99
− Студенттердің бір-бірінің жауабына, жасаған сындарының дәләлді, анық
болуын талап ету;
Студенттердің осыған байланысты сенімділікпен жұмыс жасауға,
пікірлерді тыңдауға, құрметтеуге бар ынтасымен оқуға беріледі. СТО
бағдарламасының қазіргі таңда алған білімді білгенін ӛмірде пайдалана алатын
шәкірт тәрбиелеудегі алатын орны ерекше. Оның бұрынғы дәстүрлі оқу
технологиясынан айрықша ерекшеліктері бар. Олар мынадай: білім
алушылардың интеллектуалды дамуының аз ақыт ішінде қабылдануы; білім
алушы мен мұғалімнің белсенділігінің сай болуы; мұғалім мен шәкірттің ӛзара
қарым-қатынасында жауапкершілік пен сенімділіктің болуы. Сын тұрғысынан
ойлау сабақтары білім алушылардың ӛз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға
келу, құбылыстар арасынан тиімді жолды таңдай білу, мәселені шеше білу,
пікірталас жүргізе білу, басқалармен қандай деңгейде болса да қарым-қатынас
жасай білу, топ алдына шығып ӛз кӛзқарасын, ӛз тұжырымын айта білу және
қорғай да білу қабілеттерін дамытады. Бұл, әрине, ізденіс нәтижесі болмақ.
Осының бәрі әрбір оқушының ӛздігінен білім ала білуін, сын тұрғысынан ойлау
іскерлігін, зерттеу жұмыстарын жасай білуге жол ашады. Мұнда студент тек
білім ғана алып қоймайды, сонымен қатар ұжымдағы қарым-қатынасты
қалыптастырады. Бірін-бірі сыйлау, тыңдап сӛйлеу, ӛзіндік жұмыс істеу
қабілеті дамиды. Сын тұрғысынан ойлаудың тек студенттің ғана емес, оқытушы
үшін де кӛп пайдасы бар. Оқытушы жаңа материалды іздеу барысында ӛзінің
даму кӛкжиегін кеңейтеді. Студент пен оқытушы арасында ӛте жақсы
ынтымақтастық орнайды. Бұл талаптар оқытушылардың кәсіби деңгейі мен
білім, білік дағдыларының жоғары болуын қажет етеді.
Оқытушының сүйенетін негізгі дидактикалық қағидалары:
1. Жоғары қиындықта оқыту оқыту қағидасы. Қиындатылған тапсырма
беру, сол арқылы баланың санасына серпін беру керек, проблемалар туғызу
шарт.
2. Теориялық білімнің жетекші ролін арттыру.
3. Барлық оқушының дамуына жағдай жасау, яғни оқу просесін білім
алушының ӛзі сезіне білуі қажет.
4. Білім алушы ӛз-ӛзіне сын кӛзбен қарап, қорытынды жасай білуге, ӛз
жұмысына баға беруге үйрету.
Жалпы «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясын қолдану барысында
оқушыларға еркін ойлауға мумкіндік беріледі. Студенттердің шығармашылық
қызығушылығы, танымдық белсенділігі артады, ӛз бетінше ізденеді, білім
алады, ақыл-ойы, тіл байлығы дамиды. Қорыта келе, мен «Жаңа технология
инновациялық әдістер» жобасын тек қана жаңа әдістемелік бағдарлама
ұғынабай, оны оқыттудың, дидактикалық, тіпті, кеңірек алғанда ӛмірлік сын
философия деп қабыладймын. Оған куә - менің ӛмірге деген кӛзқарасымның
ӛзгергені. Бұрынғымен салыстырғанда мен қазір басқаларды түсінуге, ӛзімді
олардың орнына қоюға ұмтыламын. Ұстаздың даналығы - шәкіртін дамыта
отырып, оның ақыл-ойын кеңейте отырып, ӛздігінен білім алу жолдарын,
тәсілдерін үйрету емес пе?! Мен жаңа технология әдістерін ӛз сабақтарымда
100
қолданғаннан кейін не сезіндім? Оқушыларымның жұмысы мен сабаққа
қанағаттандым. Бойымды бір күш билегендей, оқушылармен бірге жұмыс
талпынысым арта түсті. Ӛмір ертең немесе жарқын болашақта басталмайды, ол
міне қазір осы шақта ғана ӛрбиді; тек осы ӛмірді толыққанды қабылдай біл.
Міне, менің және студенттерімнің де ойы осындай. Бұл күні бәріміз де
ізденістеміз.
Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор
тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл ӛз қызметіне шығармашылықпен қарайтын,
жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс.
Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру
барысында ӛзін-ӛзі дамытады және ӛзін-ӛзі қалыптастырады. XXI ғасырда
болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру
мәселелері - кезек күттірмейтін ӛзекті қоғам талабы. Әрбір педагогтің
инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары:
инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-
әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары;
инновацияны практикада дұрыс қолдану.
Әдебиеттер:
1. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. - //Қазақстан мектебі, №4, 2006.
2. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. - А.,
2004
3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі - сапалы білім. - //Қазақстан
мектебі, №4, 2008
4. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. - А.:Ӛркен,
2007
5. Кӛшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын кӛтеруде
пайдалану мүмкіндіктері. - А.: Білім, 2008.
МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ТҰРҒЫДА ДАМУЫ - БІЛІМ САПАСЫНЫҢ НЕГІЗІ
Шудабаева Мира Асқарқызы,
Ақтӛбе қаласы, Ақтӛбе гуманитарлық колледжі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы,
магистр, mira_8601@mail.ru
Тәуелсіздік туын мәңгілік тұғыры еткен егемен еліміздің болашағы, оның
әлемдік ӛркениеттегі, ғаламдық мәдениеттегі ӛз орны, ең алдымен, білім мен
тәрбиенің бастауы саналатын ұстаз қолында. Бұл ретте Елбасы Н.Ә.
Назарбаевтың «Болашақта еңбек етіп, ӛмір сүретіндер - бүгінгі мектеп
оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.
Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет ӛте ауыр» - деген еді. Ендеше білім
беруде мұғалім білігі мен біліміне қойылар талап деңгейі жоғары болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |