кӛбінің  мектеп  бітірерде 
ӛткізілетін  бірыңғай  ұлттық  тестілеуден  нәтижеге  қол  жеткізетіндігіне 
сенімсіздігі  мен  дайындықтың  ӛз  дәрежесінде  болмауынан  колледждерге, 
техникалық  мектептерге  кӛптеп  кетіп  жатуы  мектептің  білім  негізі  болып 
саналатын  бастауыш  сатысында  берілетін  білімнің  негізгі  саты  мен  жоғары 
сыныптарда  талап  етілетін  білімге  сай  болмай  отырғанын  байқатады.  Мұның 
бір себебі әсіресе бастауыш сынып мұғалімінің дидактикалық құзыреттілігінің 
жеткіліксіздігі,  яғни  олардың  пәндерді  оқытуды  тек  бағдарламалық 
материалдар  беру  деп  түсінуі,  әр  пәннің  мәнін  ұқтырып,  оны  ӛз  дәрежесінде 
оқытудағы мұғалімнің теориялық және әдістемелік дайындығының тӛмендігі. 


129 
 
Егер  педагогтың  кәсіби  құзыреті  жайлы  айтсақ,  бұл  жерде  мұғалімнің, 
тәрбиешінің,  педагогтың  жекелей  және  тиімді  түрде  педагогикалық 
тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін жекелей мүмкіндіктері айтылады. 
Қандай  да  бір  педагогикалық  тапсырмаларды  орындау  үшін  міндетті  түрде 
педагогикалық  теория,  шеберлік,  дағды  және  практикада  оны  қолдана  алу 
қабілеті  қажет.  Педагогтың  кәсіби  құзыреті  -  бұл  оның  еңбегіндегі 
педагогикалық  әрекет  пен  педагогикалық  қарым-қатынастың  әртүрлі 
жақтарының жиынтығы.  
Әдетте,  білім  берудің  мақсаты  педагогтың  білімі,  шеберлігі,  дағдысы 
бірлігінен  тұратын  қасиеттермен  анықталады.  Бүгінгі  таңда  бұндай  анықтама 
жеткіліксіз.  Социумге  кӛп  білетін,  кӛп  сӛйлейтін  адамдар  емес,  ӛмірлік  және 
кәсіби проблемаларды сапалы түрде тәжірибесіне сүйене шеше алатын адамдар 
қажет.  Ал  бұның  барлығы  алынған  білімге,  шеберлікке,  дағдыға  байланысты 
емес,  «құзыретілік»  пен  «құзыретті»  түсініктері  қолданылатын  қосымша 
қасиеттерге байланысты.  
Бұл  түсініктерді  педагогикалық  тәжірибеге  еңгізілгенде  білім  берудің 
мазмұны мен әдістері ӛзгегереді.  
Дидактикалық құзыреттілік - кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктің негізгі 
және  маңызды  саласы.  Мұғалімдердің  дидактикалық  құзыреттілігіне  олардың 
оқыту  үдерісінің  теориясы  мен  практикасы  бойынша  игерген  білімдері, 
педагогикалық қызметке деген ынтасы мен мүмкіндіктері жатады.  
Т.  Сабыров  дидактикалық  даярлықты  анықтайтын  белгілер  деп 
студенттердің  оқытудың  мақсаты  мен  мазмұны  оны  ұйымдастырудағы 
қолданылатын  тиімді  әдіс-тәсілдерді  жете  біліп,  іске  асырудың  жолдарын 
меңгеруін  түсіндіре  келіп,  педагогикалық  қызметті  атқаруға  қажет  мұғалімнің 
бойында  оқыту  үдерісін  жоспарлай  білуі,  оны  мақсатты  түрде  ұйымдастыра 
алуы,  жүйелі  түрде  бақылау  мен  бағалау  ісін  орындап  отыруы  сияқты 
дидактикалық қабілеттер болуы керек дейді.  
Қазіргі  уақытта  құзыретті  тұлға  тәрбиелеуде  білім  берудің  ӛзіндік  үлгісі 
қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының ӛзгеруімен қатар жүреді.  
Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А. Коменскийдің, 
И.  Гербарттың  дәстүрлі  обьекті  -  субьектілі  педагогикасының  орнын  басқасы 
басты,  ол  балаға  оқу  субьектісі  ретінде,  ӛзін-ӛзі  ӛзектілендіруге,  ӛзін  тануға 
және  ӛзін-ӛзі  жүзеге  асыруға  ұмтылатын  дамушы  тұлға  ретінде  бағытталған. 
Мұндай  жағдайда  педагогикалық  үрдістің  маңызды  құрамы  оқу  ісіндегі 
субьектілер  -  оқытушы  мен  оқушының  тұлғалық-бағытталған  ӛзара  әрекеті 
болып табылады [3,5]. 
Жаңа  білім  парадигмасы  бірінші  орынға  баланың  білім,  білік,  дағдысын 
емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. 
Жалпы,  қоғам  ӛмірінде  болып  жатқан  ӛзгерістер  білім  беру  ісіне  тәуелді 
болатыны  белгілі.  Сондықтан  мемлекеттің  басым  бағыты  ретінде, 
бәсекелестікке  қабілеттілікті  қалыптастыратын  басты  құрал  ретінде  білім 
берудің орын алуы заңды. Қайта құру кезіндегі ӛзгерістер, тәуелсіздік алғаннан 
кейінгі ӛзгерістер мамандардың құзыреттілігінің қалыптастырылуына да ӛзінің 


жүктеу 3,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау