ІІІ секция тақырыбы:
«Оқу/оқыту үдерісінде кәсіби шеберлікті арттыру және
кәсіби қарым-қатынастағы тіл мәдениетінің орны»
БІРЛЕСКЕН ОҚУДЫҢ ТІЛ ҮЙРЕНУДЕГІ МАҢЫЗЫ
Самуратова Р.Т.
«Өрлеу» «БАҰО»АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»,
«Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық
тұрғыдан қолдау» кафедрасының аға оқытушысы
Қазіргі уақытта елімізде әлемдік білім кеңістігіне енуге бағытталған
білім беру жүйесін қалыптастыру жүріп жатыр. Әлемдік өркениетке қадам
басқан еліміздің бүгінгі білім беру саласындағы бағыты - тілдерді жетік
меңгерген, терең білімді, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу орыс тілінде жүретін
мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша біліктілікті арттыру
курстарында мұғалімдер бірлескен жұмыс негізінде өз кәсіби тәжірибелерін
жетілдіру жолдарын қарастыра отырып, оның оқушыларға тіл үйретуде
қаншалықты нәтижелі болатындығына көз жеткізеді.
Әлемдік тәжірибе ынтымақтастық оқыту нәтижеге қол жеткізуде
табыстырақ болатынын көрсетіп отыр, ал оның басты идеясы қандай да бір
жұмысты бірге жасау емес, бірлескен оқу болып табылады.
Оқушылар
алған білімдері мен үйренген дағдыларын ( тыңдалым, айтылым, оқылым,
жазылым) кез келген орта жағдайында қарым-қатынас үдерісінде тиімді
қолдануға, бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін білім алуы тиіс.
Ынтымақтастықта оқыту дәстүрлі сыныптық-сабақтық жүйенің баламалы
нұсқасы ретінде пайда болған. Оның авторлары үш идеяны тұтас бір
үдеріске біріктіреді:
•
Ұжымда оқыту
•
Өзара бағалау
•
Шағын топтарда оқыту.
Бұл ынтымақтастықта оқыту деген бір терминмен аталды. Бірлескен жұмыс
кезінде оқу үдерісіне әсер ететін басты күш ұжымның, оқу тобының ықпалы
болды, бұл дәстүрлі оқытуда мүлдем мүмкін емес десе де болады.
Ынтымақтастықта оқыту кезінде орындалатын міндеттер:
•
Оқушылар ұжымның басқа мүшелерімен әлеуметтік байланыс орната
білсе, жақсырақ оқи алады;
•
Оқушыларды сауатты және қисынды жаза білуі ұжымның басқа
мүшелерімен қарым-қатынас жасай білуіне байланысты болады;
•
Әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде оқушылар арасында нақты білімі
бар және бір-бірімен қарым-қатынас жасау, бірлескен танымдық жұмыс
үдерісінде жаңа білім алуға дайын адамдардың оқу қауымдастығы құрылады.
197
Мұғалім кей кезде әрбір оқушыға көңіл бөліп, көмек көрсетуге
үлгермей жатады. Бірлескен жұмыс бұл мәселені шешуге мүмкіндік береді.
Оқушылар бірнеше шағын топтарда жұмыс жасай отырып, бір-біріне көмек
беруге және әрбіреуінің табысты болуы үшін жауапты болуға үйренеді.
Ынтымақтастықта оқытудың мақсаты әрбір оқушының өзінің даму
ерекшелігіне сәйкес білім мен білік, дағдыларды меңгеріп қана қою емес.
Әлеуметтену, коммуникативтік білік әсері аса маңызды. Бүгінде көп балалар
жалғыздық пен шеттетуден қиналады, сондықтан балалар арасындағы
психологиялық байланысты күшейту, олардың қарым-қатынасын орнату
және қолдау, мұғалімге, бір-біріне тілектестік қажет.
Выготский оқуға «әлеуметтік құбылыс» деген анықтама берді,
сондықтан да оқушылар білім «құру» барысында олар қазіргі кезде өздігінен
істей алатын нүктеден өзінің Жақын арадағы даму аймағында (ЖАДА)
жалғыз өзі алға ілгерілеуі тиіс (Vygotsky, 1978). Оқушылар өз ЖАДА-сында
жұмыс істегенде оларға қолдау қажет. Мұндай қолдауды олар
мұғалімдерден, сыныптастарынан, жұмыс дәптерлерінен, кітаптардан немесе
басқа да көздерден ала алады.ЖАДА қағидаты – оқушы жеке жұмыс
істегенге қарағанда, сабақ үстінде (қолдау көрсетілген кезде) анағұрлым
көбірек үйренеді [1].
Ынтымақтастық педагогикасы негізіне құрылған оқытудың тікелей
мақсаты –зияткерлік, рухани және физикалық қабілеттерді дамыту, ғылыми-
материалистік дүниетануларын құру. Жұмыс әдісі бірлескен жұмыс, іздеу,
мұғалім мен оқушының алуан түрлі ынтымақтастығы болып табылады.
Ынтымақтастық
педагогикасы
-
тұлғалық-бағдарлы
оқыту
технологияларының бірі. Бұл тұрғыда «топтық мақсаттарға» және барлық
топтың табысты болуына ерекше назар аударылады. Бұған зерттеуге берілген
тақырып, мәселемен жұмыс кезінде әрбір оқушының топтың басқа
мүшелерімен үнемі өзара әрекеттестіктегі өзіндік жұмысы нәтижесінде қол
жеткізуге болады. Сондықтан әрбір оқушының міндеті бір нәрсені бірге
танып білу ғана емес, команданың әрбір мүшесі тиісті білімді меңгеруге
міндетті.
Оқушылардың бірлескен жұмыстағы тиімді өзара әрекеттестігін іске
асыру үшін, оқу топтарын мақсатты қалыптастыру, жұмысты жоспарлауға
қабілетті басшыларды (кеңесшілерді) мұқият іріктеу, оқушылармен қарым-
қатынасты жақсарту қажет, мұғалім оқушылар жұмысын үнемі мұқият
бақылап отыруы, оқу материалын талдау, жаттығуларды орындау, есептерді
шығару кезінде ынтымақтасуға үйрету керек. Оқушылардың бірлескен оқу
жұмысын табысты ұйымдастыру үшін олардың оқудан тыс кездегі қарым-
қатынасын ескеру маңызды.
Оқыту аясында мұғалімнің оқушылармен өзара әрекеттестігі кезіндегі
коммуникативтік жұмыс зор рольге ие болады. Коммуникация адамдардың
бірлескен жұмысын қамтамасыз етеді және ақпаратпен алмасуды ғана
білдірмейді, сонымен қатар қандай да бір тұтастыққа жетуді де білдіреді:
байланыс орнату, кооперация (ортақ жұмысты ұйымдастыру және іске
асыру), сонымен қатар серіктесті түсіне отырып, тұлғааралық қабылдау.
198
Достарыңызбен бөлісу: |