Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ӛрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ



жүктеу 3,88 Mb.
Pdf просмотр
бет3/147
Дата20.11.2018
өлшемі3,88 Mb.
#22302
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   147


 
ортаға  жинақтап,  қажетті  ақпаратты  ӛңдеу  арқылы  жалпыланған  біліктілікті 
қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. 
Технологияны  пайдаланудың  тӛмендегідей  артықшылықтары  бар:  білім 
мазмұнын  заман  талабына  сай  болуы,  болашақта  қажетті  білімді  толығымен 
алу,  білімді  ӛздігімен  меңгеру,  ӛзін-ӛзі  бағалай  алуы,  ӛз  күшіне  сенімділіктің 
болуы,  ӛз  жетістігін  кӛре  алуы,  оқушыны  ізденіске,  шығармашылыққа 
бағыттайды.  Елбасы  атап  кӛрсеткендей  «Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық 
технологиямен  байланысты  әлемдік  стандартқа  сай  мүдделі  жаңа  білім  беру 
ӛте-мӛте  қажет»  -  жас  ұрпаққа  білім  беру  жолында  ақпараттық  технологияны 
оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. 
Іс  тәжірибемде  ақпараттық  технологияның  барлық  мүмкіндіктерін 
пайдалана  отырып,  оқушылардың  шығармашылық  даралығын  қалыптастыру 
үшін  сабақта  тӛмендегі  іс-шараларды  қолданудың  маңызы  зор  екенін 
байқадым. 
Әдебиеттер: 
1. Қ.Жүнісханов. «Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу». 2008ж. 
2. 
Г.Әтежанова. 
«Психологиялық-педагогикалық 
құзырлықты 
қалыптастырудағы жаңа формация мұғалімнің рӛлі». Қазақ тілі, №4 2008ж. 
3. Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал №1 - 2012ж. 
 
 
САБАҚТА ЖОБАЛАУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Акибаева А. О.,  
биология пәнінің мұғалімі 
Тараз политехникалық колледжі, Тараз қаласы 
anarka2687@mail.ru 
 
Жобалау әдісі оқытудың жаңа әдісі болып табылады.  Жобалау әдісі - оқу 
үрдісін  жекешелеуге,  оқушыға  жоспарлау  барысында  ӛзінің  тәуелсіздігін 
кӛрсетуге,  тапсырмалар  орындағанда  шығармашылығын  кӛрсетуге  мүмкіндік 
беретін  кешенді  оқыту  әдісі.  Жобалар  әдісін  технология  деп  есептеуге 
болмайды  -  ол  басқа  әдіс-тәсілдермен  бірге  нақты  бір  мақсаттарға  жету  үшін 
қолданылады. 
Жобалау  әдісінде  ең  алдымен  оның  болашақ  жоба  аумағы  таңдалады. 
Келесі маңызды мәселе  - жобаның ұзақтығы.  Жоба бір сабаққа  немесе одан да 
ұзақ  уақытқа  есептелуі  мүмкін.  Бірінші  жағдайда  жобаға  тек  бірнеше  оқушы 
қатысуы  мүмкін,  ұзақ  уақытқа  есептелген  жағдайда  әрбір  оқушы  немесе 
оқушылардың шағын тобы ортақ үлкен жоба шеңберіндегі жеке тақырыптарды 
алады. Үштен кӛп оқушыдан тұратын топты құрған қолайсыз - үлкен топтардың 
жұмысын құру мәселелер тудырады [1]. 
Жобаның  ортақ  тақырыбы  мұғалімнің  тапсырмаларына  байланысты 
таңдалады. Оқушыға немесе топқа берілген нақты тақырып жалпы тақырыппен 
үйлесуі керек.  



 
Жобаны  жүргізуге  уақытты  қалай  табуға  болады.  Ең  алдымен,  жоба 
формасында  қайталауды,  әсіресе  оқу  жылы  соңында  жалпылама  қайталауды 
ұйымдастырған  жӛн.  Сонымен  қатар,  информатикада  жобамен  жұмыс 
жасаудың  жаңа  материалды  оқумен  қатар  сәтті  жүретін  бӛлімдер  де  бар. 
Мысалы,  "есептерді  компьютерде  шешудің  кезеңдері",  "Үлгілеу  және 
Есептеуіш эксперимент" және т.б. 
Жобамен жұмыс жасау кезінде мұғалім консультант рӛлінде болады, бұл 
жерде  оған  біршама  даярланған  оқушылар  кӛмектеседі.  Ең  дұрысы,  егер 
оқушылар  есептің  қойылымын  анықтауды  ӛз  бетінше  жүргізсе.  Ол  үшін 
мұғалім оларды бұрын орындалған жобалармен таныстырса жеткілікті.  
Жобамен  жұмыстың  нәтижелері  міндетті  түрде  сыныпта  жариялануы  керек. 
Жұмысты  кӛпшілік  алдында  қорғау  жобалар  әдісінің  ең  маңызды  бӛлігі  болып 
табылады,  себебі  ол  оқушыларға  жұмыс  барысында  алынған  білімдерін 
қорытындылап, жүйелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сабақты ӛткізу формасы 
классикалық семинар болу міндетті емес, ойын да болуы мүмкін. Егер жазбаша есеп 
беру  қарастырылса,  онда  оған  қойылатын  талаптар  алдын  ала  құрылады. 
Жобалардың  кӛпшілік  алдында  қорғалуы  эемтиханды  ӛткізу  формасы  да  болуы 
мүмкін. 
Жобалау  әдісі  оқытудың  топтық  формаларымен  сәйкес  келеді,  бұл  әдіс 
әрқашан қандай да бір мәселенің шешімін болжайды. 
Информатикадағы  жобалау  әдісі  есептің  шешімін  табудың  жүйелік 
тәсілінің  дағдыларын  қалыптастырумен,  жұмыс  үрдісі  кезінде  тәуелсіздігінің 
артуымен және мұғалім мен  оқушының арасындағы қатынас  стилін орнатумен 
сипатталады. 
Жалпы  жобалау  белгілі  бір  қасиеттеріне  қарай  топтастырылады  және 
оларға  қойылатын  шарттар  мен  талаптарына  сай  келеді,  атап  айтсақ 
тӛмендегідей типтегі жобаларды ұсынуға болады:  
1.  Демонстрациялық жобалау;  
2.  Зерттеушілік жобалау; 
3.  Шығармашылық жобалау;  
4.  Рольді - ойындық жобалау;  
5.  Ақпараттық жобалау; 
6.  Үйретуші жобалау; 
7.  Моножобалау; 
8.  Пәнаралық жобалау;  
9.  Тәжірибелі және бағдарлы жобалау;  
10.  Қысқа мерзімді жобалау; 
11.  Ойын жобалауы [2].  
Жобалау 
мен 
шығармашылық. 
Жобалауды 
шығармашылықпен 
байланыстыратындар 
кӛп, 
олар 
жобалауды 
жаңа 
шығармашылық 
мүмкіндіктерді  ашу  деп  түсінеді.  Алайда  бұл  түсінік  дұрыс  емес. 
Шығармашылық  бұл  -  жаңаның  пайда  болуы.  Бұл  жерде  жобалаумен 
байланысы  бар,  бірақ  шығармашылықтың  жобалауға  айналуы  үшін  уақыт 



 
факторы  негізге  алынып,  нақты  нәтижені  елестету  керек.  Алайда 
шығармашылықты нақтылықпен байланыстыру мүмкін емес.  
Жобалау  мен  басқару.  Практиканың  қандай  бір  түрінде  ӛзгерістерді 
жобалап,  іске  асырып,  оларды  басқарғанда  ғана  біздің  жұмысымыз  алға 
басады.  Қазіргі  кезде  менеджмент  сӛзі  пайда  болды,  ол  басқару  дегенді 
білдіреді.  Білімде  де  менеджмент  сӛзі  қолданылады.  Қазіргі  таңда  білім  алу 
түрлері  де  кӛбейді,  ол  территория  мен  уақытқа  қарай  бӛлінеді.  Осыған  орай 
ӛзінің білім алу процесін басқару, білім алғандағы нәтижені жобалау міндетті 
түрде  қажет  болды.  Сонымен  практика  нысанында  пайда  болған  жобалау 
үлкен  әлеуметтік  контекстке  шығады.  Осының  бәрі  әлеуметтік  ғылымдардың 
басты мәселесіне жобалаудың білімдегі орнын жатқызады. 
Жобалау  мен  даму.  Жобалау  теориясында  белгілі  бір  мәселенің  дамуына 
әкелетін  ӛзгерістер  айтылған,  яғни  біз  тек  мәселенің  ӛзгеруіне  әкелетін 
жобаларды қолдануымыз керек. Бірақ бұл тек теорияда қолданылады, яғни біз 
жасаған  жұмысымыз  оның  нәтижесіне  тең  емес.  Мысалы,  гүл  отырғызу 
мақсаты,  отырғызатын  орны,  жасалған  жұмыстар  мен  гүлдердің  ӛзі  жобалау 
болып табылады.  
Жобалаудың құрылымы: 
- нақты нәтиже шығару жобасы; 
- нақты мәселенің талдауы; 
- нақты уақыт белгілеу; 
- жұмыс жүргізу жобасы; 
- нәтиже шығару. 
Жоба  белгілі  бір  тақырып  бойынша  құрастырылады.  Ол  оқушының 
қызығушылығына  орай  таңдалуы  мүмкін.  Жобалау  жұмысын  орындаудағы 
талаптар тӛмендегідей: 
- Оқыту жобасының классификациясын таңдау; 
- Жоба презентациясын дайындау; 
- Жобаға баға беру критериилерін айқындау; 
- Жасалған жобаның нәтижесіне баға беру; 
- Жобалау  әдісін  оқытудағы  мұғалімдердің  мақсаты  мен  міндеттерін 
айқындау [3]. 
Жобамен жұмыс жасаудың кезеңдері : 
Іздеу кезеңі:  
- Мәселені іздеу және талдау.  
- Жоба тақырыбын таңдау. 
- Кезеңдер бойынша жобалау іс-әрекетін жоспарлау.  
- Жоба тақырыбы бойынша ақпаратты жинақтау, зерделеу, ӛңдеу. 
Конструкторлық кезеңі:  
- Жоба тапсырмасының оңтайлы шешімін іздеу.  
- Дизайн талаптарын ескере отырып, құрылым нұсқаларын зерттеу.  
- Дайындау технологиясын таңдау.  
- Экономикалық баға беру. 
- Экологиялық сараптама жасау. 


жүктеу 3,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау