83
7. Тапсырмаларға мәтінді кірістіру
Әр жаттығуға мәтін енгізуге болады және тапсырма сол мәтін мазмұнына
негізделетін болады. Экранда мәтін тапсырманың жанында орналасады.
Мәтінді пернетақтадан немесе кез-келген редактордан кӛшіріп алып
кірістіруге болады.
Мәтін HTML форматы түрінде де ұсынылуы мүмкін.
8. Тапсырмалар мен тестілерге суреттер, дыбыстық және
медиафайлдарды қою
Тапсырмаларға дыбыстық және медиафайлдарды қосуға болады.
Естеріңізге саламыз, алдымен бұл файлдарды тапсырмалар жобалары мен
беттері жататын папкаға кӛшіру керек. Осыдан кейін
Вставить -
Медиаобъекты мәзірін таңдауға болады.
Обзор пернесі арқылы
қажетті
файлды табуға болады, қалауы бойынша файлдарды кӛру үшін плейерді
қосуға болады. Егер плейер қосылмаған болса, онда қолданушы машинасына
жүктелгені пайдаланылады. Мәтіндік сілтеме тапсырмасы үшін тек
Мәтін
ссылки жолы пайдаланылады. Осылайша, кез-келген медианысандарға
сілтеме қоюға болады.
9. Архив жасау
Егер Сіз тапсырмаларда суреттер мен медианысандарды пайдалансаңыз,
жобаны басқару қиындығы туындайды, себебі, суреттер мен дыбыстық
файлдар әр-түрлі папкаларда жатуы мүмкін.
Тапсырмалардың орнын ауыстыруды жеңілдету үшін, барлық
тапсырмалар файлдарын бір архивке біріктірген жӛн. Ол үшін
Файл кез-
келген бағдарламаның
Create Zip Package (zip архив жасау) тармағын
таңдаңыз. Архивті сақтау орнын кӛрсетуіңіз керек.
Әдебиеттер:
1. Буч Г., Рамбо Д., Якобсон И. Язык UML. Руководство пользователя. 2-
е изд.: Пер.с анг. Мухин Н.- М.: ДМК Пресс, 2006.- 496 с.
2. Гленфорд Майерс, Том Баджетт, Кори Сандлер. Искусство
тестирования программ, 3-е издание = The Art of Software Testing, 3rd
Edition.-М.: «Диалектика», 2012.-272 с.
3. Крэг Ларман. Применение UML 2.0 и шаблонов проектирования.
Введение в объектно-ориентированный анализ, проектирование и
итеративную разработку. М.: Вильямс, 07-736 с.
4. Лайза Криспин, Джанет Грегори. Гибкое тестирование: практическое
руководство для тестировщиков ПО и губких команд = Agile Testing: A
Practical Guide for Testers and Agile Teams. - М.: «Вильямс», 2010.-464 с.
84
ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ МЕН ОЙЫН
ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Шайдоллаева Айсулу Нургабыловна,
құқық бакалавры Атырау қаласы,
Каспий ӛңірінің қазіргі замандағы
колледжі, 9-санатты арнаулы пән
оқытушысы, aidyn_suluy@mail.ru
«Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім
беру қызметіне қол жеткізуіміз керек және оқытудың тиімділігін, әр
оқушының білім мен білігі деңгейін бағалаудың бірыңғай жүйесін жасау
керек...»
Н. Ә. Назарбаев (Қазақстан халқына жолдауынан)
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған
міндеттердің бірі-оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі
заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар
инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана
отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты ӛтуіне ықпалын тигізуде. Жаңа
ақпараттық технологияларды пайдалану - педагогикалық іс-әрекеттердің
мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден
бір жолы.
Қазіргі заманда Қазақстанның ӛзіне ғана тән ұлттық сипаты бар білім беру
жүйесін одан әрі дамыту, білім беру сапасында әлемнің басқада алдыңғы
қатарлы беделді де, белді елдерімен қатар жұмыс жасау, қазақ тілін дамытуда
ӛзіндік үлес қосу, бүкіл әлемдік деңгейге кӛтеру, білім беру ісінде әлеуметтік
кеңістікке шығу-алдағы тұрған міндеттер. Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтары, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке
адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»
деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері кӛзделеді.[2]
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде
Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы
мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты ӛзгерістер енгізумен қатар елімізде болып
жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен
табыстарды сын кӛзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық
әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап
етеді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінде оқыған «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы
білім экономикасына» атты лекциясында былай деп айтқан еді: «Жеке тұлғаны