Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ӛрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ



жүктеу 3,88 Mb.
Pdf просмотр
бет44/147
Дата20.11.2018
өлшемі3,88 Mb.
#22302
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   147

103 
 
жүйесі жасалып, білім беру мазмұнының түбегейлі ӛзгеруі, оның әлемдік білім 
кеңістігіне енуі мұғалімдер алдына жаңа талаптар, жаңа міндеттер қойып отыр. 
Бұл ретте Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ғасыр мақсаты - қоғамның нарықтық қарым-
қатынасқа  кӛшу  кезінде  саяси-экономикалық  және  рухани  дағдарыстарды 
жеңіп шыға алатын, ізгіленген ӛмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке 
тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деген болатын. 
Тӛртінші  талап  -  мұғалімнің  «ӛзіндік  жаңалығының»  болуы.  Ғылым 
жаңалығын  түрлендіруде  ӛз  үлесін  қосу  арқылы  жасаған  нәтижелі  жұмысы 
ӛзгелердің тәжірибесін толық кӛшірмей, жаңа ортаға икемдеп, ӛзіндік іс- әрекет 
жиынтығы  арқылы  айтарлықтай  нәтижеге  қол  жеткізу  керек.  Яғни 
жаттандылыққа  жол  берілмеуі  тиіс.  Инновациялық  технологияларды  сабақ 
мақсатына  сай  орайластыруымен  қатар,  оқушыға  берілер  білімнің  сапасын 
басты  назарда  ұстауы  қажет.  Қазіргі  кәсіптік-педагогикалық  қызмет  қандай 
мұғалімді  талап  етеді  деген  сұрақтың  жауабын  іздестірер  болсақ,  мұғалім 
оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-
мәдени  жағдайларда  еркін  бағдарлай  алатын,  шығармашылық  процестерді 
басқара  алатын,  адам  туралы  ғылымның  жетістіктерін,  оның  даму 
заңдылықтарын,  компьютерлік  оқыту  ӛнерін  терең  меңгерген  жан-жақты 
дамыған шығармашыл тұлға болуы міндетті.  
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үдерістің қарқынды дамуы білім беру 
жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы - ӛз жұмыс орнына 
және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз ӛзгерістеріне бейімделе 
алатын  құзыретті  маман  тұлғасын  қалыптастыру  міндетті.  Біліміне, 
біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру 
жүйесінде болып жатқан оң ӛзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына 
сай  мән-маңызын  түсінуі  хақ.  Сондықтан,  жүктеліп  отырған  аса  жауапты 
міндет,  білім  саласындағы  реформалар,  педагогикалық  әдіс-тәсілдердің  тың, 
мәнді,  әрі  сапалы  болуын  талап  етіп  отырған  осы  бір  айтулы  кезеңде, 
педагогтың  жылдар  бойы  жинақтаған  іс-тәжірибесін
 
жаңа  ақпараттық 
технологияға ұштастыруын қажетті санайды. 
Техникалық  және  кәсіптік  білім  беруде  оқу  орындары  мен  әлеуметтік 
серіктестіктердің 
байланысының 
жақсарғандығын 
осы 
секілді 
игі 
бастамалардан аңғару қиын емес. 
Теориялық  білім  тәжірибемен  ұштасқанда  ғана  маман  кәсібіне  тӛселіп, 
кӛш  ілгері  жұмыс  атқаруға  қабілеті  артады.  Осыған  байланысты,  ӛндірістік 
тәжірибеге тарту жұмысына да елеулі кӛңіл бӛлініп отыр.  
Білім  жүйесін  жаңғырту  аясында  дуальды  кәсіби  білім  беруді  дамыту, 
жұмысшы  кадрларының  зәрулігін  еңсеру  үшін  қолданбалы  мамандықтардың 
заманауи орталықтарын құру міндеттері қойылды. Дуальды жүйенің негізі оқу 
орны  мен  ӛндірісте  қатар  оқыту  болып  табылады.  Бұл  кәсіптік-техникалық 
білім  берудегі  басты  проблема  -  оқу  орнындағы  теория  мен  заманауи  ӛндіріс 
практикасы арасындағы алшақтықты жоюға мүмкіндік береді.  
Бұл  ӛз  кезегінде  нарықтық  қоғам  сұранысына  сәйкес  тұлға  тәрбиелеуде 
маңызды роль атқарады. 


104 
 
Ұлы  ғұлама  Әбу  Насыр  Әл-  Фараби:  «Ұстаз  ...  жаратылысынан  ӛзіне 
айтылғанның  бәрін  жете  түсінген,  кӛрген,  естіген  және  аңғарған  нәрселердің 
барлығын  жадында  жақсы  сақтайтын,  бұлардың  ешнәрсесін  ұмытпайтын  ... 
алғыр  да  аңғарымпаз  ақыл  иесі  ...,  меніңше  шешен,  ӛнер-білімге  құштар 
қанағатшыл  жаны  асқақ  және  ар-намысын  ардақтайтын,  жақындарына  да,  жат 
адамдарына  да  әділ  ...,  жұрттың  бәріне  ...  жақсылық  пен  ізеттілік  кӛрсетіп  ... 
қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек" дейді.  
Осы  айтылғандарды  жинақтай  келіп,  жаңа  формация  мұғалімі  - 
рефлекцияға  қабілетті,  ӛзін-ӛзі  жүзеге  асыруға  талпынған  әдіснамалық, 
зерттеушілік, 
дидактикалық 

әдістемелік, 
әлеуметтік 
тұлғалы, 
коммуникативтілік,  ақпараттық  және  тағы  басқа  құдыреттіліктердің  жоғары 
деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, 
сауатты, шығармашыл тұлға. 
Нәтижеге  бағытталған  білім  моделі  мен  басқарудың  жаңа  парадигмасы 
аясында  жекелеген  ұғымдар  мен  нормаларды  және  тиімді  педагогикалық 
технологияларды  меңгеру  үшін  педагогтардың  кәсіби  мәдениетін  дамытуға 
бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. 
Біліктілік  арттыру  жүйесінде  педагогтардың  оқу  қажеттіліктері  нақты 
білімнің  мәнін  түсінуге,  соның  нәтижесінде  ӛзіндік  іс-  әрекетке  енуге  және 
жеке  ӛміріндегі  тәжірибені  жетілдіру  мақсаттарына  байланысты  қалыптасады. 
Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. 
Болашақтың  бәсекесіне  қабілетті,  әлемдік  ӛркениет  талаптарына  жауап 
бере  алатын  XXI  ғасыр  шәкіртін  тәрбиелеу  білім  беру  саласының  назарынан 
ешқанаш  тыс  қалмауы  тиіс.  Бұл  міндетке  сай  ХХІ  ғасыр  ұстазы  -  ең алдымен, 
ізденімпаз-ғалым,  шебер  психолог,  тынымсыз  еңбеккер,  ортаның  ұйтқысы, 
жан-жақты  шебер,  терең  қазыналы  білімпаз,  гуманист,  белсенді  патриот 
болғанда  ғана  қоғамның  мықты  да  білікті,  жоғарғы  мәдениетті,  жан-жақты 
дамыған, 
шығармашылығы 
жоғары 
жеке 
тұлғаны 
қалыптастырып, 
тәрбиелейтінімізге нық сене аламыз.  
Бабалар  аманаты  -  бабалар  тәрбиесін  қолдан  шығарып  алмау  үшін, 
аманатқа қиянат жасамау үшін де қастерлі саналатын ұстаздық деген киелі атты 
шын  мәніндегі  лайықты  дәрежесінде,  толыққанды  түрде  кӛрсету  білу  -  бүгінгі 
жаңашыл ұстаздың басты міндеті. 
Әдебиеттер: 
1. Н.Ә.Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауы. 
2. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жж дейінгі «Білім беруді дамыту 
бағдарламасы».
 
3. 12 жылдық білім журналы №5 2005ж
 
4.  Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» 
ЖШС, 2010
 
жыл
 
5. Е.Дүйсенбаеыв Педагогикалық шеберлік деген не? http://erkin.ucoz.kz/ 
6. Б.А.  Тұрғынбаева.  Мұғалімнің  шығармашылық  әлеуметін  біліктілікті 
арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет 
 
 


жүктеу 3,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау